Докторантура
Құқықтану

Құқықтану

БIЛIКТIЛIГІ

  • Ғылыми - педагогикалық бағыт - Доктор философии (PhD)по специальности Юриспруденция

БАҒДАРЛАМА СИПАТТАМАСЫ

Бағдарлама: 6D030100-құқықтану
Оқу деңгейі: Докторантура
Емтихандар: Шет тілі (Тест )және мамандық бойынша емтихан (жазбаша)
Оқу тәртібі: күндізгі
Оқу мерзімі: 3 жыл

"Құқықтану" дайындық бағыты бойынша докторант келесі кәсіби қызмет түрлеріне даярланады:
- құқықтворчествасы саласындағы қоғамдық қатынас, құқықтық нормаларды іске асыру, құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету;
- Құқықтану саласындағы ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу;
- Құқықтану саласы бойынша оқытушылық қызметпен айналысу;
- Мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың құқықтық салада пайда болатын құқықтары мен мүдделерін қорғау, қамтамасыз ету, олардың орындалуына кепілдік беру.
- Мемлекеттік органдар мен мекемелердегі ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет.
- Орта және жоғары арнайы оқу орындарындағы білім беру немесе педагогикалық қызмет.
- ішкі істер, қаржы полициясы, ұлттық қауіпсіздік, прокуратура органдарында, сот мекемелерінде және т.б. құқық қорғау қызметі.
Бейіндік пәндер:
- Заң ғылымдарының әдістемелік проблемалары
- ОЭК аясында азаматтық заңнамаларды бірегейлендірудің өзекті мәселелері
- Региондағы қылмыстылықтың виктимологиялық мәселелері
- Еуразиялық Экономикалық Одақ аясында заңдарды бірегейлендірудің өзекті мәселелері
- Жаһандану жағдайындағы әлеуметтік-қамтамасыз ету заңнамаларының модернизациясы
- Экономика саласындағы құқықтық қатынастарды реттеудің теориялық-құқықтық мәселелері
Білім алудың артықшылықтары:
-Заң саласындағы білім заңнама актілерін дұрыс талдап, келісімшарттар мен келісімдерді сауатты құрастырып, сонымен қатар, келісімшарт тараптарымен және мемлекеттік органдармен келіссөз жүргізуге мүмкіндік береді.
- Криминалисттік зертхана жетілдірілген: суық және оқ қару топтамасы жинақталған; трассологиялық, баллистикалық іздер бойынша көрнекті құралдар құрастырылған; сот ісіне қажетті фото және бейне түсірілім үшін қолайлы жағдайлар жасалған;
- тәжірибелік шындыққа барынша жақын жағдайларда дағдыларды және жұмыс тәжірибесін дамыту мақсатында заң мамандықтарының докторанттарына өткізілетін тәжірибелік сабақтарға арналған сот отырысы бөлмесі;
-студенттік емхана, бұл жерде докторанттар жағдайы нашар халық топтарына құқықтық көмек көрсетеді.
Халықаралық байланыстар: Докторанттар серіктес жоғары оқу орындарында оқу мүмкіндігіне ие, мысалы, РХДУ (РУДН), Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар Университеті (University of Social Sciences and Humanities (SWPS)) Варшава қ., Польша Республикасы, Дубайдағы Америкалық колледж, О.Е.Кутафин атындағы Мәскеу мемлекеттік заң академиясы, РФ ІІМ Басқару академиясы, Түркия Республикасының Гукуров Университеті, Малайзия Ұлттық университеті, Киль қ. Университеті, Колумбия университеті, Висмар Университеті.
Тәжірибе өту және ықтимал жұмыс орындары: Жоғарғы оқу орындары, Алматы қаласы сот сараптамасы орталығы, Алматы қ. ІІД, Алматы қ. Прокуратурасы, Алматы қалалық соты, Алматы қ. Әділет департаменті, Адвокатура, нотариус және т.б.

Оқу бағасы мен оқу жылдардың санын калькуляторы:

Оқу түрі - күндізгі

Оқу деңгейі - Ғылыми - педагогикалық бағыт

Сіз


  

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Құқықтану
Мамандық шифры
6D030100
Факультеті
Заң
Оқу деңгейлері
Ғылыми - педагогикалық бағыт
Оқу түрлері
күндізгі
Өту балы
ҚАЗ
190
ОРЫС
190

пәндер

Құқық философиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: құқықтың мәні мен мақсатын талқылау; заңды құбылыстар мен заңды институттардың философиялық мазмұнын анықтау; адам құқықтарын қамтамасыз ету тұрғысынан құқықтық жүйенің дамуын бағалау қабілетін қалыптастыру. Курсты оқу барысында докторант төмендегідей білімдерді меңгереді: - әлеуметтік құбылыстар кешенінде құқықтың жүйелі түсінігін көрсету, құқықтың басты мақсатын анықтау, оның мәні мен принциптерін белгілеу; - философиялық санаттарға негізделген жаңа және күрделі құқықтық идеяларды сыни талдау, бағалау және синтездеу. - қазіргі заманның алуан түрлі құқықтық, қоғамдық-саяси және экономикалық құбылыстарын жүйелі зерттеу; - жоғары ғылыми деңгейде құқықтың философиялық мәселелерін логикалық тұрғыдан түсіну; - құқық философиясының түрлі мәселелерін сыни бағалау, оларды құқықтық практикамен байланыстыру. - құқықтың әлеуметтік табиғатын, мәні мен мақсатын түсіну қабілетін қалыптастыру; құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамды қалыптастыру жағдайында құқық функцияларын талдау және бағалау. Пәннің бағыты. Курс қазіргі және қалаған құқықтарға қатысты негізгі философиялық көзқарастарды баяндауға арналған. Пәнді оқыту барысында құқық философиясының пән ретінде және ғылым ретінде ерекшеліктері, оның қазіргі құқық жүйесі үшін маңызы қарастырылады, құқықтың мәні және оның құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамды қалыптастырудағы рөлі туралы мәселе қозғалады. Теориялық сипаттағы пән, мемлекет және құқық теориясымен; мемлекет және құқық тарихы; конституциялық құқық; Әкімшілік құқық пәндерімен пәнаралық байланысы бар. Пәнді оқу нәтижесінде докторанттер төмендегі мәселелерді қарастырады: құқықтық онтология, құқықтық аксиология, құқықтық герменевтика, құқықтық логика; әлеуметтік детерминизм; өркениет; гуманизм.

2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Азаматтық іс жүргізуге өкілдің қатысуының өзекті мәселелері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Еуропалық Экономикалық одақ шегінде заңнаманы бірегейлеудің өзекті мәселелері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Жаһандану жағдайындағы әлеуметтік-қамтамасыз ету заңнамаларының модернизациясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңнаманы жаңғырту процестерін бағалау қабілетін қалыптастыру. Курсты оқу барысында докторант төмендегідей білімдерді меңгереді: - әлеуметтік қамтамасыз ету ғылымының дамуының негізгі кезеңдерін анықтау және талдау; - әлеуметтік-қамтамасыз ету қатынастары саласындағы әлемдік және қазақстандық ғылымның ғылыми тұжырымдамаларын түсіндіру; - жаһандану жағдайындағы әлеуметтік қамсыздандыру құқығы отандық ғылым дамуының қазіргі үрдістерін, бағыттары мен заңдылықтарын талдау және бағалау; - әлеуметтік-қамтамасыз ету саласындағы әртүрлі теориялық концепцияларды салыстыру және қорытынды жасау; - құқықтық тәжірибені жетілдіруге бағытталған практикалық нәтижелер алу мақсатында академиялық тұтастықпен сипатталатын дербес ғылыми зерттеу жүргізу; Пәннің бағыты. Курс әлеуметтік-қамтамасыз ету заңнамасын жетілдірудің өзекті мәселелерін баяндауға арналған. Пәнді оқу барысында әлеуметтік қамсыздандыруға адам құқығын қамтамасыз ету механизмі қарастырылады; әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы ҚР және шет елдердің заңнамаларын салыстыру жүргізіледі; ұлттық заңнаманы жетілдіру үшін ұсыныстар жасалады. Практикалық сипаттағы пән, Конституциялық, еңбек, отбасылық құқықпен пәнаралық байланысы бар. Пәнді оқу нәтижесінде докторанттер төмендегі мәселелерді қарастырады: әлемдік қоғамдағы жаһандық үрдістер кезіндегі әлеуметтік оңалту нысандары, жүйелері, құрылымдары, әлеуметтік-қамтамасыз ету іс-шараларын қалыптастыру, іске асыру, әлеуметтік-қамтамасыз ету тәуекелдерін азайту ерекшеліктері.

Заңды антропология
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты – құқықтанудың және өзге де гуманитарлық пәндердің, айталық, әлеуметтік антропологияның, этнологияның, әлеуметтанудың, мәдениеттанудың, тарихтың, философияның, құқық тарихының (әсіресе ежелгі құқық тарихының) және салыстырмалы құқықтанудың негізінде адамның ерекшеліктерін құқықтық көрсетілім, мінездеме тұрғысынан әлеуметтік тұлға есебінде ашу. Міндеттер: - ежелден қазіргі күнге дейінгі адамдардың әлеуметтік өмірінің құқықтық формасын оқыту; - құқықтық системаны жән

Заңдық конфликтология: теориялық және практикалық аспектілер
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: әлеуметтік конфликтілерді анықтау және жіктеу; әлеуметтік конфликтілерді шешудің құқықтық құралдарына баға беру; әлеуметтік конфликтілерді алдын алу бағыттарын дәлелдеу қабілетін қалыптастыру. Курсты оқу барысында докторант төмендегідей білімдерді меңгереді: - негізгі ұғымдарға анықтама бере білу, заңгердің қарым-қатынасын жүргізу, конфликтілерді шешу тәсілдерінің логикасын қалпына келтіру, құқық пен медиацияның өзара ықпал ету процесін, конфликтілерді шешу тәсілдерінің арақатынасын білдіреді; - конфликтілерді шешудің қолданылатын рәсіміне, конфликтілерді шешудің қандай да бір рәсімі шеңберінде стратегияны таңдауға өз көзқарасын негіздеу; - конфликтілерді реттеудің түрлі құралдарын саналы түрде таңдап, тиімді қолданады. - алынған талдау дағдыларын практикада қолдану, заң коммуникациясының, құқықтық нормаларды, сот актілері мен құқықтық құжаттарды түсіндіру әдістерін меңгеру; - медиацияға, әлемдік келісімге қатысты соттардың құқықтық нормалары мен тұжырымдарын түсіндіру, оларға заңдық конфликтілерді шешу үшін тиімділік тұрғысынан баға беру. Пәннің бағыты. Курс заңдық конфликтологияның негізгі санаттары мен институттарын баяндауға арналған. Пәнді оқу барысында әлеуметтік конфликтілердің себептері мен түрлері қарастырылады; әлеуметтік конфликтілердің алдын алудың құқықтық құралдары талданады; конфликтілердің мәні туралы мәселе қозғалады, қоғамдағы әлеуметтік конфликтілердің оң рөлі анықталады; медиация институты, татуластыру рәсімдері ашылады. Теориялық сипаттағы пән, құқық философиясымен, мемлекет және құқық теориясымен, мемлекет және құқық тарихымен, конституциялық құқықпен, әкімшілік құқықпен пәнаралық байланыстары бар. Пәнді оқу нәтижесінде докторанттер төмендегі мәселелерді қарастырады: конфликтілердің табиғаты, конфликтілердің себептері, конфликтілерге қатысушылар; заңдық конфликтілердің түрлері және олардың жіктелуі; саясат саласындағы конфликтілер; ұлтаралық конфликтілер; нормативтік-құқықтық саладағы конфликтілер, еңбек конфликтілері; халықаралық конфликтілерге заңдық ықпал ету әдістері, адамның бостандыққа құқығының мазмұны; бостандыққа құқықты реттейтін конституциялық-құқықтық нормалар; мемлекеттік органдардың адамның бостандық құқығын іске асыру жөніндегі қызметі.

Интеллектуалдық меншікті қорғаудың теоретикалық және практикалық проблемалары
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: зияткерлік меншік құқығын қорғау ерекшеліктерін жүйелі түрде түсіндіру қабілетін қалыптастыру; зияткерлік меншік құқығын қорғау тәсілдерін талдау. Курсты оқу барысында докторант төмендегідей білімдерді меңгереді: - зияткерлік құқық нормаларын қолдану барысында туындайтын мәселелерді талдау; - зияткерлік құқықтың мақсаттары, міндеттері мен принциптерін жіктеу; - зияткерлік меншік объектілері мен субъектілерін ажырату және саралау; - зияткерлік құқық саласында құқықтық тәжірибені жетілдіру қажеттілігі туралы тұжырымдарды дәлелдеу; - зияткерлік меншікті құқықтық реттеу саласындағы практикалық мәселелерді шешуге бағытталған ұсыныстар дайындау. Пәннің бағыты. Курс зияткерлік меншік құқығын қорғаудың өзекті мәселелерін баяндауға арналған. Пәнді оқу барысында зияткерлік меншік құқығын қорғау механизмі қарастырылады; зияткерлік меншік құқығын қорғау тәсілдеріне талдау жүргізіледі; ҚР және шет елдердің заңнамаларына салыстырмалы талдау жүргізіледі; ұлттық заңнаманы жетілдіру үшін ұсыныстар жасалады. Пән практикалық сипатқа ие, конституциялық, азаматтық, еңбек, азаматтық іс жүргізу құқықтарымен пәнаралық байланысы бар. Пәнді оқу нәтижесінде докторанттер төмендегі мәселелерді қарастырады: зияткерлік меншікті қорғау тәсілдері, зияткерлік меншікті азаматтық-құқықтық қорғау тетігі, зияткерлік меншік объектілерін заңсыз пайдаланғаны үшін жауапкершілік.

Конституциялық бақылау жүйесін дамытудың болашағы мен проблемалары
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: конституциялық бақылау институтының мақсатын жүйелі түсіну қабілетін қалыптастыру; Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулыларына доктриналық талдау жүргізу; конституциялық нормаларды түсіндіру кезінде осы органның құқықтық ұстанымдарын бағалау. Курсты оқу барысында докторант төмендегідей білімдерді меңгереді: - конституциялық бақылау институтын құқықтық ғылымның маңызды құрамдас бөлігі ретінде дамытудың негізгі тұжырымдамалық және теориялық негіздері; - конституциялық бақылау институтының мәнін Конституцияны заңдық қорғаудың негізгі нысаны ретінде негіздеу; - конституциялық бақылау органы – Конституциялық Сотты құру және оны квазисоттық органға – Конституциялық Кеңеске қайта құру заңдылықтарын белгілеу; - ҚР Мемлекеттік органдары жүйесіндегі Конституциялық Кеңес мәртебесінің ерекшелігін ашу; - Қазақстан Республикасындағы конституциялық бақылауды жаңғырту үрдістері мен жолдарын бөлу. Пәннің бағыты. Курс конституциялық құқықты дамытудың өзекті мәселелері мен негізгі үрдістерін баяндауға, жоғары билік және басқару органдарындағы конституциялық реформаларды бағалауға арналған. Пәнді оқыту барысында қазіргі кезеңдегі конституциялық құқықтың даму ерекшеліктері; жоғарғы билік және басқару органдарындағы конституциялық реформалардың негізгі бағыттары; Қазақстан Республикасында және шет елдерде конституциялық бақылауды дамыту; конституциялық бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың қызметі қарастырылады. Теориялық сипаттағы пән, әкімшілік құқықпен, еңбек, экологиялық құқықтармен пәнаралық байланысы бар. Пәнді оқу нәтижесінде докторанттер төмендегі мәселелерді қарастырады: Мемлекеттік басқарудың функционалдық және ұйымдық құрылымы; Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері; мемлекеттік қызметке кіру тәртібі; мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті тоқтатуы; мемлекеттік қызметтің жұмыс істеуінің шетелдік тәжірибесі.

Криминопенологияның теориялық және қолданбалы мәселелері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: криминопенология мәселелерін жүйелі талдау және бағалау қабілетін қалыптастыру; қылмыстың себептері мен түрлерін жіктеу және саралау; қылмыскердің тұлғасын бағалау; қылмыстың алдын алу проблемаларына қатысты ғылыми зерттеулер әзірлеу. Курсты оқу барысында докторант төмендегідей білімдерді меңгереді: - қылмыстық, жазаларды орындау кезінде криминалдық құбылыстардың жалпы әлеуметтік, құқықтық, шағын орта, топтық және жеке профилактикасы бойынша практикалық ұсынымдар әзірлеу; - пенальдік қылмыстың себептері мен жағдайларының арақатынасын анықтау, оларға әсер ету түрлерін анықтау; - пенальдік қылмыстық мінез-құлықтың жалпы заңдылықтарын анықтау; - жазалардың криминопенологиялық параметрлерін, қылмыстың заңдылықтарын, себептері мен жағдайларын, алдын алу бағыттары мен әдістерін анықтау; - пенальдік қылмыстың заңдылықтарын талдау. Пәннің бағыты. Курс криминопенологияның өзекті мәселелерін баяндауға, қылмыстың алдын алу мәселелеріне арналған. Пәнді оқу барысында қылмыстың себептері мен түрлерін жіктеу және саралау жүргізіледі; қылмыстық жазаларды орындау кезінде криминалдық құбылыстардың алдын алу зерттеледі; пенальды қылмыстың себептері мен жағдайларының арақатынасы анықталады, жазалардың криминопенологиялық параметрлері, қылмыстың заңдылықтары, себептері мен жағдайлары, алдын алу бағыттары мен әдістері анықталады; пенальды қылмыстың заңдылықтары талданады. Практикалық сипаттағы пән, қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу құқығымен, қылмыстық-атқару құқығымен, криминологиямен пәнаралық байланысы бар. Пәнді оқу нәтижесінде докторанттер төмендегі мәселелерді қарастырады: жазаны орындау кезіндегі криминалдық құбылыстардың заңдылықтары, жалпы әлеуметтік себептер мен пенальдік қылмыстың жағдайлары, оның көрсеткіштері, заңдылықтары, ықпал ету нысандары; пенальдік қылмыстық мінез-құлықтың себептері мен жағдайлары, оның түрлері, олардың көрсеткіштері, алдын алу; жазалардың барлық түрлерін орындаудың криминологиялық аспектілері.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқарудың даму проблемалары: теориялық саралау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: мемлекеттік басқару саласындағы реформаларды жүйелі түрде түсіну және бағалау қабілетін қалыптастыру; мемлекеттік басқаруға қатысты ұлттық және шетелдік заңнаманы салыстыру; ҚР мемлекеттік қызметін жаңғырту процесін бағалау. Курсты оқу барысында докторант төмендегідей білімдерді меңгереді: - қазіргі заманғы әкімшілік реформаларды талдау; - әкімшілік нормалар мен мемлекеттік басқару процесінің жетілмеу себептерін анықтау және нәтижелерін жинақтау; - мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттарын сыныптау; - ҚР Мемлекеттік басқару және Мемлекеттік қызмет мәселелерін реттейтін заңнамалық актілерді талқылау және бағалау; - ҚР Мемлекеттік басқару және Мемлекеттік қызмет институтының проблемалық мәселелері, теориялық және әдіснамалық проблемалары бойынша өз пікірін негіздеу және білдіру. Пәннің бағыты. Курс ҚР Мемлекеттік басқару жүйесінің өзекті мәселелерін баяндауға арналған. Курсты оқу барысында мемлекеттік басқару жүйесіндегі реформаларды бағалау үшін қазіргі заманғы технологиялар қарастырылады; реформалардың нәтижелері; әкімшілік заңнама талданады; ҚР және шет елдердің мемлекеттік басқару саласындағы заңнамасын салыстыру жүргізіледі. Теориялық сипаттағы пән, әкімшілік құқықпен, экологиялық құқықпен пәнаралық байланысы бар. Пәнді оқу нәтижесінде докторанттер төмендегі мәселелерді қарастырады: әкімшілік процесс; электрондық үкімет; әкімшілік рәсімдердің жаңа түрлері, рұқсат беру жүйесі, мемлекеттік сатып алудың электрондық жүйесі, Әкімшілік құқық бұзушылық.

Қазақстан Республикасының қылмыстық сот өндірісін реформалау мәселелері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Қазақстанның халықаралық экономикалық ынтымақтастығын құқықтық реттеудің өзекті мәселелері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: Қазақстанның Халықаралық экономикалық ынтымақтастығын құқықтық реттеу процесін жүйелі түсіну және бағалау қабілетін қалыптастыру; Қазақстанның Халықаралық экономикалық ынтымақтастықтағы ұстанымын сыни бағалау. Курсты оқу барысында докторант төмендегідей білімдерді меңгереді: - қазіргі жағдайда Қазақстанның Халықаралық экономикалық ынтымақтастығын құқықтық реттеу мәселелерін жүйелі түсінуді көрсету; - Қазақстанның Халықаралық экономикалық ынтымақтастығын құқықтық реттеуді жетілдіру жолдарын анықтау; - Қазақстан Республикасының шет елдермен экономикалық ынтымақтастығын реттейтін ұлттық заңнаманы сыни талдау және бағалау; - Халықаралық экономикалық ынтымақтастықты құқықтық реттеу жүйесінің элементтерін жіктеу; - Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде Халықаралық экономикалық қатынастарды құқықтық реттеу тетігін анықтау және бағалау; - Қазақстанның шет елдермен халықаралық экономикалық ынтымақтастығы мәселелері бойынша зерттеу процесіне пәнаралық білімді біріктіру; Халықаралық экономикалық ынтымақтастықты құқықтық реттеу саласындағы аралас пәндерді ескере отырып, дербес зерттеулер дайындау. Пәннің бағыты. Курс Қазақстанның Халықаралық экономикалық ынтымақтастығын құқықтық реттеудің өзекті мәселелерін баяндауға арналған. Курсты оқу барысында Қазақстанның Халықаралық экономикалық ынтымақтастығының құқықтық механизмі қарастырылады; Қазақстанның Халықаралық экономикалық ынтымақтастықтағы ұстанымдары бағаланады; Қазақстанның Халықаралық экономикалық ынтымақтастығын құқықтық реттеуді жетілдіру жолдары анықталады. Пән практикалық сипатқа ие, конституциялық, азаматтық, экологиялық құқықтарымен пәнаралық байланысы бар. Пәнді оқу нәтижесінде докторанттер төмендегі мәселелерді қарастырады: Қазақстанның Халықаралық экономикалық ынтымақтастығын құқықтық реттеудің жалпы сипаттамасы; Қазақстанның Халықаралық экономикалық ынтымақтастығының субъектілері; халықаралық ұйымдар, олардың түрлері.

Латенттік қылмыстылықты зерттеу және талдаудың теориялық негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: латенттік қылмыстың ерекшеліктерін жүйелі талдау қабілетін қалыптастыру; латенттік қылмыстың түрлерін жіктеу және саралау; латенттік қылмыстың ағымдағы жағдайын бағалау; латенттік қылмыстың проблемаларына қатысты ғылыми зерттеулер әзірлеу. Курсты оқу барысында докторант төмендегідей білімдерді меңгереді: - теріс қоғамдық құбылыстарды бейтараптандыру негізінде қылмыстың алдын алу бағдарламасын құру; - криминологиялық тұжырымдамаларды талдау; - латент қылмысын зерттеудің жалпы теориялық және қолданбалы мәнін анықтау; - қылмыстық құқық бұзушылықтардың виктимологиялық алдын алу бойынша ұсыныстар әзірлеу; - қылмыстың сандық-сапалық параметрлерін анықтауға қатысты ғылыми зерттеулер жүргізу. Пәннің бағыты. Курс латентті қылмысты зерттеудегі өзекті мәселелерді баяндауға арналған. Пәнді оқу барысында латенттік қылмыстың ерекшеліктері; латенттік қылмыстың пайда болу себептері қарастырылады; латенттік қылмыстың түрлері жіктеледі және сараланады; латенттік қылмыстың ағымдағы жағдайы бағаланады; латенттік қылмысқа қарсы іс-қимылдың шетелдік тәжірибесі зерделенеді. Теориялық сипаттағы пән, қылмыстық құқықпен, криминалистикамен, қылмыстық іс жүргізу құқығымен пәнаралық байланысы бар. Пәнді оқу нәтижесінде докторанттер төмендегі мәселелерді қарастырады: латентті қылмыс, оның құрылымы мен түрлері, латентті қылмысқа қарсы іс-қимыл мәселелері; латентті қылмыстың жай-күйін зерттеу әдістерінің жіктелуі, латентті қылмыстың болжамды жай-күйін өлшеудің социологиялық тәсілдері мен әдістері, жекелеген қылмыстарды анықтаудың жедел-тергеу әдістері.

ОЭК аясында азаматтық заңнамаларды бірегейлендірудің өзекті мәселелері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Региондағы қылмыстылықтың виктимологиялық мәселелері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Табиғатты қорғау қызметін жетілдірудің теориялық және әдістемелік мәселелері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: табиғат пайдалануды құқықтық реттеу және қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттің қызметін бағыттай отырып, жүйелі түсіну және бағалау қабілетін қалыптастыру. Курсты оқу барысында докторант төмендегідей білімдерді меңгереді: - қазіргі жағдайда табиғатты қорғау қызметін жетілдіру мәселелерін зерттеу; - табиғатты қорғау қызметін жетілдірудің теориялық және әдіснамалық мәселелерін жетілдіру жолдары мен сұрақтарын әзірлеу және мазмұнын ашу; - табиғатты қорғау қызметін жетілдірудің теориялық және әдіснамалық мәселелерінің құқықтық және теориялық сұрақтарын сыни талдау және бағалау. - табиғатты қорғау қызметін жетілдіруді реттеу саласында дербес зерттеулер жүргізу әдістерін меңгеру; - табиғатты қорғау қызметін жетілдіру саласындағы құқықтық мәселелер мен казустарды өз бетінше шеше білу Пәннің бағыты. Курс табиғатты пайдалануды және қоршаған ортаны қорғауды құқықтық реттеудің өзекті мәселелерін баяндауға арналған. Пәнді оқу барысында қазіргі жағдайда табиғатты қорғау қызметін жетілдіру мәселелері қарастырылады; табиғатты қорғау қызметін жетілдірудің теориялық және әдіснамалық мәселелері талданады; табиғатты қорғау қызметінің құқықтық тәжірибесі талданады. Практикалық сипаттағы пән, Конституциялық, еңбек, отбасылық құқықпен пәнаралық байланысы бар. Пәнді оқу нәтижесінде докторанттер төмендегі мәселелерді қарастырады: табиғат қорғау қызметін жетілдірудің жалпы сипаттамасы; табиғат қорғау қызметінің объектілері мен субъектілері; табиғат қорғау қызметін жетілдіруді реттейтін заңнама;экологиялық жауапкершілік мәселелері.

Экономика саласындағы құқықтық қатынастарды реттеудің теориялық-құқықтық мәселелері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Thomson Reuters, Scopus базасына енетін немесе ККСОН ұсынатын мерзімді баспасөздердегі жарияланымдар
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Ғылыми тағылымдама
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы - Ғылыми тағылымдаманың мақсаты: докторанттарда шетел университеті негізінде заманауи зерттеу әдістерін және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, кәсіби салада ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуге қабілеттілігін қалыптастыру. Курсты оқу барысында докторант төмендегідей білімдерді меңгереді: 1. ғылыми зерттеулерді жүргізу әдістемесінің негіздерін, ғылыми тәжірибені жоспарлау мен ұйымдастыруды, ғылыми деректерді өңдеуді негіздеу; 2. ғылыми және практикалық мәселелерді, оның ішінде пәнаралық бағыттарды шешу әдістерін талқылау; 3. зерттеу және практикалық міндеттерге балама шешімдерді талдау және осы нұсқаларды іске асырудың әлеуетті артықшылықтарын бағалау; 4. заманауи компьютерлік технологияларды қолдану арқылы ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және беру әдістері туралы теориялық білімдерді қолдану; 5. тыңдаушылардың әртүрлі контингенттері үшін ақпарат беру әдістері мен әдістерін таңдау. Ғылыми тағылымдаманы оқу нәтижесінде докторанттар төмендегі мәселелерді қарастырады: Ғылыми зерттеулерді жүргізу әдістемесінің негіздері, ғылыми тәжірибені жоспарлау және ұйымдастыру, шетел университеті негізінде ғылыми деректерді өңдеу. Ағымдағы ғылыми проблема бойынша тәуелсіз зерттеу жүргізу. Зерттеу нәтижелерін дайындау және таныстыру: конференцияларға, семинарларға қатысу, баяндамалар, тақырып бойынша жарияланымдар. Ғылыми тағылымдамадан өту және оны қорғау нәтижелері туралы есеп дайындау.

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар ІI)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар IIІ)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар V)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар VІ)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар І)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар ІV)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторлық диссертацияны орындау
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы - Докторлық диссертацияны орындау мақсаты: «8D075 -Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша) білім беру бағдарламасы бойынша докторлық диссертацияны қорғауға дайындық. Курсты оқу барысында докторант төмендегідей білімдерді меңгереді: 1. ғылыми-зерттеу жұмыстарының барысында пайда болатын және тереңдетілген кәсіби білімді талап ететін мәселелерді шешудің прогрессін көрсету; 2. міндеттер шеңберінде теориялық немесе тәжірибелік зерттеулер жүргізуді, оның ішінде математикалық (имитациялық) эксперимент жүргізуді талап ету; 3. зерттеудің қажетті әдістерін таңдай алады, қолданыстағы әдістерді өзгертуге және белгілі бір зерттеудің міндеттеріне негізделген жаңа әдістерді әзірлеуге болады; 4. нормативтік көздер мен ғылыми әдебиеттер бойынша өзіндік жұмыс үшін шет тілдерін пайдалану; 5. диссертациялық зерттеудің мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдайды, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерінің ғылыми жаңалығы мен практикалық маңыздылығын анықтайды; зерттеу жұмыстарының құрылымдық әдіснамалық схемасын әзірлеу. Докторлық диссертацияны орындауды оқу нәтижесінде докторанттар төмендегі мәселелерді қарастырады: Диссертацияның презентациясы және алдын ала сараптамасы. Өтініш берушінің ісін Университеттің Ғылыми кеңесінде тіркеу. Тезистерді қорғау туралы хабарландыру. Авторефератты жариялау және жіберу. Диссертацияны қорғаудан кейін құжаттарды рәсімдеу.

Зерттеу
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Зерттеу тәжірибесі

Педагогикалық
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Педагогикалық

Халықаралық конференциялар материалдарындағы жарияланымдар
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы - Халықаралық конференциялар материалдарындағы жарияланымдардың мақсаты: ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін ғылыми қоғамдастыққа ұсыну, кері байланыс алу және кәсіптік қызмет саласында тәжірибе алмасу мүмкіндігі туралы докторанттар қалыптастыру. Курсты оқу барысында докторант төмендегідей білімдерді меңгереді: 1. ғылыми зерттеулердегі қазіргі үрдістерді көрсету; 2. ғылыми журналдарда, халықаралық конференциялар мен симпозиумдардағы материалдардағы зерттеулердің аннотирленген нәтижелерін айқындау; 3. теориялық және қолданбалы міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін жаңа, ғылыми негізделген, теориялық немесе тәжірибелік нәтижелерді қолдануға болады; 4. таңдалған кәсіби қызмет саласындағы ғылыми нәтижелерді, әріптестер мен қарсыластардың деректерін талдау; 5. қызметтің кәсіби саласын ғылыми зерттеуде ұсынылған әзірлемелерді пайдалану идеяларын қалыптастыру. Халықаралық конференциялар материалдарындағы жарияланымдарды оқу нәтижесінде докторанттар төмендегі мәселелерді қарастырады: Ғылыми және халықаралық конференциялардың рейтингін талдау. Қатысу түрлері бойынша ғылыми конференциялар. Халықаралық және жергілікті конференциялар. Редакциялық кеңестің талаптарына сәйкес ғылыми мақаланы жариялау.

2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген