Докторантура
Биотехнология

Биотехнология

БАҒДАРЛАМА СИПАТТАМАСЫ

Халықаралық аккредитация: ASSIIN - 2020
Бағдарлама: 6D070100 - Биотехнология
Оқу деңгейі: Докторантура
Емтихан: шет тілі (тест), мамандық бойынша емтихан (жазбаша)
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 3 жыл
«Биотехнология» бағыты бойынша докторанттар келесі кәсіби қызметке дайындалады:
• Ғылыми-зерттеу қызметі:
- технологиялық үдерістің барлық кезеңінде биологиялық және физика-химиялық кинетиканың эксперименталды зерттеулері және олардың математикалық сипаттамасы;
- ғылыми-техникалық есеп, аналитикалық шолу және анықтама құжаттарын, ғылыми жоба байқауларына қатысу құжаттарын, фармакопиялық мақала жобаларының, (мемлекеттік стандарттар), ғылыми нәтижелерді жариялау, зияткерлік меншікті қорғау құжаттарын дайындау.
• Жобалық қызмет:
- қолданыстағы биотехнологиялық үдерістер мен өндірісті қайта құру және модернизация;
- микробиологиялық синтез үдерісі мен аппараттарын моделдеу және оптимизация;
- технологиялық сызбалардың негізгі кезеңдерін өңдеу, тәжірибе және тәжірибе-өндірістік қондырғыларда технологиялық үдерістерді зерттеу;
- технологиялық сызбалардың негізгі түйіндері мен қондырғыларын математикалық моделдеу және оптимизация;
- Өндіріс қалдықтары мен зиянды заттарды утилизациялаудың биологиялық әдістерін өңдеу, тұйық технологияларды құрастыру, биомониторинг әдістерін өңдеу және өткізу, қоршаған ортаны қорғаумен байланысты басқада мәселелерді шешу.
• Ұйымдастыру басқару қызметі:
- биотехнологиялық өнім сапасының менеджмент жүйесін өңдеу және жүзеге асыру;
- халықаралық талаптарға сәйкес өндірістің жергілікті норматив акт жүйелерін өңдеу;
- биотехнология саласында инновацияларды енгізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
- өндірісте және қоршаған ортаны қорғауда техника қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ұйымдастыру.
• Өндірісті-техникалық қызмет:
- қолданыстағы биотехнологиялық үдеріс пен өндірісті ұйымдастыру, жоспарлау, басқару;
- биотехнологиялық өндіріске ғылыми зерттеу нәтижелерін ендіру бойынша координациялық жұмыстар;
- экспериментальды және өндірістік қондырғыларды эксплуатациялау.
• Педагогикалық қызмет:
- профильді пәндер бойынша студенттермен әртүрлі оқу сабақтарын өткізу және дайындау;
- оқу және оқу әдістемелік материалдарын, оның ішінде электронды түрде дайындау;
- -студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекішілік;
- өндірісте орта техникалық жұмысшыны оқыту.
Профильді пәндер:
• Молекулалық биотехнология әдістері;
• Клиникалық генетика;
• Табиғи полимерлерің және ксенобиотиктердің биотрансформациясы, биоқолжетімдігі;
• Микроорганизмдердің молекулалық биологиясы;
• Тағамдық шикізаттың биогенді потенциалы;
• Геномика және генодиагностика;
Білім берудің артықшылықтары:
• Аахен университеті (Германия); Витаутас Магнус университеті (Литва); Токио ғылым университеті (Жапония) және т.б. бірлескен халықаралық білім беру бағарламалары;
• Халықаралық білім беру бағдарламалар, білім беруде жаңа әдістер мен техникалық құралдар.
Халықаралық байланыстар:
• Аахен қолданбалы ғылымдар университеті (Германия),
• Пьер және Мария Кюри университеті (Франция),
• Токио ғылым университеті (Жапония),
• Остиндегі Техас университеті (АҚШ),
• Бен-Гурион университеті (Израиль),
• Вена университеті (Австрия) және т.б.
Практиканы өту және жұмысқа орналасу орындары:
• ҒЗИ мен ЖОО аға ғылыми қызметкер;
• Биотехнологиялық өндірістерде менеджерлер мен қызметкерлер;
• Стандартизация және сертификация орталығында, кеден және т.б. мекемелерде эксперт;
• Колледж, ЖОО оқытушы;
• СЭО врач лаборант.

Оқу бағасы мен оқу жылдардың санын калькуляторы:

Оқу түрі - күндізгі

Оқу деңгейі - Ғылыми - педагогикалық бағыт

Сіз


  

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Биотехнология
Мамандық шифры
6D070100
Факультеті
Биология және биотехнология
Оқу деңгейлері
Ғылыми - педагогикалық бағыт
Оқу түрлері
күндізгі
Өту балы
ҚАЗ
181
ОРЫС
181

пәндер

Биотехнологиялық өнімдерді өндіру және алу
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің негізгі мақсаты биотехнологиялық өнімдер өндірісін қамтамасыз ету үшін заманауи технологияларды өндірудің сапасын бағалауда: денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау, тағамдық және қайта өңдеу өндірісіндегі сапаны бағалау. Пәнді игерудің нәтижесінде докторанттар келесі біліктілікті игеру қажет: 1. биотехнологиялық өндіріс үшін шикізат болып табылатын биологиялық объектілерді пайдаланудағы ағымдағы үрдістерді бағалау және болжау ; 2. жаңа биотехнологиялық өнімдер өндірісі үшін заманауи әдістерді жоспарлауды игеру: микробтық процестер, гендік инженерия және т.б. 3. биотехнологиялық объектілерді, заманауи биотехнологиялық өндірістің дамуының негізгі бағыты мен салаларын талдау және бағалау; 4. жаңа биотехнологиялық өнімдер өндірісі үшін заманауи әдістерді жоспарлауды игеру: микробтық процестер, гендік инженерия және т.б. 5. қазіргі заманғы индустриалды биотехнологияның өндірістік мәселелеріне әдістемелік тәсілдер мен шешімдерді әзірлеу; Пәннің аясында келесі тақырыптар қарастырылады: қазіргі заманғы биотехнологияны дамытудағы ағымдық үрдістер; биотехнологиялық өндірістің ерекшеліктері; биологиялық объектілердің сипаттамалары мен биотехнологиялық әлеуеті; Өнеркәсіп, медицина және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде жаңа технологиялар. Биотехнологиялық өндірістің жеке сатылы критикалық кезеңдері. Иммобилизденген ферменттер мен микробтық клеткаға негізделген жаңа технологиялар. Практикалық құндылыққа ие өнімдерді алуда биотехнологиялық процестердің мысалдары. Иммобилизденген ферменттер мен микробтық клеткаларды пайдалану негізінде өндірістің салалары. Биологиялық белсенді заттарды өндіру технологиясы. Биопроцестердің жеке сатыларында туындайтын мәселелерді шешу.

2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Азақ түліктік шикізатты қайта өңдеудің жаңа технологиясын өңдеу
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән жануар және өсімдіктекті шикізатты қайта өңдеу технологияларының өзекті мәселелерін зерттеуге, тағам өнімдерінің, технологиялық қондырғыларының сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, тағам өндірісі және қауіпсіздігі процестеріне, сонымен қатар тағам өнеркәсібінің әр саласындағы технологиялық процестердің ғылыми негіздерімен танысуға негізделген. Пәнді оқу нәтижесінде докторант келесідей біліктіліктерге ие болуы керек: - шикізат және энергетикалық шығындарды есепке ала отырып өнеркәсіптік өндірістің негізгі химиялық, физикалық және техникалық аспектілерін білу; - әртүрлі тағамдық азықты алудың негізінде жатқан технологиялық процестер мен қағидаларын білу; - анализ сызба-нұсқасын құра білу, өндірістік шикізат қауіпсіздігін, сапасын, құрамын бақылау әдістерін дұрыс таңдау және қолдану.

Антропогендік бұзылған экожүйелерінің биоремедиациясының қазіргі заманғы аспектілері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән қалыптастыруды көздейді теориялық және практикалық білім деңгейін келесі сұрақтар бойынша: фототрофты микроорганизмдер көмегімен ластанған су экожүйелерінің қазіргі заманғы әдістерін ғылыми негіздері сипаттау; микробалдырларды пайдалана отырып биоиндикация және биотестілеудің тәжірибе жоспарлау, тәжірибе нәтижелерін интерпретациялау; биомониторинг жүйесін дайындау және талдау, тиісті тест-объектілерді іздеу, алынған білімдерінің нәтижесінде қысқаша хабарламаларды, тезис және эксперименттік-баптарын жазу; микробалдырлар негізінде биологиялық мониторинг талқылау.

Бионанотехнология
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - медицина, тамақ өнеркәсібі және т.б. үшін бионантехнология саласындағы білім мен дағдыларды пайдалану мүмкіндігін қалыптастыру. Пәнді игерудің нәтижесінде докторанттар келесі біліктілікті игеру қажет: 1. әр түрлі қасиеттері бар биологиялық наноқұрылымдарды білу және түсіну қажет; 2. заманауи бионанобиотехнологияда бионаноқұрылымдардың (макромолекулалар, гендер, клеткалар) қызметтерінің мүмкіншіліктерін байланыстыру; 3. нанотехнологияның перспективті дамуы мен жетістіктерін бағалау 4. бионанотехнологияның молекулалық-биологиялық, биофизикалық, биохимиялық негіздерін талдау; 5. адам денсаулығын қамтамасыз етуге толықтай бағыттау мақсатында бионанотехнологияның фундаментальды өсуін бағалау. Нақты тақырыптар келесі мәселелерді қамтиды: биологиялық наноқұрылымдарың түрлері және әсері;технологиялық процестерде қолданылатын бионаноэлементтердің әр түрлілігі; бионанообъектілерді қолдану арқылы түрлі құрылғыларды жасау және қолдану; жоғары бионанотехнологиялар негізінде фундаментальды ғылым мен өндірістің байланысы; нанобиотехнология дамуының заманауи бағыты; бионаномашиналар жұмысының мақсаты мен ұйымдастырылуы; нанобиотехнологияда ДНҚ молекулаларын қолдану; бионанотасымалдаушылардың негізгі мақсаты;биосенсорлар және олардың қолданылуы. Биосенсорика саласындағы зерттеулердің заманауи бағыттары; наномедицина. Бионаноматериалдар. Нанобиотехнология дамуының перспективалары.

Биотехнологиядағы дисперсиялық талдау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - биотехнологиялық зерттеулерде дисперсиялық талдауды (ANOVA) қолдану дағдыларын қалыптастыру. Осы пәнді оқу аяқталғаннан кейін докторанттар: 1. Сапалық ерекшеліктерге сараланған талдауды жоспарлау және жүзеге асыру; 2. инженерлік практикада және ғылыми-зерттеу қызметінде қажетті эксперименттік деректерді жинау және өңдеу дағдыларын көрсетеді; 3. өндірістік мәселелерді математикалық модельдеу дағдыларын көрсету, олардың оңтайлы шешімін іздеу, алынған нәтижелерді талдау және бағалау; 4. әртүрлі табиғат мәселелерін шешуде математикалық модельдеудің негізгі әдістерін қолданады; 5. айырымдық әдісті жүргізу дағдыларын көрсету, бір факторлы және көпфакторлы эксперименттің ауытқуларын талдау, корреляция және регрессиялық талдау; Пән негізінде қарастырылады: бір немесе бірнеше факторлардың тиімді белгілерге статистиканың әсері; дисперсионды талдаудың әртүрлі түрлері мен модификациясын, факторлардың әсерінің сенімділігі мен сенімділік күшін бағалау әдісі; жеке орта және жекелей үлестерді бағалау; белгілі бір шарттар жиынтығы бойынша белгінің дамуын болжауды қарастырады.

Генетикалық модификацияланған шикізаттың замануи әдістері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - генетикалық түрлендірілген ағзаларды және олардан алынған өнімдерді анықтау және талдау әдістерін қолдану мүмкіндігін қалыптастыру. Пәнді оқу нәтижесінде докторант келесідей біліктіліктерге ие болуы керек: 1. әртүрлі материалдан ДНҚ бөліп алу әдістерін білу; 2. ГМО идентификациясы кезіндегі ПЦР процедурасы жайында түсінігіне ие болу; 3. тағамдық шикізат, материалдар мен дайын өнімдердің физико-химиялық, функционалды- технологиялық қасиетін, құрамын анықтаудың стандартты әдістерін игеру; 4. ГМО алуда зерттеу әдістерін жүргізу және жоспарлау; 5. ГМ тағамдық өнімдері шығарылымын, сатылымын және маркалауын реттеу заңдылығы. Нақты тақырыптар келесі мәселелерді қамтиды: ДНҚ бөліп алу әдістері. ГМ өнімдерді идентификациялау кезіндегі ПТР-анализ. Стандартталған тесттілік чип-жүйелерді қолдана отырып ГМО құрамын анықтау. Чипке енгізілген, белгіленген ДНҚ комплементарлы гибридизация принципі. Нуклеин қышқылдарын сандық анықтауға негізделген әдістер. ГМО алу әдістері: агробактериялық тасымалдау, баллистикалық трансформация, электропорация немесе вирусты трансформация. ГМ тағамдық өнімдері шығарылымын, сатылымын және маркалауын реттеу заңдылығы.

Геномика және гендік диагностика
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты генодиагностика және геномиканың негізгі міндеттерін жүйелі түрде түсіну қабілетін қалыптастыру болып табылады. Пәнді игерудің нәтижесінде докторанттар келесі біліктілікті игеру қажет: 1. гендік диагностика және гендік терапияның мақсаты және міндеттерін жүйелі түсінуді көрсете білу; 2. геномды талдаудың практикалық және теориялық негіздерін білу; 3. генодиагностикалық және жалпы лабораториялық зерттеулерді жүргізуге қажетті барлық материалдар мен приборларды қолдануды меңгереді; 4. геномды талдау жүргізуге қажетті материалдар мен құрал-жабдықтарды қолдануды игереді. 5. Молекулалық-генетикалық тәжірибелердің нәтижелерін талдау және болжау. Берілген пәнде биохимиялық, физиологиялық, молекулалық және басқа да процестер негізінде адам ағзасында болатын патологиялық симптомдар мен белгілердің пайда болуындағы тұқымқуалаушылық факторлардың рөлін зерттейтін қазіргі заманғы генетиканың маңызды бөлімі медициналық генетиканың жетістіктері қарастырылады. Сонымен қатар, пәнде, әртүрлі тұқым қуалайтын ауырулардың гендік теропиясының қазіргі жағдайы мен келешегі, молекулалық диагностиканың ерекшеліктері, мутацияны анықтау әдістері қарастырылады.

Клиникалық генетика
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Коммерциялық биотехнология
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Берілген модуль коммерциялық-қызығушылық тудыратын биотехнологиялық өнімдерді, оларды өндіру жағдайларын, сату, маркетингін және инновациялық өнім алу мәселелерін қарастырады. Модуль бірқатар негізгі бөлімдерден тұрады және жаңа коммерциялық-рентабельді биотехнологиялық тауарлар мысалдарымен нақтыланып толықтырылады. Нақты тақырыптар келесі мәселелерді қамтиды: - ұлттық және трансұлттық деңгейдегі негізгі коммерциялық биотехнологиялық өндіріске шолу беріледі; - коммерциялық биотехнологиялық компанияларды құру, дамыту және қызметін талдау кезіндегі негізгі ережелер; - рентабельді биотехнологиялық бизнесті биотехнологиялық ғылымның негізі және алдынғы бөлімі ретінде қарастыру. Пәнді игерудің нәтижесінде докторанттар келесі біліктілікті игеру қажет: - коммерциялық биотехнологияның ұлттық және трансұлттық деңгейде даму бағыттары мен әдістерін, қазіргі кездегі жағдайы туралы білімдерін кеңейту; - коммерциялық биотехнологиялық компанияларды құру, дамыту және қызметін талдау кезінде, соның ішінде студенттік ортада, қазіргі заманғы әдістер туралы толық түсінік қалыптастыру керек; коммерциалық биотехнология саласында кейс-стади және проектілерді құруда дағдыларын дамытуды.

Ксенобиотиктер және табиғи полимерлердің биожеткіліктілік пен биотрансформациясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты микробтық жүйелердің құндылығын бағалау және олардың органикалық және бейорганикалық ксенобиотиктердің биотрансформациясына қатысуын, сондай-ақ табиғи полимерлерді қалыптастыру болып табылады. Осы пәнді оқу аяқталғаннан кейін докторанттар: 1. ксенобиотиктердің және табиғи полимерлердің микроорганизмдермен трансформациялау механизмдерін жүйелі түрде түсіндіру; 2. ластанған экожүйелерді оңалтуға арналған биоремедиациялық шаралар негізінде ғылыми зерттеулерді жоспарлау және жүргізу; 3. ластанған экожүйелерді биологиялық әдістермен қалпына келтіру стратегиясын таңдаудың ғылыми және ұтымды ұстанымымен келісу; 4. өздерінің білімдерін негізгі ластағыштарды жою әдістерін әзірлеуге, осы саладағы эксперименталды зерттеулерді жоспарлауға және енгізуге; 5. Биотехнологияны, педагогикалық және ұйымдастырушылық қызметті басқаруда алынған білім мен дағдыларды кешенін қолдану; Нақты тақырыптарда келесі мәселелер қамтылады: органикалық және бейорганикалық ксенобиотиктердің биожеткіліктілігі мен биотрансформациясына әсер ететін факторлар; ксенобиотиктердің трансформация жолдары; табиғи полимерлердің трансформациясы; микроорганизм-деструкторлардың генетикалық ерекшеліктері; табиғи полимерлер мен ксенобиотиктердің биодеграция кезіндегі метаболиттік жолдары.

Метаболикалық инженерия
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнде биотехнологияда қолданылатын микроорганизмдердің метаболиттік белсенділігін жоғарлату аспектілері қарастырылады. Нақты тақырыптар келесі мәселелерді қамтиды: өндірістік микроорганизмдердің физиологиялық және клеткалық биологиясы; метаболиттік инженерияға физиологиялық көзқарастар; биосинтезді реттеу жүйелері; метаболиттік лимиттеу; іргелі ғылымның метаболиттік инженерияға негізделген өндіріспен байланысы. Пәнді игерудің нәтижесінде докторанттар келесі біліктілікті игеру қажет: – биотехнологияда бағалы микроорганизмдердің физиологиялық және биохимиялық қасиеттерін білу қажет; - микроорганизмдер метаболизмінің ерекшеліктері жайында білімді игеру; - биологиялық белсенді заттардың продуценттері микроорганизмдердің метаболизмі жолдары жайындығы біліктілікке дағдылану.

Микроорганизмдердің клетка аралық қарым-қатынасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Микроорганизмдердің молекулалық биологиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - микробтық жүйелердің молекулалық сипаттамалары және олар жүргізетін процестер туралы жүйелі білімді көрсету қабілетін қалыптастыру. Пәнді оқыту нәтижесінде докторант келесі біліктіліктерді игеруі қажет: 1. микроорганизмдердегі микробтық синтез процестерінің механизмдерін білу; 2. микробтық жүйелердегі процестердің молекулалық негіздерін білу; 3. микробтық синтездеу технологиясын таңдау және дамыту; 4. молекулярлық биотехнологияда микробтық жүйелерді пайдалану перспективаларын бағалау; 5. молекулярлық биотехнологияда микробтық жүйелерді пайдалану перспективаларын талдау; Нақты тақырыптарда келесі мәлеметтерді қамтиды: микроорганизмдердің құрылымды - функционалдық ұйымдасу ерекшелiктерi, биотехнологиялық процестерде микроорганизмдердің қолданылуы, микробтық жүйелер арқылы өнімдерді алу, микробтық синтездің молекулалық негіздері, микробтық жүйелердің молекулалық биотехнологияда қолданылу жетістіктері; микробтық қауымдастықтардың метагеномикалық анализі.

Молекулалық биотехнологияның әдістері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты биотехнологияда кеңінен қолданылатын биохимия, биофизика, молекулалық биология және генетикадағы заманауи молекулярлық әдістерді қолдану мүмкіндігін қалыптастыру болып табылады. Пәнді игерудің нәтижесінде докторанттар келесі біліктілікті игеру қажет: 1. биотехнологиялық объектілерді зерттеудің молекулалық деңгейде эксперименталды бағыттарының жалпы сипаттамасын білу керек; 2. биологиялық зерттеулерде молекулалық әдістерді қолдану жетістіктерімен танысу қажет; 3. биообъектілердің құрылымды – функционалды ұйымдасуын молекулалық әдістермен зерттеудің жетістіктерімен танысу керек; 4. экспериментте алынған нәтижелерді дұрыс бағалауға және сараптауға қабілетті болу; 5. Жұмыстың нәтижелерін ғылыми-техникалық есептер, шолулар, презентациялар түрінде көрсету Нақты тақырыптар келесі мәселелерді қамтиды:биотехнологиялық объектілерді молекулалық деңгейде зерттеудің эксперименталды бағыттарының жалпы сипаттамасы; биологиялық зерттеулерде молекулалық әдістерді қолдану жетістіктерімен танысу; биообъектілердің құрылымды – функционалды ұйымдасуын молекулалық әдістермен зерттеудің жетістіктерімен танысу; биологиялық объектілердің құрылымын және қызметін зерттеудегі заманауи әдістерді үйрету.

Про-және эукариоттың молекулалық биотехнологиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Протеомдық технологиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - заманауи протеомикалық технологияларды медицинада, фармакологияда және өнеркәсіптік өндірісте қолдану мүмкіндігін қалыптастыру. Пәнді игерудің нәтижесінде докторанттар келесі біліктілікті игеру қажет: 1. протеомдардың зерттеудің заманауи негізгі тәсілдерін білу қажет; 2. диагностикалау мақсатында протеомды технологияларды қолдану мүмкіншіліктерін білу қажет; 3. белоктардың және күрделі наномолекулалық жүйелердің құрылысын, динамикасын, қызметін моделдеу бойынша жүргізілетін протеомды эксперименттердің нәтижелерін өңдеуде биоинформациялық технологияларды қолдану. 4. тағам өнімдердің сапасын бақылайтын әдістер жасалу мақсатында протеомды технологияларды қолдану мүмкіндіктерін білу қажет; 5. протеомдық технологиялар негізінде қоғамдық-маңызы бар аурулардың терапиялық мониторингі немесе болжау ағымында диагностикалау мақсатында биомаркерлерді іздестіруді болжау және жүзеге асыру; Нақты тақырыптар келесі мәселелерді қамтиды: Протеомика: биология және медицинадағы жаңа технологиялар. Протеомдық технологияларды әр түрлі аурулардың диагностикалау әдістерін жасауда және аурудың диагностикалық маркерлерін іздеуде қолдану. Биомаркерлерді шығаруда түрлі протеомдық технологияларды қолдану. Протеомдық зерттеудің этаптары. Молекулярлы диагностикалаудың инструменталды базасын жасауда протеомдық зерттеудің дамуы. Әр түрлі тағамдық өнімдердің сапасын бақылайтын әдістер жасалу мақсатында протеомды технологиялар қолдану. Протеомдық технологияларды персонифицирленген медицина саласында емдік-диагностикалық құрал-жабдықтар жасауда, жаңа дәрілік препараттарды алуда, әлеуметтік-маңызды және сирек кездесетін аурулардың диагностикасы мен емдеуде қолдану.

Тамақ шикізатының биогенді потенциалы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - азық-түлік шикізаты жүйесі мен оның әлеуетін толыққанды білу қабілетін қалыптастыру. Докторанттар келесідей біліктіліктерге ие болуы керек: 1. тағамдық шикізаттар қасиетінің биотехнологиялық трансформация процесі жайындағы жүйелі білімді көрсете білу; 2. тағамдық қосылыстарды өндіру және сақтау кезінде болатын процестерді нақты бағалау; 3. астың адам ағзасында қорытылуы кезіндегі олардың өзгеруі процестерін сараптау; 4. тағамдық жүйелердегі құрылымдық түзілулердың сандық және сапалық талдау қағидаларын, әдістерін және тәсілдерін білу; 5. тағамдық жүйелер және тағамдық азықтардағы химиялық, физико-химиялық, коллоидты, биохимиялық өзгерулердің болжау; Пән биотехнологиялық әдістерді пайдалана отырып тамақ шикізатын өңдеудің көздері мен әдістерін қарастырады. Азық-түлік шикізаты көпкомпонентті, көп функциялы, биологиялық белсенді жүйе ретінде. Азық-түлік шикізатының биотехнологиялық және биогенді әлеуеті. Шикізаттың, тағамдық қоспалардың және тамақ жүйелерінің функционалдық және технологиялық қасиеттері.

Тамақтану биохимиясының теориялық негізі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: рациональді тамақтану және салауатты өмір салтын ұйымдастыруға бағытталған тамақтану биохимиясы саласындағы білімді және біліктілікті дамыту. Пәнді оқу нәтижесінде докторант келесідей біліктіліктерге ие болуы керек: 1. тағамдық заттардың қызметін және олардың адам ағзасы үшін орнын білу; 2. адам денсаулығын сақтау мақсатында рационалды тамақтану принциптерін бағалау; 3. тағамдық азықтар сапасы мен құрамын зерттеу әдістерін жоспарлау және игеру; 4. тағамдық құндылықтардың мөлшерінің жетіспеушілігі немесе мөлшерден тыс қабылдаған жағдайдағы салдарын критикалық бағалау; 5. рационалды тамақтанудың негізгі принциптерін білу. Пәнде: қазіргі заманғы тамақтанудың ғылыми теориясы; тамақтану принциптері; калория диета; тағамның тағамдық құндылығы. Жеке заттардың метаболизм ерекшеліктері. Бақылау принциптері. Сау адамның тамақтану мәдениеті.

Фитопатология және өсімдіктерді қорғау технологиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Фотобиотехнологияның қазіргі заманғы мәселелері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - биотехнологиялық мәселелерді шешу үшін фототрафиялық микроорганизмдердің биологиясын білуді қалыптастыру. Пәнді игерудің нәтижесінде докторанттар келесі біліктіліктерді игеру қажет: 1. фототрофты микроорганизмдердің морфология-культуральдық, физиолого-биохимиялық қасиеттерін жүейлеуді жоспарлау; 2. фототрофты микроорганизмдердің биомассасын алуда массалық дақылдаудың замануи әдістерін сипаттау; 3. фототрофты микроорганизмдердің қасиеттерін салыстыру, олардың классификациясы, табиғатта және адам өміріндегі маңызы; 4. биологиялық автивті заттарды алуда микробалдырлардың массалық дақылдарынының қолдану мүмкіншіліктерін игеру; 5. алынған зерттеу жұмысытарының нәтижелерін білікті маман ретінде қайта қарастырып, ғылыми биотехнологияның дамуына үлесін тигізу. Нақты тақырыптарда келесі мәлеметтерді қамтиды: фототрофты микроорганизмдердің биотехнологиясы аясындағы жетістіктердің маңызы, фототрофты микроорганизмдердің негізгі қасиеттері, олардың классификациясы, табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі, жаппай дақылдауда микробалдырларды қолданылу мүмкіндіктері. Цианобактериялар мен микробалдырлар негізінде биологиялық белсенді заттар мен биологиялық тағамдық қоспалар биотехнологиясы. Микробалдырлар негізінде ақуыз алу биотехнологиясы. Цианобактериялар мен микробалдырлар негізінде жемдік ақуыз алу. Фотобиотехнологияда цианобактериялардың дамуының маңызы. Су экожүйелерінде биомониторинг объектісі негізінде фототрофты микроорганизмдерді пайдалану. Мұнай өнімдерімен ластанған аумақты цианобактериялар негізінде биодеградациялау. Фототрофты микроорганизмдер негізінде биожанармай алу. Фототрофты микроорганизмдерді биомассасын алуға негізделген фотобиореакторлар.

Фототрофты микроорганизмдердің биоэнергетикасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - фототрофты микроорганизмдерді пайдаланып қайта қалпына келетін энергия көздерінің микробиологиялық өндірісінің әдістерін қолдану мүмкіндігін қалыптастыру. Пәнді оқыту нәтижесінде докторант келесі біліктіліктерді игеруі қажет: 1. биожанармай алудағы фототрофты микроорганизмдердің биохимиясы мен физиологиялық жүйелерін білу; 2. биожанармай алудағы фототрофты микроорганизмдердің метаболиттік ерекшелігін игеру; 3. фототрофты микроорганизмдердің өнімділігін жоғарылатуды және жалпылама дақылдаудың тәсілдеріне дағдылану; 4. экологиялық, энергетикалық және шикізат көзі мәселелерін шешуде биотехнологиялық процесс негізінде фототрофты микроорганизмдерді пайдаланудың тиімділігін жүйелеу. 5. экологиялық, энергетикалық және шикізат мәселелерін шешу үшін фототрофты микроорганизмдерді биотехнологиялық процестерге қолдану үшін жаңа идеяларды синтездеу Пәндерді оқыған кезде докторанттар фотосинтез жасушалары мен организмдерін зерттеуге біртұтас көзқарас білуі, биотехнологиялық өндіріс қажеттілігі үшін фотосинтетикалық микроорганизмдерді қолдану мүмкіндігі болуы керек; биодизельді отынды өндіруге арналған май продуценті микробалдырларды дақылдау технологиялары.

2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Thomson Reuters, Scopus базасына енетін немесе ККСОН ұсынатын мерзімді баспасөздердегі жарияланымдар
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Ғылыми тағылымдама
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы - Ғылыми тағылымдаманың мақсаты: докторанттарда шетел университеті негізінде заманауи зерттеу әдістерін және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, кәсіби салада ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуге қабілеттілігін қалыптастыру. Курсты оқу барысында докторант төмендегідей білімдерді меңгереді: 1. ғылыми зерттеулерді жүргізу әдістемесінің негіздерін, ғылыми тәжірибені жоспарлау мен ұйымдастыруды, ғылыми деректерді өңдеуді негіздеу; 2. ғылыми және практикалық мәселелерді, оның ішінде пәнаралық бағыттарды шешу әдістерін талқылау; 3. зерттеу және практикалық міндеттерге балама шешімдерді талдау және осы нұсқаларды іске асырудың әлеуетті артықшылықтарын бағалау; 4. заманауи компьютерлік технологияларды қолдану арқылы ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және беру әдістері туралы теориялық білімдерді қолдану; 5. тыңдаушылардың әртүрлі контингенттері үшін ақпарат беру әдістері мен әдістерін таңдау. Ғылыми тағылымдаманы оқу нәтижесінде докторанттар төмендегі мәселелерді қарастырады: Ғылыми зерттеулерді жүргізу әдістемесінің негіздері, ғылыми тәжірибені жоспарлау және ұйымдастыру, шетел университеті негізінде ғылыми деректерді өңдеу. Ағымдағы ғылыми проблема бойынша тәуелсіз зерттеу жүргізу. Зерттеу нәтижелерін дайындау және таныстыру: конференцияларға, семинарларға қатысу, баяндамалар, тақырып бойынша жарияланымдар. Ғылыми тағылымдамадан өту және оны қорғау нәтижелері туралы есеп дайындау.

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар ІI)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар IIІ)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар V)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар І)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар ІV)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторлық диссертацияны орындау
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы - Докторлық диссертацияны орындау мақсаты: «8D075 -Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша) білім беру бағдарламасы бойынша докторлық диссертацияны қорғауға дайындық. Курсты оқу барысында докторант төмендегідей білімдерді меңгереді: 1. ғылыми-зерттеу жұмыстарының барысында пайда болатын және тереңдетілген кәсіби білімді талап ететін мәселелерді шешудің прогрессін көрсету; 2. міндеттер шеңберінде теориялық немесе тәжірибелік зерттеулер жүргізуді, оның ішінде математикалық (имитациялық) эксперимент жүргізуді талап ету; 3. зерттеудің қажетті әдістерін таңдай алады, қолданыстағы әдістерді өзгертуге және белгілі бір зерттеудің міндеттеріне негізделген жаңа әдістерді әзірлеуге болады; 4. нормативтік көздер мен ғылыми әдебиеттер бойынша өзіндік жұмыс үшін шет тілдерін пайдалану; 5. диссертациялық зерттеудің мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдайды, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерінің ғылыми жаңалығы мен практикалық маңыздылығын анықтайды; зерттеу жұмыстарының құрылымдық әдіснамалық схемасын әзірлеу. Докторлық диссертацияны орындауды оқу нәтижесінде докторанттар төмендегі мәселелерді қарастырады: Диссертацияның презентациясы және алдын ала сараптамасы. Өтініш берушінің ісін Университеттің Ғылыми кеңесінде тіркеу. Тезистерді қорғау туралы хабарландыру. Авторефератты жариялау және жіберу. Диссертацияны қорғаудан кейін құжаттарды рәсімдеу.

Докторлық диссертацияны орындау
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Докторлық диссертацияны орындау мақсаты: «8D075 -Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша) білім беру бағдарламасы бойынша докторлық диссертацияны қорғауға дайындық. Курсты оқу барысында докторант төмендегідей білімдерді меңгереді: 1. ғылыми-зерттеу жұмыстарының барысында пайда болатын және тереңдетілген кәсіби білімді талап ететін мәселелерді шешудің прогрессін көрсету; 2. міндеттер шеңберінде теориялық немесе тәжірибелік зерттеулер жүргізуді, оның ішінде математикалық (имитациялық) эксперимент жүргізуді талап ету; 3. зерттеудің қажетті әдістерін таңдай алады, қолданыстағы әдістерді өзгертуге және белгілі бір зерттеудің міндеттеріне негізделген жаңа әдістерді әзірлеуге болады; 4. нормативтік көздер мен ғылыми әдебиеттер бойынша өзіндік жұмыс үшін шет тілдерін пайдалану; 5. диссертациялық зерттеудің мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдайды, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерінің ғылыми жаңалығы мен практикалық маңыздылығын анықтайды; зерттеу жұмыстарының құрылымдық әдіснамалық схемасын әзірлеу. Докторлық диссертацияны орындауды оқу нәтижесінде докторанттар төмендегі мәселелерді қарастырады: Диссертацияның презентациясы және алдын ала сараптамасы. Өтініш берушінің ісін Университеттің Ғылыми кеңесінде тіркеу. Тезистерді қорғау туралы хабарландыру. Авторефератты жариялау және жіберу. Диссертацияны қорғаудан кейін құжаттарды рәсімдеу.

Зерттеу
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Зерттеу тәжірибесі

Педагогикалық
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Педагогикалық

Педагогикалық практика
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: педагогика, психология, арнайы пәндер арқылы алынған педагогикалық қызметтегі ғылыми және теориялық білімдерді практика мақсатында лекциялар мен семинарлар өткізу үшін практикалық және білім беру дағдыларын қалыптастыру, тәжірибелік дағдыларды шығармашылық түрде қолдануға кабілетті қалыптастыру. Курсты оқу барысында студент төмендегідей білімдерді меңгереді: - сабақтардың әртүрлі түрлерін (дәрістер, лабораториялар, семинарлар, СОӨЖ, МОӨЖ) ұйымдастыру бойынша қажетті білімдерді көрсету; - оқу-әдістемелік құжаттарды дайындау және студенттермен тәрбие жұмысын ұйымдастыру; - педагогика, психология және кәсіптік білім саласында алынған теориялық білімдерді практикалық іске асыру әдістеріне және әдістеріне ие болу.

Халықаралық конференциялар материалдарындағы жарияланымдар
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы - Халықаралық конференциялар материалдарындағы жарияланымдардың мақсаты: ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін ғылыми қоғамдастыққа ұсыну, кері байланыс алу және кәсіптік қызмет саласында тәжірибе алмасу мүмкіндігі туралы докторанттар қалыптастыру. Курсты оқу барысында докторант төмендегідей білімдерді меңгереді: 1. ғылыми зерттеулердегі қазіргі үрдістерді көрсету; 2. ғылыми журналдарда, халықаралық конференциялар мен симпозиумдардағы материалдардағы зерттеулердің аннотирленген нәтижелерін айқындау; 3. теориялық және қолданбалы міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін жаңа, ғылыми негізделген, теориялық немесе тәжірибелік нәтижелерді қолдануға болады; 4. таңдалған кәсіби қызмет саласындағы ғылыми нәтижелерді, әріптестер мен қарсыластардың деректерін талдау; 5. қызметтің кәсіби саласын ғылыми зерттеуде ұсынылған әзірлемелерді пайдалану идеяларын қалыптастыру. Халықаралық конференциялар материалдарындағы жарияланымдарды оқу нәтижесінде докторанттар төмендегі мәселелерді қарастырады: Ғылыми және халықаралық конференциялардың рейтингін талдау. Қатысу түрлері бойынша ғылыми конференциялар. Халықаралық және жергілікті конференциялар. Редакциялық кеңестің талаптарына сәйкес ғылыми мақаланы жариялау.

2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген