Докторантура
Әлеуметтік жұмыс

Әлеуметтік жұмыс

БIЛIКТIЛIГІ

  • Ғылыми - педагогикалық бағыт - Әлеуметтік жұмыс мамандығы бойынша PhD докторы
  • Бейіндік бағыт - Әлеуметтік жұмыс мамандығы бойынша PhD докторы

БАҒДАРЛАМА СИПАТТАМАСЫ

Халықаралық аккредитация:жоқ
Бағдарлама: 6D090500 – ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС
Оқу деңгейі: Докторантура
Экзамендер: ағылшын тілі, мамандық бойынша емтихан
Оқу түрі: іштей
Оқу мерзімі: 3 жыл
«Әлеуметтік жұмыс» бойынша PhD докторы кәсіби қызметтің келесі түрлеріне дайындалады:
• Жоғары және орта оқу орындарында оқытушы
• мемлекеттік және жергілікті басқару органдарында,
• психологиялық кеңес беру орталығында,
• зейнетақы қоры филиалында,
• юстиция органында,
• қамқорлық пен қолдау органдарында,
• білім, денсаулық сфераларында,
• әлеуметтік қорғау комитетінде,
• халыққа әлеуметтік қызмет көрсету және қамсыздандыру саласындағы маман

Профильдік пәндер:
• Әлеуметтік әл-ауқат жүйесінің институционализациясы
• Білім беру және денсаулық сақтаудағы жобалау
• Әлеуметтік жұмыстағы зерттеулердің теориясы мен практикасы
• Академиялық хат: ғылыми мақала және диссертация жазу бойынша
• Әлеуметтік бағдарламалар және қызметтерді бағалау: өмір сапасы мен әл-ауқаттың қазіргі интерпретациясы
• Қазақстандағы бейкоммерциялық сектор: қалыптасуы, құрылымы және реттелуі
• Әлеуметтік жұмыс тәжірибесіндегі дағдарыстық копцепциялар
• Отбасылық кеңестің теориясы мен техникасы
Білім берудің артықшылығы:
• Әлеуметтік мәселелерге ғылым мен технологияның жаңа жетістіктері негізінде талдау жасау;
• Конструктивті, жасампаз іс-әрекеттің принциптерін түрлі субъектілермен әлеуметтік серіктестік негізінде жүзеге асыру;
• Әлеуметтік тұрғыдан әлжуаз топтарымен жұмыста дәстүрлі және инновациялық технологияларды тиімді қолдану;
• Стандартты емес ситуацияларда ұйымдастыру - басқару шешімдерін табуға қабілетті болу;
• Практикада реабилитацияның әрқилы түрлерін қолдана білу

Халықаралық байланыстар: Кафедра біріккен зерттеулер жүргізу бойынша келесі университеттермен келісімге қол қойды:
- Алтай мемлекеттік университеті (Әлеуметтік жұмыс каыедрасы)
- Саратов мемлекеттік техникалық университеті әлеуметтану және антропология кафедрасы)
- Новосібір педагогикалық университеті
- Урал федеративтік университеті
- М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті
- Орталық-Еуропа университеті (Венгрия)
- Вашингтон университеті (США)
- Колумбия университеті (США)
- Мичиган штаты университеті (США)
- Сеул ұлттық университеті (Корея)
- Ханьян мемлекеттік университеті (Корея)

Практиканың өткізілу орны және жұмысқа орналасу мүмкіншілігі:
Педагогикалық практика теориялық оқу кезеңінде үшінші семестрде үзіліссіз оқу процесіде жүргізіледі.
Докторанттардың зерттеу практикасы отандық және шетелдік ғылымның жаңа теориялық, әдіснамалық және технологиялық жетістіктерін, дағдыларды жинақтау, ғылыми зерттеудің қазіргі әдістерін қолдану, диссертациялық зерттеудегі эксперименталдық берілгендерді өңдеу және интерпретациялау мақсатында жүргізіледі.
Ғылыми-зерттеу практикасының мазмұны докторлық диссертацияның тақырыбымен анықталады.
Докторанттар шетелдік ғылыми жетекшінің басшылығымен міндетті түрде шетелдік ғылыми стажировканы 4 айдан аз емес уақытта өтуі тиіс.
Бітірушілер мемлекеттік басқару (муниципалитетер және қалалық бөлімдер), білім беру, денсаулық сақтаудан жұмыс таба алады.

Оқу бағасы мен оқу жылдардың санын калькуляторы:

Оқу түрі - күндізгі

Оқу деңгейі - Ғылыми - педагогикалық бағыт

Сіз


  

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Әлеуметтік жұмыс
Мамандық шифры
6D090500
Факультеті
Философия және саясаттану
Оқу деңгейлері
Ғылыми - педагогикалық бағыт
Оқу түрлері
күндізгі
Өту балы
ҚАЗ
172
ОРЫС
172

пәндер

Әлеуметтік жұмыстағы ғылыми зерттеу әдіснамасы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: Курсты оқу барысында докторант төмендегідей білімдерді меңгереді: - ғылыми зерттеулер жүргізу және ұйымдастыру саласында концептуалдық, дүниетанымдық біліктілігін, әдіснамалық және ғылыми мәдениетін демонстрациялау; - әлеуметтік жұмыстағы ғылыми зерттеулердің негізгі мазмұнын, теорияларын, концепцияларын, парадигмалары мен ғылыми мектептерін жүйелеу; - әлеуметтік шындықты танудың методологиялық негіздерін әлеуметтік жұмыстың мазмұнын құрайтын мәселелер аясында қарастырып, қалыптастыру; - жүргізіліп отырған зерттеулерді шешілуге тиісті міндеттер бойынша топтастырып, әдіснамалық тәсілдерді пәнаралық негіз бойынша классификациялау; - қазіргі әлеуметтік ғылымының даму заңдылықтарына, тенденцияларына және даму перспективаларына және онда қолданылатын түйінді әдіснамалардың мәніне тақылау жасау; - жаһандық өзгерістер аясында зерттеулердің перспективалық бағыттары мен өзекті сфераларына баға беру; «Әлеуметтік жұмыстағы ғылыми зерттеу әдіснамасы» пәні әлеуметтік құбылыстар мен процестердің фундаменталдық концепцияларын тереңдетуге, болашақ мамандардың тәуелсіз сынамалы ойлауын және маңызды дүниетанымдық ұғымдарды түсінуін тереңдетуге бағытталады. Пәнді оқу нәтижесінде докторанттар төмендегі мәселелерді қарастырады: - Әлеуметтік жұмыстың негізгі концепциялары мен парадигмаларының пәнаралық сипаты. - Зерттелетін әлеуметтік құбылыстар, процестер, ерекшеліктер, өлшемдер. - Қолданылатын әдістер, олардың субординациясы мен координациясы. - Зерттеу нәтижелерінің бір ізділігі және толықтырылу техникасы. - Зерттеу ойларын жүзеге асыру процесінде зертеушілер құрамын қалыптастыру, оның рөлі және алатын орны.

2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Академиялық хат: ғылыми мақала мен диссертация жазу
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруға, ғылыми жобаларды әзірлеуге, ғылыми әдебиеттермен және ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларымен, жазбаша жұмыстармен (ғылыми баяндама, баяндама, мақала, диссертацияларды) жазудың негізгі тәсілдерін оқыту. Курсының тиімді түрде аяқтау арқылы докторант қабілетті болуы тиіс: - әлеуметтану саласында ғылыми зерттеулердің негізгі кезеңдер білімін жүйелеу: зерттеу мәселері мен болжам құру, әдеби дереккөздермен жұмыс жасау, жобаның соңғы нұсқасы мен ғылыми-зерттеу жұмысын ғылыми баяндама, ғылыми мақала ретінде және диссертация жазу; - әлеуметтанулық мәтіндердің әртүрлі түрлерін талдау арқылы академиялық жазу құрылымы мен ерекшеліктерін түсіну және түсіндіру; - әлеуметтік мәселелерді және әлеуметтанулық мәтіндерді талқылау мен сыни талдау процесінде сөз сөйлеуді және кәсіби коммуникацияны меңгеру; - ғылыми ойлау және ғылыми мәдениеттінің дамуының икемділігі қалыптастыру, өзіндік ғылыми шығармашылықты, зерттеушілердің нәтижелерге және олардың презентациясына жауапкершілігі, плагиаттан бас тартуды дағдыларын қалыптастыратының кәсіби этика талаптарын игеру; - әлеуметтанулық мәтін мазмұнын ауызша және жазбаша талдауды жасау, жазбаша баяндамаларды, ауызша сөйлеу мен презентация дайындау, жазбаша жұмыстың мәтінін қысқаша талдау түрінде, мақаланың және кітаптың аннотациясын, рефераттың, эссенің және басқа да тапсырмалар жазуды игеру. «Академиялық хат: ғылыми мақала мен диссертация жазу» пәні әлеуметтану саласында академиялық хат және жүргізілген әлеуметтанулық зерттеулерді презентациялау, соның ішінде шет тілінде, дағдыларын игерген жоғары білікті мамандарды дайындауға бағытталған. Пәндерді зерделеу кезінде келесі аспектілер қарастырылады: Академиялық жазудың негізгі формалары және олардың ерекшеліктері. Зерттеу дегеніміз не және зерттеуші бұл туралы қалай ойлайды. Тақырыптан зерттеу сұрағына және жұмыс гипотезасына көшу. Пайдалы қайнарларды іздеңіз. Көздерді қосу. Сіздің дәлеліңізді жоспарлау. Есепті құрастыру. Кестелер мен фигуралардағы дәлелдемелерді ұсыну. Сіздің жобаңызды қайта қарау. Жобаны қайта қарау. Альтернативті форумдардағы зерттеулерді таныстыру. Дәйексөз алу практикасына жалпы кіріспе. Библиографиялық жазбалар стилі. Ғылыми жобаларды, мақалаларды, диссертацияларды дайындаудың ерекшеліктері және кәсіби қауымдастықта таныстыру.

Асыра сілтеуді және менталдық ауруларды оңалдыру
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Әлеуметтік әл-ауқат саясаттарын талдау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: Курсты оқу барысында докторант төмендегідей білімдерді меңгереді: - әлемнің түрлі елдеріндегі әл-ауқаттың әлеуметтік саясатының институционализациясының ерекшеліктері, халықтың денсаулығын өлшеудің индикаторлары мен көрсеткіштері туралы тереңдетілген түсініктерді қалыптастыру; - әлемнің дамыған елдеріндегі халықтың әл-ауқатын қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау саясатын бағалау; - түрлі мемлекеттердегі халықтардың әл-ауқатының саясатына талдау жасаған белгілі ғалымдардың концепцияларын, негізгі тәсілдерін түсіндіру; - қазіргі Қазақстанның әл-ауқатының әлеуметтік саясатының негізгі тұжырымдарына және оның перспективалық бағыттарына талдау жасау; - халықтың әл-ауқатын өлшеудің дәстүрлі және инновациялық әдістерін қолдану; - халықтың денсаулығына мониторинг жүргізу және мемлекеттің әл-ауқат саясатын сандық және сапалық тұрғыдан бағалауды жүзеге асыру. «Әлеуметтік әл-ауқат саясаттарын талдау» пәні докторанттардың халықтың өмір сүруінің белгілі бір деңгейін және сапасын сипаттайтын мемлекеттердің әл-ауқат саясатын сынамалы бағалауға қабілетін қалыптастыру. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады: - Әлеуметтік әл-ауқат саясаты, негізгі бағыттары - Әлеуметтік әл-ауқат модельдері, түрлері, ерекшеліктері - Әлеуметтік әл-ауқат саясаты халықты әлеуметтік қорғау модельдерін қалыптастырудың негізі ретінде - Қазіргі Қазақстан қоғамындағы халықты әлеуметтік қорғаудың институционализациясының қалыптасуы - Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің институционализациясы негізіндегі теориялық-әдіснамалық бағыттар - Қазіргі қоғамның құндылықты-нормативтік жүйесін өзгерту әлеуметтік қорғау институтының қалыптасу негізі ретінде.

Әлеуметтік жұмыс тәжірибесіндегі дағдарыстық коцепциялар
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – әлеуметтік жұмыстың дағдарыстық тұжырымдамасы теориясының даму ерекшелігі мен оның қалыптасу генезисімен докторанттарды таныстыру және зерттеу. Дағдарыс теориясы туралы білім алу және әлеуметтік жұмыстың тәжірибелік үлгісіне араласу. Дағдарыстық жағдайлардың психологиялық ерекшеліктері мен олардың түрлері. Дағдарыстық жағдайдағы ақпаратты қабылдаудың психологиялық ерекшеліктері. Дағдарыстық концепция әлеуметтік жұмыс теориясының арнайы концепциясы ретінде. Дағдарысты

Әлеуметтік жұмыстағы денсаулық превенциясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: Курсты оқу барысында докторант төмендегідей білімдерді меңгереді: - Әлеуметтік объектіні оның функционалды күйін сақтау және оның өмірінде мүмкін болатын негативті физикалық, психологиялық немесе әлеуметтік-мәдени процестерді болдырмау мақсатында әлеуметтік жұмысты тиімді ұйымдастыру; - ауруларды болдырмауға бағытталған превентивті шараларды, емделудің тиімділігі мен ауруларды оңалтудың тиімділігін жүзеге асыру; - халықтың өмірін және денсаулығын мемлекеттік тұрғыдан әлеуметтік қорғауды жүзеге асырумен айналысатын мемлекеттік ұйымдардың қызметінің мазмұнын түсіндіру; - халыққа медико-психологиялық және әлеуметтік қызмет көрсетудің, психологиялық-медикопедагогикалық кеңестердің, оңалту орталықтарының, медикоәлеуметтік оңалтуға бағытталған қызметтердің жұмысына баға беру; - ана мен баланы қорғау әлеуметтік қызметінің іс-әрекетін сипаттап, оны жаңа экономикалық жағдайларға сай қалыптастыру; - халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында кешенді және мақсаттық бағдарламалар, нормативтік әлеуметтік көрсеткіштер жүйесін жасау; «Әлеуметтік жұмыстағы денсаулық превенциясы» пәні заңдылық пен мораль, салауатты өмір сүру бейнесі басымдықтарына сай тәуекел топтардың әлеуметтенуі үшін қалыпты жағдайлар жасауға докторанттардың қабілетін дамытуға бағытталады. Пәнді оқу нәтижесінде докторанттар төмендегі мәселелерді қарастырады: - Әлеуметтік профилактика. Әлеуметтік мәселені, ауытқуды болдырмауға бағытталған іс-әрекет түрлері - Әлеуметтік профилактиканың деңгейлері. Денсаулықтың әлеуметтік маңыздылығы және құндылығы - Халыққа медико-психологиялық және әлеуметтік қызмет көрсетудің ерекшелігі. - Мемлекет кепілдік беретін медициналық қызметтер. - Репродуктивті денсаулық. Отбасын жоспарлау мәселелері. - Балалықты әлеуметтік қорғау. Жетімдік профилактикасы және денсаулыққа тәуекелді төмендету. - Шектелген мүмкіндіктері бар адамдарды емдеу және оңалдыру.

Әлеуметтік жұмыстағы зерттеулердің теориясы мен практикасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Балалар мен жасөспірімдер қоғамдағы зорлық-зомбылықтың құрбаны ретінде
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: Курсты оқу барысында докторант төмендегідей білімдерді меңгереді: - қазіргі қоғамдағы балалар мен жасөспірімдерге көрсетілетін зорлық-зомбылықтың әрқилы түрлері, масштабы, себептері, таралу факторлары және олардың шығу көздерін анықтаудың қазіргі әдістері, және болдырмаудың формалары туралы түсініктерді қалыптастыру; - қоғамда балалар мен жасөспірімдерге көрсетілетін зорлық-зомбылықтың концептуалдық, пәнаралық негіздеріне зерттеу жүргізу; - әлеуметтік сәтсіз, сонымен қатар түрлі әлеуметтік, этникалық, экономикалық және жас ерекшелік топтарда зорлық-зомбылыққа ұшыраған балалар мен жас жеткіншектердің әлеуметтену ерекшеліктерін түсіндіру; - түрлі негіздер бойынша қоғамдағы зорлық-зомбылықтың әрқилы түрлері мен формаларының типологиясын беру; - қоғамда қаталдықтың таралу мәселесіне талдау жасап, зорлық-зомбылықты болдырмаудың шараларын ұсыну; - қоғамда сәтсіз отбасылардың проблемаларын шешуге бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды жасап, тиімді шараларды ұсыну. «Балалар мен жасөспірімдер қоғамдағы зорлық-зомбылықтың құрбаны ретінде» пәні қоғамдағы түрлі әлеуметтік топтарға жататын балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтену ерекшеліктерін дербес талдауға және түсінуге докторанттардың қабілетін қалыптастыруға бағытталады Пәнді оқу нәтижесінде докторанттар төмендегі мәселелерді қарастырады: - Қоғамда балалар мен жасөспірімдерге зорлық-зомбылық көрсетудің түрлері. - Зәбір көрген балалардың әлеуметтік- психологиялық ерекшеліктері. - Балаларға қатал қараудың әлеуметтік салдарлары. - Түрлі аурулар қатал қараудың салдары ретінде. Зорлық көрген балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтену ерекшеліктері. - Қоғамдағы қаталдықтың таралу масштабы. - Қоғамда зорлық-зомбылықтың таралуына қарсы бағытталған профилактикалық шаралар. - Әлеуметтік әл-ауқаты нашар отбасылардың проблемаларын шешуге бағытталған мемлекеттік бағдарламалар.

Кедейшілік, баспанасыздық және маргиналдық топтар
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: Курсты оқу барысында докторант төмендегідей білімдерді меңгереді: - қоғамда кедейшіліктің өсуінің себептері мен факторлары туралы тұтас түсініктер жүйесін қалыптастыру; кедейшіліктің орын алып отырған концепцияларына және әлеуметтік топтардың маргиналдануына, баспанасыздыққа қатысты сынамалы талдаулар жүргізу; - кедейшіліктің әлеуметтік, психологиялық, экономикалық концепцияларының түйінді позицияларына интерпретация жасау; - баспанасыздардың әлеуметтік портретін жасап, әлеуметтік қажеттіліктері мен мүдделеріне, қоғамға әлеуметтік адаптация, интеграция жасау процесіне зерттеулер жүргізу ; - қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-мәдени, тұлғалық теңсіздіктерге сипаттамалы талдау жасауды қолдану; - халықтың өмір сүруінің деңгейі мен сапасын өлшеуге бағытталған кедейшіліктің пәнаралық әдіснамасына негізделген зерттеулер жүргізу; «Кедейшілік, баспанасыздық және маргиналдық топтар» пәні халықтың рухани және материалдық күйіне әсер ететін қоғамның әлеуметтік құрылымын зерттеуге докторанттардың кәсіби қабілеттерін қалыптастыруға бағытталады Пәнді оқытуда келесі аспектілер қарастырылады: - Кедейшілік және маргиналдық ұғымдарының теориялық-әдіснамалық ыңғайлары. - Кедейшілікті анықтаудың концепциялары. Баспанасыздық себептері, классификациясы. - Маргиналдық рухани дағдарыстық күй ретінде. -Қазақстанда халықтың кедейшілігіне мониторинг жүргізу халықтың әл-ауқатын анықтаудың және талдаудың құралы ретінде. - Баспанасыздықтың әлеуметтік салдарлары: әлеуметтік, мәдени, экономикалық аспектілері - Баспанасыздық және қаңғыбастық типологиясы. - Маргиналдану қазіргі қоғамның әлеуметтік сипаттамасы ретінде. - Баспанасыздарды маргинал топтардың өкілі ретінде қарастыру

Қазақстандағы бейкоммерциялық сектор: қалыптасуы, құрылымы және реттелуі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: Курсты оқу барысында докторант төмендегідей білімдерді меңгереді: - коммерциялық емес сектордың пәндік саласында қайырымдылық, мәдени-білімдік, әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық, ғылыми және басқару сұрақтарын меңгеруге қажетті қабілеттерді дамытатын іскерлік сапа мен дағдыларды қалыптастыру; - мемлекеттің, бизнестің және ҮЕҰ қазіргі уақыттағы өзара әрекеттесуінің негізгі механизмдерін бағалау; - үкіметтік емес сектордың мемлекетпен және бизнес құрылымдармен өзараәрекеттесуінің серіктестік моделінің концептуалдық негіздерін түсіндіру; - Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдардың қызметін және азаматтық қоғам құрудағы рөлін түсіндіру; - Азаматтық қоғамның үкіметпен әрекеттесуінің негізгі бағыттары мен перспективаларына презентация жасау; - билікке әрекет етуші азаматтық бақылауды қолданудың жүзеге асырылу формаларын ұсыну; «Қазақстандағы бейкоммерциялық сектор: қалыптасуы, құрылымы және реттелуі» пәні докторанттардың қазіргі әдістер мен технологияларды үшінші сектормен тиімді коммуникация жасауға пайдалануда қабілеттерін қалыптастыруға бағытталады. Пәнді оқу нәтижесінде докторанттар төмендегі мәселелерді қарастырады: - Қазіргі уақытта мемлекеттің, бизнестің және ҮЕҰ өзара әрекеттесу ерекшеліктері. - Үш сектордың өзара әрекеттесуінде серіктестік қатынастардың қалыптаса бастауы. - Қазақстанда үкіметтік емес сектордың қалыптасуының негізгі кезеңдері. Бірінші кезең (1980-1993), екінші (1994-1997), үшінші (1998-2002), төртінші кезең ( 2003 жылдан қазіргі уақытқа дейін). ҮЕҰ қоғамның басқа секторларымен өзара әрекеттесу ерекшеліктері. - Өзара әрекеттесу типтері: «елемеу моделі», «қарсыласпен күресу», «патерналистік модель» және «серіктестік модель». - Қазақстанның азаматтық форумдары – диалог платформасы және азаматтық қоғамның үкіметпен өзара әрекеттесу түрі. - Қоғамдық экспертиза және мониторинг институты. Билікті азаматтық бақылауды ұйымдастыру.

Отбасыны зерделеу және интервенция
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Thomson Reuters, Scopus базасына енетін немесе ККСОН ұсынатын мерзімді баспасөздердегі жарияланымдар
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Ғылыми тағылымдама
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы - Ғылыми тағылымдаманың мақсаты: докторанттарда шетел университеті негізінде заманауи зерттеу әдістерін және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, кәсіби салада ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуге қабілеттілігін қалыптастыру. Курсты оқу барысында докторант төмендегідей білімдерді меңгереді: 1. ғылыми зерттеулерді жүргізу әдістемесінің негіздерін, ғылыми тәжірибені жоспарлау мен ұйымдастыруды, ғылыми деректерді өңдеуді негіздеу; 2. ғылыми және практикалық мәселелерді, оның ішінде пәнаралық бағыттарды шешу әдістерін талқылау; 3. зерттеу және практикалық міндеттерге балама шешімдерді талдау және осы нұсқаларды іске асырудың әлеуетті артықшылықтарын бағалау; 4. заманауи компьютерлік технологияларды қолдану арқылы ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және беру әдістері туралы теориялық білімдерді қолдану; 5. тыңдаушылардың әртүрлі контингенттері үшін ақпарат беру әдістері мен әдістерін таңдау. Ғылыми тағылымдаманы оқу нәтижесінде докторанттар төмендегі мәселелерді қарастырады: Ғылыми зерттеулерді жүргізу әдістемесінің негіздері, ғылыми тәжірибені жоспарлау және ұйымдастыру, шетел университеті негізінде ғылыми деректерді өңдеу. Ағымдағы ғылыми проблема бойынша тәуелсіз зерттеу жүргізу. Зерттеу нәтижелерін дайындау және таныстыру: конференцияларға, семинарларға қатысу, баяндамалар, тақырып бойынша жарияланымдар. Ғылыми тағылымдамадан өту және оны қорғау нәтижелері туралы есеп дайындау.

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар ІI)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар IIІ)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар V)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар VІ)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар І)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар ІV)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар ІV)
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы -

Докторлық диссертацияны орындау
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы - Докторлық диссертацияны орындау мақсаты: «8D075 -Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша) білім беру бағдарламасы бойынша докторлық диссертацияны қорғауға дайындық. Курсты оқу барысында докторант төмендегідей білімдерді меңгереді: 1. ғылыми-зерттеу жұмыстарының барысында пайда болатын және тереңдетілген кәсіби білімді талап ететін мәселелерді шешудің прогрессін көрсету; 2. міндеттер шеңберінде теориялық немесе тәжірибелік зерттеулер жүргізуді, оның ішінде математикалық (имитациялық) эксперимент жүргізуді талап ету; 3. зерттеудің қажетті әдістерін таңдай алады, қолданыстағы әдістерді өзгертуге және белгілі бір зерттеудің міндеттеріне негізделген жаңа әдістерді әзірлеуге болады; 4. нормативтік көздер мен ғылыми әдебиеттер бойынша өзіндік жұмыс үшін шет тілдерін пайдалану; 5. диссертациялық зерттеудің мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдайды, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерінің ғылыми жаңалығы мен практикалық маңыздылығын анықтайды; зерттеу жұмыстарының құрылымдық әдіснамалық схемасын әзірлеу. Докторлық диссертацияны орындауды оқу нәтижесінде докторанттар төмендегі мәселелерді қарастырады: Диссертацияның презентациясы және алдын ала сараптамасы. Өтініш берушінің ісін Университеттің Ғылыми кеңесінде тіркеу. Тезистерді қорғау туралы хабарландыру. Авторефератты жариялау және жіберу. Диссертацияны қорғаудан кейін құжаттарды рәсімдеу.

Зерттеу
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Зерттеу тәжірибесі

Педагогикалық
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Педагогикалық

Халықаралық конференциялар материалдарындағы жарияланымдар
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы - Халықаралық конференциялар материалдарындағы жарияланымдардың мақсаты: ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін ғылыми қоғамдастыққа ұсыну, кері байланыс алу және кәсіптік қызмет саласында тәжірибе алмасу мүмкіндігі туралы докторанттар қалыптастыру. Курсты оқу барысында докторант төмендегідей білімдерді меңгереді: 1. ғылыми зерттеулердегі қазіргі үрдістерді көрсету; 2. ғылыми журналдарда, халықаралық конференциялар мен симпозиумдардағы материалдардағы зерттеулердің аннотирленген нәтижелерін айқындау; 3. теориялық және қолданбалы міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін жаңа, ғылыми негізделген, теориялық немесе тәжірибелік нәтижелерді қолдануға болады; 4. таңдалған кәсіби қызмет саласындағы ғылыми нәтижелерді, әріптестер мен қарсыластардың деректерін талдау; 5. қызметтің кәсіби саласын ғылыми зерттеуде ұсынылған әзірлемелерді пайдалану идеяларын қалыптастыру. Халықаралық конференциялар материалдарындағы жарияланымдарды оқу нәтижесінде докторанттар төмендегі мәселелерді қарастырады: Ғылыми және халықаралық конференциялардың рейтингін талдау. Қатысу түрлері бойынша ғылыми конференциялар. Халықаралық және жергілікті конференциялар. Редакциялық кеңестің талаптарына сәйкес ғылыми мақаланы жариялау.

2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген