Докторантура
Педагогика және психология

Педагогика және психология

БАҒДАРЛАМА СИПАТТАМАСЫ

Халықаралық аккредитация:ACQUIN, Германия
Бағдарлама: 6D012300 - Педагогика және психология
Оқу деңгейі: докторантура
Емтихандар: шет тілі (тест), мамандық бойынша оқуға түсу емтиханы (жазбаша)
Оқу формасы: күндізгі
Оқу мерзімі: 3 жыл
Бағыт бойынша PhD доктор кәсіби әрекеттің келесідей түрлеріне даярланады:
 Білім беру саласындағы менеджер,
 ЖОО оқытушы,
 Білім беру саласындағы педагог-психолог,
 Білім берудің түрлі ұйымдарындағы ғылыми қызметкер,
 Практикалық педагог-психолог
Профильді пәндер:
• Қазіргі білім берудің теориялары мен тұжырымдамалары: отандық және шетелдік тәжірибе;
• Білім беру саясаты мен білім беру тарихының өзекті мәселелері;
• Дүниежүзіндегі жоғары білім беруді жаһандандыру;
• Басқару психологиясының өзекті мәселелері
• ҒЗЖ ұйымдастыру және психологиялық-педагогикалық зерттеулердің сараптамасы;
• Білім беру саласындағы гуманитарлық сараптау;
• Білім беру сапасын бағалаудың әлемдік жүйелері
• Педагогикалық квалиметрия және білім сапасын басқару;
• Білім беру аумағындағы тестілеу технологиялары;
• ЖОО мен мектептің білім беру бағдарламаларын жобалау;
• ЖОО-дағы оқу-әдістемелік және оқулық құжаттарын жасау технологиясы мен әдістері;
• Қазақстандағы және әлемдегі білім беруді басқару стратегиялары.
Білім берудің артықшылығы:
• Байырғы ғылыми мектептердің дәстүрлерінің сабақтастығы және жаhандану деңгейінде қазіргі ғылыми-педагогикалық зерттеуге сәйкес келуі;
• Қазақстандық жетекші ғалым-педагогтардың бірегей авторлық курстары;
• Оқытудың озық зерттеу технологиялары, оқытудың әр түрлі әдістері мен формалары;
• Университеттің ғылыми зерттеу жұмыстары негізінде әзірленген, тереңдетілген элективті курстар;
Халықаралық байланыстар: докторанттардың University of Leicester (Ұлыбритания), Корея, Канада, Түркия секілді мемлекеттердің жетекші ЖОО-да 3 айлық тағылымдамадан өтуге мүмкіндігі бар.
Тәжірибеден өту орны және жұмысқа орналасуы мүмкін мекемелер: БбЖРБКИ «Өрлеу» орталығы, білім беруді басқару департаменттері, Қазақстанның Педагогика Ғылымдар Академиясы, Білім беру орталықтары, Этнопедагогикалық музей.

Оқу бағасы мен оқу жылдардың санын калькуляторы:

Оқу түрі - күндізгі

Оқу деңгейі - Ғылыми - педагогикалық бағыт

Сіз


  

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Педагогика және психология
Мамандық шифры
6D010300
Факультеті
Философия және саясаттану
Оқу деңгейлері
Ғылыми - педагогикалық бағыт
Оқу түрлері
күндізгі
Өту балы
ҚАЗ
174
ОРЫС
174

пәндер

Педагогиканың философиясы мен әдіснамасы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: білім салалары бойынша педагог мамандар дайындау бағытында педагогиканың философиясы мен әдіснамасын терең білетін, өз саласының жетістіктерін жаңа технологиялар арқылы байыта алатын маман тұлғасын қалыптастыру. Курсты оқу барысында студент төмендегідей білімдерді меңгереді: - педагогикалық ғылымдардың философиясы мен әдіснамасын пәнаралық салаларда қарастыру; - педагогика саласындағы ғылыми еңбектерді жетік меңгеру; - жаңа педагогикалық тұжырымдар қалыптастыруға қабілетті болу; - білім беру саласындағы жаңа әдістер, стратегиялар, технологияларды пайдалану арқылы өзінің ғылыми зерттеулерін жоспарлау, әзірлеу, іске асыру; - ғылым жаңалықтарын білім беру процесіне енгізудің дербес концепцияларын ұсына алу.

2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Білім беру саласындағы гуманитарлық сараптау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – педагогикалық коммуникацияны зерттеудің әдіснамалық тұғырларымен, өлшеу құралдары және рәсімдерімен, соның ішінде педагогикалық өлшеуді қамтамасыз ететін диагностика әдістерімен, коммуникацияның нәтижелі және тиімділік бағасын қамтамасыз ететін педагогикалық өлшеу әдістерімен танысу. Докторант пәнді оқу нәтижесінде келесідей құзыреттіліктерді меңгеруі керек: - білім берудегі гуманитарлық сараптау ұғымын және негізгі категорияларын білу; - білім берудегі гуманитарлық сараптау

Білім беру сапасын бағалаудың әлемдік жүйелері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – білім беру саласындағы сапалық бағалаудың әлемдік жүйелерін, рефлексиялық бастауларын, мәнін, болашақтағы бағыттарын талдай алу қабілеттіліктерін қалыптастыру. Пәндерді игеру нәтижесінде докторант: - білім берудің сапасын арттыру саласында білім беру жүйесін дамытудың үрдістерін санамалап көрсете алу және бағалау; - білім беру жүйесін бағалаудың жағдайы мен тиімділігі бойынша әртүрлі статистикалық мәліметтерді интерпретациялай алу және талдау; - білім беру сапасын бағалауда әлемдік сапаларды бағалаудың қажеттігін отандық және шетелдік бағалу жүйесін сипаттау арқылы талдау және бағалау; - білім беру сапасын бағалауды ұйымдастыру мен өткізудің әртүрлі елдердегі механизмдерін анықтау; - шетелдердегі білім берудің сапасын анықтаудың мониторингі мен бағалаудың әлемдік әдістемелерін бағалау ; - әртүрлі елдердегі білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістерді тауып, салыстыруға және білім беру саласындағы стратегиялық шешімдердің тиімділігін бағалауға мүмкіндік беретін мониторингтік бағдарламаларды талдау; - білім беру жүйелерінің қызметінің практикасында білім беруді басқару технологияларын қолдану ; - білім беру ұйымдарын басқару сапасына салыстырмалы талдау жасауға қабілетті болады. Пәнді оқытуда келесі аспектілер қарастырылады: - сапаны басқарудың қалыптасуы мен дамуының кезеңдері, ұстанымдары, функциялары және білім беру сапасын басқаруды ң мәселелері мен деңгейлері ; - білім беру сапасын басқаруды ң әлемдік модельдері; - әлемдік стандарттарға сәйкес білім беру жүйесін реформалау; - білім беру үдерісін халықаралық және шетелдік зерттеу тәжірибесін есепке ала отырып бағалаудың диагностикасы мен қазіргі технологиялары.

Дүниежүзіндегі жоғары білім берудің жаһандануы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Заманауи психологиялық теориялар және интервенция
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Қазақстандағы білімдендіру саясатының және білім беру тарихының өзекті мәселелері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - Қазақстандағы және әлемдегі білім беру саясатын дамыту туралы докторанттардың теориялық білімдер кешенін қалыптастыру, шетелдердің білім беру жүйелерін реформалау мен модернизациялаудың дұрыс тәжірибелерін енгізу. Пәндерді игеру нәтижесінде докторант: - Тәуелсіздік жағдайындағы Қазақстан Республикасында білімдендіру мен білім беру саясатының дамуы мен қалыптасуының өзіндік ерекшеліктерін түсіндіру; шетелдердің білім беру жүйелерін реформалау мен модернизациялаудың дұрыс тәжірибелері; - - Қазақстандағы педагогикалық білім беру жүйесін дамытудың ерекшеліктерін талдау және бағалау; - Қазақстандық білім беру жүйесінің және білім беру саясатының ағымдағы жағдайына талдау жасау және баға беру; - еліміздің білім беру жүйесінің және білім беру саясатының дамуын бағалау үшін критерийлер мен индикаторлар (көрсеткіштер) ұсыну; - білім беру саясатын жүзеге асыруда және оның негізгі деңгейлеріне талдау жасауда көрініс табатын маңызды және күрделі мәселелерді анықтау; - посткеңестік кезеңдегі Қазақстандық орта және жоғары мектепті модернизациялаудың мәселелеін бағалау; тарихи-педагогикалық құзыреттілікті дамуы; - халықаралық және шетелдік зерттеулерді есепке ала отырып, білім беру үдерісінің сапасын диагностикалау мен бағалаудың қазіргі технологияларын пайдалану; - отандық дәстүрлерді және инновациялық үдерістерді есепке ала отырып, білім беруді реформалаудың стратегиялық жоспарының және индикативтік кезеңдерінің жобасын дайындау. Пәнді оқытуда келесі аспектілер қарастырылады: - посткеңестік кезеңдегі қазақстандық орта және жоғары мектепті модернизациялау сұрақтары; -Қазақстан Республикасындағы қазіргі білім беру саясатының өзекті мәселелері ; - мектепке дейінгі, орта, орта кәсіби жоғары білім берудің тәуелсіздік алғаннан кейінгі дамуының негізгі бағыттары; - қазақстандық әлеуметтік-саяси үрдістегі және білім берудегі демократиялық және авторитарлық үдерістер; - қазақстанда орта және жоғары білім берудің ХХ ғасырдың 50- 60жж дамуы; - орта және жоғары білім берудің ХХ ғасырдың 70-90 жж дамуы; - білім беруді реформалаудың үкіметтік стратегиялары; ; -ғасырлар тоғысындағы білім беру реформаларының, заңнамалық құжаттар жобаларының, тұжырымдамалардың, бағдарламалардың және т.б. жаңа үкіметтік жобалары.

Мектеп пен жоғары оқу орындары білім беру бағдарламаларын жобалау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты –жоғары оқу орындары және мектепке арналған білім беру бағдарламаларын дайындауға қабілеттіліктерін қалыптастыру; жоғары оқу орындары және мектепке арналған білім беру бағдарламаларының мазмұнын және оларды тарату жағдайларын бағалау мен талдау өлшемдерінің сабақтастығын анықтау; жобалау құзыреттілігінің дамуы. Пәндерді игеру нәтижесінде докторант: - мектептің және жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларын жобалау спецификасын түсіндіру; - мектептің және жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларын жобалау; - білім беру бағдарламаларын, критериалды бағалауды жобалауда кері дизайн ұстанымын қолдану; - білім беру үдерісіне қатысушылардың жобалау әрекетінің педагогикалық шарттарын анықтау; - Блумм, Андерсон таксономиясы бойынша күтілетін нәтижелерді, білім беру бағдарламаларын жобалауды диагностикалаудың өлшемдерін анықтау; - білім беру бағдарламаларын дайындауда қазіргі ақпараттық және коммуникативтік технологияларды қолдану; - бағдарламаларға стратегиялық талдау жасау әдіснамасын меңгеру; мектеп пен жоғары оқу орындарының сабақтастығы негізінде білім беру бағдарламаларын жобалау; - мектептің және жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларын бағалау және талдау. Пәнді оқытуда келесі аспектілер қарастырылады: -білім беру бағдарламаларын жобалаудың негіздері , мектептің және жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларын жобалаудың жаңа технологиялары және спецификалық ерекшеліктері; - білім беру бағдарламаларын жобалау мәселесінің философиялық-психологиялық аспектілері; -білім беруді дамытудың және білім беру бағдарламаларын жобалаудың негізгі үдерістері; - пәндік білім беру бағдарламаларын жобалаудың педагогикалық аспектілері; - білім беру бағдарламаларын жобалаудың негізгі педагогикалық тұжырымдамалары; - білім беру бағдарламаларын жобалаудың ұстанымдары; - білім беру бағдарламаларын құрастырудың дидактикалық тұжырымдамалары; - қазіргі мектептегі пәндік білім беру бағдарламаларын жобалау мәселелері.

Оқу-әдістемелік құжаттар мен оқулықтарды өңдеудің технологиясы мен әдістемесі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - оқулықтарды, оқу- әдістемелік әдебиеттерді дайындау теориясы негізінде докторанттардың оқу- әдістемелік әдебиеттерді дайындау және жобалау қабілеттіліктерін дамыту. Пәндерді игеру нәтижесінде докторант: - оқулықтар, оқу құралдары,оқу-әдістемелік кешендердің мәні мен спецификасын анықтау; - оқулықтармен оқу-әдістемелік құжаттарды дайындаудың әдіснамалық,теориялық мәселелерін түсіндіру; -Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде оқу-әдістемелік құжаттарды дайындаудың қазіргі зерттелу жағдайына, сонымен қатар ОӘК қолданудың ерекшеліктеріне талдау жасау; - Блум, Андерсон таксономиясы бойынша күтілетін нәтижелерді, оқулықтар мен ОӘК жобалау диагностикасының өлшемдерін анықтау; - ЖОО оқулықтарды және оқу әдістемелік құжаттарды дайындау және пайдалануда қазіргі ақпараттық және коммуникативтік технологияларды қолдану; -оқулықтар мен оқу-әдістемелік әдебиеттердің фрагменттерін жобалау; -оқу-әдістемелік құжаттарды құрастырудың әдістемесі мен технологияларын сипаттау; -әлемдік білім кеңістігіндегі жоғары білім беру жүйесінде болып жатқан үдерістер туралы үнемі өзгеріп отыратын ақпараттарды талдау және оларды өзінің оқытушылық қызметін ұйымдастыру және оның нәтижелілігін арттыру үшін кеңінен қолдану. Пәнді оқытуда келесі аспектілер қарастырылады: - жоғары кәсіби және орта білім беру жүйелеріне арналған оқу-әдістемелік кешендердің (ОӘК) сапасын жетілдірудің мониторингі; - оқулықтар, соның ішінде электронды оқулықтарды құрастырудың теориясы мен практикасы; - оқулықтарды (электронды оқулықтар) құрастырудың нормативтік-заңнамалық базасы; -қабылдау, ойлау, елестету,ес және т.б. танымдық психикалық үдерістерді есепке ала отырып,оқулықтар мен ОӘК дайындаудың спецификасы; - оқушылардың психофизиологиялық тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып,оқулықтар мен ОӘҚ дайындау спецификасы; - жоғары оқу орындарындағы оқулықтар мен оқу-әдістемелік құжаттарды дайындау мен пайдаланудың қазіргі ақпараттық технологиялары мен коммуникативтік технологиялары.

Педагогикалық квалиметрия және білім беру сапасын басқару
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – заманауи басқару парадигмасы ретінде педагогикалық квалиметрия, білім беру сапасын басқарудың тереңдетілген білімдері негізінде білім беру жүйесінің сапасын бағалау, талдау қабілеттіліктерін қалыптастыру . Пәндерді игеру нәтижесінде докторант: - кәсіби қызметте және зерттеу жұмыстарында квалиметрия құралдарын таңдау; -білім беруді басқару сапасының негізгі ұғымдарын түсіндіре алуы және талдау; басқару саласындағы білім беру сапасының негізгі заңдарын білу; -туындаған мәселенің себептерін диагностикалау және талдай алу; - сапа саласындағы басқару шешімдері бойынша нұсқалар ұсыну және ұсыныстарды олардың өлшемдік тиімділігіне және тәуекелдік жағдайларына байланысты бағалауды негіздеуді дайындау және жетілдіру; - білім беру сапасының жағдайларын талдау және бағалау, білім беру жүйелерін сапалы дамытудың болжамдық картасын құрастыру; -білім беру сапасын жақсартудың әдістерін меңгеру және мониторинг жүргізу; - білім беру сапасын басқарудың құралдарын анық емес жағдайларда , білім беру үдерісін оңтайландыру үұстанымдарын айқындауда қолдану; - білім беру мекемелерінің тәрбиелік қызметін сараптамалық бағалау дағдыларын меңгеру; - білім беру саласын тестілеу технологиясын; білім беру саласын тестілеу картасын жобалау. Пәнді оқытуда келесі аспектілер қарастырылады: - педагогикалық квалиметрияның теоретикалық негіздері,сонымен қатар білім беру сапасын талдаудың заманауи және дәстүрлі әдістерінің теориялық негіздері; - білім беру сапасы туралы нормативтік құжаттар ; - білім беру сапасын бағалаудың халықаралық тәжірибесі ; - білім беру сапасын бағалауды басқаруға тиімді мүмкіндік беретін халықаралық стандарттарға сай тексерудің ұлттық жүйесін қалыптастырудағы білім беру саясатының теориялық негіздері; -квалиметриялық тұрғыларды жүзеге асыру ұстанымдары ; -кешенді квалиметриялық бағалауды қолданудың салалары және негізгі бағыттары; - педагогикалық нысандардың сапасын бағалау әдістері, құралдары және технологиялары.

Салыстырмалы білім берудің теориясы және тұжырымдамасы: отандық және шетелдік тәжірибесі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – қазіргі салыстырмалы педагогиканың әдіснамасы негізінде әлемдік және Қазақстандық білім беру жүйелерін салыстыруда аналитикалық және жүйелілік құзыреттіліктерін және білім беруді талдау мен салыстыру қабілеттіліктерін қалыптастыру. Пәндерді игеру нәтижесінде докторант: - шетелдегі жоғары білім берудің теориясы мен практикасының мәселелері мен үрдістерін талдау мен анықтау және отандық тәжірибемен салыстыру; -қазақстандық білім беру жүйесін реформалау үдерісін, стратегиялық басымдылықтарды және жаһандану жағдайындағы әртүрлі елдердегі білім берудің ұстанымдарын, үрдістерін түсіндіре алу; - салыстырмалы білім беру теориялары мен тұжырымдамалары негізінде білім беру жүйелерін салыстыруды сипаттау; - жаһандану жағдайында әртүрлі елдердің білім беру жүйесінің дамуындағы стратегиялық басымдылықтарды, ұстанымдарын, және үдерістерін түсіндіру; - елдегі, бірнеше елдердегі білім беруді дамыту стратегиясын, үрдістерін салыстыру; білім беруді дамыту көрсеткіштерін салыстыру және бағалау (оның ішінде мемлекеттік бағдарламаларды, статистиканы оқып үйрену, ұсыныстар жасау); стратегиялық және тактикалық құжаттарды интерпретациялау және талдау; –салыстырмалы білім берудің әдіснамалық негізінде білім беруді салыстыр механизмдерін жобалау; -- білім беруді дамытудың салыстырмалы аспектідегі моделін талдау және ұсыну; - білім беруді реформалаудың елдік зерттеулерін жүргізу, білім беру жүйесінің халықаралық жаһандануындағы жағдайларын бағалауға қабілетті болады. Пәнді оқытуда мынадай блоктар қарастырылады: - шетелдік жоғары мектепте салыстырмалы білім берудің теориялары мен тұжырымдамалары; -Қазақстан компаративистерінің салыстырмалы – педагогикалық зерттеулері; - халықаралық және шетелдік зерттеулердегі тәжірибелерге сәйкес білім беру үдерісінің сапасын диагностикалау мен бағалаудың қазіргі технологиялары; -шет елдердегі жоғары білім берудің теориясы мен практикасының даму мәселелері мен үдерістері; - білім беру саясатының теориялары негізінде білімдендіруді дамытудың стратегиялары мен ұстанымдары

2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Thomson Reuters, Scopus базасына енетін немесе ККСОН ұсынатын мерзімді баспасөздердегі жарияланымдар
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Web of Science, Scopus базасына енетін немесе ККСОН ұсынатын мерзімді баспасөздердегі жарияланымдар
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы - Web of Science, Scopus базасына енетін немесе ККСОН ұсынатын мерзімді баспасөздердегі жарияланымдардың мақсаты: докторанттардың CCSON ұсынған немесе Thomson Reuters, Scopus деректер қорларына енгізілген мерзімді басылымдарда зерттеу және жариялау нәтижелерін ұсынудағы дағдыларын қалыптастыру. Курсты оқу барысында докторант төмендегідей білімдерді меңгереді: 1. мақаланың негізгі талаптарына журналдың редакциясында жариялауға және CCSON ұсынған немесе Thomson Reuters, Scopus деректер қорларына енгізілген мерзімді басылымдарда импакт-фактор индексінің анықтамасын негіздеуге қабілетті; 2. автордың мақаласын CCSON ұсынған немесе Thomson Reuters, Scopus дерекқорларына енгізілген мерзімді басылымдарда жариялау; 3. мақаланы жариялау үшін техникалық шет тілін қолдануға; 4. таңдалған тақырып бойынша шетелдік ғалымдардың әзірленген және эксперименттік деректерін талдау; 5. зерттелетін аймақтың эксперименттік деректерін пайдалана отырып, қойылған мәселелерді шешудің нәтижелері мен берілген әдістемесін бағалауға қабілетті. Web of Science, Scopus базасына енетін немесе ККСОН ұсынатын мерзімді баспасөздердегі жарияланымдарды оқу нәтижесінде докторанттар төмендегі мәселелерді қарастырады: CCSON ұсынған немесе Thomson Reuters, Scopus дерекқорларына енгізілген мерзімді басылымдар импакт-факторын мұқият талдау жүргізіңіз. Ағымдағы тақырыпты таңдау және ғылыми жаңалықты көрсету. Олардың нәтижелерін әлеммен салыстырмалы талдау жүргізу. Мақаланың әдеби аудармасы. Мақаланы жазу және жіберу. Мақаланы қарау.

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар ІI)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар IIІ)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар І)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар ІV)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторлық диссертацияны орындау
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы - Докторлық диссертацияны орындау мақсаты: «8D075 -Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша) білім беру бағдарламасы бойынша докторлық диссертацияны қорғауға дайындық. Курсты оқу барысында докторант төмендегідей білімдерді меңгереді: 1. ғылыми-зерттеу жұмыстарының барысында пайда болатын және тереңдетілген кәсіби білімді талап ететін мәселелерді шешудің прогрессін көрсету; 2. міндеттер шеңберінде теориялық немесе тәжірибелік зерттеулер жүргізуді, оның ішінде математикалық (имитациялық) эксперимент жүргізуді талап ету; 3. зерттеудің қажетті әдістерін таңдай алады, қолданыстағы әдістерді өзгертуге және белгілі бір зерттеудің міндеттеріне негізделген жаңа әдістерді әзірлеуге болады; 4. нормативтік көздер мен ғылыми әдебиеттер бойынша өзіндік жұмыс үшін шет тілдерін пайдалану; 5. диссертациялық зерттеудің мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдайды, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерінің ғылыми жаңалығы мен практикалық маңыздылығын анықтайды; зерттеу жұмыстарының құрылымдық әдіснамалық схемасын әзірлеу. Докторлық диссертацияны орындауды оқу нәтижесінде докторанттар төмендегі мәселелерді қарастырады: Диссертацияның презентациясы және алдын ала сараптамасы. Өтініш берушінің ісін Университеттің Ғылыми кеңесінде тіркеу. Тезистерді қорғау туралы хабарландыру. Авторефератты жариялау және жіберу. Диссертацияны қорғаудан кейін құжаттарды рәсімдеу.

Зерттеу
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Зерттеу тәжірибесі

Педагогикалық
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Педагогикалық

Халықаралық конференциялар материалдарындағы жарияланымдар
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы - Халықаралық конференциялар материалдарындағы жарияланымдардың мақсаты: ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін ғылыми қоғамдастыққа ұсыну, кері байланыс алу және кәсіптік қызмет саласында тәжірибе алмасу мүмкіндігі туралы докторанттар қалыптастыру. Курсты оқу барысында докторант төмендегідей білімдерді меңгереді: 1. ғылыми зерттеулердегі қазіргі үрдістерді көрсету; 2. ғылыми журналдарда, халықаралық конференциялар мен симпозиумдардағы материалдардағы зерттеулердің аннотирленген нәтижелерін айқындау; 3. теориялық және қолданбалы міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін жаңа, ғылыми негізделген, теориялық немесе тәжірибелік нәтижелерді қолдануға болады; 4. таңдалған кәсіби қызмет саласындағы ғылыми нәтижелерді, әріптестер мен қарсыластардың деректерін талдау; 5. қызметтің кәсіби саласын ғылыми зерттеуде ұсынылған әзірлемелерді пайдалану идеяларын қалыптастыру. Халықаралық конференциялар материалдарындағы жарияланымдарды оқу нәтижесінде докторанттар төмендегі мәселелерді қарастырады: Ғылыми және халықаралық конференциялардың рейтингін талдау. Қатысу түрлері бойынша ғылыми конференциялар. Халықаралық және жергілікті конференциялар. Редакциялық кеңестің талаптарына сәйкес ғылыми мақаланы жариялау.

2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген