Докторантура
Дінтану

Дінтану

БАҒДАРЛАМА СИПАТТАМАСЫ

Халықаралық аккредитация: АКУИН, 2017 (Австрия, Вена қ.)
Бағдарлама: 6D020600 – Дінтану
Оқу деңгейі: докторантура
Емтихандар: шет тілі (тест) және мамандық бойынша қабылдау емтиханы (жазбаша)
Оқу түрі: күндізгі
Оқу мерзімі: 3 года
Кәсіби қызмет түрлері:
6D020600-Дінтану мамандығы бойынша докторлар кәсіби қызметтің келесі түрлерін орындай алады:
• эксперименталды-зерттеушілік;
• педагогикалық;
• сараптамалық-кеңес берушілік;
• ұйымдастырушылық-басқарушылық.
• жобалау-аналитикалық.
Кәсіби (бейіндік) пәндер:
• Қазіргі дінтану мәселелері;
• ХХ ғ. дін философиясы;
• Діни бірлестіктер қызметін құқықтық реттеу;
• Дінтану методологиясы
Білім беру артықшылықтары:
• Филофиялық-дінтанулық зерттеулерді нақты-гуманитарлы және жаратылыстанулық ғылымдарға пайдалану – осы деректерді философиялық тұрғыда пайымдау.
• Мамандық бойынша зерттеулер нәтижелері тек білімінің осы саласында ғана емес, салааралық деңгейде, ғылымның басқа салаларында, материалды және рухани мәдениеттің түрлі салаларында пайдаланылуы мүмкін және теориялық пен практикалық маңызға ие.
• Оқудың барлық кезеңдерінде жұмыс берушілермен өзара ықпал ету мүмкіндігі.
• Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің серіктес университеттерінде қысқа мерзімді оқу және халықаралық академиялық мобильділікке қатысу.
• Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің бірегей «Дінтанулық сараптама» атты Ғылыми орталығында лабораториялық тәжірибеден өту және зерттеу жүргізу мүмкіндігі.
• Электронды және толық мәтіндік деректерден тұратын Scopus ғылыми кітапханасының қорына қол жеткізу мүмкіндігі.
Халықаралық байланыстар: докторанттар серіктес жоғары оқу орындарында оқуға мүмкіндігі бар
• Мармара (Туркия)
• Кастамону (Туркия)
• Исследовательский центр Евразийской культуры и искусства Университета изобразительных искусств Мимар Синан Еуразиялық мәдениет және өнер (Туркия) ,
• Манчестер Университеті (Англия)
• Оклахома штаты Университеті (АҚШ)
• Христиандық пен исламды зерттеу орталығы (АҚШ)
• Славяндық Еуропалық университеті
• Исламдық мәдениет орталығы (Қытай)
• Гуманитарлы және әлеуметтік ғылымдар институты (Корея)
• Уппсала Университеті (Швеция)
• Цюрих Университеті, Швейцария,
• Комплутенсе Мадрид университеті, Испания
Тәжірибеден өту орындары және болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндігі: Алматы қаласының жастар саясаты бойынша Басқармасы, Алматы қаласының дін істері бойынша Департаменті, ҚР БҒМ ҒК, Философия, саясаттану және дінтану институты: Алматы қ., Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақстанның орта және жоғарғы білім беру мекемелері, Әкімшілік ("акимат"), Қарулы құрылымдар (ҰҚК, ІІМ) БАҚ, ғылыми-зерттеу, мұражай орталықтары, діни ұйымдар (ҚМДБ, мешіттер және т.б.). ІІМ, ҰҚК және прокуратура органдарында дін істері бойынша маман, мемлекеттік-құқықтық сұрақтар, дінаралық және конфессияаралық қатынастар бойынша консультант, мемлекеттік, конфессионалдыы және қоғамдық ұйымдар, жоғары және арнайы орта оқу орындарында оқытушы.

Оқу бағасы мен оқу жылдардың санын калькуляторы:

Оқу түрі - күндізгі

Оқу деңгейі - Ғылыми - педагогикалық бағыт

Сіз


  

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Дінтану
Мамандық шифры
6D020600
Факультеті
Философия және саясаттану
Оқу деңгейлері
Ғылыми - педагогикалық бағыт
Оқу түрлері
күндізгі
Өту балы
ҚАЗ
159
ОРЫС
159

пәндер

Мемлекет және дін арақатынастары
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Дін социологиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: әлеуметтік білімнің дербес саласы ретінде дін әлеуметтануының негізгі ережелері, қоғамдағы діннің қызмет ету ерекшеліктері, діни кешеннің құрылымы мен элементтері, діни ұйымдардың типологиясы, қазіргі заманғы діни жағдай және қазіргі заманғы діндердің даму тенденциялары туралы түсінік қалыптастыру. Курсты оқу барысында студент төмендегідей білімдерді меңгереді: - дін әлеуметтануының санаттары мен әдістерін түсіну; - дін әлеуметтануы мәселелерін зерттеу бойынша теориялық сұрақтардан хабардар болу; - қоғамның өзекті діни мәселелерін зерделеуде әлеуметтанулық зерттеулерді пайдалану; - тәжірибеде толерантты көзқарастарды, әлеуметтік шындыққа сыни (яғни, аналитикалық) көзқарасты бағалау; - қоғам діндарлығының өзекті мәселелері бойынша әлеуметтанулық зерттеулер жүргізу Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады: діннің пайда болуының әлеуметтік заңдылықтары, қызметі және дамуы; дін өзгеше социомәдени жүйе ретінде; дін әлеуметтік институт ретінде; қоғам діндарлығының өзекті мәселелерін әлеуметтанулық зерттеу; әлеуметтанулық білімнің түрлі саласының дамуындағы діннің байланысы.

Дін туралы ғылымның өзекті мәселелері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Діни антропология және танатология
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты діни антропология және танатология мәселелері аясында жұмыс жасай алатын, дұрыс бағдар таба алатын дінтанушы-докторанттарды даярлау, антропологиялық және метафизикалық құбылыстардың бірлігі туралы көзқарастарын қалыптастыру, әртүрлі діни жүйелердегі «құдайлық» және «пендешілік» арасындағы байланыстарды анықтау, талдауды үйрету болып табылады. Осы модульді сәтті аяқтаған докторант: 1. дінтанулық, теологиялық, антропологиялық білімдер жүйесіндегі діннің антропологиялық рөлін, мазмұнын, орнын, діни танатологияның және діни антропологияның дамуының негізгі кезеңдерін қалпына келтіре алады; 2. қазіргі діни-антропологиялық тұжырымдамалардың сан алуан түрлерін, әлемдік діндер тарихындағы адамдардың идеясын, идеалдарын, негізгі көріністерін анықтай алады; 3. Құдайдың бар болуының антропологиялық дәлелдерін негіздейтін дін мен ілімдердің антропологиялық тамырын белгілеп, айқындай алады; 4. діни танаталогияның антропологиялық мазмұнын көрсете алады; 5. зерттеп отрыған пәндік саласындағы қалыптасқан түсініктерді, тұжырымдамалық бағдарламаларды, теориялық мәселелерді, әдіснамалық тәсілдерді, діни антропология мен танатологияның зерттеу әдістерін жүйелі түрде қорытындылай алады; 6. дінтанулық талдау, далалық зерттеу әдістерін қолданғанда, саяси, ұлттық және авраамдық діндер танатологиясын оқып, зерделеу әдістерін пайдаланғанда салыстыру, айырмашылықтары мен өзгешеліктерін анықтауды жүргізеді; 7. діни-антропологиялық бағыттағы мәтіндерді талдайтын ғылыми-зерттеу бағдарламасын ұйымдастыру және жүзеге асыру, діни антропологиядағы рух, жан және дене, жеке тұлға мен даралықтың өзара қарым-қатынасы мәселелерін ұғыну, терең түсіну; философиялық, ғылыми және діни антропология, діни және теологиялық антропология арасындағы айырмашылықтары жөнінде хабардар болу; 8. діни антропология, танатология, теология мен олардың өзара қарым-қатынастарының негізгі бөлімдерінің білімдерін тиімді қолданады және сын тұрғысынан баға береді, ақпаратты жинап, жүйелеп, талдай алады; Бұл курс әртүрлі ғылыми және философиялық және діни жүйелерде өлім мен өлім құбылысын қабылдау тарихымен ғана таныстырмайды, сондай-ақ діни кешеннің негізін құраған әртүрлі діни формаларды, «қасиетті жазбалар» мәтіндерін, діни және философиялық еңбектерді жан-жақты зерттейді. Пәнді оқыту кезеңінде келесі аспектілер қарастырылады: әлемдік діндер тарихындағы адамның негізгі бейнелері, идеалдары мен идеялары; діннің және ілімдердің антропологиялық тамыры, Құдайдың бар болуының антропологиялық дәлелі мен діни танатологияның антропологиялық мазмұны негізделіп келтіріледі. Курстың жалпы және спецификалық ұғымдық аппараты.

Діни экстремизм және фундаментализм
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Дінтанулық теорияларды оқытудың әдістері мен технологиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Жаңа діни қозғалыстар
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты шет елдер мен Қазақстан Республикасында дәстүрлі емес діни қозғалыстар мен культтердің феномені туралы тұтас көзқарасты қалыптастыру болып табылады. Осы пәнді сәтті аяқтаған докторант: 1. қазіргі заманғы діни зерттеулер тұрғысынан жаңа діни бірліктердің доктриналық және басқа ерекшеліктерінің сипаттамаларын, олардың қазақстандық қоғам өміріндегі орнын, халықтың, соның ішінде жастардың әртүрлі топтарының арасында жаңа діни қозғалыстардың таралу дәрежесін, формаларын, тәсілдерін, тәжірибесін көрсете алады; 2. қазіргі әлемдегі, Батыста, Қазақстанда ЖДАның діни ілімдері мен қызметтерін, оның ұйымдастырылуын, тарихын, 3. пайда болу себептерін қайта қалпына келтіре алады; 4. жаңа діни ағымдардың қызметін мемлекеттік-құқықтық реттеу жолдарын түсіндіру; 5. жаңа діни қозғалыстардың түпдеректік мәтіндерінің мазмұны мен негізгі идеяларына сын-пікірмен қарау; 6. ЖДА табиғаты жайлы зерттеулердің тұжырымдамалық бағдарламаларының көзқарастары мен негізгі әдіснамалық тәсілдері жайлы біледі, олардың жіктелуін, ЖДА-дың заманауи ерекшеліктері мен тарихи дамуының негізгі кезеңдерін талдау әдістерін меңгеру арқылы жүйелі түсінігі қалыптасады; 7. жаңа діни ағымдарды зерттеуде әдіснамалық база мен ұғымдар аппаратын пайдалана алады; 8. жаңа діни ағымдар ілімдерінің түрлі ерекшеліктерін зерттейтін әдістер кешенін синтездей алады (далалық зерттеулер, жазбаша дереккөздерді зерттеу, ауызша дәстүрлерді зерттеу, археологиялық және антропологиялық материалдард сипаттау, күнделікті өмірдің артефакттері, рәсімдік психотехника); 9. Еуропада, Азия елдерінде, Африкада және Америкада жаңа діни ағымдардың діни ілімінің мазмұны, құрылымы мен ерекшеліктерін әдістемелік қағидаттарды, діни тәжірибенің негізгі түрлері мен мәндерін сыни талдау және бағалау негізінде олардың идеяларын синтездеу және нәтижелерді ғылыми есеп немесе есеп түрінде түсіндіре алады. Пәннің мазмұны «тоталитарлық» және «деструктивті» діни ұйымдар деп аталатын жаңа діни ағымдар мен ұйымдарды зерттеуге байланысты бірқатар мәселелерді қамтиды. Пәнді оқыту кезеңде келесі аспектілер қарастырылады: Жаңа діни ағымдардың жіктелуі. Жаңа діни қозғалыстардың таралуы мен белсенділігі. Қазіргі діни сектанттылық. Жаңахристиандық ағымдар. Соңғы өсиет шіркеуі. Жетінші күн адвентистері. Евангелшіл христиандар. Иегова куәгерлері. «Соңғы күн әулиелерінің Иисус Христос шіркеуі» (мормондар). Қазіргі ислам ағымдары. Қазақстандағы жаңа исламдық қозғалыстар. Дүниежүзілік Ахмадия мұсылмандар қауымы. Бахай ағымы.

Заманауи түсіндірмелердегі қазақстандық дәстүрлі қоғамдағы ислам
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - «Қазіргі заманғы интерпретация негізінде дәстүрлі қазақ қоғамындағы Ислам» пәнінің мақсаты қазақ қоғамындағы Исламның негізігі қайнаркөздеріне дұрыс түсіндірме жасаудың мәселелерін анықтау, ханафи әдіснамасы мен идеологиясының қазіргі заманғы тәсілдерін зертеу, оның қазақи діни санаға әсерін анықтау болып табылады. Докторант пәнді зерделеу нәтижесінде келесі біліктілікке ие бола алады: 1. ислам ақидасы мен ислами тұжырымдамалық доктриналарды зерттеудегі әдіснамалық тәсілдерді игеру; 2. қазақстандық дәстүрлі қоғамдағы ислам мәселелері мен сұрақтарын сараптау; 3. қайнаркөздік негізігі, теоретикалық және классикалық материалдардың кең легін қолдану; 4. дәстүрлі қазақ қоғамы тұрғысынан ислам теологтары мен зерттеушілерінің негізгі жұмыстарын бағалау; 5. ислам философиясы мен теологиясы аясындағы мәселелерді көрсету; 6. дінтану және исламтану саласында ғылыми-зерттеу жобаларымен жұмыс жасау. 7. дәрістік курстарды оқып және семинар сабақтарын жүргізу білу. 8. ғылыми-теориялық, дәрістік-семинарлық тәжірибені одан әрі ғылыми және кәсіби қызметке пайдалану. Пәнді оқыту барысында келесі аспектілер қарастырылады: Қазақстанның тарихи және мәдени кеңістігінде діни дәстүрлер; Ханафи әдіснамасы мен идеалогиясының мәнін және оның қазақи діни санаға әсері; исламның негізгі қайнаркөздері; Ханафи мазхабы шеңберінде суннит исламының негізгі қағидалары мен ойлары; Ханафи суннизмі негізінде ислам мен дәстүрдің ара-қатынасы; қазақтардың рухани мұрасы мен діни дәстүріне тән әмбебаптылық пен ерекшелік; қазақ дәстүрлі қоғамындағы әйелдердің орны.

Исламофобия және діни негіздегі стереотиптер
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - «Діни негіздегі исламофобия және стереотиптер» курсы арнайы әдебиетті, сонымен қатар шетелдік (батыс, түрік, араб, ресейлік) және қазақстандық БАҚ сараптау негізінде діни тұрғыда исламофобия мен әлеуметтік-психологиялық стереотиптер түсінігінің теоретикалық-сараптамалық және дінтанушылық зерттеулерін үйретеді. Докторант пәнді зерделеу нәтижесінде келесі біліктілікке ие бола алады: 1. Ислам ақидасы мен ислами тұжырымдамалық ілімдерді зерттеудің әдістемелік құралдарын білу; 2. исламды зерттеудегі стереотиптік ұстанымдарды дәл ажырату; 3. исламофобияның пайда болуының контекстілерін, исламофобия феноменін зерттеудегі исламтанулық дискурстың мәселелерін талдау; 4. мәтінді сараптау барысында ислами компаративистиканың герменевтикалық тәсілдері мен әдістерін қолдану; 5. қазіргі заманғы шындыққа сай ислам теологтары мен зерттеушілерінің негізгі жұмыстарын бағалау; 6. қайнаркөздік негіздегі, теоретикалық және классикалық материалдардың кең легін қолдана білу; 7. Аймақ елдеріндегі әлеуметтік-саяси институттардың қалыптасуы мен жұмыс істеуіне діни және діни-этикалық ілімдердің дәрежесі мен әсер ету сипатын анықтау; 8. ғылыми-теориялық, дәрістік-семинарлық тәжірибені одан әрі ғылыми және кәсіби қызметке пайдалану. Пәнді оқыту барысында келесі аспектілер қарастырылады: Қазақстанның діни кеңістігінде исламофобия және стереотиптер; исламофобияның негізі және оның идеологиясы; исламофобияның діни санаға әсері; исламның негізгі қайнар көздері; ханафи мәзһабы шеңберіндегі исламның сүнниттік идеологиялық негізі мен негізгі принциптері; сүнниттік ханафи мәзһабы аясында ислам мен дәстүрдің арақатынасы; исламның «ханафи мәзһабы», «саяси ислам» және діни либерализм идеологиясын арасындағы негізгі айырмашылықтар.

Конфессияаралық қарым-қатынастардағы толеранттылық
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Конфессиаралық қарым-қатынастардағы толеранттылық Этникалық түр сипатқа ие және де оларды басқара алатын діни жанжалдардың себептері мен механизмдерін тарқатумен байланысты когнитивті, аксиологиялық және праксеологиялық қызметтерді атқарады.Мазмұны полидіни аймақтық ортаның жанжалдық факторларының ерекшеліктерін анықтауды қамтамасыз етеді. Бұл жерде докторанттың кәсіби қызметі меңзеліп отыр, жанжалдарды зерттеу әдістерін және превентивті қызмет технологияларын білуі. Модульдің құрылымы оның ж

Конфессияаралық қатынастар диалог модельдері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Қазақ халқының діни санасы мен діни дәстүрлерінің онтологиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - «Қазақ халқының діни сана онтологиясы мен діни дәстүрлері» курсын оқытудың мақсаты - діни сана мен тарихи ұлттық сана-сезімнің төзімділігін қалыптастыру үшін қазақ халқының діни сана онтологиясының терең мағынасын ашу. Докторант пәнді зерделеу нәтижесінде келесі біліктілікке ие бола алады: 1. дәстүр феноменін, дәстүршілдік, сонымен қатар, модерн мен дәстүрдің өзара әрекеттестігіне негізделген Қазақстанның қазіргі мәдени парадигмасын құрастыру диалогын зерттеуде әдіснамалық амалдарды білу; 2. классикалық және теориялық деректанулық материалдарды кең көлемде білу; 3. діни дәстүрлер онтологиясының мәселелерін және төзімді діни сананы қалыптастырудағы олардың маңызын талдау; 4. мәтіндерді сараптауда ислам компаративистикасының әдістері мен герменевтикалық тәсілдерін қолдану; 5. қазіргі әдіснамалық мақсатты ұстанған түркітанушы, исламтанушы, дінтанушылардың іргелі еңбектерін бағалау; 6. ғылыми-деректанулық материалды, ғылыми мақалаларды, оқу-әдістемелік бағдарламаларды өңдей білу; 7. діни сана-сезімнің эпистемологиялық үлгісінде тілдің және символдың орны мен мағынасын анықтау;; 8. ғылыми-теориялық, дәрістік-семинарлық тәжірибені одан әрі ғылыми және кәсіби қызметке пайдалану. Пәнді оқыту барысында келесі аспектілер қарастырылады: дінтанулық пәннің теориялық-әдіснамалық қоры және категориялы-түсініктік аппараты; Қазақстанның мәдени кеңістігіндегі діни дәстүрлердің іргелі тарихилық, руханилық және мәдени-әлеуметтік мағынасы; діни-рухани дәстүрге қатысты онтологияны айқындайтын негізгі тарихи деректер; діни сана мен діни дәстүр құбылысы; Қазақстандағы діни және мәдени көрінісін қалыптастырудағы ислам және түркі дәстүрінің әлеуеті.

Қазақстан Республикасындағы діни саясат
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Қазіргі әлемдегі дін
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Қазіргі заманғы мистикалық ілімдер
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты – докторанттардың кәсіби қалыптасуына ықпал ететін эзотерикалық ілімдер тарихы туралы тұтас білім беру, түрлі тарихи дәуірдегі осы ілімдерінің қалыптасу және таралу ерекшелігін білу; ілімдік ерекшеліктерінің құрылымы мен мәнін түсіну, эзотерикалық ілімдерді объективті қабылдау, эзотерикалық әдебиеттерге бағдарлана білу. Бұл модульді зерттеу рухани мәдениеттік құбылыстарды түсінуге, ғылыми түсініксіз құбылыстарға баға беруге мүмкіндік береді. Курс аясында түрлі эзотерикалық ілім

Қазіргі замандық діни философиядағы антропологиялық дискурс
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты жалпы қабылданған парадигмалар негізінде оның оқу нысаны болып табылатын антропологиялық дискурсты оның діни-философиялық, теологиялық және ғылыми-дінтанулық бағыттарын, мектептері мен концепцияларымен қоса оқу болып табылады. Пәнді аяқтаған соң докторант келесі икемділік-дағдыларды игереді: 1. діни философиялық-антропологиялық ойлардың негізгі кезеңдерін, қазіргі діни-антропологиялық негізгі концепцияларды; философиялық антропологиядағы фундаментальді теориялық мәселелерді зерделей біледі; 2. қазіргі діни-антропологиялық концепцияларды біледі және оларды салыстыра алады; 3. діни антропологияның теориялық принциптері мен әдістерін өркениеттің қазіргі сұраныстарына қолданудың дұрыстығын, балама антропологиялық гипотезаларға сыни тұрғыдан қарауды, антропологиялық дискурстың қазіргі мәселелерін баяндау және оларды сыни тұрғыда дәйектеп, негіздеуді түсіну; 4. философиялық және діни антропологиядағы методологиялық ұстанымдарды жүйелі түсіну, философиялық және діни дискурстың категориальдық аппаратын, базалық принциптерін, әдістерін игерудің кәсіби деңгейін көрсету; 5. қазіргі шетелдік антропологиялық зерттеулерді зерделеуде теориялық ұстанымдарды зерттеудің ғылыми бағдарламасын жасақтау, шетелдік антропологиялық зерттеулердің методологиясын қазақстандық қоғамның мәдени ерекшеліктеріне қатысты бейімдеу; 6. діни антропологияның заманауи аспектілерін сыни талдау және түрлі діни-антропологиялық концепцияларға салыстырмалы талдау жасау, классикалық діни-антропологиялық концепциялармен тарихи параллель жүргізу; 7. өз мамандығының профилі бойынша сараптамалық жұмыс жүргізу және оның қорытындыларын тиісті талаптарға сәйкес рәсімделген есептер түрінде жариялау; 8. салыстырмалы талдау, әлеуметтік модельдеу және діни антропологияның дамуын талдау әдістерімен жұмыс дағдыларын жетілдіру. Пән діни антропология, адам туралы діни және философиялық ілімдердің теориясы мен тарихы туралы білімдерді қалыптастырады. Пәнді оқытқан кезеңде келесі аспектілер қарастырылады: Діни антропологияға кіріспе. Адамның философия мен ғылымда пайда болуы мәселесі. Қазіргі заманғы философиялық антропологияның шетелдік және отандық ой-пікірлердің негізгі идеялары. Түрік әлеміндегі антропологиялық дискурс. Адам туралы діни ілімдердің теориясы мен тарихы тұлғаға рухани ізденістерде және күнделікті өмірде, басқа адамдармен қарым-қатынаста, дінтанушының, философтың, оқытушының, саясаткердің, журналистің, әкімшінің, сондай-ақ мемлекеттік қызметкердің кәсіби қызметінде бағыт-бағдар береді.

Ханафи мазхабының негізгі парадигмалық мәнмәтіні
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курсты оқытудың мақсаты – ханафи мазхабын зерттеу және оның толерантты діни сананың қазақстандық қоғамдағы дамуындағы рөлі. Докторант пәнді зерделеу нәтижесінде келесі біліктілікке ие бола алады: 1. ханафи мазхабының негізгі парадигмаларын талдау; 2. мәтінді сараптауда салыстырмалы талдау тәсілдерін пайдалану; 3. классикалық деректанулық материалдарды кең көлемде игеру ; 4. ғылыми-деректанулық материалды, ғылыми мақалаларды, оқу-әдістемелік бағдарламаларды өңдей білу; 5. қазіргі заманғы шындыққа сай ислам теологтары мен зерттеушілерінің негізгі жұмыстарын қолдану; 6. мәселелерді анықтау, құрастыру және шеше білу, дінтанулық зерттеулердің қажетті әдістерін пайдалану; 7. дәрістік курстарды оқып және семинар сабақтарын жүргізу білу. 8. ғылыми-теориялық, дәрістік-семинарлық тәжірибені одан әрі ғылыми және кәсіби қызметке пайдалану. Пәнді оқыту барысында келесі аспектілер қарастырылады: тарихи және саяси контекстілердегі ханафи мәзхабы; ханафи ілімінде қолданылатын құқық негіздері: Құран, Сүннет, Пайғамбар сахабаларының иджамалары мен жеке пайымдары, қияс (ұқсастық бойынша (аналогия) үкім шығару әдісі), истихсан (бір дәлелді құптау), урф (жергілікті дәстүр); ханафи мәзхабын зерттеудің шетелдік тәжірибесі және оның исламды объективті қайта қарау үшін маңызы; Әбу Ханифа еңбектері және олардың тарихи мәні; Қазақстандағы ханафи мәзхабының қабылдануы мен бағалануы; ханафи мәзхабының мұсылмандарды біріктіру мен конфессияаралық келісімді нығайтудағы мүмкіндіктері.

2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Thomson Reuters, Scopus базасына енетін немесе ККСОН ұсынатын мерзімді баспасөздердегі жарияланымдар
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Ғылыми тағылымдама
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы - Ғылыми тағылымдаманың мақсаты: докторанттарда шетел университеті негізінде заманауи зерттеу әдістерін және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, кәсіби салада ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуге қабілеттілігін қалыптастыру. Курсты оқу барысында докторант төмендегідей білімдерді меңгереді: 1. ғылыми зерттеулерді жүргізу әдістемесінің негіздерін, ғылыми тәжірибені жоспарлау мен ұйымдастыруды, ғылыми деректерді өңдеуді негіздеу; 2. ғылыми және практикалық мәселелерді, оның ішінде пәнаралық бағыттарды шешу әдістерін талқылау; 3. зерттеу және практикалық міндеттерге балама шешімдерді талдау және осы нұсқаларды іске асырудың әлеуетті артықшылықтарын бағалау; 4. заманауи компьютерлік технологияларды қолдану арқылы ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және беру әдістері туралы теориялық білімдерді қолдану; 5. тыңдаушылардың әртүрлі контингенттері үшін ақпарат беру әдістері мен әдістерін таңдау. Ғылыми тағылымдаманы оқу нәтижесінде докторанттар төмендегі мәселелерді қарастырады: Ғылыми зерттеулерді жүргізу әдістемесінің негіздері, ғылыми тәжірибені жоспарлау және ұйымдастыру, шетел университеті негізінде ғылыми деректерді өңдеу. Ағымдағы ғылыми проблема бойынша тәуелсіз зерттеу жүргізу. Зерттеу нәтижелерін дайындау және таныстыру: конференцияларға, семинарларға қатысу, баяндамалар, тақырып бойынша жарияланымдар. Ғылыми тағылымдамадан өту және оны қорғау нәтижелері туралы есеп дайындау.

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар ІI)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар IIІ)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар V)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар VІ)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар І)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар ІV)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторлық диссертацияны орындау
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы - Докторлық диссертацияны орындау мақсаты: «8D075 -Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша) білім беру бағдарламасы бойынша докторлық диссертацияны қорғауға дайындық. Курсты оқу барысында докторант төмендегідей білімдерді меңгереді: 1. ғылыми-зерттеу жұмыстарының барысында пайда болатын және тереңдетілген кәсіби білімді талап ететін мәселелерді шешудің прогрессін көрсету; 2. міндеттер шеңберінде теориялық немесе тәжірибелік зерттеулер жүргізуді, оның ішінде математикалық (имитациялық) эксперимент жүргізуді талап ету; 3. зерттеудің қажетті әдістерін таңдай алады, қолданыстағы әдістерді өзгертуге және белгілі бір зерттеудің міндеттеріне негізделген жаңа әдістерді әзірлеуге болады; 4. нормативтік көздер мен ғылыми әдебиеттер бойынша өзіндік жұмыс үшін шет тілдерін пайдалану; 5. диссертациялық зерттеудің мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдайды, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерінің ғылыми жаңалығы мен практикалық маңыздылығын анықтайды; зерттеу жұмыстарының құрылымдық әдіснамалық схемасын әзірлеу. Докторлық диссертацияны орындауды оқу нәтижесінде докторанттар төмендегі мәселелерді қарастырады: Диссертацияның презентациясы және алдын ала сараптамасы. Өтініш берушінің ісін Университеттің Ғылыми кеңесінде тіркеу. Тезистерді қорғау туралы хабарландыру. Авторефератты жариялау және жіберу. Диссертацияны қорғаудан кейін құжаттарды рәсімдеу.

Зерттеу
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Зерттеу тәжірибесі

Педагогикалық
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Педагогикалық

Халықаралық конференциялар материалдарындағы жарияланымдар
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы - Халықаралық конференциялар материалдарындағы жарияланымдардың мақсаты: ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін ғылыми қоғамдастыққа ұсыну, кері байланыс алу және кәсіптік қызмет саласында тәжірибе алмасу мүмкіндігі туралы докторанттар қалыптастыру. Курсты оқу барысында докторант төмендегідей білімдерді меңгереді: 1. ғылыми зерттеулердегі қазіргі үрдістерді көрсету; 2. ғылыми журналдарда, халықаралық конференциялар мен симпозиумдардағы материалдардағы зерттеулердің аннотирленген нәтижелерін айқындау; 3. теориялық және қолданбалы міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін жаңа, ғылыми негізделген, теориялық немесе тәжірибелік нәтижелерді қолдануға болады; 4. таңдалған кәсіби қызмет саласындағы ғылыми нәтижелерді, әріптестер мен қарсыластардың деректерін талдау; 5. қызметтің кәсіби саласын ғылыми зерттеуде ұсынылған әзірлемелерді пайдалану идеяларын қалыптастыру. Халықаралық конференциялар материалдарындағы жарияланымдарды оқу нәтижесінде докторанттар төмендегі мәселелерді қарастырады: Ғылыми және халықаралық конференциялардың рейтингін талдау. Қатысу түрлері бойынша ғылыми конференциялар. Халықаралық және жергілікті конференциялар. Редакциялық кеңестің талаптарына сәйкес ғылыми мақаланы жариялау.

2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген