Докторантура
Философия

Философия

БАҒДАРЛАМА СИПАТТАМАСЫ

Халықаралық аккредитация: ACQUIN (Германия).
Бағдарлама: 6D020100 – Философия.
Оқытудеңгейі: докторантура.
Емтихандар: Емтихандар: шет тілі (тест), мамандық бойынша емтиханқабылдау (жазбаша).
Оқуформасы: күндізгі.
Оқумерзімі: 3жыл.
Кәсіби қызмет:
• жоғары оқу орындарындағы философиялық пәндердің оқытушысы;
• академиялықжәне ғылымизерттеу ұйымдарының ғылымиқызметкері;
• мұражайлар мен кітапханалар, бұқаралық ақпарат құралдарында, мемлекеттік билік органдарында, қоғамдық ұйымдарда және коммерциялық құрылымдарда аналитик, сарапшы;
• ғылыми-білім беру және әлеуметтік қорларда қызмет атқаратын маман.
Берілетін дәреже: (PhD) философия докторы.
Профильдікпәндер:
• Ғылыми зерттеудің философиясы мен әдістемесі
• Жаһандық проблемалар мен жаһандық зерттеулер философиясы
• Қазіргі заманғы сана философиясы
• Метаэтика
• Қазіргі заманғы өнер философиясы
• Қалалыққоғам: мәдени-философиялықталдау
• Адами капиталдыңәлеуметтік-саясиаспекті
Артықшылықтары:
• білім бағдарламасының үш деңгейінің халықаралық аккредитациядан өтуі, дипломға Еуропалық қосымша (Diploma Supplement) алу мүмкіндігі;
• Қазақстандық философиялық білім беру дәстүрлерлерінің сабақтастығы;
• көптеген пәндердің ағылшын тілінде оқытылуы;
• философиялық ойлау мәдениетін қалыптастыру, әлеуметтік талдау дағдыларында сыни ойлауға бағдарлану;
• бағдарламаның пәнаралық бағытталынуы, жеке оқу траекториясын таңдау, түлектерінің кәсіби еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігі, түлектердің жұмысқа орналасуының жоғары деңгейі.
Халықаралық байланыстар: докторанттар қосымша оқытуды келесі серіктес – Ресей, Түркия, АҚШ, Корея және басқа да елдердің жоғары оқу орындарында өтуге мүмкіндігі бар
Тәжірибе өту орны және жұмысқа қабылдану мүмкіндігі: жоғары білім беру орындары, мемлекеттік органдар мен бұқаралық ақпарат құралдары, ғылыми-зерттеу институттары, қоғамдық ұйымдар мен қорлар және т. б.

Оқу бағасы мен оқу жылдардың санын калькуляторы:

Оқу түрі - күндізгі

Оқу деңгейі - Ғылыми - педагогикалық бағыт

Сіз


  

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Философия
Мамандық шифры
6D020100
Факультеті
Философия және саясаттану
Оқу деңгейлері
Ғылыми - педагогикалық бағыт
Оқу түрлері
күндізгі
Өту балы
ҚАЗ
180
ОРЫС
180

пәндер

Ғылыми зерттеудің философиясы мен әдістемесі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - ғылыми зерттеулердің әдіснамасы және философиясы, ғылыми қызметті жоспарлау және ұйымдастыру туралы ғылыми білім қалыптастыру. Пәнді оқу нәтижесінде докторант қабілетті болады: - философиялық зерттеулердің қажетті әдістерін және зерттеудің пәнаралық стратегияларының артықшылықтарын пайдалана білу, өз бетінше ғылыми зерттеу жұмыстарын жүзеге асыра білу және өзінің жеке ғылыми нәтижелерін жинақтауда құзіретті болу - ғылыми мәселелерді философиялық тұрғыдан талдай алу; - өздері жинақтаған философиялық білімдерін ғылыми мәселелерді шешудің теориялық базасына трансформациялау; - философияның концептуалды және методикалық аппаратын түрлі деңгейдегі шығармашылық мәселелерді шешуге қолдана білу; - болашақта теориялық және/немесе қосалқы ғылыми зерттеулерді жүзеге асырып, жоғары деңгейде өңдей білу, жаңа идеяларды, тәсілдерді және әдістерді туындатуға айтарлықтай үлес қосу. «Ғылыми зерттеулердің философиясы және әдіснамасы» пәні «Философия» мамандығы бойынша PhD докторанттарын дайындауға арналған білім беру бағдарламасының міндетті компоненті болып табылады. Бұл пән болашақ ғалымдарға ғылыми зерттеулерді жүргізу жолдарын, тәсілдерін үйретеді. Курс болашақ философ ғалымның ғылымдағы әдіснамаларды жүйелі түрде қолданып, ізденістерінің ғылымилығын арттыра түсуге жан-жақты ықпал ете алады. Курс мынадай тақырыптарды қамтиды: Ғылыми зерттеулердің әдіснамасы, ХХ ғасыр философиясындағы ғылым әдіснамасы, Ғылыми білім және ғылыми қызмет, Ғылыми қызметті жоспарлау және ұйымдастыру, Ғылыми зерттеулердің аппараты, Ғылыми зерттеулердің сатылары, Теориялық және экперименталдық зерттеу әдістерінің ерекшеліктері, Ғылыми теория, гипотеза, проблема, Шығармашылық және ғылыми жаңалықтар, Интеллектуалдық меншік философиясы, Ғылыми зерттеулер аясындағы ғылым этикасы және ғалымның жауапкершілігі.

2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Адами капиталдың әлеуметтік-саяси аспектілері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - адами капиталының анализі ретінде заманауи постиндустриальды қоғамның экономикалық және саяси даму факторы ретінде ұсыну. Пәнді оқу нәтижесінде докторант қабілетті болады: - құрылым, адами қаржының үлгісі, оның рөлінің қазіргі экономиканың дамуында, адами әлуеттің анализының әдістерін анықтау; - қазіргі қоғамның және адами капиталдың дамуының аумағында теориялық концепцияларды саралау, бағалау, және салыстыру; - логикалық-теориялық негіздемелерді және әлеуметтік-философиялық зерттеулердің әдіснамасын анықтау тұрғысынан әлеуметтік жағдайларды, құбылыстарды және үдерістерді талдау; - алған білімдерін әлеуметтік үдерістерді үлгілендіру және болжау кезінде, әлеуметтік өзгерістер динамикасын талдау кезінде пайдалана білу. Курс адами капитал ретінде білім, жасай білу, адам және біртұтас қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін арналған. Модульдің міндетіне қоғамның экономикалық дамуының қазіргі тұжырымдамасының философиялық мазмұнын қарастыру, «білім экономикасы» феноменін зерттеу кіреді. Курстың аясында жаһандану жағдайындағы және білім қоғамын қалыптастырудағы адам капиталының әлеуметтік мәдени және философиялық қырлары қарастырылады.

Әлеуметтік-гуманитарлық танымдағы пәнаралық зерттеулердің әдістері мен принциптері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – қазіргі заман философиясының әдістемесінің негізгі үрдістерін, пәнаралық тәсілдемелерін талдау. Пәнді оқу нәтижесінде докторант қабілетті болады: - әлеуметтік және гуманитарлық ғылым саласында зерттеу жүргізуді ұйымдастыру принциптері, ғылыми зерттеу әдісі мен пәнаралық әдістеменің артықшылықтары негіздеу; - пәнаралық әдістеменің артықшылықтарды пайдалана отырып ғылыми зерттеуді ұйымдастыру, жоспарлау және іске асыру; - философиялық және әлеуметтік-ұйымдасқан фундаментальді, инициативті жобалармен өз бетінше жұмыс істеу, проблеманың мән-мәтінін анықтау, зерттеу мақсаты мен міндеттерін қалыптастыру, жобаның әдісі мен әдіснамасын негіздеу. - жүйелі талдау принциптерінің негізінде әр түрлі құбылыстарды сипаттап, болжам жасау үшін үлгілер құру және оны пайдалана білу, олардың сандық және сапалық талдануын жүзеге асыру - зерттеу саласында әр түрлі теориялық концепцияларды бағалау және салыстыру, сонымен қатар, қорытындылар шығару. Курс докторанттардың проблемалық-бағытталғын ғылыми зерттеуді жүргізу мен ұйымдастыру сұрақтарына және де пәндік сала бойынша ізденулер негізінде методолгиялық білімдері мен құзіреттіліктерін қалыптастыруға бағытталған. Адам болмысының табиғилығы мен әлеуметтілігін, гуманитарлық антроморфизм тенденцияларының методолгиялық мәнін, әлеуметтік-гуманитарлық танымдағы пәнаралық зерттеулер принципі мен әдістерін, проблемалы-бағытталған ғылымның қалыптасу тенденциялары мен методолгиялық нәтижелерін зерттеумен байланысты заманауи философиядағы маңызды бағыттарды сараптау. Курс мынандай нақты тақырыптарды қамтиды: Заманауи ғылымның философиялық негіздемесі, гуманитарлық ғылымдар саласындағы пәнаралық зерттеулер, пәнаралық зерттеулердегі гуманитарлық және нақтығылыми таным арақатынасы мен әдістері. Пәнаралық зерттеулердегі философияның орны мен рөлі жан-жақты сараланады.

Әлеуметтік-философиялық талдаудағы руханилық пен интеллект
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - руханилық және ментальділік адам бастауының және оның мәнінің негізі ретінде, «әлеуметік-философиялық анализ аясында руханилық көпқырлы феномен ретінде қарастырылу. Пәнді оқу нәтижесінде докторант қабілетті болады: - тарихи, макроәлеуметтік және жекелік өлшемінде қоғамдағы рухани байланыстар мәні; қазақстандық қоғам аясында философиялық, әлеуметтік, мәдени контекстер негізінде руханилық пен менталдылықты анықтауды түсіндіру; - істей алу керек: интеллектуалдылық пен руханилық әлеуметік реалдылық пен қоғам дамуының факоры ретінде жағдайын анықтау және өзіндік ғылыми тұжырым қалыптастыруда құзіретті болу; - «Әлем-адам» жүйесінде танымдық, әлеуметтік және саяси процесстерді, ғылыми және философиялық текстерді өзіндік анализдеуді критикалық тұрғыда ұғыну; - мәдениет пен қоғамдағы рухани байланыстардың рөлін ашатын теориялық және әдіснамалық ұстанымдарды білу, қазақстандық руханилылық пен мәдениеттегі философиялық дискурсты қайта жаңғырту. Пән докторанттарды әлеуметтік әлем мен адамның рухани бірегейлігімен таныстырады. Адам негізі ретінде оның табиғаты мен болмысын, әлеуметілігін түсіндіретін, руханилықты шығару; қоғам мен оның дамуына қатысты руханилықтың анықтаушы рөлін анықтау; руханилық мәнінің барлық адамзат ділі мен жеке-индивидуалдық және әлеуметтік негізде өмірлік қарекетінде руханилық мәнін анықтау. Курс келесі тақырыптарды қамтиды: руханилық, шығармашылық және интеллектуалдылық антропологиялық пен әлеуметіліктің артықшылығы ретінде. Интеллектуалдылық және руханилық әлеуметтік реалдылық пен қоғам дамуының факторы ретінде. Қоғам мен мәдениеттегі рухани байланыстар рөлі. Қазақстандық руханият пен мәдениеттегі философиялық дискурс. Идентификация, мәденилік және әлеуметтік руханилық формасы ретінде

әл-Фараби философиясы: қазіргі заманғы оқу
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - әлемдік және отандық философияның қалыптасуына әсер еткен әл-Фараби философиясының басты жорамалдары мен ислам философиясының методолгиялық негізін білу және түсіну. Пәнді оқу нәтижесінде докторант қабілетті болады: 1. Аль-Фараби философиясын, аутендік ислам философиясын, ислам ғылымы оның құқықтары, тілдері туралы жалпы түсініктерді жүйелеу; 2. Әл-Фараби мұраларының негізгі философиялық мазмұнын және оның түркі философиясының қалыптасуына әсерін, Еуропалық Ренессансқа Шығыс философиясының ықпал ету сипатын түсіндіру 3. Ислам философиясындағы заманауи тенденцияларды талдай білу; 4. Таңдалынып алынған ғылыми әдістермен мемлекеттік философиялық дәстүрлерді меңгеру туралы жалпы жүйелі түсінік ұсыну; 5. философиялық-діни және философиялық-гуманистік тұжырымдарға құрастырушы-салыстырмалы талдау жасау. Курстың міндетіне әл-Фарабидің философиялық мұрасын терең зерттеу, оның қазақ және түрік философиясындағы рөлін қарастыру кіреді. Курс келесі тақырыптарды қамтиды: фикх, калям және суфизм секілді исламдық фундаменталды ғылымдардың дәстүрлі исламдық дүниетанымының қалыптасуына әсері, Исламдық философтардың концепцияларын анализдеу (әл-Кинди, әл-Фараби, Ибн Сина, әл-Ғазали, Қ.А. Яссауи, Ибн Рушда, Ас-Сухреверди), әл-Фарабидің философиялық және ғылыми еңбектерін герменевтикалық тұрғыда анализдеу.

Әл-Фараби этикасы және қазіргі заман
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - әлемдік және отандық философияның қалыптасуына әсер еткен әл-Фараби философиясының басты жорамалдары мен ислам философиясының методолгиялық негізін білу және түсіну. Пәнді оқу нәтижесінде докторант қабілетті болады: - Аль-Фараби философиясын, аутендік ислам философиясын, ислам ғылымы оның құқықтары, тілдері туралы жалпы түсініктерді жүйелеу; - Әл-Фараби мұраларының негізгі философиялық мазмұнын және оның түркі философиясының қалыптасуына әсерін, Еуропалық Ренессансқа Шығыс философиясының ықпал ету сипатын түсіндіру - Қазақстандық қоғамның рухани-адамгерщілік негізін қалыптастырудағы әл-Фарабидің этикалық ілімінің рөлін негіздеу; - ұлттық мәдениет құбылыстарына әлеуметтік-философиялық талдау жүргізу - философиялық-діни және философиялық-гуманистік тұжырымдарға құрастырушы-салыстырмалы талдау жасау. Курстың міндетіне әл-Фарабидің философиялық мұрасын терең зерттеу, оның қазақ және түрік философиясындағы рөлін қарастыру кіреді. Пәнді оқу барысында келесідей тақырыптар қарастырылады: Әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығы, Әл-Фарабидің дінге қатынасы, Әл-Фарабидің өнер философиясы, Әл-Фарабидің әлеуметтік-этикалық көзқарастары, қайырымды қала Al-Farabi university Smart-city жобасының моделі ретінде. Тәртіпті білімді және антропологиялық мәселенің зерттеу негізгі үрдісінің түсінушілігін қазақ философиясында қамсыздандыруы, оның кесімдісінің рөлдің және қазіргі философияның жерінің өзгерісімен мәдениеттері.

Бірегейлік феноменінің әлеуметтік-философиялық негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - бірдейліктің феноменініңәлеуметтік дамудың ең маңызды мәдениетті факторына сияқты. Пәнді оқу нәтижесінде докторант қабілетті болады: Нәтиже тәртіптің байқауының докторанттар иеленуге керек келесі құзыреттіліктер: - пайдалану "басып ал" үдерісінің анализының методологиясын бірдейлікпен және бірдейліктің өзінің феноменінің барлық деңгейлерде қолдану; - біртұтас көрініс туралы ақпаратты-коммуникатив, идеологиялық, рухани, әлеуметтік әсері - және бірдейліктің дамуына деген мәдениетті ықпалдары; - күрделі және алдын-ала болжауға келмейтін кәсіби жағдайларда жеке тұлғаның жауапкершілігі мен өзінің дербес бастамасын көрсетуді талап ететін салаларда еңбекпен қамтуға қажетті тұлғалық жеке сапаларға және жүйелі дағдыларға ие болу; - ғылыми зерттеу, қысылшаң анализдың, сарапшылықтың және түрлі ғылыми қағиданың және идеяның салыстыру- шеңбер бірдейліктің мәселесінің әлеуметтік анализін жоспарлау, координаттау және жүзеге асыру дағдыларын көрсету. Курс бірдейліктің феноменініңәлеуметтік дамудың ең маңызды мәдениетті факторына сияқты, әсерге жаһандану даму және бірдейліктің сақталу, мәдениетті мұраның және шыға берістің актуализациялауына қазіргінің ғаламдық дағдарысының арналуы. Тәртіп құрылымның үдерісінің анализын ұлттық, саяси, жеке бірдейліктің пішіндерінің, сәйкестендірме үдерістің мағынасының ара қазіргінің глобализациялық үрдісінің контекстінің ішіне алады, да айрықша көңіл бірдейлік мәселесінің зерттелуі методологиялық аспекттерге қаралады.

Гуманизм философиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - «Гуманизм философиясы» курсының оқытылу мақсаты - гуманизмнің ең негізгі міндеттері және тарихымен таныстыру, қазіргі уақыттағы гуманизмнің болмысын зерттеу, қазіргі қоғамдық, мәдени және жеке өмірдегі мәселелер туралы гуманистік білім беру. Қазіргі әлеуметтік-гуманитарлы ғылымның, философия және мәдениеттің гуманисттік негізін көрсету. Пәнді оқу нәтижесінде докторант қабілетті болады: - маманның азаматтық және тұлғалық сапаларының, мемлекет азаматының қалыптасуындағы басымдылықты тұжырымдау; - дүниетанымдық құндылықтардың кең көлемін қайта жасау; - еркін рефлекcия бейімдік да,дыларын көрсету; - жағымды және жағымсыз адамдық сапаларды т.сіне және талдай білу қабілетін дамыту, өз дүниетанымыңды қалыптастыра білу. Пән мемлекет азаматының, маманның азаматтық және жеке қадір-қасиетінің қалыптасуына және кең дүниетанымдық құндылықтармен танысуға мүмкіндік беретін арнайы теориялық курстан тұрады. Курсты оқу барысында гуманизм философиясының жарқын өкілдерінің шығармашылығына назар аудару ұсынылады. Басты назар адамға бағытталады.

Ғылым және әлеуметтік прогресс мәселелері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Докторанттарда қоғамдық ғылымдардағы негізгі ашылуларды зерттеу, қолданбалы ғылымның дамуы, жобаларды жүзеге асыру және мәселелерді шешу жобаларын қарастыру туралы түсініктерді қалыптастыру. Сонымен қатар, ғылым мен әлеуметтік дамудың методологиялық және әдістемелік аспектілерін зерттеуді меңгерту. Пәнді оқу нәтижесінде докторант қабілетті болады: -тарихи және әлеуметтік процестердің тұжырымдарын философиялық және ғылыми талдау арқылы қазіргі қоғамның мәселелерін және оның даму перспективаларын зерттеу; -қоғамның даму және өзгеру заңдылығын түсіну үшін тарих философиясын және әлеуметтік философияны терең меңгеру және адамзат тарихындағы жалпы және аймақтық дамулар мен құлдырауларды түсіндіру және негіздеу; - әлеуметтік дамудың мәнін, белгілерін, қарама –қайшылықтар мен дамуларды, дамуды түсіндірудегі әртүрлі философиялық және ғылыми теорияларды қайта жасау; - рухани, шығармашылық және интеллектуалдылықты антропологиялық және әлеуметтік артықшылық ретінде білу, сонымен қатар, интеллектуалдылық пен руханилықты әлеуметтік шындықтың және қоғамның даму факторы ретінде жайына келтіру. Пән «әлеуметтік прогресс» құбылысын зерттеудің теориялық- методологиялық негізін қалыптастыратын теориялық курс жиынтығынан тұрады. Пәнді оқу барысында қоғамның қазіргі кездегі мәселелері мен оның даму перспективалары тарихи процесс пен әлеуметтік процесстің ғылыми тұжырымдары мен философиялық тұрғыда қарастырылады. Сондай ақ, тұтастай және жекелеген адамзаттың дамулары мен құлдырауларын қоғамның дамуы мен өзгеруі заңы негізінде зерттеу. Пәнді зерттеу барысында әлеуметтік дамудың басты белгілері мен мәні оқытылады.

Жаһандық проблемалар мен жаһандық зерттеулер философиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - әлеуметтік және мәдени саладағы рухани тайталасты өмір сүру мен қайта құрылымдау, мәдениет трансформациясы, қоғамның қауіпсіздігі, бірегейлік т.б. сауалдарын туындататын дағдарысты мәселелерді шешу қажеттілігі мен ортақ таралған жаһанданумен байланысты туындайтын өзекті мәселелерді игеру. Пәнді оқу нәтижесінде докторант қабілетті болады: - жаһандық дамудың негізгі теориялық мазмұндық мәселелерін, негізгі тұжырымдамаларды, олардың пән аралық мазмұнын, ғылыми және теориялық-әдіснамалық негізінe синтез жасау; - жаһанданудың қазақстандық үдерістері, құбылыстары және оған сәйкес келетін зерттеулер туралы түсініктерді түсіндіріп беру білу; - қажетті философиялық зерттеу әдістерін қолдануды және пәнаралық стратегиялық зерттеулердің артықшылықтарын білу, өз бетінше ғылыми зерттеулер жүргізуді және өзінің жеке ғылыми тұжыымдарын қалыптастыруда құзыретті болуды білу; - дағдылану жаһандану жағдайындағы Қазақстан қоғамының даму мәселелеріне тәжірибелік талдаулар жасау, қоғам дамуының ғаламдық деңгейде даму жолдары туралы білімдерді ке клемде пайдалану мен қолдану; - қазіргі заманғы әлемдік және қазақстандық философияның даму ерекшеліктерін жүйелі түсінуді көрсету. Аталған курс магистранттарға қазіргі батыс философиясының ерекшелігін және оның пәндік аймағын білуге; - қазіргі батыс философиясының бағыттары мен мектептерінің дамуындағы мәселелер мен негізді бағыттарды бағамдауға,қазіргі батыс философиясының бағыты мен методологиясын және қазіргі батыс философтарының бірегей еңбектерін білуге, әлемдік философияның дамуында қазіргі батыс философиясының рөлін түсіндіруге бағытталған. Курс мынадай тақырыптарды қамтиды: ХХ ғасырдағы жаһандық туралы түсініктің шығу тегі, Globаlstudis зерттеудің өз бетінше дара аймағы, Жаһандану феноменін зерттеудің әдіснамалық мәселелері, Жаһандану әлеуметтік мәдени феномен ретінде. Пәннің негізгі міндеті Қазақстан Республикасының даму перспективасындағы ғаламдық дабылдар мәселесін талдау болып табылады

Заманауи қоғамның мәселелері мен талаптары
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - постмодернизм философиясының актуалды проблемаларын қарастыруға және заманауи рухани жағдайды анализдеудің мүмкін жолдарын қарастыруға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде докторант қабілетті болады: - постзаманауи философияның негізгі бағыттарының мазмұны мен спецификасын, постмодернизм философиясы мен мәдениетінің зерттеу принциптерін, оның заманауи гуманитарлық ғылымдарға әсерін; - қазіргі заманғы философия саласындағы жаңа және күрделі идеяларды сыни тұрғыдан талдау, бағалау және синтез жасауды анықтау; - ғылыми ақпараттты ғылыми-педагогикалық деңгейде қорытып және жүйелеу, теориялық-методологиялық принциптерді, заманауи ғылыми парадигма аясында актуалды философиялық бағыттардың ұғымдық-терминологиялықаппараттарын қолдана білу; - дағдыларын көрсету: теориялық және эксперименталды ғылыми зерттеулерде және заманау философия мен мәдениет проблемаларын анализдеуде пәнаралық методолгиялар артықшылығын пайдалана отырып социогуманитаристика әдісін қолдану. Постзаманауи философияның даму тенденциясы мен проблемалары ғылыми және философиялық әдебиетте XX – XXI ғ. басында деп сөзсіз бағаланады. Курста XX ғасырдағы әлеуметтік-мәдени және теоретикалық «постмодернизм талаптары» қарастырылады. Бұл феноменге беделі посмодернистер берген анықтама беріліп және оның қалыптасу тарихы түсіндіріледі. Заманауи әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдарға теоретикалық постмодернизмнің даму жйлы анализ беріледі.

Инновация және инновациялық іс-әрекет әлеуметтік-философиялық феномен ретінде
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - инновациялық білімнің, инновациялық ғылымның, инновациялық процесстердің ерекшеліктерін, жаһандық, көпдеңгейлік, жүйелілік қаситеттерін көрсету. Пәнді оқу нәтижесінде докторант қабілетті болады: - әсіресе университетік білім құрылымындағы инновациялық кеңістік пен инновациялық қызмет проблемаларының басты теориялық мазмұнын, ғылым мен білім кеңістігіндегі инновация феноменін негізгі зерттеу концепциялары, бұл сала зерттеулеріндегі пәнаралық тәсілдер мен әдіснамалық нұсқауларды үсіндіру, Қазақстан Республикасындағы инновациялық даму процесстер мен әлеуметтік иновациялар жайлы білуі керек; - заманауи қоғамдағы инновациялық даму проблемаларын саралауда негізгі концепцияларын аналитикалық және критикалық тұрғыда анализдеу; әлеуметік сала мен білім саласында инновациялық проблемалар мен құбылыстар, көріністердің заманауи әлеуметтік және философиялық анализдеу әдісін қолдану; - Қазақстан Республикасында және басқа да региондардағы инновациялық процесстерді салыстыру және бағалау, экономикалық, әлеуметтік даму, қоғамдық модернизация, сонымен қатар білім саласын реформалау процесстеріне инновация әсерін көрсеті, - ғылыми зерттеулер мен ізденістерге қолданылатын әдістерді жан-жақты көрсету, елдер арасындағы байланыстарды дамыту және жаһандандыру шартында отандық философиялық ғылымның даму бағыттары мен заңдылықтарын, қазіргі заманға сай үрдістерін түсіну адам мен әлеуметтік әлемнің рухани ортақтастығын, адамның рухани өміріндегі экзистенциалдық-өмірлік сипатын түсінуге қол жеткізу. Курс инновациялық құбылыстар мен инновациялық қызметтер ерекшелігін кешенді әлеуметтік-философиялық анализдеуге, заманауи инновациялық университтер дамуын зерттеу мен бағалауға, қоғамның әлеуметтікмәдени модернизациясы дәуірінде инновациялық білімнің қалыптасу заңдылықтарын көрсету. Курс келесі тақырыптарды қамтиды: инновациялық іс-әрекетің табиғаты мен ерекшелігін, инновациялық іс-әрекет субьектісінің ерекшелігін, XX ғасыр философиясы мен ғылымының инвациялық құбылыстарындағы философиялық көріністері, инновациялық іс-әрекет пен инновацияның иниституциялизациясының сипаттамасы, инновациялық іс-әрекет пен инновациялық дамудың артықшылықтары мен ерекшеліктері, инновациялық құбылыстарды зерттеу әдістері. Курс параллелді мына пәндермен бірге оқытылады: Заманауи сана философиясы, Жаһандық проблемалар мен жаһандық зерттеулер философиясы, Әлеуметтік антропологияның актуалды проблемалары.

Исламдық Шығыс философиясындағы руханият және ғылыми рационалдылық
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты исламдық философиядағы рационалдылық туралы білімді, идеялары мен үрдістерін, әлемдік философияға қосқан үлесін жүйелеу. Ислам философиясын қазіргі заманда оқу, оның теориялық бастаулары мен дүниетанымдық негіздерін зерттеу. Әлемдік философиядағы исламдық философияның жаңа даму перспективаларын анықтау. Пәнді оқу нәтижесінде докторант қабілетті болады: -ислам философиясының атақты өкілдерінің негізгі идеялары мен ұстанымдарын, ойшылдың философиясының негізгі ұғымдары мен категорияларын, олардың қазіргі заманғы түсіндірмелерін пайдалану; -ғалымның бейімдіктерін қалыптастыру, интеллектуалдық ортада лидер болуға қабілетті болу, риторикалық қабілеттерге ие болу және ғалымдар ұжымында жұмыс жасау; -алынған білімді практикада қолдану, философиялық мәтіндерді талдау, қоғамды жаңа философиялық жаңалықтармен және идеялармен хабардар ету, жұмыстың сапасы мен ұйымдастырылуына жауапты болу, кез-келген жағдайға бейімделу және мобилді болу. Пән ислам философиясының негізгі идеялары мен қазіргі жағдайын білуге, сонымен қатар оларды әлем философиясына, әлемдік дамудың қазіргі уақыттағы мәселелеріне, Шығыс пен Батыс диалогына қоса білуге үйретеді. Ислам ойшылдарының философиясының негізгі түсініктері мен категорияларын, олардың қазіргі заманғы түсініктерін, ислам философиясы көрнекті өкілдерінің мәтіндерінің мазмұнын және қайнар көздерін білуге мүмкіндік береді.

Қазіргі гуманизм негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - «Қазіргі гуманизм негіздері» курсының оқытудағы мақсат – гуманизмнің тарихымен және адам үшін маңыздылығымен таныстыру, қазіргі кездегі гуманизмнің мәнін зерттеу, жеке, мәдени және қоғамдық өмір мәселелеріндегі гуманизмнің рөлін түсіндіру. Қазіргі әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдағы, философия мен мәдениеттегі гуманизмнің ядросын көрсету. Пәнді оқу нәтижесінде докторант қабілетті болады: - маманның азаматтық және тұлғалық сапаларының, мемлекет азаматының қалыптасуын бақылау мен ұсынысқа бастамашылық жасау; - күрделі және алдын-ала болжауға келмейтін кәсіби жағдайларда жеке тұлғаның жауапкершілігі мен өзінің дербес бастамасын көрсетуді талап ететін салаларда еңбекпен қамтуға қажетті тұлғалық жеке сапаларға және жүйелі дағдыларға ие болу; - мәселенің мазмұнын анықтау, зерттеудің мақсаттары мен міндеттерін айқындау, жобаның әдіснамасы мен әдістемесін негіздеу (қазіргі заманға сай компьютерлік технологияларды, ресурстарды және т.б. пайдалана отырып). Пән мемлекет азаматының, маманның азаматтық және жеке қадір-қасиетінің қалыптасуына және кең дүниетанымдық құндылықтармен танысуға мүмкіндік беретін арнайы теориялық курстан тұрады. Курсты оқу барысында гуманизм философиясының жарқын өкілдерінің шығармашылығына назар аудару ұсынылады. Басты назар адамға бағытталады.

Қазіргі заман тұрғысындағы ислам философиясы: тарих, мәселелер, болашағы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - докторанттарда қазіргі әлемдегі ислам философиясы жайлы түсінік қалыптастыру. Пәнді оқу нәтижесінде докторант қабілетті болады: - ислам философиясының негізгі идеялары мен қазіргі жағдайын қолдану, сонымен қатар оларды әлем философиясына, әлемдік дамудың қазіргі уақыттағы мәселелеріне, Шығыс пен Батыс диалогына қоса отырып зерттей алу; - пікірталас жүргізе білу, қарсыластарды тыңдай білу, маңызды ақпараттарды білу және оны аудиторияға жеткізе білу, түпнұсқалар мен библиографиялық әдебиеттерді пайдалану арқылы әртүрлі көзқарастар мен пікірлерді талдау немесе жалпылау арқылы философиялық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру; - өз бетімен жұмыс істеу қабілетін меңгеру, ғылыми зерттеуді жоспарлау және ұйымдастыру, зерттеу жұмыстарын жүргізу, оның библиографиялық базасын жасау. Аталған пән ислам философиясы, оның әлемдік философияға қосқан идеялары және тенденциялары туралы жүйелі білім береді. Курс ислам философиясының заманауи оқытылуы, оның теоретикалық бастауы және әлемдік көзқарастың пайда болуы, тұрақты қалыптасуы; әлемдік философияға қосқан философиялық түсініктердің мәнін ұғу және заманауи әдіспен оқытуға бағытталған. Курсты зерттеу барысында басты назар ислам философиясының көрнекті өкілдерінің түпнұсқалары мен еңбектеріне, Батыс пен Шығыс арасындағы сұхбатқа басты назар аударылады.

Қазіргі заман философиясындағы толеранттылық феномені
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - маңызды әлеуметтік феноменді - әлеуметтік қатынастардың өлшемдері мен ерекшеліктерін анықтайтын, тұлға аралық қатынастардың, құндылықтың реттеудің, мәдени өзара әрекеттегі білім беру үдерістерінің мазұнын, саяси өзгерістерді, қоғамдық трансформацияларды анықтайтын толеранттылықты игеру игеру болып табылады. Пәнді оқу нәтижесінде докторант қабілетті болады: - толеранттылық феномені туралы тарихи, жүйелі түсініктерді иелену туралы комплекс құрастыру ; - қоғам мен мәдениеттің әр түрлі типіндегі толеранттылық құбылысын салыстыру, толеранттылық мінез-құлықты және қоғамға қатынастың әлеуметтік-философиялық бағалау әдістерін меңгеру. - философиялық әдіснаманың артықшылықтарын пайдалана отырып, толеранттылық мәселесіне кәсби және жан-жақты талдаулар жүргізу; - логикалық-теориялық негіздемелерді және әлеуметтік-философиялық зерттеулердің әдіснамасын анықтау тұрғысынан әлеуметтік жағдайларды, құбылыстарды және үдерістерді талдау; - алған білімдерін әлеуметтік үдерістерді үлгілендіру және болжау кезінде, әлеуметтік өзгерістер динамикасын талдау кезінде пайдалана білу. Курстың мазмұны: толеранттылықтың тәжірибесіне және теориясына, тарихына кіріспе; толеранттылық феноменін зерттеудің әдіснамалық және теориялық негізделуін анықтау; толеранттылықты пән аралық обьект ретінде ұсыну. Курс мынадай тақырыптарды қамтиды: Толеранттылықты қалыптастырудағы саяси және әлеуметтік-экономикалық факторлар, толеранттылықтың әлеуметтік және тұлғаралық өзара әрекеттестіктегі қағидалары, қазіргі заманғы әлеуметтік трансформациялар аясындағы толеранттылықтың ролі және ғаламдық өркениетті қалыптастыру.

Қазіргі заманғы өнер философиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - өнер мен эстетикадағы түрлі бағыттарды ескере отырып өнердің дамуының қазіргі үрдісінің мәдениеттің және қоғамның дамуының қазіргі кезеңіне сараптау мен философиялық баға беру. Пәнді оқу нәтижесінде докторант қабілетті болады: - өнердің дамуының үрдістері қазіргі кезеңде, өнердің философиялық анализының түрлі бағытын түсіндіру; - интерпретираттау байланыстар және эстетикалық өнердің және мәдениеттің қатынастарымен онтологиялық, когнитивті, методологиялық, қағидалы, психологиялық, феноменнің зерттелуін лингвистикалық қарастыру; - дағдылардың болуы: замаунауи өнердің әлеуметтік-философиялық, мәдени-философиялық эстетикалық анализді қолдану әдістері; - жаһандандыру және интернационалдандыру жағдайында отандық философиялық ғылымдардың қазіргі заманға сай даму - үрдістерін, бағыттарын және заңдылықтарын білу, адам мен әлеуметтік әлемнің рухани бірлігін, адамның рухани әлеміндегі экзистенциалдық-өмірлік мәселелерді түсіну. Курс анализ және өнердің дамуының қазіргі үрдісінің философиялық сарапшылығына бас мәдениеттің және қоғамның дамуының қазіргі кезеңінде арнаулы, есебімен қарастырып бөлек-бөлек бағыт өнер және эстетикалық ағыс, қазіргі өнер, және оның анализін методологиялық тіл сарапшылық, компаративтік, аймақтық, философиялық-эстетикалық дамуда ықпалы ол персонифицированды ғаламдық үдерістегі қазіргі мәдениет. Курстың мазмұнына келесі тақырыптар кіреді: өнер қазіргі кезеңде тілі қазіргі заманғы өнер, талдау әдістері, өнері, қазіргі заманғы өнер Қазақстанда.

Қазіргі заманғы сана философиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курс істің және жаңа ғылыми парадигманың үстем философиясының іргелі түбінің мәртебесін суреттейді. Пәнді оқу нәтижесінде докторант қабілетті болады: - негізгі, тіл табулар, «пішіндер» контексттер, ракурс және естің көкейкесті мәселесінің зерттеу аспекттері қазіргі философияда және ғылымда; трансформация және сананың мәселесінің дамуының негізгі бастаулары қазіргі философияда және ғылымда дәйектеу; - дәлелді және аргументтік салыстырмалықағидалы және методологиялық естің әркелкі философиялық тұжырымдамалары оның онтологиялығында, әлеуметтік, антропологиялық, гуманитарлық, психологиялық, ғылыми, методологиялық және сырттық өлшеуі; - естің және пікірдің негізгі философиялық тұжырымдамасының салыстырмалығы туралы; - сананың мәселесінің бағалау- ғылыми білімнің дамуының басымдығының ауысуының контекстінде, соның ішінде табиғи ғылыми және гуманитарлық тұғырнамалар. Бұл оқу курсы философияның кокейкесті бір мәселесіне арналады, заманауи дамудың байланысы мен естің феноменінің түсін-үстем ғылыми парадигмасының координалдық трансформациясы, сонымен қатар философиялық бағаның айналасы және теориясы. Курстың мазмұнына келесі тақырыптар кіреді: Философиялық көріністің генезисі туралы сана, ХХ ғ. сананың негізгі деңгейінің когнитивті мінездемелері. ХХ ғ. екінші жартысындағы сананың философиясы: «лингвистикалық перспективалар», когнитивті тіл табулар, дамудың психологиялық контексттері, Отандық философиялық дәстүр субъективті нақтылықтың мәселесінің зерттелуі.

Қазіргі замандағы білім беру философиясының өзекті мәселелері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Аталмыш курс доктаранттарды қазіргі дүниежүзілік білік беру аясында тиімді пайдаланылатын білім модульдері мен және әдістерімен таныстырады Пәнді оқу нәтижесінде докторант қабілетті болады: - білім беру аясындағы философиялық концепцияларды, жаһандану контекстіндегі басты мәселелерді біріктіру; - жасай алуы: білімнің қазіргі философиясының көкей кесті мәселесінің жүйелі түсінушілігін қазақстандық білім беруді зерттегенде пайдалану; - білім беру үдерісін жетілдіру үшін кәсіби білімдерді пайдалана білу және инновациялық және интерактивті педагогикалық технологияларды меңгеру; - дағдылануы: білімнің әлеуметтік философиялық мәселесінің дербес анализін жасауға. Кәсіби әлемдік қоғамдастықта бұл дисциплина қазіргі философ-талдаушының университеттік білімінің қажетті элементімен және профессионалды әлемдік стандарттарға сай болып табылады: Әлеуметтік идея тарихындағы білім феномені, социо мәдени кеңістік және философиялық рефлекциялар, Философиялық білім әлуметтік феномен және жаһандану шартындағы ғылыми бағыт ретінде, Білім және педагогка методологиялық мәдениеттің жетілдірілген бастаулары.

Қазіргі таным философиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Докторанттарда таным табиғаты туралы, гносеологияның негізгі мәселелері мен ұғымдары туралы түсінік қалыптастыру. Пәнді оқу нәтижесінде докторант қабілетті болады: -ойлаудың болмысқа қатынасы мәселесіне байланысты философияның негізгі сұрағын талдау; -танымның алғышарттарын, танымның шекараларын түсіну, танымның құрылымы мен деңгейлерін жүйелеу; -ғалымның бейімдіктерін қалыптастыру, интеллектуалдық ортада лидер болуға қабілетті болу, риторикалық қабілеттерге ие болу және ғалымдар ұжымында жұмыс жасай білу; -алынған білімді практикада қолдану, философиялық мәтіндерді талдау, қоғамды жаңа философиялық жаңалықтармен және идеялармен хабарландырып тұру, өз жұмысының сапасы мен ұйымдастырылуына жауапты болу, кез-келген жағдайға бейімделу және мобилді болу. Пән классикалық танымдық практикалар – сенсуалистік локктық және «марксистік», практикалық және теориялық ақылдың канттық бірлігі, неокантиандық «жүйелілік», поппердің сыни рационализмі, сонымен қатар қазіргі кезде маңызды аналитикалық философияны – герменевтикалық және феноменологиялық, когнитивті практикаларды қамтиды. Пәнді оқу барысында айқындылық, интенционалдылық, мағыналар, түсіндіру, ағымдар мен өмір формалары, өмірлік әлем және күнделіктілік т.б. Сондай ақ,т әлеуметтік білімдегі, әлеуметтік қатынастар мен құрылымдардағы, филология мен мәдениет тарихындағы жаңа парадигмалар сияқты дәстүрлі таным теориясындағы гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдардың тәжірибесі де айтарлықтай маңызды.

Қазіргі философиядағы әлеуметтік-гуманитарлық дискурс
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - Қазақстан, таяу және қиыр шет елдерінің қоғамдық өмірі мен философиядағы әлеуметтік-мәдени мәселелерінің мазмұнын зерттеу болып табылады. Методологиялық және әдістемелік аспектілерді зерттеуді меңгеру. Пәнді оқу нәтижесінде докторант қабілетті болады: - отандық және шет елдік философиялық ғылымның жаңа ашылыстары мен теоретикалық жетістіктері негізінде қазіргі философиядағы әлеуметтік – мәдени мәселелердің мазмұнын зерттеу; -ғаламдық және әлеуметтік –мәдени трансформациялар жағдайында әлеуметтік – гуманитарлық тақырыптарды зерттеудің қазіргі заманғы тәсілдерін меңгеру; -XXI ғасырдағы қоғамдық даму жағдайында адамның индивидуалдылық пен тұлға ретінде қалыптасуы процесін зерттеу; - пәнді оқу барысында меңгерген қазіргі қауіптер, дискурстар және трендтер негізінде адам түсінігін нақты реконструкциялау қабілетін игеру; - әлеуметтік –гуманитарлық таным философиясының методологиялық мүмкіндіктерін меңгеру. Пән отандық және шетелдік философия ғылымының теоретикалық жетістіктері мен жаңа ашылулар негізінде туындаған заманауи философиядағы әлеуметтік-мәдени мәселелердің мазмұнын, сонымен қатар, XXI ғасырдағы қоғамдық дамудағы тұлға ретінде адамның қалыптасуы мен генезис үрдісін зерттеуге мүмкіндік береді. Сондай- ақ, жаһандық әлеуметтік-мәдени трансформациялар жағдайындағы әлеуметтік-гуманитарлық мәселелерді заманауи зерттеу әдістерін меңгеруге басты назар аударылады.

Қалалық қоғам: мәдени-философиялық талдау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - тарихи-мәдени феномен ретінде қаланың қазіргі заманғы тұжырымдамаларын талдау және философиялық баға беру. Пәнді оқу нәтижесінде докторант қабілетті болады: - қазіргі заманғы постмодернистік философия аясында қала философиясының негізгі теорияларының даму ерекшеліктерін, әлеуметтік-философиялық талдаудың ерекше объектісі ретінде қалалық қоғамды көрсете білу және жалпылау; - қажетті философиялық зерттеу әдістерін қолдануды және пәнаралық стратегиялық зерттеулердің артықшылықтарын білу, өз бетінше ғылыми зерттеулер жүргізуді және өзінің жеке ғылыми тұжыымдарын қалыптастыруда құзыретті болуды білу; - дағдылары «Әлем-адам» жүйесінде танымдық, әлеуметтік және саяси процесстерді, ғылыми және философиялық текстерді өзіндік анализдеуді критикалық тұрғыда ұғыну; - эксперименталды ғылыми қызмет технологияларын, фундаменталды және қосалқы әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулерді ұйымдастыру әдістерін, әлеуметтік шындықты сыни тұрғыдан түсінудің әдістері мен тәсілдерін меңгеру. Курстың міндеттеріне адамның әлеуметтік-мәдени болмысының формалары ретінде қаланың жүйелі көрінісін қалыптастыру, философия тарихындағы қала мәселелерін талдау, Қазақстанда және әлемде қалаландыру үдерістерін ашу. Курс қазіргі заманғы постмодернистік философия аясында қала философиясындағы негізгі теориялардың дамуы туралы түсінік береді. Әлеуметтік-философиялық талдаудың ерекше объектісі ретінде қалалық қоғамды көрсетеді.

Метаэтика
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты моралды ғылыми танудың методологиялық және логикалық мәселелеріне арналған этикалық теорияның бөлімі ретінде метаэтиканы меңгеру болып табылады. Пәнді оқу нәтижесінде докторант қабілетті болады: - моралды ғылыми танудың методологиялық және логикалық мәселелеріне, этикалық жүйелердің принциптері мен аксиоматикасын негіздеу критерийін белгілеуге, этиканың ұғымдық аппаратын талдауға, моральдың тұжырымдалу тәсілдеріне арналған этикалық теорияның бөлімі ретінде метаэтиканың мазмұны мен ерекшеліктерін; - жасай алу: логикалық-теориялық негіздемелерді және әлеуметтік-философиялық зерттеулердің әдіснамасын анықтау тұрғысынан әлеуметтік жағдайларды, құбылыстарды және үдерістерді талдауды бағалау; – жүйелі талдау әдіснамасы аясында танымдық, әлеуметтік және саяси үдерістерді ғылыми сыни тұрғыдан түсіну қабілеті, әлеуметтік практика міндеттерін шешу мақсатында құрылымдық-функционалдық әдіснамаларды қолдана отырып, стратегиялық жоспар жасау қабілеті; - әлеуметтік-философиялық білімдерді анықтап тану және құрылымын, оның әр түрлі компоненттерін және олардың арасындағы қатынастарды анықтау жолымен, сонымен қатар, білімнің жасырын мағыналары мен заңдылықтарын тану жолымен саралау. Курс мазмұны қазіргі заманғы философия аясында метаэтиканың мәселелерін меңгеру; этиканы зерттеудің логикалық, теориялық және методологиялық негіздерін анықтау; этиканың ұғымдық аппаратын талдау. Курс мынадай тақырыптарды қамтиды: метаэтика этикалық білімдерді зерттеудің теориялық-бейімделген саласы ретінде, аналитикалық дәстүрдегі метаэтика мәселелері, метаэтикалық зерттеулердің методологиялық ережелері, тіл саласында этикалық мәселерді талдау және т.б. оқуға бағытталған

Постиндустриалдық қоғам концепциясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты докторанттарды постиндустриалды қоғамның пайда болуы мен дамуы заңдылықтарын, оның ерекшеліктері мен құрылымын зерттеумен, постиндустриалды қоғамның қазіргі заманғы теориясымен таныстыру. Қоғамдық даму сатысы ретінде постиндустриалды қоғам ерекшеліктерімен, түрлі қызмет салаларындағы ақпараттық қарым-қатынастық технологияларды жаппай қолдануға байланысты әлеуметтік-экономикалық трансформацияның пәнаралық талдауымен таныстыру. Пәнді оқу нәтижесінде докторант қабілетті болады: - постиндустриалды қоғам теориясының теориялық және қолданбалы аспектілерімен байланысты терминологияны меңгеру; - Қазақстандағы постиндустриалды қоғамның ерекшеліктерін көрсету; - қазіргі әлемдегі постиндустриалды қоғамның тұжырымдарын қарастыруда меңгерілген материалды қолдану; - постиндустриалды қоғамның басқа қоғамдық құбылыстармен байланысын көрсету. Пән постиндустриялық қоғамның қазіргі заманғы теориясы негіздері; постиндустриялық қоғамның құрылуының алғышарттары мен факторлары; ақпараттық қоғам дамуының негізгі заңдылықтары; ақпараттық қоғамның тән ерекшеліктері, оның алдыңғы қоғам типтерімен байланысы; жеке даму мен кәсіби қызмет үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларының мүмкіндіктері жайлы мәліметтер береді. Курсты оқу барысында басты назарды постиндустриалды қоғамды жіктеуді талдауға аудару қажет.

Философиялық антропологияның өзекті мәселелері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Философиялық дискурстағы университет идеясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – Жоғары білім феноменінің мәні мен табиғатын білу және оның кәсіби, интеллектуалдық және адамгершіліктік адам келбетін қалыптастырудағы рөлін анықтау. Пәнді оқу нәтижесінде докторант қабілетті болады: - инновация саласындағы және инновациялық қызметтегі ахуалдардың негізгі териялық мазмұнын, оның ішінде, университеттік білімнің құрылымындағы ғылым мен білім беру саласындағы инновация феномен зерттеудің негізгі тұжырымдамаларын негіздеу; - қазіргі замандағы инновациялық даму мәселелерін талдау аясындағы тұрғылар мен негізгі тұжырымдамаларға сыни және аналитикалық талдаулар жасау; білім беру саласындағы және әлеуметтік саладағы құбылыстар мен үдерістердің инновациялық мәселелеріне қазіргі заманғы философиялық және әлеуметтік тадау әдістерін қолдану; - Қазақстан Республикасы мен өзге де аймақтардағы инновациялық үдерістерді салыстыру мен бағалау, қоғамды модернизациялуға, әлеуметтік, экономикалық дамуға, сондай-ақ, білім беру саласындағы реформалар үдерісіне инновацияның әсерін көрсету; - инновациялық білім берудің, инновациялық ғылымның, инновациялық үдерістердің жүйелілік, жаһандық, көп деңгейлік, артықшылық сипатын көрсету Курс инновациялық үдерістердің және инновациялық қызметтің ерекшелігін кешенді әлеуметтік-философиялық талдауға, қазіргі заманғы инновациялық университетті бағалау мен зерттеуге, қоғамның әлеуметтік-мәдени жаңашалану дәуіріндегі инновациялық білім берудің қалыптасу заңдылықтары көрсетуге арналады. Курстың мндеттері философия тарихы тұрғысынан университеттік білім беруді талдау, университет идеясын зерттеудегі модернистік және постмодернистік тұжырымдамаларды ашып көрсету болып табылады. Курс мынадай тақырыптарды қамтиды: университет идеясы философиялық дискурстың элементі ретінде, Инновация мен білім беру, Постмодернисттік білім беру философиясы, Университеттік құндылықтар, Университеттер және саясат, Университеттер және экономика және т. б.

2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Thomson Reuters, Scopus базасына енетін немесе ККСОН ұсынатын мерзімді баспасөздердегі жарияланымдар
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Ғылыми тағылымдама
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы - Ғылыми тағылымдаманың мақсаты: докторанттарда шетел университеті негізінде заманауи зерттеу әдістерін және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, кәсіби салада ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуге қабілеттілігін қалыптастыру. Курсты оқу барысында докторант төмендегідей білімдерді меңгереді: 1. ғылыми зерттеулерді жүргізу әдістемесінің негіздерін, ғылыми тәжірибені жоспарлау мен ұйымдастыруды, ғылыми деректерді өңдеуді негіздеу; 2. ғылыми және практикалық мәселелерді, оның ішінде пәнаралық бағыттарды шешу әдістерін талқылау; 3. зерттеу және практикалық міндеттерге балама шешімдерді талдау және осы нұсқаларды іске асырудың әлеуетті артықшылықтарын бағалау; 4. заманауи компьютерлік технологияларды қолдану арқылы ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және беру әдістері туралы теориялық білімдерді қолдану; 5. тыңдаушылардың әртүрлі контингенттері үшін ақпарат беру әдістері мен әдістерін таңдау. Ғылыми тағылымдаманы оқу нәтижесінде докторанттар төмендегі мәселелерді қарастырады: Ғылыми зерттеулерді жүргізу әдістемесінің негіздері, ғылыми тәжірибені жоспарлау және ұйымдастыру, шетел университеті негізінде ғылыми деректерді өңдеу. Ағымдағы ғылыми проблема бойынша тәуелсіз зерттеу жүргізу. Зерттеу нәтижелерін дайындау және таныстыру: конференцияларға, семинарларға қатысу, баяндамалар, тақырып бойынша жарияланымдар. Ғылыми тағылымдамадан өту және оны қорғау нәтижелері туралы есеп дайындау.

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар ІI)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар IIІ)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар V)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар VІ)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар І)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар ІV)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторлық диссертацияны орындау
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы - Докторлық диссертацияны орындау мақсаты: «8D075 -Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша) білім беру бағдарламасы бойынша докторлық диссертацияны қорғауға дайындық. Курсты оқу барысында докторант төмендегідей білімдерді меңгереді: 1. ғылыми-зерттеу жұмыстарының барысында пайда болатын және тереңдетілген кәсіби білімді талап ететін мәселелерді шешудің прогрессін көрсету; 2. міндеттер шеңберінде теориялық немесе тәжірибелік зерттеулер жүргізуді, оның ішінде математикалық (имитациялық) эксперимент жүргізуді талап ету; 3. зерттеудің қажетті әдістерін таңдай алады, қолданыстағы әдістерді өзгертуге және белгілі бір зерттеудің міндеттеріне негізделген жаңа әдістерді әзірлеуге болады; 4. нормативтік көздер мен ғылыми әдебиеттер бойынша өзіндік жұмыс үшін шет тілдерін пайдалану; 5. диссертациялық зерттеудің мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдайды, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерінің ғылыми жаңалығы мен практикалық маңыздылығын анықтайды; зерттеу жұмыстарының құрылымдық әдіснамалық схемасын әзірлеу. Докторлық диссертацияны орындауды оқу нәтижесінде докторанттар төмендегі мәселелерді қарастырады: Диссертацияның презентациясы және алдын ала сараптамасы. Өтініш берушінің ісін Университеттің Ғылыми кеңесінде тіркеу. Тезистерді қорғау туралы хабарландыру. Авторефератты жариялау және жіберу. Диссертацияны қорғаудан кейін құжаттарды рәсімдеу.

Зерттеу
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Зерттеу тәжірибесі

Педагогикалық
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Педагогикалық

Халықаралық конференциялар материалдарындағы жарияланымдар
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы - Халықаралық конференциялар материалдарындағы жарияланымдардың мақсаты: ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін ғылыми қоғамдастыққа ұсыну, кері байланыс алу және кәсіптік қызмет саласында тәжірибе алмасу мүмкіндігі туралы докторанттар қалыптастыру. Курсты оқу барысында докторант төмендегідей білімдерді меңгереді: 1. ғылыми зерттеулердегі қазіргі үрдістерді көрсету; 2. ғылыми журналдарда, халықаралық конференциялар мен симпозиумдардағы материалдардағы зерттеулердің аннотирленген нәтижелерін айқындау; 3. теориялық және қолданбалы міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін жаңа, ғылыми негізделген, теориялық немесе тәжірибелік нәтижелерді қолдануға болады; 4. таңдалған кәсіби қызмет саласындағы ғылыми нәтижелерді, әріптестер мен қарсыластардың деректерін талдау; 5. қызметтің кәсіби саласын ғылыми зерттеуде ұсынылған әзірлемелерді пайдалану идеяларын қалыптастыру. Халықаралық конференциялар материалдарындағы жарияланымдарды оқу нәтижесінде докторанттар төмендегі мәселелерді қарастырады: Ғылыми және халықаралық конференциялардың рейтингін талдау. Қатысу түрлері бойынша ғылыми конференциялар. Халықаралық және жергілікті конференциялар. Редакциялық кеңестің талаптарына сәйкес ғылыми мақаланы жариялау.

2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген