Докторантура
Геодезия

Геодезия

БАҒДАРЛАМА СИПАТТАМАСЫ

Оқу бағасы мен оқу жылдардың санын калькуляторы:

Оқу түрі - күндізгі

Оқу деңгейі - Ғылыми - педагогикалық бағыт

Сіз


  

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Геодезия
Мамандық шифры
6D071100
Факультеті
География және табиғатты пайдалану
Оқу деңгейлері
Ғылыми - педагогикалық бағыт
Оқу түрлері
күндізгі
Өту балы
ҚАЗ
0
ОРЫС
0

пәндер

Ғылым әдіснамасы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: Курсты оқу барысында доктаранттың білім алу барысында ғылыми зерттеу әдістер мен тәсілдерді күрделі ғылыми-техникалық тапсырмаларды шешуде ғылыми әдіснама туралы ұғым қалыптастыру төмендегідей білімдерді меңгереді: «Ғылым әдіснамасы» пәнін игеруде доктарант келесідей нәтижелерге қол жеткізеді: – Геодинамика мен геодезия саласында қолданылатын зерттеу әдістер мен білу шеберлігін оқу саласында жүйелі түрде көрсету; – Тарихи өзгермелі әлеуметтік-мәдени контексте геодинамика мен геодезия саласында қолданылатын зерттеулерімен даму тенденциясын ғылыми зерттеу процесс кешенін құру, әзірлеу; – Ғылымның тарихы мен философиясының, жаратылыстану, әлеуметтік-гуманитарлық және техникалық білімдер методологиясының негізінде қазіргі заманғы теория мен практиканың шындығын сараптау және түсіне алу; – Геодезиялық және геоинформатикалық күрделі тапсырмаларды шешу үшін қолданбалы бағдарламаларды бейімдеу; – Геодезия саласында нормативті-техникалық құжаттарға сәйкес техникалық тапсырмаларды шешіп жобаларды құрастыру; –Геодезия және геодинамика саласында ғылыми зерттеу тақырыптарын құрастыру; Ғылыми әдіснама ол кең мағыналы атап айтсақ, ғылыми қауымдастық ұғымы туралы түсінік, әлемнің ғылыми бейнесі, ғылыми көзқарастар мен тұжырымдар туралы түсінік, ғылыми технологиялар, әдістер, зерттеу бағдарламалары, стандарттар,әдістер, нормативтер туралы и жинақталған ұғым.Ғылыми әдіснама —әдістер теориясы, зерттеліп отырған объекті жөніндегі мәліметтерді және жаңалықтарды бірізге келтіру тәсілдерінің жүйесі. Жалпы ғылыми әдіснамасы әртүрлі ғылым салаларында зерттеу жұмыстарын жүргізуде нақты бағыттар, тұжырымдамалар мен ғылыми білім жүйелерімен қалыптасқан. Әдіснама ғылыми-танымдық іс-әрекеттің формасы мен әдістері, әдістемелер бірлігі мен байланысының теориялық негіздеулері туралы ілім. Ғылым әдіснамасы зерттеу компоненттеріне (объектігі, затқа, мақсатқа және зерттеу мәселелеріне) сипаттама береді. әдіснамалық тұғырлар дегеніміз – қайсыбір мәселені зерттеудегі қолданылатын ұстанымдар, әдістер, тәсілдер жиынтығы. Әдіснамалық ұстанымдар деп педагогикалық жүйелерді зерттей отырып, өзгерткенде негізге алынатын қағидаларды айтады. Ғылыми зерттеуді ұйымдастыру ұстанымдары – жүргізілетін ғылыми зерттеулерге қойылатын жалпы талаптар, жетекші идея, түпкі қағида. Ғылыми әдебиеттерде жалпы ғылымилық ұстанымдар қатарына объективтілікті, ғылымилықты, жүйелілікті, сабақтастықты және т.б. жатқызады. Демек, Ғылыми әдіснамалық тұғыр - ұстанымға қарағанда кең ұғым. Бұл тұғырлар мен ұстанымдар барлық ғылымға тән.

2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Аймақтық инфрақұрылымды қашықтықтан зерделеу әдістерімен мониторинг жүргізу
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқытудың мақсаты: докторанттардың заманауи әдістерді, жерді қашықтықтан зерделеу интерпретациясы мен өңдеуін, аймақтық инфрақұрылымды қашықтықтан зерделеу әдістерімен мониторинг жүргізуді меңгеруге және табиғатты тиімді пайдалануға көмектеседі. - ғылыми-зерттеу жұмыстары үшін объектілерді координаталық-уақыт әдістерін қолдана отырып, жергілікті жерге байланыстыруды жүзеге асыру; - ГАЖ бағдарламаларын, топографиялық-геодезиялық, гравиметриялық, картографиялық, қашықтықтан зерделеу әдістерін қолдана отырып, қоршаған ортаға мониторинг жүргізуде бағдарламаларды құрастыру; -геодезиялық пункттерді орналастыру барысында аспан денелерінің және жұлдыз уақытын пайдалана отырып, ендік, бойлықтарды, азимуттарды анықтауда тақырып бойынша диалог жүргізу; -ГАЖ бағдарламаларын, Жерді қашықтықтан зерделеу, топографиялық-геодезиялық, гравиметриялық, картографиялық мәліметтер негізінде қоршаған ортаға мониторинг жүргізуде бағдарламаларды құрастыру; -жерді қашықтықтан зерделеу негізінде Жердің физикалық бетінің жобасын және үш өлшемді үлгісін құрастыру. «Аймақтық инфрақұрылымды қашықтықтан зерделеу әдістерімен мониторинг жүргізу» пәні докторанттарды жерді қашықтықтан зерделеу мәліметтерін алатын негізгі көздерді, оларды өңдеудің принциптері мен әдістерін тематикалық карталар негізінде алу, сондай-ақ жердегі экожүйелердің жағдайын сандық және сапалық бағалаумен таныстырады. Бұл білім болашақ геодезист мамандарға әртүрлі ғылыми, халықшаруашылық салаларында және оқу орындарында септігін тигізуі мүмкін. Бұл пән білім жүйесіндегі GPS-бақылау, 3D-моделдеу бағдарламасы, сызықтық –бұрыштық өлшеулерді өңдеуді қарастырады.

Аймақтың тұрақты дамуын геодезиялық қамтамасыздандыру
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Әуеғарыштық мониторинг
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқытудың мақсаты: Заманауи әуеғарыштық түсіру әдістерінің теориялық және практикалық негіздерін, алынған әртурлі түсіріу жүйелерінің бағалау технологиясын және ақпараттарды талдаудың сапасын зерттеуге арналған: - бір уақытта үлкен кеңістікті қамтитын карталарды құрастыру үшін қашықтық бейненің сапасын зерттеу; - Жер бетіндегі барлық элементтердің интеграцияланған бейнесін және оның құрлымы мен байланысын алу; - жету жолы қиын және аз зерттелген аймақтардың тақырыптық және топографиялық карталарды жаңартуда жылдам қолдану; - жалпы географиялық және тематикалы фотокарталарды құруда әуе және ғарыштық түсірістерді қолдану. Пән «Әуеғарыштық мониторинг» картография өндірісінде Жердің табиғи ресурстарын зерттеуде, сондай-ақ әртурлі мақсаттағы геоақпараттық жүйе құруда кеңістіктік мәліметтерді алудың негізгі көзі болып табылады. Пән әуе түсірістердің бастапқа мәліметтерінің нақтылығында және өлшемділігіне негізделеді, қайтатүсіруді қолдануға және олардың динамикасына бақылау жасауға мүмкіндік береді.

Геодезиядағы есеп алу жүйесінің теориясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: Курсты оқу барысында докторант геодезиядығы есеп алу жүйесін жобалау, іс жүзіндегі және теориялық негіздерін оқып, білу төмендегідей білімдерді меңгереді: -аспан кеңістігіндегі, жер бетіндегі және қойнауындағы байлықтарды зерттеу барысында ақпараттық бағдарламаларды қолдана отырып геодезиялық өлшеу жұмыстарын дамыту; - геодезия саласында нормативті-техникалық құжаттарға сәйкес техникалық тапсырмаларды шешіп жобаларды құрастыру; - инженерлік-геодезиялық ізденіс жұмыстарындағы және зертханалық жағдайда ұйымдастыру және басқару; -топографиялық-геодезиялық, гравиметриялық, картографиялық, әдістерін қолдана отырып, қоршаған ортаға мониторинг жүргізуде бағдарламаларды құрастыру; - жер бетінінің физикалық бетінің, ғимараттардың және инженерлік имараттардың үшөлшемді моделін құру; - геодезия мамандығы бойынша мамандықтың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге бағытын көрсету. Пән Ғарыш геодезиясында геометриялық тапсырмаларды шешуде теориялық курсын оқытады. Пән динамикалық тапсырмаларды шешуде және жерсеріктің орбитада қозғалу заңдылықтарын шешу жүйесіне негізделеді. Жердің гравитациялық өрісінің өлшемдерін анықтауда көптеген қиындықтар туу мүмкін сол себепті әртүрлі факторлардың әсер етуін Жерсерітері арқылы анықтап білу. Негізгі ғылыми тапсырмасы Заманауи геодезия және астрометрия.

Геодезиядағы уақытша-координаттық қамтамасыздандыру
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқудың мақсаты геодезиядағы уақытша-координаталық қамтамасыздандырудың іргелі әдістерімен кеңістіктегі нүктелердің орнын анықтау болып табылады. - ғылыми-зерттеу жұмыстары үшін объектілерді координаталық-уақыт әдістерін қолдана отырып, жергілікті Жерге байланыстыруды жүзеге асыру; - табиғатты пайдалану, геодинамикалық өзгерістерге мониторинг жүргізу үшін Жерді қашықтықтан зерделеукөмегімен әдістерді құрастыру; - геодезиялық пункттерді орналастыру барысында аспан денелерінің және жұлдыз уақытын пайдалана отырып, ендік, бойлықтарды, азимуттарды анықтауда тақырып бойынша диалог жүргізу; -ГАЖ бағдарламаларын, Жерді қашықтықтан зерделеу бойынша, топографиялық-геодезиялық, гравиметриялық, картографиялық, әдістерін қолдана отырып, қоршаған ортаға мониторинг жүргізуде бағдарламаларды құрастыру - Жерді қашықтықтан зерделеу негізінде Жер бетінінің физикалық бетінің үшөлшемді моделін құру. Геодезиядағы уақытша-координаттық қамтамасыздандыру жаһандық навигациялық жерсеріктік жүйесін пайдалану арқылы геодезиялық координаталарды жобалық-биiктiк орнын анықтаудағы прогрессивті әдіс болып табылады және геодезиялық тұрғыдан мониторинг режимін қамтамасыз етеді. Осы жүйедегі геодезиялық пункктерді бірлескен референц станиялар түрінде орналастыруын қамтамасыз етеді.

Жердің гравитациялық өрісін зерттеудің Жерсеріктік әдістері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курсты оқу барысында докторант жердің гравитациялық өрісінінің параметрлерінанықтау іс жүзіндегі және теориялық негіздерін оқып, білу төмендегідей білімдерді меңгереді: -геодезия және геодинамика саласында қолданылатын зерттеу әдістерін енгізу; -объектілерді координаталық-уақыт әдістерін қолдана отырып, жергілікті жерге байланыстыруды жүзеге асыру, Ғылыми-зерттеу жұмыстарында және ғылыми техникалық зерттеулер жүргізуде қатысу; - геодезиялық бақылауларға аспан кеңістігіндегі, жер бетіндегі және қойнауындағы байлықтарды зерттеу барысында кеңістік ақпараттық өлшеу бағдарламаларды қолдана отырып, өзіндік үлесін қосу: - ГАЖ бағдарламаларын, топографиялық-геодезиялық, гравиметриялық, картографиялық, қашықтықтан зерделеу әдістерін қолдана отырып, қоршаған ортаға мониторинг жүргізуде бағдарламаларды құрастыру; Жердің гравитациялық өрісі пәні. Жердің гравитациялық өрісі туралы мәлімет. Жердің гравитациялық өрісі. Ауырлық күші потенциялының теориясы. Ауырлық күшін анықтаудың әдістері. Ауырлық күшінің потенциалы. Ауырлық күшінің негізгі сипаттамалары. Нормалды және ауытқу потенциалдары. Тіктеуіш сызықтар ауытқуларын анықтаудың гравиметриялық әдісі. Геодезияда қолданылатын гравиметриялық есептер. Жердің гравиметриялық параметрлері және олардың іргелі геодезиялық тұрақтылармен байланысы. Гравиметряиылқ тұрақтыларды анықтаудың және тексеіп тұрудың әдістері.

Жерсеріктік әдістермен түсіріс торларын құру
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: Курсты оқу барысында докторант аспан денелерінің қозғалу заңдылықтары негізінде бастапқы координаталар және геодезиялық бойлық, ендік және азимуттарды анықтау әдістерін оқып білу төмендегідей білімдерді меңгереді: -объектілерді координаталық-уақыт әдістерін қолдана отырып, Жер бетіне байланыстыруды жүзеге асыру; - жерді қашықтықтан зерделеу көмегімен Табиғи ресурстардағы геодинамикалық үдерістерге мониторинг жүргізу; - геодезиялық пункттерді орналастыру барысында аспан денелерінің және жұлдыз уақытын пайдалана отырып, ендік, бойлықтарды, азимуттарды анықтауда тақырып бойынша диалог жүргізу; - ГАЖ бағдарламаларын, топографиялық-геодезиялық, гравиметриялық, картографиялық, қашықтықтан зерделеу әдістерін қолдана отырып, қоршаған ортаға мониторинг жүргізуде бағдарламаларды құрастыру; Пәнде түсіріс негіздері биіктік және жазықтықтағы нүктелерді жиілету әдістері үшін қолдана отырып, ситуация және рельеф түсіру қарастырылады. Түсіріс торларын құру геодезиялық жұмыстарды жеңілдетудің мүмкіндігі болып келеді.Пән навигациялық Жерсерікпен оны қолдану өлшеулерді қашықтықтан өлшеу қағидасы жүйесіне сүйене отырып оқытылады.Өлшеулерді жүргізу үшін навигациялық ақпараттық сигналдар көздерін оқыту.

Жоғары дәлдікті геодезиялық торларды жобалау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: Курсты оқу барысында докторанттарға заманауи құрал-жабдықтарды әдістерді және технологияларды меңгеру бойынша білім беру, сонымен қатар аумақты тұрақты дамытуды әртүрлі геодезиялық қызметтік әрікеттері мен мәліметтер жұмыс істеуге қабілетті болу төмендегідей білімдерді меңгереді: - геодезиялық бақылауларға аспан кеңістігіндегі, жер бетіндегі және қойнауындағы байлықтарды зерттеу барысында кеңістік ақпараттық өлшеу бағдарламаларды қолдана отырып, өзіндік үлесін қосу. - геодезия саласында нормативті-техникалық құжаттарға сәйкес техникалық тапсырмаларды шешіп жобаларды құрастыру; - инженерлік-геодезиялық ізденіс жұмыстарындағы және зертханалық жағдайда ұйымдастыру және басқару; - гравиметриялық, картографиялық мәліметтер негізінде қоршаған ортаға мониторинг жүргізуде бағдарламаларды құрастыру; -ғимараттар мен имарараттардың және бетінінің физикалық бетінің үшөлшемді моделін құру. Пән өндірістік геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізу кезінде яғни инженерлік ізденістерге, құрылыс және ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану, жерге орналастыру, кадастрды құру және басқа да арнайы жұмыстар негізі болып саналатын геодезиялық торды жиілету немесе арнайы геодезиялық торларды елді мекен аймақтарында немесе өнеркәсіптік объектілерде құруды үйретеді.

2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Thomson Reuters, Scopus базасына енетін немесе ККСОН ұсынатын мерзімді баспасөздердегі жарияланымдар
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Ғылыми тағылымдама
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы - Ғылыми тағылымдаманың мақсаты: докторанттарда шетел университеті негізінде заманауи зерттеу әдістерін және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, кәсіби салада ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуге қабілеттілігін қалыптастыру. Курсты оқу барысында докторант төмендегідей білімдерді меңгереді: 1. ғылыми зерттеулерді жүргізу әдістемесінің негіздерін, ғылыми тәжірибені жоспарлау мен ұйымдастыруды, ғылыми деректерді өңдеуді негіздеу; 2. ғылыми және практикалық мәселелерді, оның ішінде пәнаралық бағыттарды шешу әдістерін талқылау; 3. зерттеу және практикалық міндеттерге балама шешімдерді талдау және осы нұсқаларды іске асырудың әлеуетті артықшылықтарын бағалау; 4. заманауи компьютерлік технологияларды қолдану арқылы ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және беру әдістері туралы теориялық білімдерді қолдану; 5. тыңдаушылардың әртүрлі контингенттері үшін ақпарат беру әдістері мен әдістерін таңдау. Ғылыми тағылымдаманы оқу нәтижесінде докторанттар төмендегі мәселелерді қарастырады: Ғылыми зерттеулерді жүргізу әдістемесінің негіздері, ғылыми тәжірибені жоспарлау және ұйымдастыру, шетел университеті негізінде ғылыми деректерді өңдеу. Ағымдағы ғылыми проблема бойынша тәуелсіз зерттеу жүргізу. Зерттеу нәтижелерін дайындау және таныстыру: конференцияларға, семинарларға қатысу, баяндамалар, тақырып бойынша жарияланымдар. Ғылыми тағылымдамадан өту және оны қорғау нәтижелері туралы есеп дайындау.

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар ІI)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар IIІ)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар V)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар VІ)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар І)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар ІV)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторлық диссертацияны орындау
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы - Докторлық диссертацияны орындау мақсаты: «8D075 -Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша) білім беру бағдарламасы бойынша докторлық диссертацияны қорғауға дайындық. Курсты оқу барысында докторант төмендегідей білімдерді меңгереді: 1. ғылыми-зерттеу жұмыстарының барысында пайда болатын және тереңдетілген кәсіби білімді талап ететін мәселелерді шешудің прогрессін көрсету; 2. міндеттер шеңберінде теориялық немесе тәжірибелік зерттеулер жүргізуді, оның ішінде математикалық (имитациялық) эксперимент жүргізуді талап ету; 3. зерттеудің қажетті әдістерін таңдай алады, қолданыстағы әдістерді өзгертуге және белгілі бір зерттеудің міндеттеріне негізделген жаңа әдістерді әзірлеуге болады; 4. нормативтік көздер мен ғылыми әдебиеттер бойынша өзіндік жұмыс үшін шет тілдерін пайдалану; 5. диссертациялық зерттеудің мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдайды, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерінің ғылыми жаңалығы мен практикалық маңыздылығын анықтайды; зерттеу жұмыстарының құрылымдық әдіснамалық схемасын әзірлеу. Докторлық диссертацияны орындауды оқу нәтижесінде докторанттар төмендегі мәселелерді қарастырады: Диссертацияның презентациясы және алдын ала сараптамасы. Өтініш берушінің ісін Университеттің Ғылыми кеңесінде тіркеу. Тезистерді қорғау туралы хабарландыру. Авторефератты жариялау және жіберу. Диссертацияны қорғаудан кейін құжаттарды рәсімдеу.

Зерттеу
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Зерттеу тәжірибесі

Педагогикалық
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Педагогикалық

Педагогикалық практика
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: педагогика, психология, арнайы пәндер арқылы алынған педагогикалық қызметтегі ғылыми және теориялық білімдерді практика мақсатында лекциялар мен семинарлар өткізу үшін практикалық және білім беру дағдыларын қалыптастыру, тәжірибелік дағдыларды шығармашылық түрде қолдануға кабілетті қалыптастыру. Курсты оқу барысында студент төмендегідей білімдерді меңгереді: - сабақтардың әртүрлі түрлерін (дәрістер, лабораториялар, семинарлар, СОӨЖ, МОӨЖ) ұйымдастыру бойынша қажетті білімдерді көрсету; - оқу-әдістемелік құжаттарды дайындау және студенттермен тәрбие жұмысын ұйымдастыру; - педагогика, психология және кәсіптік білім саласында алынған теориялық білімдерді практикалық іске асыру әдістеріне және әдістеріне ие болу.

Халықаралық конференциялар материалдарындағы жарияланымдар
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы - Халықаралық конференциялар материалдарындағы жарияланымдардың мақсаты: ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін ғылыми қоғамдастыққа ұсыну, кері байланыс алу және кәсіптік қызмет саласында тәжірибе алмасу мүмкіндігі туралы докторанттар қалыптастыру. Курсты оқу барысында докторант төмендегідей білімдерді меңгереді: 1. ғылыми зерттеулердегі қазіргі үрдістерді көрсету; 2. ғылыми журналдарда, халықаралық конференциялар мен симпозиумдардағы материалдардағы зерттеулердің аннотирленген нәтижелерін айқындау; 3. теориялық және қолданбалы міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін жаңа, ғылыми негізделген, теориялық немесе тәжірибелік нәтижелерді қолдануға болады; 4. таңдалған кәсіби қызмет саласындағы ғылыми нәтижелерді, әріптестер мен қарсыластардың деректерін талдау; 5. қызметтің кәсіби саласын ғылыми зерттеуде ұсынылған әзірлемелерді пайдалану идеяларын қалыптастыру. Халықаралық конференциялар материалдарындағы жарияланымдарды оқу нәтижесінде докторанттар төмендегі мәселелерді қарастырады: Ғылыми және халықаралық конференциялардың рейтингін талдау. Қатысу түрлері бойынша ғылыми конференциялар. Халықаралық және жергілікті конференциялар. Редакциялық кеңестің талаптарына сәйкес ғылыми мақаланы жариялау.

2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген