Докторантура
Жобаны басқару

Жобаны басқару

БIЛIКТIЛIГІ

  • Ғылыми - педагогикалық бағыт - экономика ғылымдарының магистрі
  • Бейіндік бағыт - экономика және бизнес магистрі

БАҒДАРЛАМА СИПАТТАМАСЫ

Білім беру мақсаты мен нәтижелері:
Білім беру бағдарламасының мақсаты – командада да, жеке де жұмыс iстей алатын терең бiлiмге ие, ынталы, еңбек нарығының және қазiргi технологиялардың құбылмалылығына адаптивтi, әрі қазiргi заманғы мамандардың формациясының талаптарына сай дайындау.

Білім беру бағдарламасының міндеттері

- докторанттарды даярлау барысында жеке тұлғалық дамудың теориялық және тәжерибелік тұстарына көңіл бөліп, олардың сапалы білім алуына және жоғары деңгейлі мамандыққа ие болуға жағдай жасау;

-отандық экономика және бизнес, ғылым және білім беру салаларының сұранысына сай тәжiрибесi жоғары деңгейлі мамандарды әзiрленуге мүмкiндiк беретiндей білім беру бағдарламаларын тәжірибемен байланыстаруды күшейту;

-оқу барысын жылдам және ыңғайлы етіп жоспарлау үшін жағдай жасау, білім беруде пән аралық тепе-теңдік орнату, аудиториялық және өзiндiк жұмыстарды ұтымды байланыстыру;

-білім алушылардың өзін ізі жетілдіруге және өздiгiнен дамуға деген қабілеттерін дамыту, қазiргi бiлiмдердi және дағдыларды дербес шығармашылық түрде меңгеруге дағдыландыру.

PhD докторы

түсінігі болу керек:

заманауи экономикалық ғылым және бизнес саласындағы даму, инновациялық өзгерістер және жаһандану мен ұлттандыру үрдістері туралы;

әлемдік және Қазақстандық экономикалық ғылымдардың мектептері мен олардың басқару саласы бойынша ғылыми жетістіктерін;

мемлекеттік және жергілікті басқару саласындағы әдістемелер, әдістер мен ұстанымдарды ұйымдастыру мен ғылыми зерттеулер туралы;

зерттеуші ғалымның педагогикалық және ғылыми этикасы, оның ынталандыруы мен кәсіби қасиеттері

таңдалған мамандық және сабақтас салалардағы алдыңғы қатарлы білім туралы.

білуі керек:

-жобаларды басқарудың және тепетеңдік көрсеткіштер жүйесінің теоретикалық және тәжирибелік негіздерін;

-жобаларды басқарудағы мамандырылған қолданбалы бағдарламаларды;

-жобаларды басқару ғылымның жетістіктерін, алғы қазақстандық және әлемдік тәжірибесін;

-ғылыми байланыс пен халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру үшін жеткілікті деңгейде шет тілін.

істей білуі керек:

-заманауи талдау әдістері негізінде әр түрлі қайнар көздерден алынатын құнды ақпараттарды өңдеп, өз бетінше зерттеу жұмыстарын жүргізу;

-ғылыми зерттеушілік және педагогикалық қызметі аясында өз бетінше толық циклді жұмыс жасай;

-жобаларды жасауға және жүзеге асыруға мамандырылған теориялық және тәжірибелік білімдерді қолдану;

-жобаның бизнес- жоспарын жасау;
-жобалардың сараптамасын жүргізу;

-жобаны барлық өмірлік циклының кезеңдерінде жоспарлау, жүзеге асыру, бақылау;

-жобалық талдауды жасау;
-жобалық құжаттарды жүргізу;

игеру:

-ғылыми-зерттеушілік және ғылыми-педагогикалық қызметті жүргізу дағдылары;

-заманауи техникалық құралдардың көмегімен ақпараттарды алу, өңдеу және алынған ақпаратты жеткізу дағдылары;

-жұмысты декомпозициялау және жұмыстың иерархиялық құрылымын құру;-

-жүйелік графигтерді, кестені, жобаның бюджетін, тәуекелдерді ескеруді құрастыру дағдылары;

-жобаларды басқару бойынша ақпараттық технологияларды қолдану бойынша өзін-өзін дамыту;

құзіретті болу:

- жобаларды басқару саласында;

-маңызды мәселелер мен оларды шешу бойынша өзіндік және бірлескен ғылыми жобаларды ұйымдастыру және оларды жүзеге асыру;

- жобаларды жүзеге асырғанда пайда болатын дау-жанжалдарды шешу;

меңгеруі тиіс:

-кәсіби және тұлғааралық құзіреттерді.

Оқу бағасы мен оқу жылдардың санын калькуляторы:

Оқу түрі - күндізгі

Оқу деңгейі - Ғылыми - педагогикалық бағыт

Сіз


  

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Жобаны басқару
Мамандық шифры
6D051800
Факультеті
Экономика және бизнес жоғарғы мектебі
Оқу деңгейлері
Ғылыми - педагогикалық бағыт
Оқу түрлері
күндізгі
Өту балы
ҚАЗ
0
ОРЫС
0

пәндер

Жобаны басқарудағы әдістер мен модельдер
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: болашақ кəсіби қызметтің контексінде жобалау əдістемесін модельдеу жəне қолдану саласындағы тұтас көзқарас қалыптастыру. Курсты оқу барысында студент төмендегідей білімдерді меңгереді: - жобаларды басқарудың математикалық моделдерінің минималды жиынтығын ажыратуға және сипаттауға; - жобаларды басқару үдерісінде туындайтын мәселелердің негізгі типтерін айқындауға және тұжырымдауға; - шешілетін мәселелерді түсіну үшін сыныптауда кез келген жаңа моделді күйіне келтіруге; - оңтайландыру мәселелердің белгілі сыныптарын шешуге; - нақты жобаға таңдаған математикалық моделді құруға. Пәннің қысқаша мазмұны/ Аннотация дисциплины/ Abstract оf discipline Пәндерді оқыту кезінде келесі аспектілер қарастырылады: Курстың негізгі мазмұны. Тораптық үлгі және тораптық график түсінігі. Графтар теориясы шешетін негізгі мәселелер. Тораптық диаграммаларды бейнелеу жолдары. Тораптық үлгілерді реттеу. Тораптық үлгілерді есептеудің негізгі әдістері: CPM, PERT. Монте-Карло әдісімен жобаны орындауды моделдеу. Ресурстар бойынша жобаны оптимизациялау әдістері (CPM-COST, PERT-COST). Жалпыланып анықталған тораптық үлгілер (GNM). Жоба жұмыстары арасындағы жалпыланған байланыстар. Жалпыланған тораптық үлгілерді өзгерту және есептеу. Жалпыланған үлгілерді қолдану. Ресурстар бойынша тораптық үлгілерді оптимизациялау. Стохастикалық (баламалық) тораптарды (GAN, GERT) қолдану.

2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

АӨК-дегі жобаларды басқару
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - АӨК-дегі жобалардың ресурстары. АӨК-дегі жобаларды басқару ерекшеліктері. АӨК-дегі жобалардың ресурстарын басқару үдерістері. АӨК-дегі жобалардың ресурстарын жоспарлау. АӨК-дегі жобаларды орындауда жеткізілімдерді жоспарлау мен ұйымдастыру және қорларды басқару. АӨК-дегі жобаларды басқарудағы логистика тұжырымдамасы. АӨК-дегі жобалардың тиімділігін бағалау: қағидалары, есептеу үшін бастапқы деректер, негізгі көрсеткіштер. АӨК-дегі жобалардың тиімділігін бағалаудағы белгісіздіктің және тәуекелдің әсерін есептеу.Пәнді оқып білу негізінде докторант келесі құзырларға ие болуға тиіс: - АӨК-дегі жобалау жөніндегі білім; - АӨК-дегі жобаларды жүзеге асыру үшін ресурстарды сатып алуды жоспарлау дағдысы. - АӨК-дегі логистикалық операцияларды басқара білу.

Басқарушылық экономика
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: басқару шешімдерін қабылдау үшін аналитикалық материалдар дайындауда зерттеу әдістерін қолдану дағдыларын қалыптастыру. Курсты оқу барысында студент төмендегідей білімдерді меңгереді: - ұйымдар мен оның бөлімшелерін, жобаларды және желілерді басқаруды сипаттауға; - корпоративтік стратегияны әзірлеуге; - қажетті статистикалық мәліметтерді жинауға, оларды талдауға және мәселені экономикалық тұрғыдан дұрыс тұжырымдауға және нақты модель түрінде көрсетуге; - кәсіпорын деңгейінде іскерлік жағдайларды басқарушылық және қаржылық талдау әдістерін қолдануға,- олардың макродеңгейдегі нарықтық басқару критерилерімен байланысын ескеруге; - бизнес-үлерістерін басқаруын сандық болжау моделдеуін жүргізуге. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады: Маңызды экономикалық терминдер мен концепцияларға шолу. Басқарушы қызметіндегі маржиналдық талдау алгоритмі және маңыздылығы. Фирманың негізгі концепцияларын талдау. Фирма мақсаттары және оптималды шешімдерді қабылдау. Тиімді менеджмент экономикасы. Нарық күштерін талдау. Салыстырмалы статистикалық талдау. Қысқа және ұзақ мерзімдерде болатын нарықтық өзгерістер. Сұраныс пен ұсынысты болжау басқару мәселе ретінде. Фирма теориясының микроэкономикалық және менеджериалдық аспектілері. Анализ Фирманың экономикалық жағдайын талдау. Нарықта инновацияларды басқару.

Бизнес портфелін талдау және басқару
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Жобаларды басқарудағы ресурстрады пайдалану
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Жобаларды басқарудағы талдау және шешімдерді қабылдау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: жобаны басқарудың әртүрлі деңгейлерінде басқару және шешім қабылдау қабілеттілігін қалыптастыру. Курсты оқу барысында студент төмендегідей білімдерді меңгереді: - жобаны басқару туралы шешімдерді қабылдау мақсатында аналитикалық тапсырманы қалыптастыруға; - шешімдер қабылдау үдерісін зерделеу үшін талдаудың негізгі бағыттарын негіздеуге; - талдау әдістерін нақты жобалардың ерекшеліктеріне бейімдеуге; - жобаны іске асырудың тиімді индикаторының өзгеруіне факторлардың әсерін бағалауға; - басқарудың тиімді шешімдерінің нұсқаларын әзірлеу және ақтау үшін ақпаратты жүйелі талдаудың негізгі және арнайы әдістерін қолдануға. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады: Жүйелік талдаудың мәні, қағидалары және қолдану саласы. Жүйелік талдау әдістемесін салыстырмалы талдау. Күрделі жүйелердегі басқарудың мәні. Басқару мәселелердің туу себептері. Шешімді қабылдау және оптимизациялау әдістері. Шешімді іздеу әдістері. Шешім қабылдау үдерісінің шешуші аспектілері. Шешім қабылдау үдерісінің аналитикалық және эвристикалық әдістері.

Жобалардың сапасы мен тәукелдерін талдау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Жобаның тәуекелдерін болжау және модельдеу
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: жобаларды жоспарлау кезінде болжамды есептеулер мен тәуекелдерді жасау мүмкіндігін қалыптастыру. Курсты оқу барысында студент төмендегідей білімдерді меңгереді: - инвестицияларды және инновацияларды болжау моделін қалыптастыруға; - жобалық тәуекелдерді басқару технологияларын, нысандарын, әдістерін қолдануға; - болашақта инвестициялық және инновациялық жобалардың тиімділігін анықтайтын көрсеткіштер мен факторларды бағалауға; - инвестициялық үдерістердің нысаналы индикаторлары мен факторларын болжаудың тиімді әдістерін айқындауға; - жобаны толығымен түсіну жағдайында жоспарлау және жедел басқаруға. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады: Жобаларды болжаудың халықаралық тәжірибесі у кезінде келесі аспектілер қарастырылады. Инвестициялық және технологиялық болжаудың эксперттік әдістері. Қарапайым сызықтық және көп регрессия. Trend қисығы. Болжаудағы ARIMA-модель. Кейінгі болжамды болжау. Нейрондық желілерді болжау. Жобаның тәуекелдері мен мүмкіндіктері. Тәуекелдерді талдау және басымдықтары бойынша орналастыру. Жобалық тәуекелдерді талдау. Жоба тәуекелдерін талдаудың мәні. Тәуекелдерді талдау алгоритмі. Жобалық тәуекелдерді сандық және сапалық талдау. Тәуекелдерді төмендету әдістері. Тәуекелдерді төмендету әдістерінің тиімділігі. Тәуекелдерді басқару жоспары. Инвестициялық және инновациялық тәуекелдерді модельдеу. Докторлық диссертацияларды жазу үрдісінде болжаудың әдістемесі, сондай-ақ осы курс барысында зерттелген жоба тәуекелдерін моделдеу әдістемесі қолданылуы мүмкін.

Замануи стратегиялық талдау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - « Заманауи стратегиялық талдау » пәннің мақсаты - докторантта стратегиялық менеджмент саласында терең теориялық білімді және тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру болып табылады. Міндеттері пәндер осы курстың шеңберінде шешілуі тиіс: кәсіпорындардың қоршаған ортаға және ерекшеліктерін (күшті және әлсіз жақтарын) талдау негізінде, даму мүмкіндіктерін анықтау ; ықтимал нұсқалары бар бизнес стратегияларын зерттеу, әдістерін, стратегиялық баламаларды және кәсіпорынның немесе ұйымның нақты стратегиясын таңдап дамыту. Бұл пән бойынша мынандай тақырыптар оқытылады: ұзақ мерзімді және стратегиялық жоспарлауды салыстырмалы сипаттау. Түрлі деңгейдегі стратегиялық жоспарлаудың рөлі, технология және өнімнің өмірлік циклі; стратегияны таңдау, стратегиялық басқару циклінің негізгі кезеңдеріне олардың әсері. Осы пәнді табысты игерген докторанттар келесідей қабілеттіліктерге ие болуы тиіс: 1. стратегиялық талдау саласында жүйелі білімді көрсету 2. Стратегияны жоспарлау, таңдау және іске асыру үшін модельдерді құрастыру және сипаттау; 3. компанияның қызметін кәсіби және объективті қаржылық және стратегиялық талдау жүргізу. 4. Стратегияны құру кезінде стратегиялық менеджменттің және талдаудың негізгі теорияларын қолдану әдіснамасын қолдану; 5. Стратегияны және іскерлік саясатты дамыту бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу және оны жобалық зерттеу түрінде ұсыну.

Инвестициялық талдау және жобаларды қаржыландыру
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: Инвестициялық талдау, қаржыландыру және жобалардың тиімділігін бағалау мүмкіндігін қалыптастыру. Курсты оқу барысында студент төмендегідей білімдерді меңгереді: - жобаның ресурстарын, материалдық-техникалық ресурстарын сатып алуды, запастарды басқаруға; - жобада логистика концепциясын әзірлеуге және іс жүзіне асыруға; - жобада материалдық ресурстарды пайдалану көрсеткіштер жүйесін есептеуге, олардың өзара байланысын моделдеуге; - жобаларды оперативтік басқару барысында игерілген көлем көрсеткіштерін есептеуге; - жобаларға бөлінген адами, қаржы және ақпарат ресурстарын тиімді пайдалануын ескеріп жобаны жоспарлауға және оперативті басқаруға. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады: Инвестициялық нарық: түсінігі, конъюнктурасы. Инвестициялық жоба. Инвестициялық жоба тиімділігін бағалау әдістері. Кейбір инвестициялық жоба түрлерінің тиімділігін бағалау ерекшеліктері. Инвестициялық жобаның бизнес-жоспары. Инвестициялық жобаны қаржыландыру көздері мен әдістері. Жоба ресурстарын басқару үдерістері. Жобада жеткізулерді басқару тұжырымдамасы. Қорларды басқару. Жобаларды басқарудағы логистика тұжырымдамасы. Жобада материалдық ресурстарды пайдалану көрсеткіштерінің жүйесі.

Өнеркәсіпте жобаларды басқару тәжірибесі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Портфельдік талдау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Ірі жобаларды басқару
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқыту докторанттарға ұлттық экономикасындағы әр салаларында ірі жобаларды жасақтауда қорларды басқаруды жоспарлау мен ұйымдастырудың мәнін білуге мүмкіндік береді. Ірі жобаларды басқарудағы логистика тұжырымдамасы. Салалардағы ірі жобалардың тиімділігін бағалау: қағидалары, есептеу үшін бастапқы деректер, негізгі көрсеткіштер. Ірі жобалардың тиімділігін бағалаудағы белгісіздіктің және тәуекелдің әсерін есептеу.Пәнді оқып білу негізінде докторант келесі құзырларға ие болуға тиіс: - өнеркәсіп салаларындағы жобалардың құрылымын, пәндік саласын және мақсаттарды анықтау; - ірі жобалардың желілік үлгісін құру; - ірі жобаның күнтізбелік жоспарын есептеу; - ірі жобалардың жиынтық жоспарының негізгі бөлімдерін жасау; - ірі жобалар барысын реттеу және бақылауды жүзеге асыру; -жобаның ұйымдастырушылық- технологиялық үлгісін жасау; - жобалық циклдің әр түрлі кезеңдерінде ірі жобаларды басқару;

Ірі жобаларды басқару тәжірибесі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Thomson Reuters, Scopus базасына енетін немесе ККСОН ұсынатын мерзімді баспасөздердегі жарияланымдар
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Web of Science, Scopus базасына енетін немесе ККСОН ұсынатын мерзімді баспасөздердегі жарияланымдар
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы - Web of Science, Scopus базасына енетін немесе ККСОН ұсынатын мерзімді баспасөздердегі жарияланымдардың мақсаты: докторанттардың CCSON ұсынған немесе Thomson Reuters, Scopus деректер қорларына енгізілген мерзімді басылымдарда зерттеу және жариялау нәтижелерін ұсынудағы дағдыларын қалыптастыру. Курсты оқу барысында докторант төмендегідей білімдерді меңгереді: 1. мақаланың негізгі талаптарына журналдың редакциясында жариялауға және CCSON ұсынған немесе Thomson Reuters, Scopus деректер қорларына енгізілген мерзімді басылымдарда импакт-фактор индексінің анықтамасын негіздеуге қабілетті; 2. автордың мақаласын CCSON ұсынған немесе Thomson Reuters, Scopus дерекқорларына енгізілген мерзімді басылымдарда жариялау; 3. мақаланы жариялау үшін техникалық шет тілін қолдануға; 4. таңдалған тақырып бойынша шетелдік ғалымдардың әзірленген және эксперименттік деректерін талдау; 5. зерттелетін аймақтың эксперименттік деректерін пайдалана отырып, қойылған мәселелерді шешудің нәтижелері мен берілген әдістемесін бағалауға қабілетті. Web of Science, Scopus базасына енетін немесе ККСОН ұсынатын мерзімді баспасөздердегі жарияланымдарды оқу нәтижесінде докторанттар төмендегі мәселелерді қарастырады: CCSON ұсынған немесе Thomson Reuters, Scopus дерекқорларына енгізілген мерзімді басылымдар импакт-факторын мұқият талдау жүргізіңіз. Ағымдағы тақырыпты таңдау және ғылыми жаңалықты көрсету. Олардың нәтижелерін әлеммен салыстырмалы талдау жүргізу. Мақаланың әдеби аудармасы. Мақаланы жазу және жіберу. Мақаланы қарау.

Ғылыми тағылымдама
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы - Ғылыми тағылымдаманың мақсаты: докторанттарда шетел университеті негізінде заманауи зерттеу әдістерін және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, кәсіби салада ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуге қабілеттілігін қалыптастыру. Курсты оқу барысында докторант төмендегідей білімдерді меңгереді: 1. ғылыми зерттеулерді жүргізу әдістемесінің негіздерін, ғылыми тәжірибені жоспарлау мен ұйымдастыруды, ғылыми деректерді өңдеуді негіздеу; 2. ғылыми және практикалық мәселелерді, оның ішінде пәнаралық бағыттарды шешу әдістерін талқылау; 3. зерттеу және практикалық міндеттерге балама шешімдерді талдау және осы нұсқаларды іске асырудың әлеуетті артықшылықтарын бағалау; 4. заманауи компьютерлік технологияларды қолдану арқылы ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және беру әдістері туралы теориялық білімдерді қолдану; 5. тыңдаушылардың әртүрлі контингенттері үшін ақпарат беру әдістері мен әдістерін таңдау. Ғылыми тағылымдаманы оқу нәтижесінде докторанттар төмендегі мәселелерді қарастырады: Ғылыми зерттеулерді жүргізу әдістемесінің негіздері, ғылыми тәжірибені жоспарлау және ұйымдастыру, шетел университеті негізінде ғылыми деректерді өңдеу. Ағымдағы ғылыми проблема бойынша тәуелсіз зерттеу жүргізу. Зерттеу нәтижелерін дайындау және таныстыру: конференцияларға, семинарларға қатысу, баяндамалар, тақырып бойынша жарияланымдар. Ғылыми тағылымдамадан өту және оны қорғау нәтижелері туралы есеп дайындау.

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар ІI)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар IIІ)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар V)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар VІ)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар І)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар ІV)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторлық диссертацияны орындау
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы - Докторлық диссертацияны орындау мақсаты: «8D075 -Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша) білім беру бағдарламасы бойынша докторлық диссертацияны қорғауға дайындық. Курсты оқу барысында докторант төмендегідей білімдерді меңгереді: 1. ғылыми-зерттеу жұмыстарының барысында пайда болатын және тереңдетілген кәсіби білімді талап ететін мәселелерді шешудің прогрессін көрсету; 2. міндеттер шеңберінде теориялық немесе тәжірибелік зерттеулер жүргізуді, оның ішінде математикалық (имитациялық) эксперимент жүргізуді талап ету; 3. зерттеудің қажетті әдістерін таңдай алады, қолданыстағы әдістерді өзгертуге және белгілі бір зерттеудің міндеттеріне негізделген жаңа әдістерді әзірлеуге болады; 4. нормативтік көздер мен ғылыми әдебиеттер бойынша өзіндік жұмыс үшін шет тілдерін пайдалану; 5. диссертациялық зерттеудің мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдайды, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерінің ғылыми жаңалығы мен практикалық маңыздылығын анықтайды; зерттеу жұмыстарының құрылымдық әдіснамалық схемасын әзірлеу. Докторлық диссертацияны орындауды оқу нәтижесінде докторанттар төмендегі мәселелерді қарастырады: Диссертацияның презентациясы және алдын ала сараптамасы. Өтініш берушінің ісін Университеттің Ғылыми кеңесінде тіркеу. Тезистерді қорғау туралы хабарландыру. Авторефератты жариялау және жіберу. Диссертацияны қорғаудан кейін құжаттарды рәсімдеу.

Зерттеу
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Зерттеу тәжірибесі

Педагогикалық
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Педагогикалық

Халықаралық конференциялар материалдарындағы жарияланымдар
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы - Халықаралық конференциялар материалдарындағы жарияланымдардың мақсаты: ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін ғылыми қоғамдастыққа ұсыну, кері байланыс алу және кәсіптік қызмет саласында тәжірибе алмасу мүмкіндігі туралы докторанттар қалыптастыру. Курсты оқу барысында докторант төмендегідей білімдерді меңгереді: 1. ғылыми зерттеулердегі қазіргі үрдістерді көрсету; 2. ғылыми журналдарда, халықаралық конференциялар мен симпозиумдардағы материалдардағы зерттеулердің аннотирленген нәтижелерін айқындау; 3. теориялық және қолданбалы міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін жаңа, ғылыми негізделген, теориялық немесе тәжірибелік нәтижелерді қолдануға болады; 4. таңдалған кәсіби қызмет саласындағы ғылыми нәтижелерді, әріптестер мен қарсыластардың деректерін талдау; 5. қызметтің кәсіби саласын ғылыми зерттеуде ұсынылған әзірлемелерді пайдалану идеяларын қалыптастыру. Халықаралық конференциялар материалдарындағы жарияланымдарды оқу нәтижесінде докторанттар төмендегі мәселелерді қарастырады: Ғылыми және халықаралық конференциялардың рейтингін талдау. Қатысу түрлері бойынша ғылыми конференциялар. Халықаралық және жергілікті конференциялар. Редакциялық кеңестің талаптарына сәйкес ғылыми мақаланы жариялау.

2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген