Докторантура
Лингвистика

Лингвистика

БАҒДАРЛАМА СИПАТТАМАСЫ

Халықаралық аккредитация: білім беру сапасын қадағалайтын сертификацияланған және аккредитациялық комиссия AQA (Австрия).
Бағдарлама: «6D021300 – Лингвистика»
Оқу деңгейі: доктор PhD дәрежесі
Емтихан: шет тілі, мамандық бойынша емтихан
Оқу формасы: күндізгі
Оқу мерзімі: 3 жыл
«Лингвистика» мамандығы бойынша доктор PhD келесі кәсіби қызметтерге дайындалады:
• Ғалым-лингвист, ЖОО оқытушысы;
• Тіл теориясы, салыстырмалы, салғастырмалы тіл білімінің зерттеушісі;
• Филология саласының (әлеуметтік лингвистика, психолингвистика, когнитивті лингвистика, сот-лингвистикалық сараптама, лингвистикадағы компьютерлік бағдарламалар т.б.) маманы
• Білім беру басқармасының басшысы;
• Филология факультетінің кафедра меңгерушісі
Профилдік пәндер:
Жалпы фонетика және фонология
Конгитивті лингвистика: зерттеу әдіснамасы мен әдістемесі
Сөйлеу коммуникациясының теориясы
Макро- және микро әлеуметтану
Жалпы грамматика және семантика
Дискурс теориясы: дискурсивті талдаудың әдістері және контент-талдау
Лингвистикалық семантика мен прагматика
Тіл типі және тілдегі тип
Психо- және нейролингвистика
Қостілділіктің әлеуметтік-лингвистикалық және психолингвистикалқы негіздері
Контрастивтік лингвистика
Кросс-мәдени коммуникация мәселелері
Лингвистикалық антропология
Тіл, сана және ұлттық менталитет
Лингвистикадағы корпустық лингвистика және инновациялық технологиялар
Гендерлік лингвистика
Білім беру бағдарламасының артықшылықтары:
• Ежелгі шетел және отандық ғылыми мектептердің дәстүрлі бірізділігі
• Қазіргі лингвистиканың жаңа бағыттарын қамтитын білім беру траекториясын оқыту
• Тіл теориясын шет тілінде терең оқытудың әдіснамасы мен мәселенамасының кең спектрі
Халықаралық байланыстар: міндетті ғылыми іс-сапар (бірінші оқу жылынан кейін), Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша жетекші шетел университеттерінде оқу мүмкіндігі. Әлемнің озық университеттерінде және ғылыми-зерттеу институттарында шетел профессорларының дәрістеріне қатысу, семинарлар және мастер-кластарға қатысу
Тәжірибеден өту және жұмысқа тұру орындары:
Педагогикалық тәжірибе базасы – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология және әлем тілдері факультеті.
Ғылыми зерттеу базасы – «Қазақ тілі: социо- және психолингвистикалық зерттеулер» оқу-зерттеу лабораториясы, British Center, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология және әлем тілдері факультетінің компьютерлік лингвистика орталығы, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты ҒА БҒМ ҚР

Оқу бағасы мен оқу жылдардың санын калькуляторы:

Оқу түрі - күндізгі

Оқу деңгейі - Ғылыми - педагогикалық бағыт

Сіз


  

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Лингвистика
Мамандық шифры
6D021300
Факультеті
Филология және әлем тілдері
Оқу деңгейлері
Ғылыми - педагогикалық бағыт
Оқу түрлері
күндізгі
Өту балы
ҚАЗ
150
ОРЫС
150

пәндер

Лингвистика зерттеулерінің әдіснамасы мен әдістемесі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты – филолог докторанттардың жалпылингвистикалық даярлықтарын тереңдету және тілді зерттеудің замануи әдістері бойынша білімді игерту. Күтілетін нәтижелер:  танымның жалпығылыми өлшемдері мен нормалары және олардың тіл білімінде қолданылу ерекшеліктерін анықтау;  заманауи лингвистиканың қағидалары мен постулаттарын атап шығу;  лингвистикалық зерттеудің әдіснамасы, әдістемесі, әдісі, нысаны және олардың дамуын қалыптастыру;  лингвистикалық зерттеудің нысанын, пәнін анықтап, негіздеу және репрезентативті әдістерді бағалап, таңдау;  тіл мен тіл бірліктерін талдаудың заманауи әдістерін практикада қолданылуын көрсету. Қысқаша мазмұны. Курсты оқыту барысында келесі сұрақтар қарастырылады: лингвистикалық зерттеудің нысаны, әдіснамасы, әдістемесі, әдісі және нақты бағыт бойынша қолданылатын тілді талдау әдістері. Курсты оқыту барысында келесі теориялық және қолданбалы аспектілер қарастырылады: теориялық: тіл біліміне бағытталған философиялық және жалпығылыми әдіснаманың теориялық негіздері; заманауи лингвистикалық ғылым дамуының негізгі үрдістері; тілдік жүйенің әртүрлі деңгейлерінің бірліктерін зерттеу мен сипаттаудың заманауи жалпы және жеке лингвистикалық әдістерінің жүйесі; қолданбалы: өз зерттеулерінде теориялық және қолданбалы арнайы ғылыми әдебиеттерді пайдалану; тіл мен тіл бірліктерін талдаудың заманауи әдістерін практикада қолдануын көрсету; өз диссертациялық зерттеуінің әдістемелік және концептуалды аппаратын жетілдіруге септігін тигізу. Басты тақырыптар: Тіл білімі тарихнамасы. Әдіснама ғылым ретінде және ғылым әдіснамасы. Лингвистикадағы жалпы философиялық әдіснама. Лингвистика және оның нысаны. Әдіснама – әдіс – әдістеме. Әдіснама және тіл талдауы. Лингвистикалық білімнің ғылыми парадигмалары. Қазіргі лингвистиканың постулаттары. Жалпы лингвистикалық әдіснама және оның тіл теориясымен байланысы. Зерттеудің жалпығылыми әдістері. Лингвистикалық зерттеу әдістері: салыстырмалы-тарихи әдіс, реконструкция, глоттохронология, М. Сводеш тізімдері. Лингвистикалық зерттеу әдістері: салғастырмалы әдіс, контрастивті зерттеулер әдістемелері, компоненттік талдау. Лингвистикалық зерттеу әдістері: семантикадағы өрістік зерттеулер, контент-талдау, дискурсивті талдау. Лингвистикалық зерттеу әдістері: сауалнама, тестілеу, әлеуметтік лингвистика және психолингвистикадағы сұхбат. Тіл корпусы және корпустық зерттеулер. Әдістердің репрезентативтілігі және зерттеу нәтижелерінің шынайылығы, теориялық және тәжірибелік жұмыстар нәтижелерін жалпылау. Зерттеу тақырыбын, әдістемесін, метатілін, таңдау мен негіздеу және зерттеуді жоспарлау.

2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Гендерлік лингвистика
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Дискурс теориясы және типологиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Дискурс теориясы: дискурсивтік талдаудың әдістері және контент-талдау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты – тілді қолданудың функционалды ұйымдасқан, контекстуализацияланған бірліктерінің жиынтығы ретінде дискурске, дискурстің критерийлері мен түрлеріне және олардың спецификасына кешенді сипаттама беру. Күтілетін нәтижелер: - лингвистикалық зерттеулердің заманауи парадигмасындағы дискурс теориясының орнын анықтау; - дискурс теориясының нысанын, түпкі қағидаларын және категориялық-ұғымдық аппаратын анықтау; - дискурсивті анализ бен контент-анализдің әдістері мен спецификасын атау; - дискурс типологиясының критерийлерін жаңарту; - дискурсивті анализ бен контент-анализ әдістерінің практикалық қолданылуын көрсету; Қысқаша мазмұны. Курсты оқыту барысында келесі сұрақтар қарастырылады: дискурс критерийлері, оның түрлері және жүйеқұраушы сипаттары, лингвистикалық дискурстың ұғымдық аппараты, лингвистикалық зерттеудің нысаны ретіндегі дискурстың ерекшелігі. Курсты оқыту барысында келесі теориялық және қолданбалы аспектілер қарастырылады: теориялық: дискурс теориясының негізгі мәселелері; дискурс теориясының категориялық-ұғымдық аппараты; дискурс теориясын талдаудың әдістері мен бірліктері; қолданбалы: дискурс типологиясы критерийлерін негіздеу; диссертациялық зерттеуде дискурсивті талдау мен контент-талдау әдістерін қолдану; өз диссертациялық зерттеуінің әдістемелік және концептуалды аппаратын жетілдіру. Басты тақырыптар: Дискурс теориясының концептуалды алғышарттары. Дискурс теориясының әдіснамалық мәртебесі. Дискурс теориясының нысаны, түпкі қағидалары және категориялық-ұғымдық аппараты. Дискурс теориясын талдаудың негізгі әдістері мен бірліктері. Дискурсті жүзеге асырудың лексикалық және грамматикалық құралдары. Дискурстағы субъект тілінің эксплицитті және имплицитті сипаттары. Дискурс және дискурс типологиясын анықтау критерийлері. Дискурсивті талдау әдістері және контент-талдау.

Жалпы грамматика және семантика
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты – докторанттардың тілді сипаттауда қолданылатын тәсілдерді дұрыс таңдау мен лингвистиканың теориялық әрі қолданбалы салаларында дербес зерттеу жұмыстарын жоғары деңгейде атқара алуы үшін теориялық білімін тереңдету. Пәнді меңгерген докторант келесідей құзырет қатарын иемденеді: - лингвистика ғылымның даму тарихын мен қазіргі кезеңдерін жүйелеу; - жаһандану процесі мен кірме сөздердің енуі, лексикалардың неологизациялау процесі жағдайында қазақ және орыс тілдерінің грамматикалық құрылымындағы өзгерістерді болжау; - лингвистикалық әдістерді проблемалық мәселелер мен жағдаяттарды шығармашылық тұрғыда шешуде қолдану; - ғылыми жұмыстар жүргізу барысында классикалық теория грамматикасының әдістері мен тәсілдерін функционалдық грамматикаға қарсы қою арқылы практикада қолдану. - тіл мен философия мен танымның жалпы теориялары арасындағы байланысты талдау. Қысқаша мазмұны. Филолог маманның лингвистикалық білімінің фундаментін қалыптастыратын базалық пән. Ғылым туралы сұрақтары, тілдің грамматикалық дамуының зағдылықтарының, қазақ және орыс тілдерімен шетел тілдің салыстыруың біріктіреді. Тілдің семантикалық ерекшеліктерін айқындайды. Пәннің теориялық және қолданбалы жағы құрылымдық лингвистиканың теориялық зерттеулері бірінші және екінші тілді меңгеру теориясы барсыныда қолданылуымен айқындалады. Пәннің теориялық аспектілері: грамматиканың ұңымдық аппараты мен териминологияның өзгеруі, грамматикалық семантиканың антропоцентрикалық аспектісі), қолданбалы (тілдің грамматикализация үдерістері, қазақ, орыс және аңылшын тілдерінің грамматикалық категорияларының салғастырмалы талдауы). Басты тақырыптар: Лингвистикалық типология. Тіл типі және тілдегі тип. Семантикалық үшбұрыш. Семантикалық қателіктер. Грамматика саласындағы заманауи зерттеулер. Дәстүрлер мен жаңашылдық. Тілдің таңбалық қасиеті. Тілдік таңбалар арасындағы синтагматикалық және парадигматикалық қатынастар.

Жалпы лингвистика: құрылым және семантика
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: жалпы лингвистикалық даярлықты тереңдету, тіл теориясы мен тарихының аса маңызды мәселелері бойынша білімді игерту, ғылыми ой-өрісін кеңейту, әдіснамалық білім жүйесін жетілдіру. Тілдік құбылыстарды талдаудағы лингвистикалық бағыттар дамуы мен ауысуының заңдылықтарына, лингвистикада жаңа ғылыми тұжырымдардың алғышарттарына талдау жасау. Пәнді меңгерген докторант келесідей құзырет қатарын иемденеді: - жалпы лингвистиканың ғылыми парадигмалары туралы пәнаралық білімді оқу, ғылыми-зерттеу үдерісінде қолдану мақсатында концептуалдау және жобалау; - жалпы лингвистиканың ғылыми парадигмалары туралы тұтастықтағы таным негізінде кәсіби салада туындаған мәселелерді шешу, білімді қолдану; - тіл туралы логикалық өзара байланысты ғылыми таным жүйесі ретіндегі лингвистикалық білімді жаңғырту қабілеті; - гуманитарлық (философия, әлеуметтану, саясаттану, психология) білімді жүйелі пайдалану негізінде оқу-кәсіби міндеттерді шешімін құру; - жалпы лингвистиканың ғылыми парадигмалары ауысуы туралы іргелі филологиялық білім мен туындаған мәселе шешіміндегі шығармашылық ізденіс барысында қолданылатын лингвистикалық талдау әдістерін өзара байланысыру. Қысқаша мазмұны: Пәнді оқыту үдерісінде тілдің мәнісі, оның шығуы және негізгі қызметтері, тіл және ойлау, тіл және болмыс арақатынастары, тіл типтері, тіл қабаттары және олардың деңгейлік ұйымдасуы, тілдің қызметі ету және тарихи дамуы, тілдер классификациясы, жалпы лингвистиканың ғылыми парадигмалары т.б. тақырыптар қамтылады. Курс негізінде қарастырылатын тақырыптар: Жалпы тіл білімі пәні мен маңызы. Жалпыға ортақ тұжырымдамасы. Тіл ғылымының негізгі аспектілері. Тілдің табиғаты мен функциялары әлеуметтік құбылыс ретінде. Тілдің белгі тілі. Лингвистикалық семиотиктің тақырыбы. Ф.де Соссюр бойынша таңбаланушы және таңбалаушы. Лингвистикалық белгілердің асимметриясы. Тілдің құрылымы мен жүйесі. Тілдік деңгейдің иерархиясы. Лингвистикалық бірліктердің парадигматикасы және синтагматикасы. Ф. де Соссюр бойынша сыртқы және ішкі лингвистика. Лексикалық семантиканың мәселелері. Лексикалық мәндердің құрылымы мен типологиясы. Тілдің лексика-семантикалық жүйесіндегі байланыс түрлері. Лексикалық семантиканың әлемдегі ұлттық бейнесі. В.Фон Гумбольдттың ұлттық ой-сананың тілінде көрінісі туралы теориясы. Лексикалық семантиканың проблемалары бойынша заманауи лингвисттер (Г.В. Степанов, Ю.С.Караулов және т.б.).

Жалпы фонетика мен фонология
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Жаһандану және лингвистикалық ландшафт
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Интонология
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Когнитивті грамматика
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Когнитивная грамматика/Когнитивті грамматика/ Cognitive Grammar

Когнитивті терминология
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Когнитивная терминология Когнитивті терминология Cognitive terminology

Контрастивтік лингвистика
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты – докторанттарды лингвистикалық теорияның басты бөлімдерімен, контрастивтік теорияның негізгі категориялары және бірліктерімен таныстыру, контрастивтік (салғастырмалы-типологиялық) бағыт аясындағы зерттеулерде қажетті білім мен дағдыны жетілдіру. Пәнді меңгерген докторант келесідей құзырет қатарын иемденеді: – салғастырмалы тіл білімі әдістері мен тәсілдерін нақты тілдерге, оның ішінде, оқытылатын тілдерге қатысты қолдану; – тілдік бірліктерді қолдану барысында ана тілі, екінші тіл және шет тілі арасындағы интерференция нәтижесінде орын алуы мүмкін қателерге болжам жасай алуы; – тілдік бірліктерді қолдану барысында ана тілі, екінші тіл және шет тілі арасындағы интерференция нәтижесінде орын алған қателердің алдын алу жолдарын таба алуы. – әртүрлі құрылымды тілдерді тілдің барлық деңгейлерінде салғастыру әдістері мен тәсілдерін игеруі; – өзінің ана тіліндегі және өзгенің шетел тіліндегі сөйлеу дағдысын талдау қабілеті. Қысқаша мазмұны: Бұл пәнде келесі мәселелер қарастырылады: Контрастивтік лингвистика құрылымы. Лингвистикалық пәндер жүйесіндегі салыстырмалы лингвистика. Контрастивтік лингвистика терминологиясының аппараты. Тілдердегі ұқсастық түрлері тілдерін (тілдік әмбебап, генетикалық жеке басын куәландыратын, типологиялық ұқсастықтар ұқсастығын Areál) салыстырғау, тілдердегі айырмашылықтар түрлері (күшті және әлсіз). Салыстыру әмбебап лингвистикалық тәсіл ретінде. Салыстырмалы талдау. салғастырмалы талдау түрлері: таза салғастырмалы талдау, көлденең және тік салғастырмалы талдау, салғастырмалы талдау деңгейлері (фонетикалық, грамматикалық және т.б.), екіжақты және біржақты салғастырмалы талдау, салғастырмалы-прагматикалық, салғастырмалы функционалдық, этно-мәдени салғастырмалы талдау. Контрастивтік лингвистика және қостілділік.

Кросс-мәдени коммуникация мәселелері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - / /

Кросс-мәдени қарым-қатынас теориясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты кросс-мәдени қарым-қатынас ғылыми қағидалары, міндеттері мен мәнісі туралы таным-түсініктерді, мультимәдени ортада қарым-қатынас үдерісін ұйымдастырумен байланысты негізгі мәселелер шешіміндегі қабілеттілігін дамыту, кросс-мәдени қарым-қатынастың қазіргі жағдайдағы негізгі мәселелерімен таныстыру. Пәнді меңгерген докторант келесідей құзырет қатарын иемденеді: - қақтығысты жағдаятты меңгере алу қабілеттілігін көрсету, кәсіби қызмет барысында қақтығыс шешімінде конструктивті тактиканы қолдануы; - қақтығыстанудың қазіргі мәселелеріне бағдар жасай алу қабілеті; - персоналды, оның ішінде, мәдениаралық ортадағы ұжымды басқарудың қазіргі технологиясы негізінде тұлғааралық, топтық және ұйым-мекемелік қарым-қатынасты жобалау кезінде қақтығысты жағдаят шешімінің түрлі амалдарын игеруі; - кросс-мәдени менеджмент кеңістігінде орын алатын көсем (тұлға) қалыптасуының қазіргі моделі мен тәжірибесіне талдау жасау; - іскери қарым қатынас саласындағы қазіргі үйлесімділік ережелері мен классикалық іскери әдеп арасындағы айырмашылықтарды салыстырып, салғастыра алу қабілеті. Қысқаша мазмұны: Пән білім саласы және ерекше әрекет түрі ретінде кросс-мәдени менеджмент туралы таным түсініктер эволюциясы тұрғысындағы мәдени айырмашылықтарды басқарудан бастап әлемдік экономиканың жаһандануы жағдайындағы когнитивтік менеджментке дейінгі білімді қамтиды. Курс негізінде қарастырылатын тақырыптар: Кросс-мәдени менеджмент пән ретінде. Мәдениаралық басқарудың әдіснамалық принциптері. Халықаралық бизнестегі ұлттық мәдениеттің концепциясы, мәні және рөлі. Кросс-мәдени коммуникациялар және оларға әсер ететін факторлар. Кросс-мәдени қарым-қатынастың этикалық аспектілері. Этноцентризм, ксенофобия, стереотиптер мен асығыс пайымдар. Кросс-мәдени шок пен типтік байланыс қателіктері. Ауызша және ауызша емес қарым-қатынас, олардың мәдениетпен байланысы. Байланыс тиімділігін арттыру. Бизнес-хаттама және жаһандық ауқымда этикет. Түрлі мәдениеттердегі іскерлік келіссөздер жүргізу ерекшеліктері. Әр түрлі мәдениеттердегі іскерлік қарым-қатынас пен этикет ерекшеліктері. Мәдениаралық коммуникациялар және оларға әсер ететін факторлар. Мәдениетаралық қарым-қатынастың этикалық аспектілері. Этноцентризм, ксенофобия, стереотиптер. Мәдениаралық шок пен типтік байланыс қателіктері. Ауызша және ауызша емес қарым-қатынас, олардың мәдениетпен байланысы. Байланыс тиімділігін арттыру.

Қазақ мәдениетінің концептосферасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: когнитивизм тұрғысынан тіл мен мәдениеттің өзара байланысын көру және талдау қабілетін қалыптастыру. Курсты оқу барысында докторант төмендегідей білімдерді меңгереді: - табиғатты түсіну негізінде тіл мен мәдениеттің өзара байланысы туралы түсінікке ие болу; - когнитивті лингвистика ұғымдары мен категорияларын талдау; - когнитивті лингвистиканың негізгі ұғымдарының мазмұны, жіктелуі және тұжырымдамалануын танып білу; - концепттен тұратын білім жиынтығын анықтау, сыртқы дүниенің әр түрлі білімін жинақтап, ойлау бейнесін, сызбаларды, таңбаларды, ұғымдарды, фреймдерді, сценарийлерді, гештальттарды, пропозицияларды, когнитемаларды және т. б. ұйымдастыру.; - ұлттық мәдениетті өз үстемдігі ретінде, дәлірек айтқанда ұлттық мәдени кеңістік, ұлттық мәдени саланы құрайтын мәдени үстемдік жиынтығын анықтау; - семиотикалық өрістер жиынтығында бекітілген, семантикалық өрістер жиынтығында аталған және адамның нақты кеңістікте болуын қамтамасыз ететін адам болмысын ұйымдастырудың тарихи қалыптасқан базалық құрылымдық элементтері мен концептуалдық кеңістікті анықтау. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады: қазақ мәдениетінің лингвомәдениеттанымдық және когнитивтік аспектілерін; тілде берілген қазақ мәдениетінің негізгі концептілерін; қазақ мәдениітінің біртұтас концептосферасын; қазақ мәдениетіндегі әмбебап және ұлттық-мәдени компоненттерін; концептуалды-мәдени кеңістік ұғымын қарастырады.

Қазақ тілінің фонетикалық корпусы: сөйлеу корпустарын просодиялық аннотациялау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Фонетический корпус казахского языка: просодическое аннотирование речевых корпусов /Қазақ тілінің фонетикалық корпусы: сөйлеу корпустарын просодиялық аннотациялау/ Phonetic casing Kazakh language: prosodic annotation of speech casing

Қостілділіктің әлеуметтік-лингвистиквлық және психолингвистикалық негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - / /

Лингвистика тарихнамасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: лингвистикалық мазмұндылығы және лингвистикалық ақпараттылығы тұрғысынан көне деректердің маңыздылығы туралы ғылыми танымдық көзқарасты қалыптастыру, оның зерттеу әдістерімен таныстыру, ежелгі дәуірдегі лексиканың көне күйін жаңғырту. Пәнді оқу нәтижесінде магистрант келесі қабілеттерге ие болады: - ғылым саласы ретінде лингводеректанудың негіздерін, әдістерін, жетістіктері мен мәселелерін, даму кезеңдерін танытуға қабілеттілік; - лингвистикалық қолжазба деректермен жұмыс істеуге қабілеттілік; - қолжазба деректердегі шынайы лингвистикалық мәліметтерді салыстыру және сәйкестендіру; - тарихи лингвистикалық дереккөздерді және сөздіктерді зерттеу жұмыстарында пайдалану; - түрлі тарихи кезеңдердегі жазба ескерткіштер лексикасы қатарын түзу; - түрлі лингвистикалық дереккөздермен жұмыс істеу дағдысын игеру және тұжырымдау. Пән мазмұнында келесі мәселелер қамтылады: лингводеректану ғылымының тарихы және әдіснамасы; лингводеректанудың лингвистика ғылымы саласындағы орны; лингвистикалық қолжазба деректермен жұмыс істеу ерекшеліктері; түрлі дәуірлердегі жазба тілді жаңғырту; жазба ескерткіштердің лингвистикалық және дереккөзтанулық талдауы; көне ескеткіштермен дипломатиялық құжаттардағы іскери лексика ерекшеліктері және т.б.

Лингвистика ілімінің тарихы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: лингвистика ғылымының дамуы үдерісінде аталған ғылым ішінде ғылыми теориялардың жүйелену, каталогтану қағидалары туралы білімді тереңдету. Тіл туралы ғылым белгілерінің ежелгі дәуірлерде пайда болуы мен кейінгі кезеңдердегі дамуы туралы және түрлі тарихи кезеңдердегі лингвистикалық мектептер мен ағымдар, бағыттар, сондай-ақ түрлі елдердегі ойшылдар мен лингвист ғалымдардың ғылыми концепциялары және олардың лингвистика ғылымындағы орны туралы терең білім мен лингвистикалық талдау жасау қабілетін қалыптастыру. Пәнді оқу нәтижесінде докторант келесі қабілеттерге ие болады: - әлемдік және отандық тіл білімі ғылымының қалыптасуы мен даму кезеңдерін жүйелеу; - тіл теориясы мен тіл білімі тарихындағы аса маңызды мәселелер бойынша білімді иллюстрациялау; - ғылыми танымның дамуы мен әдіснамалық білімнің өңделуін алға тарту; - түрлі лингвистикалық мектептер мен үйірмелердің қызметтеріне талдау жасау; - ғылыми лингвистикалық білім қалыптасуының тарихи кезеңдерін сәйкестендіру; - лингвистикада жаңа ғылыми тұжырымдардың пайда болуының жалпы және лингвистикалық алғышарттарын қайта жаңғырту; - лингвистикадағы түрлі теориялар мен концепцияларға сыни тұрғыдан талдау; - түрлі лингвистикалық мектептер мен бағыттарға баға беру. Пәнді оқыту үдерісінде келесі мәселелер қарастырылады: әлемдік және отандық тіл білімінің жалпы теориялық мәселелері; көне дәуір, орта ғасыр және Қайта өрлеу дәуірлеріндегі тіл білімі тарихы; салыстырмалы-тарихи, құрылымдық-жүйелік және типологиялық тіл білімдері; негізгі лингвистикалық мектептер (натуралистік бағыт. Жас грамматистер, эстетизм, неолингвизм, социологиялық мектеп, структурализм, генеративтік грамматика, трансформаиялық грамматика, этнолингвистика және т.б.); теориялық және қолданбалы тіл білімі ғылыми әдістерінің қалыптасуы мен білімнің толығуы.

Лингвистикадағы корпустық лингвистика және инновациялық технологиялар
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Лингвистикалық антропология
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Лингвистикалық семантика мен прагматика
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты – тілдің семантикасының және суггестиялық үдерістерінің мәселелерінің ңылыми-теориялық талдауы, дискурс және мәтіннің прагматикалық мүмкіндіктерін сөйлеу әрекетіндегі акпарат жеткізу амалдарының терең зерттеуі. Пәнді меңгерген докторант келесідей құзырет қатарын иемденеді: - тілдің қазіргі өмір сүру кезіндегі мәтіннің семантикалық мүмкіндіктерінің ерекшеліктерін айқындау; - қазақ, оырс және аңылышн тілдері материалдараы негізіндегі семантикалық өрістерді талдау; - прагматикалық ықпалы аясындағы салғастырылып жатқан тілдерінің тағбалық жүйелерін интерпретациялау; - тіл мен сөйлеудің талдаудың заманауи әдістемелерін қолдану (семантикалық шкалдану, семантикалық таңбаның толықтыруы); - белгілі бір сөйлеу әрекетінде қолданылатын прагматикадағы түрлі тілдік бірліктердің семантикасын анықтауда қажетті әдістер мен тәсілдерді қолдану. Қысқаша мазмұны. Лингвопрагматика – сөздің құрылуы мен оны қабылдау мәселелерін және оның тіл жүйесімен қатынасын, сонымен қатар қарым-қатынас жасау мен ойлау психологиясы аясындағы, тілдік және психикалық механизмдердің қатынасының өзекті мәселелерін айшықтайтын пәнаралық байланысты қамтыған цикл. Оқытылатын пән докторантура мен магистратурада білім алған пәндерге: тіл қызметінің теориясы, когнитивті лингвистика, жалпыфилологиялық, сонымен қатар психология мен әлеуметтану, әлеуметтік лингвистика пәндерінен қалыптасқан базалық пәндерге негізделеді. Психолингвистикалық зерттеулердің тілді оқытуда қолданылуымен, бұқаралық қарым-қатынас құралдарының прагматикалық әсерін зерттеумен, автоматты аудармада, информатикада, медицинада орталық жүйке жүйесі ауруларын зерттеумен, лингвистикалық криминалистика т.б. мәселелерді қарастыруда оқытылатын пәннің теориялық және қолданбалы аспектісі анықталады.

Лингвокультурография
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Лингвокультурография Лингвокультурография Lingvoсulturografiya

Макро-және микро әлеуметтіктану
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - / /

Ономасиология
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Ономасиология Ономасиология Onomasiology

Паралингвистика
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Психо-және нейролингвистика
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты – тілдің, сөйлеу мен танымдық процесстердің мәселелерін ғылыми және теориялық тұрғыдан қамту, сонымен қатар, психикалық процессттер мен оның тіл жүйесіне қатынасы байланысымен қатысты тілдік қызметте ақпарат тасылмалдау тәсілдерін терең зерттеу. Пәнді меңгерген докторант келесідей құзырет қатарын иемденеді:  психолингвистика және нейролингвистика метатілің талдау;  мидың оң және сол жарты шарылардың жұмысы, сөйлеу ұдерістері мен психикалық тетіктері, сөйлеу әрекетіндегі ақпараттың жеткізу негізгі амалдарын көрсету;  қазақ, орыс, ағылышын тілдері материалдары негізінде психолингвистикалық талдаудың әдістерін қолдана білу;  нейролингвистикалық зерттеулер негізінде адамдардың сөйлеу әдебін бағалау;  афазия, дислексия ауытқулары бар ақпаратберушілердің сөйлеуінің экспериметалды зерттеулерді жүргізу. Қысқаша мазмұны. Психолингвистика және нейролингвистика – сөздің құрылуы мен оны қабылдау мәселелерін және оның тіл жүйесімен қатынасын, сонымен қатар қарым-қатынас жасау мен ойлау психологиясы аясындағы, тілдік және психикалық механизмдердің қатынасының өзекті мәселелерін айшықтайтын пәнаралық байланысты қамтыған цикл. Психолингвистикалық зерттеулердің тілді оқытуда қолданылуымен, бұқаралық қарым-қатынас құралдарының прагматикалық әсерін зерттеумен, автоматты аудармада, информатикада, медицинада орталық жүйке жүйесі ауруларын зерттеумен, лингвистикалық криминалистика т.б. мәселелерді қарастыруда оқытылатын пәннің теориялық және қолданбалы аспектісі анықталады. Басты тақырыптар: Заманауи зерттеулердің пәнаралық байланысы және интегративті қасиеттері. Адам және тіл – мәселені философиялық және лингвистикалық амалдар арқылы шешу. Homo Loguens-тен Homo Audiens, Homo Scribens және Homo Legens-ке дейін. Тіл және сөйлеу. Сөйлеу қызметі адам қызметінің ерекше түрі ретінде. Сөйлеу қызметін ұйымдастырудағы мидың рөлі. Тілді меңгеру психолингвистикалық мәселе ретінде.

Салғастырмалы лингвистика
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Салғастырмалы типология
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Соттық-филологиялық сараптама негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - //

Сөйлеу коммуникацияның теориясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: докторанттардың іскери-кәсіби коммуникация тұрғысындағы білімдері мен дағдыларын қалыптастыру үшін сөйлеу коммуникация теориясын оқыту. Күтілетін нәтижелер: - коммуникативтік ықпалдастық теориялары мен тұжырымдарын талдау; - сөйлеу коммуникациясны ұйымдастыру қағидалары мен әдістерді іске асыру; - сөйлеу қарым-қатынасының негізгі формалары, сұхбаттың нормалары, түрлі жағдаяттардағы этикет (әдеп) ережелері мен ерекшеліктерін анықтап талдау; - коммуникативтік үдерістерге талдау жасау және келіссөз жүргізу үдерісін ұйымдастыру; - сөйлеу коммуникация дағдыларын бағалау және жинақтау және сөйлеу коммуникациясы барысында туындаған түрлі жағдайларға бағдар жасау. Қысқаша мазмұны: қазіргі әлемдік іскери мәдениаралық қарым-қатынастың сипаттары мен мәселелері, мәдениеттің дамуы, мәдениет пен тіл байланысы, мәдени және сөйлеу нормалары, сөйлеу нормаларынан ауытқулар, өзге мәдениеттің мәселелері және этноцентризм, этноцентризмнің мәні және оның мәдениаралық қарым-қатынаста атқаратын рөлі, мәдени сәйкестіліктің қалыптасуы, мәдениетті меңгеру мәселелері мен мәдениетті меңгерудің психологиялық механизмі, сөйлеу қарым-қатынасының теориялық және методологиялық мәселелері, қарым-қатынастық үрдістері мен қарым-қатынастың қызметі туралы негізгі тұжырымдарды қамтиды. Негізгі тақырыптар: Коммуникация теориясындағы ғылыми парадигмалар. Түрлі ғылым салаларында коммуникацияның моделденуі. Коммуникация типологиясы. Коммуникацияны талдау бірліктері.Коммуникация мақсаттары және адам қажеттіліктері.Коммуникация және коммуникативтік акт қызметтері.

Түп және тектілдік түркі компаративистикасына кіріспе
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Түркі жазба ескерткіштерінің тарихи корпусы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: : түркі жазба ескерткіштері материалында тілдің тарихи құрамын түсіну қабілетін қалыптастыру Курсты оқу барысында докторант төмендегідей білімдерді меңгереді: - тарихи ескерткіштердің мәтіндерін білу; - тілдік талдау тұрғысынан түркі мемлекетінің қалыптасуы мен дамуы тарихындағы рухани мәдениет ескерткіштерінің рөлі мен орнын түсіну; - білім алушыларда түркі жазба дереккөздері корпусының қалыптасуы мен эволюциясы туралы түсініктерді қалыптастыратын деректану мәселелерін зерттеу; - түр және түрішілік құрамның қалыптасу және өзгеру тарихын түсіну; - жазбаша айғақ - мәдени ескерткіш - тарихи дереккөз ұғымдарын талдау; - түркі жазба ескерткіштерінің сөздік құрамын анықтау және жіктеу. Пәнді оқу нәтижесінде докторант төмендегі мәселелерді қарастырады: түркі тілдерін тарихи, салыстырмалы-тарихи зерттеу болып табылатын қазіргі заманғы түркітанудың өзекті аспектісі зерттелді. Түркі тілдерінің лексикасын салыстырмалы-тарихи зерттеудің негізгі міндеттері қарастырылады: 1) сөздердің таралу өрісін ескере отырып, сөздік құрамын талдау; 2) оны қалыптастыру көздерін сипаттау және тілдің байырғы сөздері мен кірме сөздерін анықтау, сондай-ақ соңғылардың ену жолдарын зерделеу; 3) лексикалық бірліктердің генетикалық ұқсастығын және олардың семантикасының даму заңдылықтарын белгілеу.

Түркі синкретизмі: шығу тегі мен модельденуі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Тіл және бизнес қарым-қатынасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Тіл, сана және ұлттық менталитет
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: тіл, ойлау және менталитет сияқты ұғымдарды адам және оның әрекетіндегі негізгі іргелі құрылымдық элементтер ретінде түсіндіру, менталды кеңістік, менталды когнитивтік қрылымдар туралы танымдарын қалыптастыру, менталды кеңістікті зерттеу негізінде түрлі лингвомәдениқауымдастықтар менталитеті мен тілдік сананы салғастыру дағдысын дамыту. Пәнді меңгерген докторант келесідей құзырет қатарын иемденеді: - этномәдени семантикаға ие тілдік бірліктерге сипаттама жасау, тіл мен этностың өзара ықпалдастық үдерісіне баға бере алу; - халықтың өзіндік тұрмысындағы материалдық және рухани мәдениетінде көрініс тапқан негізгі дүниетанымдық (философиялық, этномәдени, құлықтық) категориялар туралы жалпы таным түсініктерді талқылау; - тарих, мәдениет және тұрмысты, ұлттық психологияны өзара ажырату, мәдениаралық, тіларалық және этникааралық қақтығыстар себептерін талдап, алдын алу қабілеті; - халықтың этномәдениетінде қаланған әлеуетті пайдалану, дәстүр мен заманауилықты байланыстыру және мәдениаралық коммуникация барысындағы коммуникативтік сәтсіздіктер себептеріне талдау жасау; - сәтті мәдениаралық коммуникация алгоритмін құру, қазақ этносы құрамының тұтастығын негіздеу, дәйектеу және түсіну, Қазақстан территориясындағы этникалық үдерістерді тіл диахрониясында талдау қабілеті. Қысқаша мазмұны. «Тіл – ойлау – менталитет» триадасы олардың өзара шарттастығы мен бірлігі тұрғысынан қарастырылады, олардың мазмұндық және құрылымдық ұйымдасуы мен айырықша белгілері анықталады. Пән мазмұны әлемнің тілдік бейнесі, этникалық қауымдастық менталитетіне негізделген әлемнің ұлттық тілдік бейнесі туралы жалпы танымды қалыптастырып, докторанттарды ойлау типтерімен таныстырады, ойлау құрылымы мен тілді этникалық менталитет индикаторы тұрғысынан түсіндіреді. Курс негізінде қарастырылатын тақырыптар: Тіл жіне менталитет феномендерінің өзара ықпалдастығының ерекшеліктері. Тілдік қондырма менталитет құрылымының құрамдас бөлігінің бірі. Тіл ұлттық болмыс пен мінез көрінісі ретінде. Тіл және ұлттық менталитет. Тілдік менталитет – ойдың тілдік бірліктерге ауысу техникасы ретінде түсінілетін ойлау тәсілі.

Тілдік және мәдени семиотика
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: мәдени детерминациясы бар таңбалы жүйе ретінде тілді түсіну қабілетін қалыптастыру. Курсты оқу барысында докторант төмендегідей білімдерді меңгереді: - таңбалар мен таңбалық жүйелердің ерекшелігін түсіну; - "таңба - таңбалаушы", синтактика, семантика, прагматика қатынастарына тән ерекшеліктерді талдау; - әрқайсысы жеке таңбалар жиынтығына (жүйесіне) ие тіл мен мәдениетті екі семиотикалық жүйе ретінде талдау. Тіл таңбалары - сөздер мен олардың тіркестері, фразеологизмдер, басқа да тұрақты тіркестердің түрлері болып табылады; - мәдениет таңбаларын тану – әдет-ғұрыптар, салт-дәстүрлер, көріністер, нышандар, эталондар және т. б. Мәдениет белгілерінің көпшілігі тіл белгілерімен көрсетіледі; - тілдік таңбалардың қарым-қатынасын ажырата білу: тілдік таңбалар бір-бірімен әр түрлі қарым-қатынасқа түсе алады (синонимдер, антонимия және т. б.).); - лингвомәдениет ұғымы туралы түсініктің болуы. Пәнді оқу нәтижесінде докторант төмендегі мәселелерді қарастырады: коммуникация жүйесі ретінде ұсынылатын мәдениет ұғымына семиотикалық көзқарас, ақпарат алмасу және мәдениет құбылыстары таңбалар жүйесі ретінде қарастырылады. Таңба – басқа заттарды, олардың қасиеттері мен қарым-қатынасын көрсететін және орнын басатын сезімтал қабылданатын субъект (дыбыс, сурет және т.б.). Мәдениетті түсіну және трансляциялау мүмкіндіктері әртүрлі таңбалы жүйелер арқылы іске асырылуы мүмкін (немесе мәдениет тілдері): табиғи тіл, ауыз әдебиеті, салт-дәстүрлер, тұрмыстық заттар, аң аулау немесе басқа да қызмет түрлері, әдет-ғұрыптар, рәсімдер, этикет, әр түрлі өнер түрлерінің көркем бейнелері, жазбаша мәтін және т.б. арқылы жүзеге асырылады. Мәдениет тілі-бұл ауызша және ауызша емес қарым-қатынастың барлық таңбалы тәсілдерінің жиынтығы, олардың көмегімен мәдени-мағыналы ақпарат беріледі.

Тілдік қатынас теориясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Тілдің түрі және тілдегі үлгі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Ұлттық ономастиканың лингвомәдени негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты:ономастикалық концепт пен ономастикалық категорияларды ұғынуға қабілетті қалыптастыру. Курсты оқу барысында докторант төмендегідей білімдерді меңгереді: - негізгі концептердің ерекшелігін түсіну: антропонимикалық және топонимикалық; - ономастикалық категориялардың қалыптасу принциптерін білу, жалпы концепт негізінде объектілерді біріктіру, трансонимицация, лингвомәдени аспектіде ономастика қағидаларын білу; - онимдердің лингвомәдениеттану шарттылығының мәндік сипаттамаларын талдау; - ономастикалық бірлік мәнінің құрылымындағы өзгерістердің арақатынасын анықтау; - тілдік және мәдени байланыстар жағдайында оним функциясын сипаттау; - трансонимизация үрдістерін сипаттау – жеке атаулардың бір онимикалық өрістен екіншісіне ауысуы. Пәнді оқу нәтижесінде докторант төмендегі мәселелерді қарастырады: ономастика фондық лексика ретінде қарастырылады. Мәдениетаралық және тіларалық қарым-қатынастың табысты болуы үшін тілдік заңдылықтарды меңгеру жеткіліксіз, бірақ шет тілді мәдениеттің фондық білімін меңгеру, тіл тасымалдаушы-халықтың ұлттық-мәдени ерекшеліктері туралы түсінікке ие болу қажет. Бұл пән ономастиконның лингвомәдениеттану қасиеттеріне негізделген. Ономастикалық реалиялар лингвотілтану аспектісінде мәдениетті тіл арқылы және керісінше тілді мәдениет арқылы тану жолы ретінде талданады.

Фонология
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Функционалды грамматика теориясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: жүйелі сөзді құрудағы барлық грамматикалық құралдардың (бірліктердің, құрылымдардың) рөлін анықтау қабілетін қалыптастыру. Курсты оқу барысында докторант төмендегідей білімдерді меңгереді: -. кеңістіктік, шақтық, себеп-салдарлық, мақсаттық және т. б. қарым-қатынастардың қандай грамматикалық құралдармен өрнектелетінін меңгеру; - грамматикалық бірліктердің қызметтерін, мағынадан формаға қарайғы принциптерін, сөйлеушінің орны, семантикалық құрылымдардың ережелерін түсіну; - байланысқан сөйленімді құрудағы барлық синтаксистік құралдардың (бірліктердің, құрылымдардың) рөлін анықтау; - форма, мағына, қызмет үштағанындағы семантика басымдығының мағынасын түсіну; - форма мен мағына арасындағы қарым-қатынасты сипаттайтын изосемалық белгіні анықтау; - қазақ синтаксистік жүйесінің синтаксистік өрістер жүйесі ретінде ұсынылуын қарастыру; Пәнді оқу нәтижесінде докторант төмендегі мәселелерді қарастырады: зерттеу объектісі байланыстырылған сөйленімді құрудағы барлық грамматикалық құралдардың (бірліктердің, құрылымдардың) рөлін анықтау болып табылатын грамматиканың функционалдық аспектісі және "функциядан құралға дейінгі” зерттеу әдісін қолданатын, яғни кеңістіктік, шақтық, себеп- салдарлық, мақсаттық және т. б. қарым-қатынастардың қандай грамматикалық құралдармен өрнектелетінін анықтайтын синтаксис ("құралдан функцияға" дәстүрлі тәсілін салыстыру, яғни белгілі бір грамматикалық бірлік қандай функцияларды атқаратынын анықтау).

Функционалды синтаксис
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Функционалды синтаксис

Этимология және тарихи лексикология
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - //

Этнотілдік сана және мәдениет
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: когнитивистік тұрғыдан тіл мен этнос, тілдік сана мен мәдениеттің өзара байланысын көру және талдау қабілетін қалыптастыру. Курсты оқу барысында докторант төмендегідей білімдерді меңгереді: - тіл мен этнос, тілдік сана мен мәдениеттің өзара байланысы табиғатын түсінудің теориялық-әдіснамалық негізін сезіну; - когнитивті лингвистика ұғымдары мен категорияларын талдау: когнитивті лингвистиканың негізгі ұғымдарының мазмұны, жіктелуі және концептуализациясы; - ұлттық мәдениет пен ұлттық психологияның ерекшеліктеріне сәйкес әлемнің мәдени негізделген тұрақты бейнесін қарастыру; - пәндік мәндердің, әлеуметтік таптаурындардың және когнитивтік сызбалардың ерекше жүйесін құрайтын халықтың әлемдік көзқарасы мен түсінігінің негізін анықтау; - этникалық мәдениеттің мәнін тарихи қалыптасқан қызмет тәсілі ретінде түсіну; - дәстүрді мәдени парадигмалар кешені ретінде қарастыру; Пәнді оқу нәтижесінде докторант төмендегі мәселелерді қарастырады: мәдени концепт мазмұнының мағыналық аспектілері - бейнелі-метафоралық коннотация түріндегі ассоциативтік компонент. Концепт құрамына бейнелі құрамдауышты енгізу (типтік көрініс, гештальт, прототип, стереотип, символ және т. б.) - бұл оны көрнекілігінен айырылған ұғымнан ажырататын нәрсе; концепт атауының еркін үйлесімділігінде көрсетілген «заттық коннотациялар» оның этномәдени ерекшелігін ашып көрсете алады; концептті вербалдандыру барысында концепт қалыптасуының бейнелі құрамдас бөлігі таңбаға және т. б. түрленуі мүмкін.

2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Thomson Reuters, Scopus базасына енетін немесе ККСОН ұсынатын мерзімді баспасөздердегі жарияланымдар
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Ғылыми тағылымдама
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы - Ғылыми тағылымдаманың мақсаты: докторанттарда шетел университеті негізінде заманауи зерттеу әдістерін және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, кәсіби салада ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуге қабілеттілігін қалыптастыру. Курсты оқу барысында докторант төмендегідей білімдерді меңгереді: 1. ғылыми зерттеулерді жүргізу әдістемесінің негіздерін, ғылыми тәжірибені жоспарлау мен ұйымдастыруды, ғылыми деректерді өңдеуді негіздеу; 2. ғылыми және практикалық мәселелерді, оның ішінде пәнаралық бағыттарды шешу әдістерін талқылау; 3. зерттеу және практикалық міндеттерге балама шешімдерді талдау және осы нұсқаларды іске асырудың әлеуетті артықшылықтарын бағалау; 4. заманауи компьютерлік технологияларды қолдану арқылы ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және беру әдістері туралы теориялық білімдерді қолдану; 5. тыңдаушылардың әртүрлі контингенттері үшін ақпарат беру әдістері мен әдістерін таңдау. Ғылыми тағылымдаманы оқу нәтижесінде докторанттар төмендегі мәселелерді қарастырады: Ғылыми зерттеулерді жүргізу әдістемесінің негіздері, ғылыми тәжірибені жоспарлау және ұйымдастыру, шетел университеті негізінде ғылыми деректерді өңдеу. Ағымдағы ғылыми проблема бойынша тәуелсіз зерттеу жүргізу. Зерттеу нәтижелерін дайындау және таныстыру: конференцияларға, семинарларға қатысу, баяндамалар, тақырып бойынша жарияланымдар. Ғылыми тағылымдамадан өту және оны қорғау нәтижелері туралы есеп дайындау.

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар ІI)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар IIІ)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар V)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар VІ)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар І)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар ІV)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторлық диссертацияны орындау
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы - Докторлық диссертацияны орындау мақсаты: «8D075 -Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша) білім беру бағдарламасы бойынша докторлық диссертацияны қорғауға дайындық. Курсты оқу барысында докторант төмендегідей білімдерді меңгереді: 1. ғылыми-зерттеу жұмыстарының барысында пайда болатын және тереңдетілген кәсіби білімді талап ететін мәселелерді шешудің прогрессін көрсету; 2. міндеттер шеңберінде теориялық немесе тәжірибелік зерттеулер жүргізуді, оның ішінде математикалық (имитациялық) эксперимент жүргізуді талап ету; 3. зерттеудің қажетті әдістерін таңдай алады, қолданыстағы әдістерді өзгертуге және белгілі бір зерттеудің міндеттеріне негізделген жаңа әдістерді әзірлеуге болады; 4. нормативтік көздер мен ғылыми әдебиеттер бойынша өзіндік жұмыс үшін шет тілдерін пайдалану; 5. диссертациялық зерттеудің мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдайды, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерінің ғылыми жаңалығы мен практикалық маңыздылығын анықтайды; зерттеу жұмыстарының құрылымдық әдіснамалық схемасын әзірлеу. Докторлық диссертацияны орындауды оқу нәтижесінде докторанттар төмендегі мәселелерді қарастырады: Диссертацияның презентациясы және алдын ала сараптамасы. Өтініш берушінің ісін Университеттің Ғылыми кеңесінде тіркеу. Тезистерді қорғау туралы хабарландыру. Авторефератты жариялау және жіберу. Диссертацияны қорғаудан кейін құжаттарды рәсімдеу.

Зерттеу
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Зерттеу тәжірибесі

Педагогикалық
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Педагогикалық

Халықаралық конференциялар материалдарындағы жарияланымдар
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы - Халықаралық конференциялар материалдарындағы жарияланымдардың мақсаты: ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін ғылыми қоғамдастыққа ұсыну, кері байланыс алу және кәсіптік қызмет саласында тәжірибе алмасу мүмкіндігі туралы докторанттар қалыптастыру. Курсты оқу барысында докторант төмендегідей білімдерді меңгереді: 1. ғылыми зерттеулердегі қазіргі үрдістерді көрсету; 2. ғылыми журналдарда, халықаралық конференциялар мен симпозиумдардағы материалдардағы зерттеулердің аннотирленген нәтижелерін айқындау; 3. теориялық және қолданбалы міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін жаңа, ғылыми негізделген, теориялық немесе тәжірибелік нәтижелерді қолдануға болады; 4. таңдалған кәсіби қызмет саласындағы ғылыми нәтижелерді, әріптестер мен қарсыластардың деректерін талдау; 5. қызметтің кәсіби саласын ғылыми зерттеуде ұсынылған әзірлемелерді пайдалану идеяларын қалыптастыру. Халықаралық конференциялар материалдарындағы жарияланымдарды оқу нәтижесінде докторанттар төмендегі мәселелерді қарастырады: Ғылыми және халықаралық конференциялардың рейтингін талдау. Қатысу түрлері бойынша ғылыми конференциялар. Халықаралық және жергілікті конференциялар. Редакциялық кеңестің талаптарына сәйкес ғылыми мақаланы жариялау.

2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген