Докторантура
Органикалық заттардың химиялық технологиясы

Органикалық заттардың химиялық технологиясы

БАҒДАРЛАМА СИПАТТАМАСЫ

Халықаралық аккредиттеу: ASSIN
Бағдарлама: 6D072100 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы
Оқыту деңгейі: докторантура
Емтихандар: шет тілі (тест), мамандығы бойынша қабылдау емтиханы (жазбаша)
Оқу түрі: күндізгі
Оқу мерзімі: 3 жыл

«Органикалық заттардың химиялық технологиясы» бағытының докторанты кәсіптік қызметтің келесі түрлеріне дайындалуда
• органикалық заттар мен материалдарды өндіру кезінде пайдаланылатын шикізаттар мен материалдарға ішкі бақылау жүргізу және ұйымдастыру, жоғары сапаны қамтамасыз ететін жаңа технологиялық үрдістер жасау мақсатында бастапқы шикізат, аралық өнімдер құрамы мен қасиеттерін бағалау; құрылғылар, шикізат пен қосалқы материалдарды қолданудың жоғары тиімділігін қамтамасыз ету және бағалау
• жаңа технологиялық үрдістер, технологиялық желілері немесе химия-технологиялық қондырғыларды жобалауға техникалық тапсырмаларын әзірлеу; тәжірибелік-өндірістік, өндірістік технологиялық регламенттерді сынау; іске қосу мен жөндеу жұмыстарына қатысу және қамтамасыз ету
• жаңа химиялық технологиялар және технологиялық үрдістерді жасау бойынша ғылыми-зерттеу және құрылмалық жұмыстарды жүзеге асыру, іске қосу мен жөндеу жұмыстарын жүргізу
• қолданыстағы өндіріс шарттарына сәйкес орындаушылар мен мамандар тобының тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету және ұйымдастыру; өндірістің техникалық-экономикалық талдауын жүргізу

Бейінді пәндер:
Органикалық молекулардың масс-спектрлік талдауы
Терпеноидтар химиясы мен химиялық технологиясы
Органикалық заттарды хроматографиялық талдаудың заманауи әдістері
Проантоцианидиндер химиясы мен химиялық технологиясы
Органикалық химиядағы реакциялар механизмдері
Фитопрепараттардың ББЗ стандарттау және бақылау
Органикалық химиядағы синтетикалық нанофармакологиялық дәрілік заттарды құрылымдау
Дәрілердегі негізгі әсер етуші заттарды сандық бағалау
Органикалық-минералды композициялардың химиясы мен химиялық технологиясы
Жұмсақ дәрілік қалыптар құру және өндіру
Синтетикалық полиэлектролиттердің поликешендері
Табиғи дәрілік заттардың фармацевтикалық химиясы
Білім берудің артықшылықтары:
• Көне ғылыми-зерттеу мектептер дәстүрлерінің сабақтастығы
• Бірегей авторлық курстар, білім беру саласындағы ең жаңа әдістемелер және техникалық құралдар
• Органикалық заттардың химиялық технологиясы саласындағы зерттеулер келелі мәселелерінің жиынтығы мен әдістемелерінің аса кең ауқымды спектрі
• Мамандандырылған және талап етілген органикалық заттардың химиялық технологиясы саласын терең зерттеу
Халықаралық қатынастар: серіктес жоғары оқу орындарында білім алуға докторанттар мүмкіндігі бар: Новосібір мемлекеттік техникалық университеті (Ресей Федерациясы); Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университеті (Ресей Федерациясы), Н.Н. Ворожцов атындағы Новосібір органикалық химия институты (Новосібір, Ресей), Г.К. Боресков атындағы катализ институты Ресей ғылым академиясының Сібір филиалы (Ресей Федерациясы), Ғылыми аспап жасау құрастырымдық технологиялық институты РҒА СБ (Ресей Федерациясы), Росток университеті (Германия), Постдам университеті (Германия), Карачи университеті (Пәкістан), Пурду университеті (АҚШ), Рединг университеті (Ұлыбритания), Shanghai Institute of Materia Medica, ҚҒА (Шанхай, Қытай), Синьцзян физика және химия техникалық институты, ҚҒА (Үрімші, Қытай), Миссисипи университеті АҚШ).
Іс-тәжірибе өті орындары мен ықтимал жұмыспен қамту: білім беру мектептері, колледждері, институттары, университеттері, мұнай, мұнай-химия, мұнай-газ компаниялары, мұнай өңдеу зауыттары, фармацевтикалық зауыттар, химиялық зертханалар және басқа т.б.

Оқу бағасы мен оқу жылдардың санын калькуляторы:

Оқу түрі - күндізгі

Оқу деңгейі - Ғылыми - педагогикалық бағыт

Сіз


  

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Органикалық заттардың химиялық технологиясы
Мамандық шифры
6D072100
Факультеті
Химия және химиялық технология
Оқу деңгейлері
Ғылыми - педагогикалық бағыт
Оқу түрлері
күндізгі
Өту балы
ҚАЗ
162
ОРЫС
162

пәндер

Көмірсутек шикізатын кешенді өндіру
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: көмірсутекті шикізатты біріншілік және терең өңдеудің заманауи қағидаларын кешенді ғылыми сараптауға қабілетін қалыптастыру. Курсты оқу барысында студент төмендегідей білімдерді меңгереді: 1. көмірсутекті шикізатты кешенді өңдеу аясында ғылыми ақпаратты жүйелі түсінгендігін көсету, көмірсутекті шикізатты кешенді өңдеудің әдіс дағдыларын білу және табу; 2. көмірсутекті шикізатты кешенді өңдеу әдістерін жоспарлау және жүзеге асыру; 3. көмірсутекті шикізатты біріншілік және терең өңдеу әдістерін сыни сараптай алу; 4. көмірсутекті шикізатты кешенді өңдеу өнімдерін алудың әдістері мен әдіснама технологиясын жасау бойынша өзінің ғылыми зерттеулерінің маңыздылығын дәйектеу; 5. көмірсутекті шикізатты өңдеуде оның аймақтық құрамы мен қолдану жағдайларын ескере отырып оңтайлы үдерістеріне жаңа ғылыми ойлар қосу. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады: уақыт қажеттілігін ескере отырып табиғи энергоресурстарды өңдеудің тиімді бағыты; көмірсутекті шикізатты біріншілік және терең өңдеудің дәстүрлі негізгі технологиялары; көмірсутекті шикізаттың инновационды технологиясын дайындау және кешенді өңдеу.

2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Биологиялық белсенділіктің жаратылыс-ғылыми негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: «құрылым-биологиялық белсенділік» байланысын зерттеу облысында жаратылыстану-ғылыми траекториясының болашағын практикада қолдануға қабілеттендіру. Курсты оқу барысында студент төмендегідей білімдерді меңгереді: 1. органикалық молекуласы бар функционалды құрамы бар және кеңістіктік құрылымға тәуелді биологиялық белсенділіктің ғылыми ақпаратының жүйелі түсінігін көрсету; 2. функционалды орынбасқан органикалық қосылыстардың қатарындағы биологиялық белсенділікті анықтауда ғылыми тәсілдерді орнатудың әдістері мен жағдайларын жоспарлау және жүзеге асыруды орындау; 3. органикалық молекулалардың функционалды тобы, конфигурациясы және конформациясына тәуелді биобелсенділікті сыни сараптау, бағалау және салыстыру; 4. органикалық заттардың құрылысына орай биологиялық белсенділік қасиетті айқындау бойынша өзінің ғылыми зерттеулерінің маңыздылығын анықтау; 5. биобелсенділікті анықтау үшін ғылыми негідер аясында білімін қолдана отырып биологиялық белсенді заттарды жасауда өзінің жаңа ғылыми идеяларын жүзеге асыру. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады: биоспецификалық әрекеттесу, «фермент-субстрат-кілт-құлып» , "ДНҚ-комплементарлылық принципі", "рецептор-гормон". жүйесіндегі кеңістіктік сәйкестік

Биомедициналық полимерлердің химиясы мен технологиясының дамуының заманауи бағыттары
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – практикалық міндеттерді шешу үшін медицина биомедициналық мақсаттағы полимерлер ретінде қолдану, фармация және биотехнологияда фармакологиялық емдеу құралдарын жасауда қолданудың теориялық негіздерін қалыптастыру, оларды алу және жұмыс істеудің негізгі принциптерін зертте. Пәнді оқу нәтижесінде докторант келесі құзіреттіліктерді игеруі қажет: – Медициналық деңгейдегі таза полимерлерді синтездеу әдістері және алу технологиясын білу, биологиялық бағытталған іс-қимылдар және берілген мерзімде ағзада болуы, полимерік физиологиялық белсенді заттарды синтездеудің негізгі заңдылықтары және олардың ағзаға әсері. – Медициналық мақсаттағы биоүйлесімді және тромборезистентті полимерлік материалдардың физика-химиялық және биохимиялық аспектілерін білу. – медициналық субстанциялық полимерлерден түрлі морфологиялық формаларды (ерітінділер, гелдер, үлдірлер, капсулалар және т. б) ала алу. полимерлер ерітіндісіндегі молекуладан ірі бөлшектердің мөлшерін және концентрациясын анықтау, қан және плазма алмастырғыштар ретінде қолдануын анықтау. – биодеградация және басқа да медициналық полимерлі материалдар қасиеттерінің ерігіштікті бағалау дағдысын қалыптастыру; полимерлік ерітінділер, гельдерді, үлдірлерді, микрокапсулаларды және т. б. Тәжірибеде алу дағдыларын қалыпстастыру, полимерлік матрицалардағы дәрілік заттың ликвациясын зерттеу дағдыларын қалыпстастыру.

Биоорганикалық химияның қазіргі заманғы аспектілері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Органикалық қосылыстардың қазіргі заманғы хроматографиялық анализ әдістері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Органикалық талдаудағы бір және екі өлшемді ЯМР спектроскопиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Полимерлі материалтанудың өзекті мәселелері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Синтетикалық дәрілік препараттар химиясы және технологиясы дамуының заманауиказіргі тенденциялары
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: дәрілік заттарды табу үшін дәрілік препараттарды алудың химиясы мен технологиясының теориялық және практикалық қырларын бағалауға қабілет қалыптастыру. Курсты оқу барысында студент төмендегідей білімдерді меңгереді: 1. Дәрілік заттарды жасау технологиясының заманауи үрдісі аясында ғылыми ақпараттарды кешенді түсінгендігін көрсету; 2. дәрілік түрге байланыты дәрілік препараттың тиімділігін табуда ғылыми тәсілдердің әдістері мен жағдайларын жоспарлау мен жүзеге асыра білу; 3. дәрілік түрге байланысты дәрілік жабдықтарды алудың технологиялық ерекшеліктеріне сыни сараптама; 4. жаңа дәрілік жабдықтар мен дәрілік түрлерді жасауда өзінің ғылыми зерттеулері мен үлесіне баға беру және маңыздылығын анықтау; 5. медицина тағайындаған препараттардың химиясы мен технологиясындағы заманауи үрдіске сәйкес дәрілік препараттарды дайындау аясында жаңа ғылыми ойларды жүзеге асыру. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады: биологиялық белсенді органикалық заттардың физиологиялық әсерлерін бағытталған әзденіс пен жорамалдауға ғылыми тәсіл және оны пайдаланудың тиімділігі; биологиялық белсенді қосылыстардың әсерінің медико-биологиялық тұжырымдамалары, биологиялық белсенділікті жорамалдау үшін заманауи компьютерлік бағдарламалар.

Синтетикалық полиэлектролиттердің поликомплекстері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - пән мақсаты - синтетикалық полиэлектролит поликешендерге қатысты жүйелiк дағдылары құрастыру, олардың кешентүзілу және құрылым анықтау заңдылықтары. Докторанттар пәнді оқу нәтижесiнде келесi құзырларға ие болады: - полиэлектролиттердiң полимерлер, беттiк-белсенді заттармен, дәрiлік қосылыстармен кешен түзілудің негiзгi қағидаларын білу; - макромолекулалардың конформациялық айналу зерттеу әдiстерiн бiлу; - поликомплекстердi практикалық қолдану мүмкiндiктерін бiлу.

2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Thomson Reuters, Scopus базасына енетін немесе ККСОН ұсынатын мерзімді баспасөздердегі жарияланымдар
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Web of Science, Scopus базасына енетін немесе ККСОН ұсынатын мерзімді баспасөздердегі жарияланымдар
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы - Web of Science, Scopus базасына енетін немесе ККСОН ұсынатын мерзімді баспасөздердегі жарияланымдардың мақсаты: докторанттардың CCSON ұсынған немесе Thomson Reuters, Scopus деректер қорларына енгізілген мерзімді басылымдарда зерттеу және жариялау нәтижелерін ұсынудағы дағдыларын қалыптастыру. Курсты оқу барысында докторант төмендегідей білімдерді меңгереді: 1. мақаланың негізгі талаптарына журналдың редакциясында жариялауға және CCSON ұсынған немесе Thomson Reuters, Scopus деректер қорларына енгізілген мерзімді басылымдарда импакт-фактор индексінің анықтамасын негіздеуге қабілетті; 2. автордың мақаласын CCSON ұсынған немесе Thomson Reuters, Scopus дерекқорларына енгізілген мерзімді басылымдарда жариялау; 3. мақаланы жариялау үшін техникалық шет тілін қолдануға; 4. таңдалған тақырып бойынша шетелдік ғалымдардың әзірленген және эксперименттік деректерін талдау; 5. зерттелетін аймақтың эксперименттік деректерін пайдалана отырып, қойылған мәселелерді шешудің нәтижелері мен берілген әдістемесін бағалауға қабілетті. Web of Science, Scopus базасына енетін немесе ККСОН ұсынатын мерзімді баспасөздердегі жарияланымдарды оқу нәтижесінде докторанттар төмендегі мәселелерді қарастырады: CCSON ұсынған немесе Thomson Reuters, Scopus дерекқорларына енгізілген мерзімді басылымдар импакт-факторын мұқият талдау жүргізіңіз. Ағымдағы тақырыпты таңдау және ғылыми жаңалықты көрсету. Олардың нәтижелерін әлеммен салыстырмалы талдау жүргізу. Мақаланың әдеби аудармасы. Мақаланы жазу және жіберу. Мақаланы қарау.

Ғылыми тағылымдама
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы - Ғылыми тағылымдаманың мақсаты: докторанттарда шетел университеті негізінде заманауи зерттеу әдістерін және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, кәсіби салада ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуге қабілеттілігін қалыптастыру. Курсты оқу барысында докторант төмендегідей білімдерді меңгереді: 1. ғылыми зерттеулерді жүргізу әдістемесінің негіздерін, ғылыми тәжірибені жоспарлау мен ұйымдастыруды, ғылыми деректерді өңдеуді негіздеу; 2. ғылыми және практикалық мәселелерді, оның ішінде пәнаралық бағыттарды шешу әдістерін талқылау; 3. зерттеу және практикалық міндеттерге балама шешімдерді талдау және осы нұсқаларды іске асырудың әлеуетті артықшылықтарын бағалау; 4. заманауи компьютерлік технологияларды қолдану арқылы ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және беру әдістері туралы теориялық білімдерді қолдану; 5. тыңдаушылардың әртүрлі контингенттері үшін ақпарат беру әдістері мен әдістерін таңдау. Ғылыми тағылымдаманы оқу нәтижесінде докторанттар төмендегі мәселелерді қарастырады: Ғылыми зерттеулерді жүргізу әдістемесінің негіздері, ғылыми тәжірибені жоспарлау және ұйымдастыру, шетел университеті негізінде ғылыми деректерді өңдеу. Ағымдағы ғылыми проблема бойынша тәуелсіз зерттеу жүргізу. Зерттеу нәтижелерін дайындау және таныстыру: конференцияларға, семинарларға қатысу, баяндамалар, тақырып бойынша жарияланымдар. Ғылыми тағылымдамадан өту және оны қорғау нәтижелері туралы есеп дайындау.

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар ІI)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар IIІ)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар V)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар VІ)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар І)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар ІV)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторлық диссертацияны орындау
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы - Докторлық диссертацияны орындау мақсаты: «8D075 -Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша) білім беру бағдарламасы бойынша докторлық диссертацияны қорғауға дайындық. Курсты оқу барысында докторант төмендегідей білімдерді меңгереді: 1. ғылыми-зерттеу жұмыстарының барысында пайда болатын және тереңдетілген кәсіби білімді талап ететін мәселелерді шешудің прогрессін көрсету; 2. міндеттер шеңберінде теориялық немесе тәжірибелік зерттеулер жүргізуді, оның ішінде математикалық (имитациялық) эксперимент жүргізуді талап ету; 3. зерттеудің қажетті әдістерін таңдай алады, қолданыстағы әдістерді өзгертуге және белгілі бір зерттеудің міндеттеріне негізделген жаңа әдістерді әзірлеуге болады; 4. нормативтік көздер мен ғылыми әдебиеттер бойынша өзіндік жұмыс үшін шет тілдерін пайдалану; 5. диссертациялық зерттеудің мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдайды, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерінің ғылыми жаңалығы мен практикалық маңыздылығын анықтайды; зерттеу жұмыстарының құрылымдық әдіснамалық схемасын әзірлеу. Докторлық диссертацияны орындауды оқу нәтижесінде докторанттар төмендегі мәселелерді қарастырады: Диссертацияның презентациясы және алдын ала сараптамасы. Өтініш берушінің ісін Университеттің Ғылыми кеңесінде тіркеу. Тезистерді қорғау туралы хабарландыру. Авторефератты жариялау және жіберу. Диссертацияны қорғаудан кейін құжаттарды рәсімдеу.

Зерттеу
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Зерттеу тәжірибесі

Педагогикалық
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Педагогикалық

Халықаралық конференциялар материалдарындағы жарияланымдар
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы - Халықаралық конференциялар материалдарындағы жарияланымдардың мақсаты: ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін ғылыми қоғамдастыққа ұсыну, кері байланыс алу және кәсіптік қызмет саласында тәжірибе алмасу мүмкіндігі туралы докторанттар қалыптастыру. Курсты оқу барысында докторант төмендегідей білімдерді меңгереді: 1. ғылыми зерттеулердегі қазіргі үрдістерді көрсету; 2. ғылыми журналдарда, халықаралық конференциялар мен симпозиумдардағы материалдардағы зерттеулердің аннотирленген нәтижелерін айқындау; 3. теориялық және қолданбалы міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін жаңа, ғылыми негізделген, теориялық немесе тәжірибелік нәтижелерді қолдануға болады; 4. таңдалған кәсіби қызмет саласындағы ғылыми нәтижелерді, әріптестер мен қарсыластардың деректерін талдау; 5. қызметтің кәсіби саласын ғылыми зерттеуде ұсынылған әзірлемелерді пайдалану идеяларын қалыптастыру. Халықаралық конференциялар материалдарындағы жарияланымдарды оқу нәтижесінде докторанттар төмендегі мәселелерді қарастырады: Ғылыми және халықаралық конференциялардың рейтингін талдау. Қатысу түрлері бойынша ғылыми конференциялар. Халықаралық және жергілікті конференциялар. Редакциялық кеңестің талаптарына сәйкес ғылыми мақаланы жариялау.

2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген