Докторантура
Ядролық физика

Ядролық физика

БАҒДАРЛАМА СИПАТТАМАСЫ

Халықаралық аккредитация: ASIIN
Ұлттық аккредитация: АРТА, БСҚТҚА, 2017
Бағдарлама: 6D060500 – Ядролық физика
Оқу деңгейі: докторантура
Емтихандар: ағылшын тілі (тест), мамандық бойынша қабылдау емтиханы (жазбаша).
Оқу түрі: күндізгі
Оқу мерзімі: 3 жыл
Кәсіби қызмет түрлері:
• Ғылыми-зерттеулік және педагогикалық;
• Жобалық және эксперттік;
• Өндірісті-технологиялық;
• Ұйымдастырушылық-басқарушылық;
Бейіндік пәндер:
• Элементар бөлшектер және атомдық ядро физикасы
• Атомдық ядро құрылымының заманауи үлгілері
• Элементар бөлшектер әсерлесуінің және ядролық реакциялардың негізгі механизмдері
• Жоғары энергияның заманауи физикасы
• Элементар бөлшектердің және ядролық реакциялар өнімдерін сәйкестендіру және тіркеу әдістері
• Энергетикалық процестер физикасы
• АЭС жұмысы және пайдаланудан шығару кезіндегі радиоактивті қалдықтармен айналысу мәселесі
• Адам және қоршаған ортаның радиациялық қауіпсіздігі
Білім артықшылығы:
• Бірегей авторлық курстар, білім берудегі жаңаша әдістер және техникалық құралдар;
• Докторанттарды оқытудың дербес траекториялары
• Мамандықты тереңдетіп оқыту және бір мезгілде ҒЗИ ҚазҰУ-де практикадан өту;
• Зерттеу аппаратураларының жоғары деңгейде жабдықталу, сондай-ақ докторанттар практикадан өтетін алдыңғы ҒЗИ және елдегі кампаниялармен келісімшарттың болуы.
Халықаралық байланыстар: докторанттар Дубна, Катания, Осака ЖОО-серіктестерінде оқу мүмкіндігіне ие.
Практикадан өту және жұмысқа орналасу орындары: Ғылыми-зерттеу институттары; ЖОО-ы; медициналық мекемелер; энергетика Министрлігі; радиоэкологиялық мәселелермен, дозиметриялық және спектроскопиялық аппаратуралармен және т.б. айналысатын кампаниялар.

Оқу бағасы мен оқу жылдардың санын калькуляторы:

Оқу түрі - күндізгі

Оқу деңгейі - Ғылыми - педагогикалық бағыт

Сіз


  

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Ядролық физика
Мамандық шифры
6D060500
Факультеті
Физика-техникалық
Оқу деңгейлері
Ғылыми - педагогикалық бағыт
Оқу түрлері
күндізгі
Өту балы
ҚАЗ
169
ОРЫС
169

пәндер

Энергетикалық процестердің физикасы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: мезондардың пайда болу табалдырығынан төмен энергия кезінде нейтрондармен әсерлесетін ядролардың түрленуін зерттеу, сондай-ақ бұл пәнде кездесетін нақты есептерді кең ауқымда шешуде тәжірибелік дағдыларға ие болу. Күтілетін оқу нәтижелері: - Ядролардың бөліну құбылысын тәжірибеде қолдану мүмкіндігін түсіндіру; - бейтарап және зарядталған бөлшектерді тіркеу әдістерін білу; - ядролық-физикалық зерттеу және энергетикалық қондырғыларда болып жатқан процестерді түсіну; - лабораториялық және өндірістік жағдайларда ядролық апаттарды анықтау; - әлсіз және орташа активті радиоактивті қалдықтармен жұмыс істей білу; - зерттелетін аймақта ғылыми және техникалық жоспардағы жұмыстардың заманауи жағдайын талдау; - радиоактивтіліктің жалпы заңдылықтарын, радиациялық сәуле көздерін, және оларды өлшеу және мөлшерлі бағалауды түсіне білу; - берілген курс бойынша, оның ішінде ядролардың және ядролық отынның энергетикалық сипаттамаларына есептер шығару үшін практикалық дағдылар қолдану. Пәнді оқу нәтижесінде докторанттар төмендегі мәселелерді қарастырады: нейтрондық физиканы, әртүрлі ядролық реакциялардың қалай ашылғаны туралы және осы күнге дейін зерттеулерінің дамуы туралы. Дәстүрлі ядролық реакциялар және эффективті қималарын егжей-тегжейлі баяндаудан басқа реакторлық физикадағы ядролық реакцияларға көңіл бөлінеді.

2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Аса тығыз жұлдызды материядағы ядролық әсерлесулер
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Атом ядросы мен элементар бөлшектердің теориялық физикасының таңдаулы тараулары
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Ауыр иондармен ядролық реакциялар физикасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Әлем эволюциясының астрофизикалық және ядролық аспектілері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: докторанттарды ядролық энергетика және реакторлық қосалқы техника және индустрия құруда негізгі ядролық-физикалық принциптермен таныстыру; негізгі радиоэкологиялық түсініктермен, радиацияның қауіпті әсерінен денсаулығын қорғау мақсатында халықты радиациялық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету аймағындағы заманауи мәселелермен таныстыру. Күтілетін оқу нәтижелері: - бұрын игерген білімдерін интегралдау; - халықаралық ғылыми ортада кең талқыланатын және өзекті болып табылатын заманауи ғылыми және техникалық мәселелер үшін пәнаралық білімдерді жинақтау; - астрофизикалық процестерді сандық есептеу және үлгілеу принциптерін және ғарыштық сәулелену компоненттерін талқылау; - қажетті тәжірибелік параметрлерді есептеу үшін теориялық принциптер мен практикалық амалдардың жиынтығын тәжірибеде негіздеу. Пәнді оқу нәтижесінде докторанттар төмендегі мәселелерді қарастырады: Модуль гелио- және геомагниттік сфералардағы ғарыштық сәулелерді тіркеу туралы айтарлықтай кең және терең білімдерін қамтамасыз етеді. Қондырғының жұмыс істеу принципі. Ғарыштық сәулелердің әртүрлі детекторларының сипаттамалары. Ғарыштық сәулені үздіксіз тіркеу автоматизациясы.

Баламалы энергетиканың құрылысының негiзгi қағидалары
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - -

Ғарыш сәулелерінің астро-физикалық аспектісі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Ғарыш сәулелерінің ядролық-физикалық аспектісі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: докторанттарды ядролық энергетика және реакторлық қосалқы техника және индустрия құруда негізгі ядролық-физикалық принциптермен таныстыру; негізгі радиоэкологиялық түсініктермен, радиацияның қауіпті әсерінен денсаулығын қорғау мақсатында халықты радиациялық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету аймағындағы заманауи мәселелермен таныстыру. Күтілетін оқу нәтижелері: - ғарыштық сәулелерді тіркеуге арналған жаңа есептерді қарастыру кезінде алынған білімдерін көрсету; - ғарыштық сәулелердің пайда болуын түсіндірудің ғылыми принциптерін жүйелеу, яғни ғарыштық сәулелер спектрі түрленетін астрофизикалық объекттерді іздеу; - бірінші ретті спектрді құруға әкелетін процестерді анықтау үшін алынған білімін қолдану; - Әлем эволюциясының ядролық аспекттерінің ғылыми және тәжірибелік мәселелерін кризистік талдау, бағалау және синтездеу. Пәнді оқу нәтижесінде докторанттар төмендегі мәселелерді қарастырады: Ғарыштық сәулелердің пайда болуы. Жоғары энергиялы астрофизикаға кіріспе. Ғарыштық сәулелердің затпен әсерлесуі. Жоғары энергиялы фотондардың затпен әсерлесуі. Ядролық әсерлесулер. Ғарыштық сәуле, рентгендік және альфа-сәулелену детекторлары. Ғарыштық сәуле, рентгендік және альфа-сәулелену телескоптары. Атмосфераның жоғарғы қабатындағы ҒС. Кең атмосфералық нөсерлер. Жердің магнит өрісінің әсері. Күн желі және оның ғарыштық сәулелер ағынына әсері. Оптикалық және радиоастрономия. Галактика және оның сырты бойынша экскурсия. Жұлдыздар және Галактика эволюциясы. Ғарыштық сәулелерді үдету.

Жоғарғы энергиялыбөлшектерді жобалау бағдарламалық кешені
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Жоғарғы энергияның тәжірибелік физикасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты материяның фундаменталды бөлшектерінің негізгі өзара әсерлесу процестерін зерттеу мүмкіндігін қалыптастыру.. Пәнді оқу нәтижесінде магистрант мынадай қабілеттерге ие болады: 1. Жоғары энергия физикасындағы заманауи тәжірибелер жасаудың негізгі принциптерін қалыптастыру; 2. Жоғары энергия физикасында бөлшектерді тіркеудің және сәйкестендірудің белгілі бір әдістерін қолдану қажеттілігін анықтау; 3. Теориямен салыстыру үшін, тәжірибелерде қолданылатын есептеулер мен бағалаудың заманауи әдістерін қолдану; 4. Тәжірибенің негізгі параметрлерін есептеу және жоғары энергиялар физикасы бойынша әлемдік негіздегі деректермен алынған нәтижелерді салыстыру; 5. Элементар бөлшектердің физикасы саласындағы тәжірибелік жұмыстарды жоспарлау. Пәннің міндеті. «Жоғары энергиялар тәжірибелік физикасы» пәні магистранттарды материяның негізгі бөлшектерінің сипаттамаларын және олардың өзара әрекеттесу процестерін сипаттау үшін қажетті теориялық білімдермен және практикалық дағдылармен қамтамасыз етуге бағытталған. Пәнді оқу барысында келесі тақырыптар қарастырылады: заманауи үдеткіштер; бөлшектердің үдетілуіеің негізгі принциптері; элементар бөлшектер заманауи физикасының негізгі ғылыми бағыттары; бөлшектерді анықтаудың негізгі принциптері; бөлшектерді сәйкестендіру әдістері; Стандарттық модель; Z- бозон сызығы мен лептондық асимметрия формаларын өлшеу; кварк үлгісі; түсті кварк пен глюондардың конфайменті; ауыр кварктар: b- және c-кварктердің парциалды ені мен асимметриялары; W -бозонның массасы және оның өлшемдері; Теватрон және басқалары; t - кварктің ашылуы; t кварк массасын болжау және өлшеулерін салыстыру; жалпы деректерді талдау және Хиггс бозонының массасын болжау; LHC-те эксперименттер; болашақ үдеткіші үшін перспективалар; күндік нейтрино және Күннен нейтрино ағынын өлшеуге арналған тәжірибелердің нәтижелері; жоғары энергетикалық физикасының әр түрлі салаларының даму бағыттары мен келешегін жалпы бағалау.

Жоғары энергиялардың заманауи физикасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: бұл пәнді оқыту әртүрлі ғылыми бағыттардың түйіскен жеріндегі көптеген күрделі, теориялық және практикалық тұрғыдан маңызды мәселелерді біліктілікпен шеше алатын ядролық физика мамандарын даярлауда оларға жоғары энергия физикасының заманауи теориясы саласынан терең іргелі білім беруді мақсат тұтады. Күтілетін оқу нәтижелері: - нақты физикалық процестердің теориялық есептеулер нәтижелерін жинақтау; - әлсіз және электромагниттік әсерлесулердің бірігу теориясын бірыңғай электрлік әлсіз әсерлесу ретінде түсіндіру; - кварктар мен глюондардың күшті әсерлесуінің өрістік теориясын тұжырымдау; - субатомдық физиканың ғарыштық қолданыстарында көрінетін микро әлемнің, тіпті макро әлемнің заңдылықтарын түсіну. Пәнді оқу нәтижесінде докторанттар төмендегі мәселелерді қарастырады: Іргелі әсерлесулер қасиеттері. Әсерлесу тұрақтылары және оларды салыстыру нәтижелері. Күшті әсерлесу константасы. Жоғары энергия физикасының эксперименталдық базасы. Әсерлесу процестерін талдау әдістері. Лоренц түрлендірулерінің координаттар жүйесі. Материя құрылымы. Кварктар физикасы. Үлкен жарылыс моделі. Элементар бөлшектер астрофизикасы. Экзотикалық бөлшектер. Хиггс-бозондары. Суперсимметриялы бөлшектер. Магнитті монопольдар. Ғарыштық сәулелер. XXI ғасыр жоғары энергия физикасының өзекті мәселелері. Физикалық вакуум.

Жоғары энергиялық астрофизика
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курс магистранттарды шиыршықты галактикалардың құрылымын және модельдерін жаңа теориялармен таныстыру мен үйретуге негізделген. Негізгі мән шиыршықты галактикалардың бейсызық дискретті модельдерге бөлінеді, сонда өтілетін процестер қарастырылады. Сонымен қатар бақылау көзінен қарағанда шиыршықты галактикалардың мәселелеріне көңіл аударылады. Магистрант пәнді оқу нәтижесінде келесі құзыреттерді иелену қажет: - Шиыршықты галактикалардың теориясы туралы, дискретті шиыршықты толқындар мен серікте

Зарядталған бөлшектердің ортадағы қозғалысын жобалау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Кванттық өрістер теориясындағы функционалды әдістер
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: интегралдар мен функционалдық әдістерді талдау және бейнелеу үшін қолданылатын негізгі математикалық тілмен танысу, өрістің кванттық теориясын түсіну үшін қажет түйін түсініктерді қамтитын осы тақырыпқа қысқаша, кезең бойынша кіріспе көрсету. Күтілетін оқу нәтижелері: - стандартты модель аясындағы іргелі әсерлесулерді және элементар бөлшектер физикасының заманауи жағдайын бейнелеу; - іргелі әсерлесулер және элементар бөлшектерді тәжірибелік зерттеудің физикалық негіздерін білу; - физикалық құбылыстарды теориялық зерттеу үшін элементар бөлшектердің симметрия теориясын, өрістің кванттық теориясы әдістерін қолдану; - ұлы бірігу теориясы туралы түсінік білу. Пәнді оқу нәтижесінде докторанттар төмендегі мәселелерді қарастырады: Кванттық механикадағы интегралдар жолы. Корреляциялық функциялар, Фейнман ережесі, функционалдық туындылар және өндіруші функционал. Кванттық электромагниттік өріс. КХД киралдық симметрия. Каноникалық кванттау формальдылығы. Фермиондар үшін каноникалық кванттау. λφ4 теориясындағы толқындық функция және массаның қайта нормалануы. Қуатты есептеу әдісі. Өлшемдік регулярлау. Қайта нормалау тобы. Байланыстың эффективті тұрақтылары. Ковариантты калибровкалардағы Фейнман ережесі. Уорд тепе-теңдігі және унитарлылық. КХД асимптотикалық еркіндік. Кванттық аномальдар және сыртқы токтар.

Қисық сызықты эвклидті емес кеңiстiктер
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: Лобачевский және Риманның классикалық эвклидті емес геометриясын, сондай-ақ кез-келген жоба метрикаларын зерттеу. Докторантқа микроәлем заңдылықтары туралы терең түсінік беру. Докторант құбылыстың физикалық табиғаты туралы нақты түсінік алуы қажет, физикалық процестерді теория мен тәжірибенің заманауи жетістіктері көзқарасынан түсіне білуі керек. Басты назарды іргелі жалпы және жуықтау әдістеріне аудару арқылы докторант оларды қолдану шекарасын және оларды тәжірибеде тиімді қолдана білуі керек. Күтілетін оқу нәтижелері: - нуклондардың бірбөлшекті және ұжымдық модель аясындағы қозғалысы кезіндегі микроәлемде болатын физикалық процестерді түсіндіру; - Риман геометриясы аясындағы нақты ядролардың ядролық-спектроскопиялық мәліметтерді жинақтау; - магиялық сандардың сегіз түріне сәйкес ядролық-физикалық қасиеттерді реттеу; - қисықсызықты эвклидті емес кеңістік бойынша тәжірибелік және теориялық мәліметтерді жүйелеу, талдау және жинақтау; физика аймағында (мега әлем релятивизмі және микро әлемдегі сәуле шығармайтын тұйық қозғалысы) қолданылатын қисықсызықты эвклидті емес геометрияның теориялық және тәжірибелік дамуының әлемдік терндтерін анықтау. Пәнді оқу нәтижесінде докторанттар төмендегі мәселелерді қарастырады: Бұл дәріс курсында докторанттар үшін Лобачевский және Риманның евклидті емес геометриясының таңдаулы бөлімдері көрсетілген. Тензорлық алгебра және тензорлық талдау негіздері зерттеледі. Заманауи ядролық физикада қолданылатын Риман геометриясының негізгі түсінік аппараты қысқаша қарастырылады. Механикалық шамалардың 4 өлшемді кеңістіктегі өрнегі тензорлық формада қарастырылады. Потенциалды физикалық өрістер классификациясы және оның негізгі параметрлері беріледі: скалярлық өріс градиенті, деңгейлер беті, векторлық өрістің вектор сызықтары, вектордың бет арқылы ағыны, вектор дивергенциясы, векторлық өрістегі контурлық интеграл және вектор роторы. Потенциалдық, құйындық және таза құйындық өрістер қарастырылады.

Нейтрондардың затпен әсерлесуін жобалау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Нейтрондардың тасымалдау теориясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Өрістерді калибрлеу теориясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: калибрлік өріс физикасын талдау және сипаттау үшін қолданылатын негізгі математикалық тілмен танысу. Бұл курстың мақсаты – абелдік және абелдік емес калибрлік өріс теориясын түсіну үшін қажетті негізгі тұжырымдамаларды қамтитын қадамдық кіріспе беру. Күтілетін оқу нәтижелері: - симметрияның спонтандық бұзылу механизмін тәжірибелеу; - келешекте физиканың барлық бөлімін терең және егжей-тегжейлі дамытуға болатындай физикалық білімінің іргелі базасын құрастыру; - элементар бөлшектер физикасындағы жаңа симметриялардың пайда болу себебін түсіндіру; - элементар бөлшектердің өрістік теориясын қолдану нәтижелерін талдау. Пәнді оқу нәтижесінде докторанттар төмендегі мәселелерді қарастырады: Скалярлық және векторлық өріс. Вакуумдағы Максвелл теңдеуінің жалпы шешімі. Абелдік емес калибрлік өрістер. Практикалық класс 3. Алгебра және Ли ықшам топтары. Ғаламдық симметрияның спонтанды бұзылуы. Қарапайым топологиялық солитондар. Гомотопиялық теория элементтері. Магниттік монопольдер. Топологиялық емес солитондар. Калибрлік теориядағы инстантондар және сфалернодар. Фондық өрістердегі фермиондар. Екіөлшемді үлгілердегі фермиондар және топологиялық сыртқы өрістер. Классикалық шешім және функционалдық интеграл.

Плазма диагностикасының ядролық-физикалық әдістері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Радиациялық қауіпсіздіктің технологясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Термоядролық энергетикадағы плазмалық фокус типті қондырғылар
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Тығыз термоядро плазмадағы динамикалық процестер
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Үдеткіштер физикасының заманауи күйі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Шашырау теориясының қосымша бөлімдері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: бірнеше бөлшектерден және кластерлерден тұратын жүйелер үшін атомдық ядролардың заманауи физикасы және кванттық механиканы зерттеу. Күтілетін оқу нәтижелері: - алдағы зерттеулер үшін шашырау теориясы және есептеу әдістері бойынша алған білімдерін көрсету; - ядролық физикадағы заманауи есептеу әдістерін жүйелеу; - шашырау теориясының ғылыми және тәжірибелік мәселелерін шешу; - шашырау теориясы бойынша әртүрлі есептерді қарастыру үшін теориялық принциптер мен тәжірибелік амалдардың жиынтығын тәжірибеде негіздеу. Пәнді оқу нәтижесінде докторанттар төмендегі мәселелерді қарастырады: Шашырау теориясының тұжырымдамасы. Вириал туралы теорема. Үздіксіз спектр. Толқындық функцияның аналитикалық қасиеттері. Спектрлік теория. Спектрлік теория қолданымы. Еркін кеңістіктегі толқындық теңдеуді шешуге арналған трансляциялық көрініс. Сыртқы күштердің әсерінен болатын кванттық осциллятор. Шашырау матрицасы. Көпканалды жүйенің толқындық функциясы. S матрица және оның R-матрицаға қатынасы. Фаддеев теңдеуі. Сыртқы патенциалдық өрістегі екі бөлшек қозғалысы. Әлсіз әсерлесулер теориясы. Периодты әрекетке ұшыраған жүйенің квазиэнергиясы.

Ыстық плазмамен әсерлескендегі материалдардың күйреуі мен эрозиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Экзотикалық ядроларды зерттеуде және өзара байланыста ядролық-физикалық эксперимент қою
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: орташа және төмен энергия кезіндегі ядролық-физикалық тәжірибелерде қолданыс табатын ядролық реакциялар және шашырау бойынша тәжірибе нәтижелерін өңдеудегі кванттық негіздерді зерттеу, сондай-ақ тәжірибе жүргізу кезінде қолданылатын әдістерді қарастыру. Күтілетін оқу нәтижелері: - күрделі ядролардағы ядролық реакциялардың механизмдері мен ядро құрылымы туралы білімін түсіндіру; - газдық динамикалық (бірбөлшекті үлгі нұсқасы) және сұйық тамшылық (ядролар бөлінуі және ауыр ионды радиоактивтілік үлгілері нұсқасы) фазалардағы ядролық құрылымдардың классикалық үлгілерін жинақтау; - ядролар классификациясын нейтрон жетіспеушілік және нейтроны артық радиоактивті изотоптар аумағында тұрақты («Тұрақтылық жолдары» бағытымен) және экзотикалық түрлерге реттеу; - ядро ішіндегі қозғалыстар туралы бірыңғай көрініс аумағында кездейсоқ және анықталған ядролық параметрлерді қиыстыра білу; - өздік зерттеулер дағдыларын, алынған нәтижелерді шығармашылық ұғыну қабілетін, қолданбалы аймақтардағы ядролық-физикалық тәжірибелер нәтижесінде жаңа үміт көрінуін көрсету. Пәнді оқу нәтижесінде докторанттар төмендегі мәселелерді қарастырады: Еркін электрондардың дрейфтік жылдамдықтары. Заманауи үдеткіштердің негізгі түрлері. Детекторлар түрлері. Орташа және төмен энергиялы зарядталған бөлшектердің идентификациясы. Толық энергия және энергияның меншікті шығынын өлшеу негізіндегі идентификация (ΔE-E-әдіс). Жоғарғы энергия физикасындағы бөлшектер идентификациясы. Бөлшектердің детекторлық жүйемен әсерлесу сипаты бойынша идентификациясы. Массаны өлшеу арқылы бөлшек идентификациясы. Черенков детекторы көмегімен масса бойынша бөлшектер идентификациясы.

Ядролардың бөліну және синтездің физикасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Ядролардың кристалдануы және кластерленуі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: ядролардың кластеризациясы және кристаллизациясы туралы теориялық және тәжірибелік деректерді зерттеу, олардың бар болуы туралы тәжірибелік дәлелдемелерді, сондай-ақ зерттеу бойынша тәжірибе жүргізу кезінде қолданылатын әдістерді қарастыру. Күтілетін оқу нәтижелері: - тәжірибелік мәліметтерге сәйкес альфа-кластерлер мен мультикластерлер динамикасын және тіршілігін теориялық бейнелеу; - ядролардың мультикластерлік құрылымын анықтау үшін тура немесе жанама әдіс таңдау; - Ляпуновтың m-қабаттарына сәйкес альфа-кластерлер мен мультикластерлердің тіршілігін бейнелеу; - заманауи ядролық физика аймағында ғылыми-зерттеу және қолданбалы жобалар жоспарлау және дайындау. Пәнді оқу нәтижесінде докторанттар төмендегі мәселелерді қарастырады: Бұл курста докторанттар үшін ядролардың кластеризациясы және кристаллизациясы туралы теориялық және тәжірибелік деректер көрсетілген. Ядролық физиканың осы мәселелерінің пайда болу тарихы қарастырылады. Нақты ядроларда альфа- және мультикластерлік құрылым бар екенін дәлелдейтін тәжірибелік әдістерге ерекше көңіл бөлінді. Жеңіл және ауыр иондар үдеткіштерінде нақты өлшеулердің нәтижелері келтіріледі. Ядрода қатты денелі фазалар анықтау әдісіне көп көңіл бөлінеді, нақтырақ – квазикристаллдық қасиеттеріне, олар ядролардың мультикластерлік құрылымынан және ядро көлеміндегі кластерлердің тығыз орамасынан шығады. Альфа-бөлшектердің серпімді және серпімсіз шашырауы кезіндегі вульф-брэггтік рефлекстерді өлшеу бойынша тәжірибелік мәліметтер келтіріледі.

Ядролық процесстердің параметрленген фазалық талдауы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: төмен және орташа энергиялар кезіндегі ядролық-физикалық тәжірибелерде қолданыс табатын ядролық реакция және шашырау бойынша тәжірибе нәтижелерін өңдеудің кванттық негіздерін, сондай-ақ тәжірибе жүргізу кезінде қолданылатын әдістерді зерттеу. Күтілетін оқу нәтижелері: - ядро ішіндегі қозғалыс туралы бірыңғай көрініс аясында кездейсоқ және анықталған ядролық параметрлерді қиыстыра білу; осы аймақтағы жаңа зерттеулерді есекере отырып, Евклидтің V постулаттарының дәлелдемелерін тұжырымдай білу; - ядролық-физикалық заңдылықтарды зерттеу бойынша тәжірибелерді өз бетінше жоспарлау; әртүрлі физикалық процестердің математикалық әдістерін қолдана отырып, үлгілеу жүргізу; - ядролық-физикалық тәжірибелер нәтижесінде жаңа үміт көру және алынған нәтижелерді шығармашылық ұғыну қабілетін, өздік зерттеу дағдыларын көрсету; - заманауи ядролық физика аймағында ғылыми-зерттеу және қолданбалы жобаларды жоспарлау және дайындау. Пәнді оқу нәтижесінде докторанттар төмендегі мәселелерді қарастырады: Ядролық физикадағы тура оптикалық процесс. Шашырау бойынша тәжірибелерді өңдеу әдістері: потенциалдық әдіс. Шашырау бойынша тәжірибелерді өңдеу әдісінің принципі: S-матрицалық әдіс. Шашыраудың оптикалық моделі. Вудс-Саксон потенциалы. Шашыраудың кванттық теориясы. Параметрленген фазалық талдау. Бұрыштық таралуларды талдау үшін қолданылатын практикалық әдістер. Серпімді ядролық шашырау реакциясы. Бұрмаланған толқындар әдісі. Байланысқан каналдар әдісінің принципі. Төмен энергия кезіндегі нуклон-нуклондық шашырау.

Ядролық реакторлар мен кұрылғылардың физикалық теориясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Ядролық реакторлар теориясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Ядролық реакторлардың физика және теориясы/
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Ядролық реакциялардың релятивистік кинематикасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: бұл пәнді оқыту әртүрлі ғылыми бағыттардың түйіскен жеріндегі көптеген күрделі, теориялық және практикалық тұрғыдан маңызды мәселелерді біліктілікпен шеше алатын ядролық физика мамандарын даярлауда оларға ядролық реакциялардың релятивистік кинематикасы саласынан терең іргелі білім беруді мақсат тұтады. Күтілетін оқу нәтижелері: - ядролық реакцияларды талдау кезінде сақталу заңдарын қолдану; - белгілі бір үлгі аймағында ядролық реакция бойынша есептер шешімін талдау; - субатомдық масштабта болып жатқан процестердің материалдық әлемі туралы көріністерді жинақтау; - осы пән бойынша алынған кең білімін болашақ мамандығына қолдану. Пәнді оқу нәтижесінде докторанттар төмендегі мәселелерді қарастырады: Бөлшектер физикасы тармақтарының классификациясы. Энергетикалық аймақтар. Шашырау қимасының энергиядан және шапшаңдықтан тәуелділігі. Аралық энергияның заманауи физикасы. Ядролық реакциялар кинематикасы. Шашырау реакциясының классификациясы. Мандельстам айнымалылары. Кумулятивті процестер туралы көрініс. Серпімсіз реакциялардың басқа да табалдырықтары. Терең серпімсіз шашырау. Партондық модель. Жарық фронтындағы кванттық механика түсінігі. Фейнман айнымалысы. Арментерос-Подолянский критерийі. Үшбөлшектік шекті күйлер. Далица диаграммасы. Чу и Лоу диаграммасы. Эксперименталдық физика және модельдеу. Релятивистік ядролардың заманауи физикасының жақынарадағы келешегі.

Ядролық физика эксперименттерінің әдістемесі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Ядролық физикада заманауи есептеу жүргізу әдістері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: көп бөлшекті жүйелердің кванттық механика және атомдық ядроның заманауи физикасын зерттеу. Күтілетін оқу нәтижелері: - ядролық физика бойынша есептерді шешу үшін заманауи технологияларды пайдалану; - ядролық физиканың есептеу әдістері және шашырау теориясы бойынша алынған нәтижелерді талдау және жүзеге асыру; - ядролық физиканың белгілі бір есебін шешу үшін қандай да бір әдіс таңдауын дәлелдеу; - ядролық физиканың есептеу әдістерінің жұмыс істеу принципін талқылау. Пәнді оқу нәтижесінде докторанттар төмендегі мәселелерді қарастырады: «Физикадағы компьютерлік есептеу және программалау» курсына кіріспе. Есептеу моделі. Арифметика: бүтін сандарды қарапайым көбейткіштерге жіктеу. Модульдік арифметика: қалдықпен бөлу, қорытындылар, салыстыру және қалдықтар туралы қытай теоремасы. Мультимедиа: геометрия, графика, кино және дыбыс. Ядролық күштер. Ядролық физиканың негізгі түсініктері. Ядролық әсерлесу және реакцияға кіріспе. Гамма-ыдырау. Ішкі түрлену және жұптық өндіріс. Радиоактивті ыдырау заңдары. Реакциялық кинематика. Ядролық физиканың кейбір таңдаулы қосымшалары. Электрлік квадрупольдік әсерлесу. Сақталу заңдары.

Ядроның оптикалық үлгісі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - -

2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Thomson Reuters, Scopus базасына енетін немесе ККСОН ұсынатын мерзімді баспасөздердегі жарияланымдар
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Ғылыми тағылымдама
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы - Ғылыми тағылымдаманың мақсаты: докторанттарда шетел университеті негізінде заманауи зерттеу әдістерін және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, кәсіби салада ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуге қабілеттілігін қалыптастыру. Курсты оқу барысында докторант төмендегідей білімдерді меңгереді: 1. ғылыми зерттеулерді жүргізу әдістемесінің негіздерін, ғылыми тәжірибені жоспарлау мен ұйымдастыруды, ғылыми деректерді өңдеуді негіздеу; 2. ғылыми және практикалық мәселелерді, оның ішінде пәнаралық бағыттарды шешу әдістерін талқылау; 3. зерттеу және практикалық міндеттерге балама шешімдерді талдау және осы нұсқаларды іске асырудың әлеуетті артықшылықтарын бағалау; 4. заманауи компьютерлік технологияларды қолдану арқылы ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және беру әдістері туралы теориялық білімдерді қолдану; 5. тыңдаушылардың әртүрлі контингенттері үшін ақпарат беру әдістері мен әдістерін таңдау. Ғылыми тағылымдаманы оқу нәтижесінде докторанттар төмендегі мәселелерді қарастырады: Ғылыми зерттеулерді жүргізу әдістемесінің негіздері, ғылыми тәжірибені жоспарлау және ұйымдастыру, шетел университеті негізінде ғылыми деректерді өңдеу. Ағымдағы ғылыми проблема бойынша тәуелсіз зерттеу жүргізу. Зерттеу нәтижелерін дайындау және таныстыру: конференцияларға, семинарларға қатысу, баяндамалар, тақырып бойынша жарияланымдар. Ғылыми тағылымдамадан өту және оны қорғау нәтижелері туралы есеп дайындау.

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар ІI)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар IIІ)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар V)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар VІ)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар І)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар ІV)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторлық диссертацияны орындау
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы - Докторлық диссертацияны орындау мақсаты: «8D075 -Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша) білім беру бағдарламасы бойынша докторлық диссертацияны қорғауға дайындық. Курсты оқу барысында докторант төмендегідей білімдерді меңгереді: 1. ғылыми-зерттеу жұмыстарының барысында пайда болатын және тереңдетілген кәсіби білімді талап ететін мәселелерді шешудің прогрессін көрсету; 2. міндеттер шеңберінде теориялық немесе тәжірибелік зерттеулер жүргізуді, оның ішінде математикалық (имитациялық) эксперимент жүргізуді талап ету; 3. зерттеудің қажетті әдістерін таңдай алады, қолданыстағы әдістерді өзгертуге және белгілі бір зерттеудің міндеттеріне негізделген жаңа әдістерді әзірлеуге болады; 4. нормативтік көздер мен ғылыми әдебиеттер бойынша өзіндік жұмыс үшін шет тілдерін пайдалану; 5. диссертациялық зерттеудің мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдайды, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерінің ғылыми жаңалығы мен практикалық маңыздылығын анықтайды; зерттеу жұмыстарының құрылымдық әдіснамалық схемасын әзірлеу. Докторлық диссертацияны орындауды оқу нәтижесінде докторанттар төмендегі мәселелерді қарастырады: Диссертацияның презентациясы және алдын ала сараптамасы. Өтініш берушінің ісін Университеттің Ғылыми кеңесінде тіркеу. Тезистерді қорғау туралы хабарландыру. Авторефератты жариялау және жіберу. Диссертацияны қорғаудан кейін құжаттарды рәсімдеу.

Зерттеу
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Зерттеу тәжірибесі

Зерттеу тәжірибесі
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: магистранттардың зерттеу жұмысының құзыреттілігін қалыптастыру. Зерттеу практикасы барысында магистранттардың төмендегідей қабілеттері қалыптасады : - ғылыми-зерттеу жұмысын жоспарлау; - ғылыми әдебиеттермен өз бетінше жұмыс істеу: ғылыми дереккөздерді аннотациялау, рефераттар жасау-шолулар; - тіл жүйесі және әдебиет дамуының негізгі заңдылықтары саласында өз бетінше ғылыми зерттеу жүргізу; - ғылыми-зерттеу міндеттерін шешу үшін заманауи ақпараттық ресурстарды пайдалану; - ғылыми ақпаратты жинау, өңдеу, талдау және жүйелеу; - отандық және шетелдік филология мектептерінің жаңашыл әдістерін қолдану; - ғылыми зерттеу нәтижелерін дәлелді баяндау; - ғылыми басылымды дайындау және редакциялау: тезистер, мақала. Зерттеу практикасын өту кезінде магистранттар келесі аспектілерді қарастырады: Зерттеу жұмысының теориялық негіздері. Филологиялық зерттеулердегі заманауи әдістер мен әдістер. Лингвистика және әдебиеттану саласындағы ғылыми және қолданбалы жобалардың тәуелсіз дамуы. Оқу-әдістемелік әдебиеттерді қалыптастыру ережесі. Ғылыми зерттеулер нәтижелерін интерпретациялау.

Педагогикалық
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Педагогикалық

Халықаралық конференциялар материалдарындағы жарияланымдар
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы - Халықаралық конференциялар материалдарындағы жарияланымдардың мақсаты: ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін ғылыми қоғамдастыққа ұсыну, кері байланыс алу және кәсіптік қызмет саласында тәжірибе алмасу мүмкіндігі туралы докторанттар қалыптастыру. Курсты оқу барысында докторант төмендегідей білімдерді меңгереді: 1. ғылыми зерттеулердегі қазіргі үрдістерді көрсету; 2. ғылыми журналдарда, халықаралық конференциялар мен симпозиумдардағы материалдардағы зерттеулердің аннотирленген нәтижелерін айқындау; 3. теориялық және қолданбалы міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін жаңа, ғылыми негізделген, теориялық немесе тәжірибелік нәтижелерді қолдануға болады; 4. таңдалған кәсіби қызмет саласындағы ғылыми нәтижелерді, әріптестер мен қарсыластардың деректерін талдау; 5. қызметтің кәсіби саласын ғылыми зерттеуде ұсынылған әзірлемелерді пайдалану идеяларын қалыптастыру. Халықаралық конференциялар материалдарындағы жарияланымдарды оқу нәтижесінде докторанттар төмендегі мәселелерді қарастырады: Ғылыми және халықаралық конференциялардың рейтингін талдау. Қатысу түрлері бойынша ғылыми конференциялар. Халықаралық және жергілікті конференциялар. Редакциялық кеңестің талаптарына сәйкес ғылыми мақаланы жариялау.

2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген