Докторантура
Психология

Психология

БАҒДАРЛАМА СИПАТТАМАСЫ

Халықаралық аккредитация: ACQUIN
Бағдарлама: 6D050300 – Психология
Оқыту деңгейі: Докторантура
Емтихандар: Шет тілі (тест), мамандық бойынша оқу түсу емтиханы (жазбаша)
Оқыту формасы: күндізгі
Оқыту мерзімі: 3 жыл
«Психология» бағыты бойынша оқитын бакалавр келесі кәсіби іс-әрекет түрлеріне дайындалады:
• Даярлаудың осы бағыты шеңберінде республикалық және халықаралық деңгейдегі жоғары оқу орындарында кәсіби педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыру;
• Психологиялық кеңес беру, клиникалық психология және денсаулық психологиясы салаларында ғылыми-зерттеу іс-әрекетін жүзеге асыру;
• Денсаулық сақтау, әкімшілік органдарында, елдің қорғаныс салаларында кәсіби-сараптамалық міндеттерді орындау;
• Интеллектілік инновацияны өңдеу және ендіру саласында жұмыс жасау, психологиялық ғылымының қолданбалы салаларында ғылыми еңбектің нәтижелерін коммерциализациялау.
Профильді пәндер:
• Психологияның өзекті мәселелері
• Өзгеріс, даму және денсаулық
• Тұлғаның әлеуметтік психологиясы
• Мінез-құлықтық Нейроғылым
• Клиникалық психология
• Ми және когниция және т.б.
Білім берудің артықшылықтары:
PhD бағдарламасы халықаралық стандарттар деңгейінде PhD студенттердің кәсіби өзіндік сәйкестілігін қалыптастыру мақсатында психология ғылымының ғылым мен тәжірибе саласының кешенді оқыту әдіснамасын ұстанады. Даярлау бағдарламасы шеңберінде PhD студенттер халықаралық деңгейде психология саласында сараптамалық-психологиялық бағалау, ғылыми зерттеуді сыни талдау және т.б. сияқты кәсіби маңызды құзіреттерді қалыптастыру мақсатында өзінің зерттеулік қызығушылықтарымен сәйкес ғалым-практик моделімен оқиды. Сонымен бірге бағдарлама шығармашылық танымдық белсенділікті арттыратын психологиялық эксперименттің қазіргі бағыттары негізінде PhD докторларды даярлауды жүзеге асырады. «Психология» мамандығы бойынша докторантура психологиялық білімде инновациялық психотехнологиялар мен моделдеу әдістерінің қазіргі даму тенденцияларының жүйелік білімдерін меңгеруді қамтамасыз етеді. PhD докторанттар қазіргі психология саласындаға ғылыми-зерттеулік және қолданбалы білімдерді ағылшын тілінде оқиды және меңгереді.
Халықаралық байланыстар:
• «Протекта» инновация және білім беру орталығы (Бургас қ., Болгария);
• Zayed University (Филадельфия, АҚШ);
• University of Reading (Беркшир, Ұлыбритания);
• Канада Онтарио, Трент университеті;
• SWPS әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар университеті (Польша, Варшава);
• Канадалық психологиялық ассоциация жанындағы кросс-мәдени психология орталығы, Гельф (Канада);
• Штихтинг Еврорегион университеті (Нидерланды).
Тәжірибеден өту орындары және жұмыспен қамту мүмкіндіктері: халықаралық ЖОО, халықаралық зерттеу лабораториялары, ҒЗИ, консалтингтік ұйымдар, психологиялық орталықтар және т.б.

Оқу бағасы мен оқу жылдардың санын калькуляторы:

Оқу түрі - күндізгі

Оқу деңгейі - Ғылыми - педагогикалық бағыт

Сіз


  

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Психология
Мамандық шифры
6D050300
Факультеті
Философия және саясаттану
Оқу деңгейлері
Ғылыми - педагогикалық бағыт
Оқу түрлері
күндізгі
Өту балы
ҚАЗ
187
ОРЫС
187

пәндер

Жалпы психологияның өзекті мәселелері: отандық және шетелдік зерттеулерге салыстырмалы талдауы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты студенттерінде шетелдік және отандық психологиядағы әдіснамалық өзгешеліктерді ұғыну, зерттеу мәселелерін, психологиядағы әдіснамалық дилеммді түсіну қабілетін дамыту. Пәнді оқу нәтижесінде докторанттар келесі құзіреттерді меңгереді: - психологиядағы жүйелік бағыт аймағындағы ғылыми ақпараттарды білу және түсіну; - қазіргі психологиядағы ғылыми зерттеулерде этикалық стандарттарын түсіну; - шетелдік және отандық психологияның әдіснамалық айырмашылықтарын, психологияның әдіснамалық диллемалары мен зерттеу мәселелерін сыни талдау; - психологияның әдіснамалық, теориялық және тәжірибелік мәселелерін зерттеу, күрделі идеяларды біріктіре алу; - психологиялық тұжырымдамалар мен зерттеудің әдіснамалық талдауын жүргізу және оның шектеулерін анықтай алу - ғылыми есеп құрастыру мақсатында жаңа және дәстүрлі идеяларды жобалау.

2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Денсаулық психологиясындағы жүйелік бағыт
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты қазіргі денсаулық психологиясында әдіснамалық диелеммдерді шешу, зерттеу мәселелерін түсіну, зерттеу әдістері, кәсіби әдіснамалық білімді қолдану мен түсіну қабілетін дамыту. Пәнді оқу нәтижесінде докторанттар келесі құзіреттерді меңгереді: Білу және түсіну. Денсаулық -қазіргі денсаулық психологиясында ғылыми және теоретикалық бағыттарды білу және сыни талдау; - денсаулық психологиясы саласында зерттеу әдістері мәліметтерді сандық және сапалық талдау стратегиялары мен сұрақтарды талдауда халықаралық дәрежеде қарастыру; - өзінің ғылыми қызығушылықтарына қатысты денсаулық психологиясы бойынша ғылыми көзқарастарын дамыту, отандық және шетелдік әдіснамалық тұжырымдамалар аясында зерттеулерді салыстыру; - денсаулық психологиясындағы теория мен практика мәселелеріне, этикалық стандарттарға сай шешімдерді қабылдау мен әдіснамалық мәселелерді сыни талдау; - денсаулық психологиясы бойынша қолданбалы жарияланымдардағы зерттеу нәтижелерін салыстыру, психологиялық зерттеу нәтижелерін өңдеуді сыни жүргізу; -денсаулық психологиясында кәсібилік пен рефлексиялық практиканы психологиялық зерттеулерді жүргізу.

Ерекшелік, бірдейлік және мәдениет
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Когнитивті процестер және ми
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты когнитивтік процестердің нейроғылым саласындағы зерттеулер бойынша мимен өзара байланысты когнитивтік процестердің негізгі теориялары мен ғылыми мәліметтерін сыни талдау қабілетін дамыту. Пәнді оқу нәтижесінде докторанттар келесі құзіреттерді меңгереді: - мимен өзара байланысты когнитивтік процестер туралы негізгі теория мен ғылыми дәлелдердің қазіргі заманғы үрдістерін білу және түсіну; - ми және когнитвитік процестер психологиясының әртүрлі ғылыми білімін синтездеу жолымен жаңа әдіснамалық, теориялық және практикалық мәселелерін түсіну; - ми процестерін зерттеудің ғылыми әдістерін, тапсырма орындау процесіндгі когнитивтік процестердің негізгі проблемаларын сыни талдау; - ми және когниция психологиясындағы күрделі идеялар мен болжамдарды талдау дәлелдеу; - әлеуметтік мінез-құлыққа әсер ететін психологиялық факторларды сәйкестендіру, өзінің жеке ғылыми болжамын қалыптастыру және негіздеу. Бұл курста ми және когнитивтік процестер мәселелерімен байланысты кең ауқымды білім мен түсінігін, танымдық процестер мен олардың биологиялық негіздері психологиясының мәселелері аймағындағы әдіснамалық диллемаларды, тұлға аралық түсіністікті зерттеу процесіндегі жүйелік бағыттың ерекшеліктерін, топтаралық процестердің мазмұндық, сапалық және процессуалды жақтарын, нейроғылымның қазіргі әдістерін, ми және когнитвитік процестерді зерттеудің отандық және шетелдік концепцияларын, этикалық стандартқа сай ғылыми диллемаларын қарастырады.

Когниция, эмоция және психопатология
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты психопатологиямен өзара байланысты эмоция, когниция психологиясының әдіснамалық талдаудың психологиялық бағалауын талдау, халықаралық деңгейде ғылыми зерттеуді сыни талдау қабілетін дамыту. Пәнді оқу нәтижесінде докторанттар келесі құзіреттерді меңгереді: - психопатология, эмоция және когниция психология саласында қазіргі заманғы тәсілдер мен зерттеулердің басым бағыттарын анықтау; - нейроғылым және психологияда жаңа әдіснамалық, теориялық және практикалық мәселелерді зерттеудің қазіргі зерттеу бағыттарын анықтау; - эмоция, психопатология және когниция психологиясының зерттеу аясында әдіснамалық және теориялық бағытта сыни талдау; - когниция мен эмоция психологиясы аймағындағы эксперименттердің дизайнын жасауа қазіргі концепцияларға сай әдіснамалық талдауын жасау; - халықаралық деңгейде психопатология, эмоция және когниция психология саласындағы ғылыми зерттеулерді бағалау; психологияның әдіснамалық мәселелері және ғылыми тәсілге сәйкес ғылыми шешім табу. Бұл пән шеңберінде психопатология, эмоция және когницияның психологиялық заңдылықтары туралы ғылыми-негізделген білімдер қарастырылады. Отандық және шетелдік психологиядағы психологиялық факторлар мен психопатология, эмоция және когниция ерекшеліктері туралы, когниция, эмоция детерминанттары және психологиялық алғы шарттары туралы білімдеріне талдау жасайды, психопатология, эмоция және когниция психологиясының қазіргі психофизиологиялық әдістері. Эмоция және таным нейропсихологиялық негіздерін зерттеудің этикалық диллемасы.

Нейроғылымдағы зерттеу әдістері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Оқыту және ес
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты оқыту және ес аймағында және аралас білім аймағындағы тәжірбиені интерпретациялау және сыни талдау қабілетін дамыту. Пәнді оқу нәтижесінде докторанттар келесі құзіреттерді меңгереді: - оқыту және есті түсіндіретін, психологиялық теорияның методологиясын түсіну; - оқыту және ес аймағындағы әлемдік және Қазақстандық ғылымның жетістігін түсіну; - интерноциализм мен жаңалану глоболизациясындағы гендерлік қатынастың даму моделі мен тенденциясын, оқыту мен ес психология тенденциясын сыни талдау; - гендерлік айырмашылықтар жайлы эмпирикалық зерттеулер мен аралас ғылымдар шеңберіндегі түрлі көзқарастармен байланысты жаңашыл психологиядағы оқыту және ес аймағындағы білімдерді талдау; - ес және оқыту тақырыбына зерттеу жобасын жасау. Бұл курс ес және оқыту мәселелерін қарастырады, оқыту және ес аймағындағы ғылыми тұжырымдамалар мен зерттеулер, шиеленістік жағдайлардағы мінез-құлық тәсілдері, қазіргі қоғамдағы гендерлік қатынасты зерттеу нәтижелерін пайдалану мен өлшеу ерекшеліктері, оқыту және ес аймағындағы халықаралық дәрежелдегі қазіргі зерттеулер дизайнын талдау.

Өзара қатынастың гендерлік динамикасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты гендерлік психология ғылым аймағында және аралас білім аймағындағы тәжірбиені интерпритациялау және сыни талдау қабілетін дамыту. Пәнді оқу нәтижесінде докторанттар келесі құзіреттерді меңгереді: -гендерлік айырмашылық пен ұқсастықтарды түсіндіретін психологиялық теорияның методологияcын түсіну; - гендерлік қарым-қатынас аймағындағы әлемдік және Қазақстандық ғылымның жетістігін анықтау; - интерноциализм мен жаңалану глоболизациясындағы гендерлік қатынастың даму моделі мен тенденциясы мен ағымдағы тенденциясын сыни талдау; - гендерлік айырмашылықтар жайлы эмпирикалық зерттеулер мен аралас ғылымдар шеңберіндегі түрлі көзқарастармен байланысты жаңашыл психологиядағы синтездеу және гендерлік психология аймағындағы білімдерді талдау; - гендерлік динамика қарым-қатынас тақырыбына зерттеу жобасын өңдеу; гендерлік психология аймағында қолданатын жаңа зерттеу әдістерін қолдану. Бұл курс қарым-қатынас процесіндегі гендерлік динамика мәселелерін қарастырады, гендерлік қатынас аймағындағы ғылыми тұжырымдамалар мен зерттеулер, шиеленістік жағдайлардағы мінез-құлық тәсілдері, қазіргі қоғамдағы гендерлік қатынасты зерттеу нәтижелерін пайдалану мен өлшеу ерекшеліктері, гендерлік қарым-қатынас аймағындағы халықаралық дәрежелдегі қазіргі зерттеулер дизайнын талдау.

Өзгеріс психологиясы және тұлғалық даму
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты адам психикасының физиологиялық процесстері мен танымдық өзгерістерінің зерттеу мәселелерінің орнын талдауды шешу мен тану қабілетін дамыту. Пәнді оқу нәтижесінде докторанттар келесі құзіреттерді меңгереді: -негізгі физиологиялық процестер мен танымдық өзгерістердің әдіснамалық тұжырымдамаларының сыни талдау мен түсіну, физиологиялық процестердің негізінде жатқан танымдық процестердің өзгерістерін зерттеу әдістері мен эксперимент дизайнын анықтау шеңберінде кәсіби әдіснамалық білімдерді түсіну; -тұлғаның өзгерістері аймағындағы қазіргі ғылыми зерттеулерді танымдық психикалық өзгерістер мен ми процестерінің физиологиясымен салыстыра отырып білу; - физиологиялық процестер мен танымдық өзгерістердің әдіснамалық тұжырымдамаларының өзектілігін сыни бағалау, ғылыми шешімдерді іздеу мен танымдық процестер мен физиологиялық өзгерістер аймағындағы әдіснамалық мәселелерді табу; - танымдық процестер мен физиологиялық өзгерістер аймағындағы этикалық стандарттарға сай өзараәрекеттестігі аймағындағы қазіргі психологиялық зерттеулердің мәні мен ролін ғылыми салыстыра отырып негіздеу; -тұлға өзгерістері психологиясы аймағындағы эмпирикалық зерттеулерді жүргізу кезіндегі этикалық стандарттарды анықтау және сәйкестендіру; - тұлға өзгерістері психологиясы аймағындағы ғылыми зерттеулерге тәжірибелік психологиялық қызметке енгізу, дамыту мен жоспарлау мақсатында бағалау.

Топтар психологиясы және ұйымдар
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Тұлға және мінез-құлықтық шешім қабылдау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Тұлғааралық және топаралық қарым-қатынастар
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Бұл курс докторанттарға тұлғааралық және топаралық қарым-қатынастар мәселесімен байланысты білімдер мен түсініктерді алады. Ол өзіне топаралық қатынастарды олардың мазмұнды және процестік жағын кешенді қарастыратын тұлғааралық түсіну процесін зерттеу негізінде жүйелі принципті зерттеуді көрсетеді. Материал мүмкіндігінше интегралды бейнеде құрылған, мысалы, тұлғааралық және топаралық қарым-қатынастар процестерінің теориясы еңбек, таным және қарым-қатынас саласында әртүрлі тәжірибеде өзара әрекетпен тығыз байланысты. Пәнді оқу нәтижесінде докторант келесі құзыреттіліктерді меңгеруі керек: Білу: ғылыми зерттеу барысында тұлғааралық және топаралық қарым-қатынастартың қазіргі базалық психологиялық концепциясының негізгі сипатын; Игеру: психологиялық эксперимент барысында тұлғааралық және топаралық қарым-қатынастардың психологиялық концепциялары негізінде ғылыми зерттеулерді басқару бағдарламасын құру; Меңгеру: жүргізілген зерттеуден алынған нәтижені жүйелі талдау дағдысын, тұлғааралық және топаралық қарым-қатынастар саласы бойынша білімдерді қолдану дағдысын. Сонымен бірге, курс докторанттарға мазмұнды және процессуалды негізде тұлғааралық және топаралық қарым-қатынастар нені білдіреді деген мәнді түсіндіреді.

Эмоциялар және денсаулық
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты эмоция психологиясындағы жаңа және ескі парадигмаларды синтездеу, зерттеу материалдары мен ғылыми пікірлерді жинауб критикалды талдау қабілетін дамыту. Пәнді оқу нәтижесінде докторанттар келесі құзіреттерді меңгереді: - эмоция және денсаулық психологиясы аймағындағы зерттеу әдістерін таңдау логикасын түсіну; - психологиядағы денсаулық және эмоциядағы әдістемелік мәселені жоспарлау дағдыларын пайдалану және тәжірибелік мәселелерді түсіну; - эмоция және денсаулық психологиясы аймағындағы жаңа зерттеу әдістері мен и қадамдарды білу және сын талдау; - эмоция және денсаулық психологиясы аймағындағы жаңа зерттеу әдістері мен и қадамдарды білу және сын талдау; - эмоция теорияларының салыстырмалы талдауын пайдалана отырып нақты зерттеу жобалау. Берілген пән аймағында адамның эмоциялық сферасы мен денсаулығының өзара байланысы жайлы түсінік пайда болады, денсаулыққа байланысты жүйелік талдау мәселе мүмкіндігі, жаңашыл психотехнологияны қолдану және денсаулықты қалпына келтіру, салауатты өмір салтын ұстанудың ғылыми-негізделген жүйесін құру, эмоция мн денсаулық аймағындағы психологиялық концепциялардың сыни талдауы. Эмоция және денсаулық аймағындағы шетелдік және отандық қазіргі зерттеу бағыттары. Эмоция және денсаулық аймағындағы заманауи эксперимент дизайнын қалыптастыру мәселесі.

2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Thomson Reuters, Scopus базасына енетін немесе ККСОН ұсынатын мерзімді баспасөздердегі жарияланымдар
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Ғылыми тағылымдама
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы - Ғылыми тағылымдаманың мақсаты: докторанттарда шетел университеті негізінде заманауи зерттеу әдістерін және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, кәсіби салада ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуге қабілеттілігін қалыптастыру. Курсты оқу барысында докторант төмендегідей білімдерді меңгереді: 1. ғылыми зерттеулерді жүргізу әдістемесінің негіздерін, ғылыми тәжірибені жоспарлау мен ұйымдастыруды, ғылыми деректерді өңдеуді негіздеу; 2. ғылыми және практикалық мәселелерді, оның ішінде пәнаралық бағыттарды шешу әдістерін талқылау; 3. зерттеу және практикалық міндеттерге балама шешімдерді талдау және осы нұсқаларды іске асырудың әлеуетті артықшылықтарын бағалау; 4. заманауи компьютерлік технологияларды қолдану арқылы ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және беру әдістері туралы теориялық білімдерді қолдану; 5. тыңдаушылардың әртүрлі контингенттері үшін ақпарат беру әдістері мен әдістерін таңдау. Ғылыми тағылымдаманы оқу нәтижесінде докторанттар төмендегі мәселелерді қарастырады: Ғылыми зерттеулерді жүргізу әдістемесінің негіздері, ғылыми тәжірибені жоспарлау және ұйымдастыру, шетел университеті негізінде ғылыми деректерді өңдеу. Ағымдағы ғылыми проблема бойынша тәуелсіз зерттеу жүргізу. Зерттеу нәтижелерін дайындау және таныстыру: конференцияларға, семинарларға қатысу, баяндамалар, тақырып бойынша жарияланымдар. Ғылыми тағылымдамадан өту және оны қорғау нәтижелері туралы есеп дайындау.

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар ІI)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар IIІ)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар V)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар VІ)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар І)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар ІV)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторлық диссертацияны орындау
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы - Докторлық диссертацияны орындау мақсаты: «8D075 -Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша) білім беру бағдарламасы бойынша докторлық диссертацияны қорғауға дайындық. Курсты оқу барысында докторант төмендегідей білімдерді меңгереді: 1. ғылыми-зерттеу жұмыстарының барысында пайда болатын және тереңдетілген кәсіби білімді талап ететін мәселелерді шешудің прогрессін көрсету; 2. міндеттер шеңберінде теориялық немесе тәжірибелік зерттеулер жүргізуді, оның ішінде математикалық (имитациялық) эксперимент жүргізуді талап ету; 3. зерттеудің қажетті әдістерін таңдай алады, қолданыстағы әдістерді өзгертуге және белгілі бір зерттеудің міндеттеріне негізделген жаңа әдістерді әзірлеуге болады; 4. нормативтік көздер мен ғылыми әдебиеттер бойынша өзіндік жұмыс үшін шет тілдерін пайдалану; 5. диссертациялық зерттеудің мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдайды, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерінің ғылыми жаңалығы мен практикалық маңыздылығын анықтайды; зерттеу жұмыстарының құрылымдық әдіснамалық схемасын әзірлеу. Докторлық диссертацияны орындауды оқу нәтижесінде докторанттар төмендегі мәселелерді қарастырады: Диссертацияның презентациясы және алдын ала сараптамасы. Өтініш берушінің ісін Университеттің Ғылыми кеңесінде тіркеу. Тезистерді қорғау туралы хабарландыру. Авторефератты жариялау және жіберу. Диссертацияны қорғаудан кейін құжаттарды рәсімдеу.

Зерттеу
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Зерттеу тәжірибесі

Педагогикалық
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Педагогикалық

Халықаралық конференциялар материалдарындағы жарияланымдар
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы - Халықаралық конференциялар материалдарындағы жарияланымдардың мақсаты: ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін ғылыми қоғамдастыққа ұсыну, кері байланыс алу және кәсіптік қызмет саласында тәжірибе алмасу мүмкіндігі туралы докторанттар қалыптастыру. Курсты оқу барысында докторант төмендегідей білімдерді меңгереді: 1. ғылыми зерттеулердегі қазіргі үрдістерді көрсету; 2. ғылыми журналдарда, халықаралық конференциялар мен симпозиумдардағы материалдардағы зерттеулердің аннотирленген нәтижелерін айқындау; 3. теориялық және қолданбалы міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін жаңа, ғылыми негізделген, теориялық немесе тәжірибелік нәтижелерді қолдануға болады; 4. таңдалған кәсіби қызмет саласындағы ғылыми нәтижелерді, әріптестер мен қарсыластардың деректерін талдау; 5. қызметтің кәсіби саласын ғылыми зерттеуде ұсынылған әзірлемелерді пайдалану идеяларын қалыптастыру. Халықаралық конференциялар материалдарындағы жарияланымдарды оқу нәтижесінде докторанттар төмендегі мәселелерді қарастырады: Ғылыми және халықаралық конференциялардың рейтингін талдау. Қатысу түрлері бойынша ғылыми конференциялар. Халықаралық және жергілікті конференциялар. Редакциялық кеңестің талаптарына сәйкес ғылыми мақаланы жариялау.

2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген