Докторантура
Химия

Химия

БАҒДАРЛАМА СИПАТТАМАСЫ

Халықаралық аккредиттеу: ASIIN
Бағдарлама: 6D060600-ХИМИЯ
Оқыту деңгейі: Ph-докторантура
Емтихандар: шет тілі, химия
Оқу түрі: күндізгі
Оқу мерзімі: 3 жыл

«Химия» бағытының Ph-докторы келесі құзыреттіліктерге иеленеді
• Органикалық және бейорганикалық заттар химиясы саласында іргелі жүйелі білімге ие болу, қазіргі заманғы ғылыми пәндер күйінің, іргелі ғылыми зерттеу салаларының, сондай-ақ химиялық өнеркәсіппен байланысты профессионалды практика саласын қамтитын үрдістер, тәсілдер мен мәселелерді шығармашылықты және сынды бағалай алу;
• Химия ғылымы саласына сәйкес өзекті бағыттар бойынша жаңа білім немесе тәжірибелік қосымшаларды құрастыру мен өндіруді қамтамасыз ететін жобаларды жасау және іске асыру, сондай-ақ болжанбаған мәселелік жағдайларға тез және әрекет жасай білу;
• химия саласында халықаралық талаптарға сәйкес жоғары ғылыми деңгейде теориялық және практикалық ғылыми зерттеулерді жасап, химия ғылымының сәйкес салаларында жаңа ғылыми идеялар мен әдіснамалардың қалыптасуына айтарлықтай үлес қосу;
• Фундаменталды және қолданбалы химия саласында алынған білімдері мен біліктіліктерін критикалық талдай білуі, айтылған саладағы әлемдік еңбек нарығының талаптарына сай өзінің кәсіптік дайындығын салыстыра білу қабілеті, үздіксіз шығармашылық және кәсіптік өміріндегі өсуі;
• Химияның арнайы салаларында пайда болатын күрделі мәселелер бойынша құзіретті тұжырымдар және кәсіби ұсыныстар жасай білу, сонымен қатар толық обьективті мәлімет болмаған жағдайда химия саласындағы мамандармен қатар маман емес адамдар үшін де өз идеясы мен тұжырымдарын жеткізе білу;
Бейінді пәндер:
• Физикалық химияның теориялық және қолданбалы аспектілері
• Радиациялық экологияның өзекті мәселелері
• Аналитикалық химияның заманауи мәселелері
• Фармхимияның таңдаулы тараулары
• Білім берудіңартықшылықтары:
• Әлемдік еңбек нарығында жоғары бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ететіндей, терең жауапкершілі пен қиын және болжанбаған жағдайларда өзіндік және шығармашылық ізденісті талап ететін еңбекпен қамтамасыз ететін арнайы салаларда іргелі білім мен жүйелі дағдыларға, тұлғалық сапаға ие болу.
Халықаралық қатынастар: Докторанттарды ғылыми іссапарға келесі білім ордалары қабылдай алады:
- Мемфис университетінің Инновациялар және Наноматериалдарды жасау институттары (АҚШ);
- Ходжатеппе университеті (Анкара қ., Түркия);
- Қарашы Университетінің Химия Ғылымдары Халықаралық орталығы (Пәкістан);
- Пәкістан Ғылыми академиясы, Химия зерттеу Институты;
- Панжуани Молекулалық Медицина және Дәрілерді зерттеу орталығы (Пәкістан);
- Фармакология орталығы, Хоши университеті (Қытай);
- Физика және химия институты, Үрімші қ. (Қытай);
- Сегед университеті (Венгрия);
- Империал Колледж (Англия);
- Рединг университеті (Англия).
• Жұмыспен қамтудың ықтимал орындары: жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттар, химия, мұнай-химия, металлургия өндірістері, фармацевтикалық зауыттар, химиялық зертханалар және т.б.

Оқу бағасы мен оқу жылдардың санын калькуляторы:

Оқу түрі - күндізгі

Оқу деңгейі - Ғылыми - педагогикалық бағыт

Сіз


  

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Химия
Мамандық шифры
6D060600
Факультеті
Химия және химиялық технология
Оқу деңгейлері
Ғылыми - педагогикалық бағыт
Оқу түрлері
күндізгі
Өту балы
ҚАЗ
180
ОРЫС
180

пәндер

Физикалық химияның қазіргі кездегі мәселелері
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: физикалық химияның жаңа бағыттарының ғылыми теориясы мен проблемаларын жүйелеу және түсіндіру, осы білімді әрі қарай өздігінен зерттеу және ғылыми проблемаларды шешу үшін қолдану. Оқу курсы физикалық химияның қазіргі заманғы теориялық тұжырымдамаларын бағалауға, сондай-ақ кәсіби педагогикалық және ғылыми қызметте осы пәнді игеру барысында алған білімді пайдалануға мімкіндік береді. Пәнді ойдағыдай игерген жағдайда докторант келесі құзыреттіліктерге иеленеді: - химиялық үрдістерді болжау, жалпылау және талдау үшін химиялық және электрохимиялық кинетиканың жалпы әдістерін жүйелі түрде түсіну; - қазіргі заманғы классикалық және статистикалық термодинамиканың әдістерін қолдана отырып, ғылыми зерттеулер саласындағы мәселелерді шешу және жоспарлай білу; - химиялық және электрохимиялық үрдістердің бағытын болжау, осы үрдістердің кинетикалық және термодинамикалық параметрлерін талдау; - физикалық химияның белгілі бір мәселелерін сипаттау, оларды сыни бағалау, оларды шешудің әдістерін негіздеу және алынған нәтижелерді түсіндіру; - қазіргі заманғы физикалық химияның жетістіктерін өздерінің кәсіби қызметіндегі ғылыми мәселелерді шешуде негіздеу және қолдану. Пәнді оқу барысында келесі аспектілер қарастырылатын болады: классикалық, статистикалық термодинамиканың теориялық және қолданбалы аспектілері, оның әдістерін мен тәсілдерін теориялық химияның қазіргі заманғы мәселелерін шешуде қолдану; химиялық және электрохимиялық үрдістердің негізгі кинетикалық параметрлерін анықтау үшін заманауи химиялық кинетиканың теориялық және қолданбалы аспектілері.

2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Аналитикалық химияның заманауи мәселелері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Биологиялық дисперсиялардың коллоидтық химиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: биосорбенттер мен биокатализаторларды алу үшін биодисперсиялардың беттік қасиеттерін реттеудің ең тиімді әдістерін таңдау құзыреттілігін қалыптастыру. Оқу курсы диспергирленген жүйелердің арнайы класы - микроағзалар жасушаларының қасиеттерін мақсатты басқарудың теориялық және әдіснамалық негізін, оларға адсорбция заңдылықтары мен тұрақтылық теориясын қолдануды құрайды. Пәнді ойдағыдай игерген жағдайда докторант келесі құзыреттіліктерді иеленеді: - био және наносорбенттердің қасиеттерін реттеудің ең тиімді әдістерін таңдау; - микроағзалардың биосорбенттері мен биокатализаторларын алу үшін ферменттер мен жасушаларды қолдану; - жасуша бетіндегі адсорбция / десорбция процестеріне салыстырмалы талдау жүргізу; - суды тазарту үшін микробтық жасушалардың суспензияларында коагуляция мен флокуляцияның артықшылықтарын салыстыру; - қатты беттерге ферменттер мен микробтық жасушаларды иммобилизациялау әдістерін таңдауды негіздеу. Пән қазіргі заманғы теориялар мен микроағзалардың жасуша бетіндегі адсорбция процестерін сипаттайтын тұжырымдамаларды, олардағы ҚЭҚ құрылымы туралы сұрақтарды, ДЛФО теориясы негізінде жасуша суспензиясының тұрақтылығын сипаттау, микроағза жасушаларының полимерлі гельдермен композицияларын, қатты тасымалдаушылармен және олардың биологиялық табиғатын ескере отырып, кеңістіктерді дамытуға бағытталған.

Дәрілік препаратты жасаудың инновациялық технологиялары
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: инновациялық тәсілдерді қолдана отырып дәрілік препараттарды жасау және өндіру технологиясын сипаттау және бағалау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы негізгі параметрлерді, олардың жаңашылдығы мен өзектілігін ескере отырып, қазіргі заманғы технологияларды құрудың теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастырады. Пәнді ойдағыдай игерген жағдайда докторант келесі құзыреттіліктерді иеленеді: -дәрілік заттарды жасау технологиясының заманауи үрдісі аясында ғылыми ақпараттарды кешенді түсінгендігін көрсету; -дәрілік түрге байланыты дәрілік препараттың тиімділігін табуда ғылыми тәсілдердің әдістері мен жағдайларын жоспарлау мен жүзеге асыра білу; -дәрілік түрге байланысты дәрілік жабдықтарды алудың технологиялық ерекшеліктеріне сыни сараптама; -жаңа дәрілік жабдықтар мен дәрілік түрлерді жасауда өзінің ғылыми зерттеулері мен үлесіне баға беру және маңыздылығын анықтау; -медицина тағайындаған препараттардың химиясы мен технологиясындағы заманауи үрдіске сәйкес дәрілік препараттарды дайындау аясында жаңа ғылыми ойларды жүзеге асыру. Пән дәрілік препараттар мен жаңа буын дәрілік формаларын жасау саласындағы негізгі үрдістерді, биомедициналық технологиялар саласындағы инновацияны қолдау үшін кластерлік тұжырымдаманы, инновациялық технологияларды дамытудағы қиындықтар мен тосқауылдарды талдауға бағытталған.

Жер биосферасындағы радионуклидтердің күйі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән мақсаты: жер биосферасындағы табиғи және жасанды радионуклидтердің мінез-құлқын бағалау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы қоршаған орта нысандарындағы радионуклидтердің көші-қонын болжау қабілетін қалыптастырады. Пәнді оқу нәтижесінде докторант келесі құзыреттіліктерге иеленуі қажет: - табиғи және жасанды радионуклидтердің негізгі физикалық-химиялық қасиеттерін жүйелі түсінуді көрсету; - сыртқы факторларға, қоршаған орта жағдайларына байланысты радионуклидтердің көші-қон қабілетін бағалау; - табиғи және жасанды радионуклидтердің өсімдіктермен және басқа тірі организмдермен биожинақталу мүмкіндіктерін сыни талдау; - табиғи және жасанды радионуклидтердің геологиялық формаларына байланысты талдау әдістерін таңдауды жүзеге асыру; - жер биосферасындағы табиғи және жасанды радионуклидтердің мінез-құлқын бағалау үшін теориялық және практикалық білімді қолдану. Пәнді оқу кезінде: табиғи және жасанды радионуклидтердің негізгі физика-химиялық қасиеттері; сыртқы факторларға, қоршаған орта жағдайларына, табиғи және жасанды радионуклидтердің өсімдіктермен және басқа тірі организмдермен бионакөшіру мүмкіндіктеріне байланысты радионуклидтердің көші-қон қабілеттілігі қарастырылады.

Заттар мен материалдарды зерттеудің қазіргі заманғы әдістері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Катализдің қазіргі заманғы мәселелері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: докторанттардың каталитикалық және каталитикалық емес процестердің негізгі заңдылығын сыни бағалауға қабілеттілігін қалыптастыру. Оқу курсы физика-химиялық зерттеулерді және жаңа гетерогенді және гомогенді катализаторларды жасауды құрайды. Пәнді ойдағыдай игерген жағдайда докторант келесі құзыреттіліктерге иеленеді: - катализдік және катализдік емес процестердің физика-химиялық заңдылықтарын түсіну; -катализдік процестерді оңтайландыру мен жобалаудың инженерлік есептеулерін жүргізу; -гетерогенді және гомогенді катализаторлардың физика-химиялық қасиеттерін зерттеу; -катализдік өндірістің технологиялық сызбаларын тоңтайландыру; -жаңа гетерогенді және гомогенді катализдік жүйелерді жасау. Пән оқытылуға бағыттылған: химиялық процестерде қолданылатын гетролитикалық және гомолитикалық процестерді, катализатордың талғамдылығы мен стереоарнайлығы; ауыспалы валентті металдар, олардың оксидтері мен гидроксидтері негізінде катализаторлар; гетерогенді және гомогенді катализаторлардың құрылысы аймағында зерттеуді жоспарлау, олардың қатысында жүретін өзгерістердің механизмін; катализдік өндірістің технологиялық сызбаларын оңтайландыру және жетілдіру жолдары.

Кинетиканың қолданбалы аспектілері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: химиялық, каталитикалық және электрохимиялық реакциялардың кинетикалық заңдылықтарын жүйелі түсінігін қалыптастыру. Оқу курсы күрделі процестердің кинетикалық сипаттамаларын есептеу әдістерін критикалық талдау, кинетикалық зерттеулерді жоспарлау және жүргізу қалыптастырады. Пәнді ойдағыдай игерген жағдайда докторант келесі құзыреттіліктерді иеленеді: - гомогенді және гетерогенді реакциялардың кинетикасы бойынша білімдерін көрсету; - күрделі процестердің кинетикалық заңдылықтарын түсіндіру; - күрделі реакциялардың кинетикалық сипаттамаларын есептеу; - химиялық және электрохимиялық процестердің кинетикалық ерекшеліктерін талдау; - - химиялық және электрохимиялық реакциялардың кинетикалық сипаттамаларын анықтау бойынша тәжірибе ұйымдастыру және жүргізу. Пән химиялық кинетиканың есептеу әдістерін зерттеуге бағытталған: химиялық реакциялардың, каталитикалық процестердің, электрохимиялық реакциялардың кинетикалық параметрлерін есептеу; химиялық кинетиканың жуықтау әдістері.

Коллоидтық химияның қазіргі заманғы мәселелері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: ғылыми зерттеулерде қолдану үшін қолданбалы коллоидты химияның қазіргі үрдістерін талдау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы ғылыми зерттеулерді орындау кезінде коллоидтық химияның заманауи теорияларын түсіну және пайдалану үшін ғылыми негізін құрайды. Пәнді ойдағыдай игерген жағдайда докторант келесі құзыреттіліктерді иеленуі қажет: - фазалар шекарасындағы адсорбция үдерістерін реттеу мүмкіндіктерін негіздеу; - әртүрлі қатты беттерді өңдеудің рөлі мен маңыздылығын түйіндеу; -нанодисперсиялар мен наноқабыршықтарды алу әдістерін жіктеу; - коагуляциялық процестердің рөлі мен орнын сипаттау; - іс жүзінде маңызды микрогетерогенді жүйелерді тұрақтандыру мәселесін шешу. Пәнді оқыту барысында келесі сұрақтар қарастырылады: коллоидтық химияның өзекті мәселелерін үйренуге, қатты заттардың беріктігін төмендетудегі коллоидтық химияның қолданбалы заңдары мен әдістемелерін қолданудың инновациялық жолдарын меңгеру; өндірістік дисперсияларда,тағамдық жүйелерде және дәрілік композицияларда коагуляциялық үрдістерді реттеу.

Көмірді қайта өңдеудің жаңа аспектілері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: докторанттарға қатты көмірсутекті шикізатты қайта өңдеудің заманауи технологиялары мен мәселелерін, көмірді гидрогенизациялау процесінің теориялық негіздерін бағалау мүмкіндігін қалыптастыру. Оқу курсы гидротазалау, гидрогенолиз және көмір дистиляттарын гидрогендеу үшін катализаторларды талдауға және таңдауға мүмкіндік береді. Пәнді ойдағыдай игерген жағдайда докторант келесі құзыреттіліктерді иеленеді: -көмірді гидрогендеу процесінің физика-химиялық заңдылықтарын түсіну; -көмірді өңдеу процесін оңтайландыру мен жобалау бойынша инженерлік есептеуді жүргізу; -математикалық моделдеу әдісімен гидрогендеу жағдайын оңтайландыру; -көмірді дистилляттарды гидрогендеу процесінің даму келешегін бағалау; -көмір және тақтатасты өңдеу үшін жаңа катализдік жүйелерді жасау. Пән оқытылуға бағытталған: қатты көмірсутекті шикізатты өңдеудің қазіргі катализдік процестері; көмірді өңдеу процесін оңтайландыру мен жобалау бойынша инженерлік есептеуді жүргізу; көмір және тақтатасты өңдеу үшін жаңа катализдік жүйелерді жасау, олардың кинетикасы мен термодинамикасын есептеу; гидрогендеудің сұйық өнімдерінің сапасын арттыру жолдары; математикалық моделдеу әдісімен гидрогендеу жағдайын оңтайландыру.

Көміртектік материалдардың физикасы және химиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Полимерлер туралы ғылымның дамуының заманауи аспектілері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: полимерлер ғылымының заманауи даму үрдістерін шығармашылық талдау және қорыту мүмкіндігін қалыптастыру, қазіргі кезеңдегі полимерлерді практикалық қолданудың ең перспективті аспектілерін анықтау. Пәнді ойдағыдай игерген жағдайда докторант келесі құзыреттіліктерге иеленеді: - полимерлі химия мен физиканың қазіргі заманғы келешегі бар аспектілері саласындағы іргелі білімнің кешенін көрсету; - полимерлі химияны дамытудың ең өзекті мәселелерін талқылау; - түрлі мақсаттар үшін полимерлер синтезінің даму бағытын болжамдау және болжау; - берілген қасиеттері бар жаңа полимер материалдарын жасаудың белгілі бір мәселелерін сипаттау; - жетілдірілген сипаттамалары мен жаңа қолдану аймағы бар жаңа материалдарды құру үшін полимерлердің химиясы мен физикасының жетістіктерін негіздеу және қолдану. Пәнді оқыған кезде келесі аспектілер қарастырылады: химия, физикалық химия және полимерлер физикасы дамуындағы қазіргі заманғы үрдістер, полимерлі материалдар, полимер нанокомпозиттері.

Полимерлік комплекстер және композициялық материалдар
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: полимерлі кешендердің қасиеттерін талдай білу және олардың негізіндегі композиттік материалдарды алудың жаңа әдістерін өңдей білуді қалыптастыру. Оқу курсы полимерлі кешендердің және композициялық материалдардың химиясының жаңа бағыттары мен зерттеулерінің теориялық және әдіснамалық негізін құрайды. Пәнді ойдағыдай игерген жағдайда докторант келесі құзыреттіліктерді иеленеді: - полимер-полимерлік комплекстердің құрылымы аймағындағы білімін көрсету; - полимерлі комплекстерді және олар негізінде композициялық материалдарды өндірудің заманауи әдістерін талдау; - полимерлі композиттік материалдардың қасиеттерін жақсарту және жетілдіру жолдарын ұсыну; - гельдер, үлдірлер және қатты материалдар түрінде полимерлі комплекстерді алу үшін жағдайларды оңтайландыру; - полимерлі комплекстердің түзілу механизмін, құрылымын және олардың негізіндегі материалдарды зерттеу нәтижелерін түсіндіру. Пәннің мақсаты табиғаты әртүрлі полимерлердің қатысында өзара әрекеттесу үрдістерінің заманауи тұжырымдамаларын, комплекс түзу үрдістерін зерттеу әдістерін, поликомплекс негізінде композиттік материалдарды алудың жаңа тәсілдерін табу және олардың қасиеттерін бағытты реттеу мәселелерін шешуге бағытталған.

Радиациалық экологияның өзекті мәселелері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән мақсаты: радиациялық экологияның өзекті мәселелерін бағалау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы қазіргі заманғы радиоэкологиялық мәселелерді шешу үшін ең оңтайлы жағдайларды болжау қабілетін қалыптастырады. Пәнді ойдағыдай игерген жағдайда докторант келесі құзыреттіліктерді иеленеді: - Қазақстан мен әлемдегі уран өнеркәсібінің негізгі экологиялық мәселелерін жүйелі түсінуді көрсету; - Қазақстан және Орталық Азия елдерінің мысалында уран өнеркәсібінің мұрасын сыни тұрғыдан талдау, - халықтың радиациялық дозаларын есептеу нәтижелерінің дұрыстығын бағалау; - өзекті радиоэкологиялық мәселелерді шешу бойынша ұсыныстарды жасауға талдау және радиоэкологиялық бақылау әдістерін таңдауды жүзеге асыру; - радиоэкологиялық мәселелерді шешу кезінде радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қолданыстағы ең қолайлы заңнама мен нормаларды пайдалану. Пәнді оқу барысында: Қазақстан және жалпы әлемдегі уран өнеркәсібінің негізгі экологиялық мәселелері; Қазақстан және Орталық Азия елдерінің мысалында уран өнеркәсібінің мұрасы, халықтың радиациялық дозалары және өзекті радиоэкологиялық мәселелерді жою бойынша ұсыныстар, радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қолданыстағы заңдар мен нормалары қарастырылады.

Термодинамиканың қолданбалы аспектілері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты шектерді жан-жақты бағалау және талдау негізінде зерттеу есебін шешу үшін химиялық термодинамиканың ең қолайлы есептік немесе эксперименттік әдісін таңдау қабілетін қалыптастыру болып табылады. Пәнді ойдағыдай игерген жағдайда докторант келесі құзыреттіліктерді иеленуі қажет: - химиялық реакцияны немесе фазалық айналуды жүргізудің оңтайлы шарттарын таңдау үшін тепе-теңдікті ығыстырудың термодинамикалық қағидаларын жүйелі түсінуді көрсету; - жүйенің немесе процестің термодинамикалық параметрлерін есептеу нәтижелерін сыни түрде талдау; - нақты есепті шешу кезінде химиялық термодинамика әдістерінің қолданылу шегі мен нәтижелердің сенімділігін бағалау; - жүйенің термодинамикалық параметрлерін анықтау және химиялық процестің бағыты мен өту шегін болжау үшін ең қолайлы әдісті таңдауды жүзеге асыру; - термодинамика саласындағы теориялық және практикалық білімді өзінің ғылыми-зерттеу қызметінде қолдану. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады: Пәнде химияның қолданбалы есептерін шешудегі заманауи химиялық термодинамиканың бағыттары мен мүмкіндіктері; химиялық процестер мен заттардың энергетикалық көрсеткіштерін анықтаудың есептік және эксперименттік әдістері, көп компонентті жүйелердегі гомогенді және гетерогенді тепе-теңдікті есептеу және оларға әртүрлі факторлардың әсерін бағалау; химиялық термодинамиканың есептік әдістерінің мүмкіндіктері мен шектеулері.

Фармхимияның таңдамалы тараулары
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Химиялық физиканың қазіргі кездегі мәселелері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән мақсаты – көміртеқұрамды материалдардың құрылымы мен классификациясы туралы көзқарасты құрастыру:көміртекті нанотүтікшелер, фуллерендер,графендер, гидрофобты күйе. Пәнде көміртекті материалдардың классификациясы, қасиеттері, ашылу тарихы, даму кезеңі, құрылымы, номенклатура, морфологиялық ерекшеліктері қарастырылған. Оқу нәтижесінде докторанттар келесі құзыреттіліктерді иеленеді: - нанобөлшектердің классификациясын білу, көміртекті нанотүтікшелердің, фуллерендердің және гидрофобты күйенің физика-химиялық ерекшеліктерін, құрылысын, морфологиясын білу - фуллерендердің, нанотүтікшелердің, гидрофобты күйенің құрылымдық ерекшеліктерін түсіну; - нанотүтікшелердің, фуллерендердің және гидрофобты алу алу әдістері туралы білімдері болады.

2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Thomson Reuters, Scopus базасына енетін немесе ККСОН ұсынатын мерзімді баспасөздердегі жарияланымдар
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Web of Science, Scopus базасына енетін немесе ККСОН ұсынатын мерзімді баспасөздердегі жарияланымдар
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы - Web of Science, Scopus базасына енетін немесе ККСОН ұсынатын мерзімді баспасөздердегі жарияланымдардың мақсаты: докторанттардың CCSON ұсынған немесе Thomson Reuters, Scopus деректер қорларына енгізілген мерзімді басылымдарда зерттеу және жариялау нәтижелерін ұсынудағы дағдыларын қалыптастыру. Курсты оқу барысында докторант төмендегідей білімдерді меңгереді: 1. мақаланың негізгі талаптарына журналдың редакциясында жариялауға және CCSON ұсынған немесе Thomson Reuters, Scopus деректер қорларына енгізілген мерзімді басылымдарда импакт-фактор индексінің анықтамасын негіздеуге қабілетті; 2. автордың мақаласын CCSON ұсынған немесе Thomson Reuters, Scopus дерекқорларына енгізілген мерзімді басылымдарда жариялау; 3. мақаланы жариялау үшін техникалық шет тілін қолдануға; 4. таңдалған тақырып бойынша шетелдік ғалымдардың әзірленген және эксперименттік деректерін талдау; 5. зерттелетін аймақтың эксперименттік деректерін пайдалана отырып, қойылған мәселелерді шешудің нәтижелері мен берілген әдістемесін бағалауға қабілетті. Web of Science, Scopus базасына енетін немесе ККСОН ұсынатын мерзімді баспасөздердегі жарияланымдарды оқу нәтижесінде докторанттар төмендегі мәселелерді қарастырады: CCSON ұсынған немесе Thomson Reuters, Scopus дерекқорларына енгізілген мерзімді басылымдар импакт-факторын мұқият талдау жүргізіңіз. Ағымдағы тақырыпты таңдау және ғылыми жаңалықты көрсету. Олардың нәтижелерін әлеммен салыстырмалы талдау жүргізу. Мақаланың әдеби аудармасы. Мақаланы жазу және жіберу. Мақаланы қарау.

Ғылыми тағылымдама
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы - Ғылыми тағылымдаманың мақсаты: докторанттарда шетел университеті негізінде заманауи зерттеу әдістерін және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, кәсіби салада ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуге қабілеттілігін қалыптастыру. Курсты оқу барысында докторант төмендегідей білімдерді меңгереді: 1. ғылыми зерттеулерді жүргізу әдістемесінің негіздерін, ғылыми тәжірибені жоспарлау мен ұйымдастыруды, ғылыми деректерді өңдеуді негіздеу; 2. ғылыми және практикалық мәселелерді, оның ішінде пәнаралық бағыттарды шешу әдістерін талқылау; 3. зерттеу және практикалық міндеттерге балама шешімдерді талдау және осы нұсқаларды іске асырудың әлеуетті артықшылықтарын бағалау; 4. заманауи компьютерлік технологияларды қолдану арқылы ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және беру әдістері туралы теориялық білімдерді қолдану; 5. тыңдаушылардың әртүрлі контингенттері үшін ақпарат беру әдістері мен әдістерін таңдау. Ғылыми тағылымдаманы оқу нәтижесінде докторанттар төмендегі мәселелерді қарастырады: Ғылыми зерттеулерді жүргізу әдістемесінің негіздері, ғылыми тәжірибені жоспарлау және ұйымдастыру, шетел университеті негізінде ғылыми деректерді өңдеу. Ағымдағы ғылыми проблема бойынша тәуелсіз зерттеу жүргізу. Зерттеу нәтижелерін дайындау және таныстыру: конференцияларға, семинарларға қатысу, баяндамалар, тақырып бойынша жарияланымдар. Ғылыми тағылымдамадан өту және оны қорғау нәтижелері туралы есеп дайындау.

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар ІI)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар IIІ)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар VІ)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар І)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар ІV)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторлық диссертацияны орындау
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы - Докторлық диссертацияны орындау мақсаты: «8D075 -Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша) білім беру бағдарламасы бойынша докторлық диссертацияны қорғауға дайындық. Курсты оқу барысында докторант төмендегідей білімдерді меңгереді: 1. ғылыми-зерттеу жұмыстарының барысында пайда болатын және тереңдетілген кәсіби білімді талап ететін мәселелерді шешудің прогрессін көрсету; 2. міндеттер шеңберінде теориялық немесе тәжірибелік зерттеулер жүргізуді, оның ішінде математикалық (имитациялық) эксперимент жүргізуді талап ету; 3. зерттеудің қажетті әдістерін таңдай алады, қолданыстағы әдістерді өзгертуге және белгілі бір зерттеудің міндеттеріне негізделген жаңа әдістерді әзірлеуге болады; 4. нормативтік көздер мен ғылыми әдебиеттер бойынша өзіндік жұмыс үшін шет тілдерін пайдалану; 5. диссертациялық зерттеудің мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдайды, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерінің ғылыми жаңалығы мен практикалық маңыздылығын анықтайды; зерттеу жұмыстарының құрылымдық әдіснамалық схемасын әзірлеу. Докторлық диссертацияны орындауды оқу нәтижесінде докторанттар төмендегі мәселелерді қарастырады: Диссертацияның презентациясы және алдын ала сараптамасы. Өтініш берушінің ісін Университеттің Ғылыми кеңесінде тіркеу. Тезистерді қорғау туралы хабарландыру. Авторефератты жариялау және жіберу. Диссертацияны қорғаудан кейін құжаттарды рәсімдеу.

Зерттеу
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Зерттеу тәжірибесі

Педагогикалық
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Педагогикалық

Халықаралық конференциялар материалдарындағы жарияланымдар
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы - Халықаралық конференциялар материалдарындағы жарияланымдардың мақсаты: ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін ғылыми қоғамдастыққа ұсыну, кері байланыс алу және кәсіптік қызмет саласында тәжірибе алмасу мүмкіндігі туралы докторанттар қалыптастыру. Курсты оқу барысында докторант төмендегідей білімдерді меңгереді: 1. ғылыми зерттеулердегі қазіргі үрдістерді көрсету; 2. ғылыми журналдарда, халықаралық конференциялар мен симпозиумдардағы материалдардағы зерттеулердің аннотирленген нәтижелерін айқындау; 3. теориялық және қолданбалы міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін жаңа, ғылыми негізделген, теориялық немесе тәжірибелік нәтижелерді қолдануға болады; 4. таңдалған кәсіби қызмет саласындағы ғылыми нәтижелерді, әріптестер мен қарсыластардың деректерін талдау; 5. қызметтің кәсіби саласын ғылыми зерттеуде ұсынылған әзірлемелерді пайдалану идеяларын қалыптастыру. Халықаралық конференциялар материалдарындағы жарияланымдарды оқу нәтижесінде докторанттар төмендегі мәселелерді қарастырады: Ғылыми және халықаралық конференциялардың рейтингін талдау. Қатысу түрлері бойынша ғылыми конференциялар. Халықаралық және жергілікті конференциялар. Редакциялық кеңестің талаптарына сәйкес ғылыми мақаланы жариялау.

2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген