Докторантура
Туризм

Туризм

БАҒДАРЛАМА СИПАТТАМАСЫ

Халықаралық аккредитация:
The Foundation for International Business Administration Accreditation (FIBAA).
Бағдарлама: 6D090200 – Туризм.
Оқу деңгейі: PhD докторантурасы.
Емтихандар: тест түрінде шетел тілі (ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім мен тестілеу мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығының технологиялары бойынша), мамандық бойынша қабылдау емтиханы (жазбаша)
Оқу түрі: күндізгі
Оқу мерзімі: 3 жыл
Кәсіби қызмет түрлері:
Дайындықтың «Туризм» бағытының PhD докторы кәсіби қызметтің келесі түрлері бойынша дайындалады:
1) ғылыми-зерттеу және білім беру қызметі, оның ішінде:
• қонақжайлылық және туризм саласындағы жеке және кешенді ғылыми зерттеулерді жүргізу;
• туристік қызмет көрсетулер нарығын жүйелі түрде талдау және оның дамуын қонақжайлылық және туризм индустриясы тиімді жұмыс атқаруы үшін, сондай-ақ, тұтынушылардың талаптарын қанағаттандыру мақсатында болжау;
• қонақжайлылық және туризмдегі қызмет көрсету үдерістерінде инновациялық технологияларды әзірлеу және іске қосу, сонымен қатар, туристік қызметті ғылыми тұрғыдан қамтамасыз ету;
• қонақжайлылық және туризм саласында инновацияларды әзірлеу және іске қосу;
• қонақжайлылық және туризм индустриясы үшін мамандарға білім беру, мамандарды даярлау және қайта даярлау саласындағы жұмыс;
2) жобалау және сараптау қызметі, оның ішінде:
• туристік жобаны әзірлеу және туристік қызметті жобалау;
• туристік өнімдер мен қызмет көрсетулер саласындағы қызметті ұлттық, аймақтық, жергілікті деңгейлерде оперативтік, тактикалық және стратегиялық болжау, жобалау және жоспарлау;
• қонақжайлылық және туризм индустриясы кәсіпорындарының қызметін оперативтік, тактикалық және стратегиялық жоспарлау және жобалау;
• туристік-рекреациялық зоналар мен кешендердің қызметін жобалау және жоспарлау;
• қонақжайлылық және туризм саласын талдау жұмысымен айналысатын сарапшылық, салалық және мемлекеттік ұйымдардағы кәсіби қызмет;
3) ұйымдастыру-басқару қызметі, оның ішінде:
• туристік өнімдер мен қызмет көрсетулерді қалыптастыру және сату үдерістерін тұтынушылардың талаптарына және қонақжайлылық және туризм индустриясы кәсіпорындарының жұмысына сай ұйымдастыру және басқару;
• туристік өнімдер мен қызмет көрсетулерді тұтынушылар талаптарына сай әзірлеу және сату істерін ұйымдастыру және басқару;
• туристік қызметтің әртүрлі (ұлттық, аймақтық, жергілікті) деңгейлердегі мониторингі және бағалануы;
• туристік-рекреациялық зоналар мен кешендерді ұйымдастыру және басқару.
Бейіндік пәндер:
• Қазақстан туризмінің кешенді дамуы мен кеңістіктегі ұйымдастырылуының қазіргі мәселелері.
Білім алудың артықшылықтары:
• ең тәжірибелі ғылыми-білім беру мектебінің дәстүрлерімен бірге туризмдегі ең жаңа инновациялық үрдістерді зерттеу;
• элективтік модульдердің бірегей авторлық курстары, оқытудың ең жаңа әдістемеліктері, технологиялары және техникалық құралдары;
• туризм саласындағы өзекті мәселелер мен зерттеу тәжірибесінің кең ауқымы;
• академиялық мобильділік пен кәсіби білімдерін тәжірибе жағдайында бекіту үшін көптеген мүмкіндіктер мен оған қажетті серіктестердің болуы.
Халықаралық байланыстар: PhD докторанттары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың отандық және шетелдік ЖОО-дағы бейіндік кафедраларда академиялық мобильділік ретінде оқу мүмкіндігіне ие.
Практикаларды өту және ықтимал жұмысқа орналасу орындары: қонақжайлылық және туризм саласының кәсіпорындары (туристік фирмалар, орналастыру, тамақтандыру кәсіпорындары, ақпараттық-туристік орталықтар, экскурсиялық бюро, спорттық-сауықтыру орталықтары, мұражайлар, демалыс пен мәдениет саябақтары, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар (ЕҚТА) т.б.); бейіндік білім беру және зерттеу ұйымдары; бейіндік мемлекеттік мекемелер; туризм дамуына ат салысатын қоғамдық және коммерциялық емес ұйымдар; қонақжайлылық және туризм саласының басқа органдары, мекемелері мен ұйымдары.

Оқу бағасы мен оқу жылдардың санын калькуляторы:

Оқу түрі - күндізгі

Оқу деңгейі - Ғылыми - педагогикалық бағыт

Сіз


  

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Туризм
Мамандық шифры
6D090200
Факультеті
География және табиғатты пайдалану
Оқу деңгейлері
Ғылыми - педагогикалық бағыт
Оқу түрлері
күндізгі
Өту балы
ҚАЗ
174
ОРЫС
174

пәндер

Туризмдегі ғылыми зерттеудің әдіснамасы мен теориясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: туризм индустриясының қазіргі жағдайын талдау үшін ғылыми зерттеулердің әдіснамасы мен теориясын жүйелі түсіну қабілетін қалыптастыру. Пәнді игеру нәтижесінде докторанттар қабілетті: – ғылыми зерттеулердің прогрессивтік мәнін терең түсіну, қонақжайлылық және туризм саласын дамыту үшін олардың ерекшеліктері мен маңыздылығын көрсету; – туризмдегі ғылыми зерттеулерді жоспарлау мен жүзеге асырудың кешенді жұмыстарын әзірлеу және басқару; – туризмде ғылыми зерттеулерді жаңа теориялар мен әдіснамалардың негізінде арнайы ақпаратты талдау және синтездеу; – туризмде ғылыми зерттеулер технологиялары мен жаңа әдістер саласында өздігінен өзін жетілдіру бағыттарын анықтау; – туризмдегі ғылыми зерттеулер теориялары мен әдіснамалар саласында мәселелерді жүйелеу мен шешімдерді дәлелдеу, басшылық ережелерді дербес айқындау. «6D090200 – Туризм» мамандығы бойынша PhD докторанттар үшін бұл пән кәсіби негізгі және міндетті болып табылады, еңбек нарығында бәсекелестік қабілетіне кепіл болатын маманның кәсіби біліктілігін жүйелеуде жүйелік ұйымдастырушылық қызметті атқарады. Пәнді оқу барысында келесі аспектілер қарастырылады: туризм ғылымының мазмұны мен функциялары; өткен және қазіргі кезеңдегі Қазақстанда ғылыми зерттеулердің ұйымдастырылуы мен дизайны; Қазақстанда және әлемдегі ғылыми кадрларды аттестациялау жүйесі; қонақжайлылық және туризм саласындағы ақпараттық-библиографиялық ресурстар; ғылыми зерттеу үрдісі, қонақжайлылық және туризм туралы білім алу әдіснамасы мен әдістері; туристік зерттеулердің өнертапқыштық және зияткерлік меншігі.

2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Ауылшаруашылық туризмін басқару негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: ауыл туризмін жүйелі түсіну қабілетін, ауыл турларын ұйымдастыру және жылжыту технологиясының ерекшеліктерін қалыптастыру. Пәнді игеру нәтижесінде докторанттар қабілетті: – ауылдық туризмнің дамуының әлемдiк тәжiрибеде жайылған үлгiлерiн ажырату және ауылдық туризмді басқарудың теориялық негiздерiнің бiлiмін көрсету; – ауылдық аймақтардағы экономиканың көтерiлуi үшiн ауылдық туризмнің дамуының мағынасы мен рөлін бағалау; – Қазақстанда ауылдық туризмнің дамуының басым бағыттарын талдау және нақты аймақта ауылдық туризмнің даму стратегиясын дайындау және жан-жақты бағалауды жүргiзу; – оқу-зерттеу және практикалық қызметтегі проблемалық жағдайларды шығармашылық тұрғыда шешуге пәндік білімдерді пайдалану; – ауылдық туризмде қызмет көрсету бағдарламаларын және ауылдық саяхат жобаларын әзірлеудегі ауылдық туризмнің маркетингтік қызметін жоспарлау. Пән таңдау бойынша бейіндік пәндер құрамы қатарына жатады, ауылдық туризмді басқаруда, ғылыми негіздерді зерттеу барысында тиiмдi шешiмдер қабылдауды тудыру, ұйымдастыру жобаларын және ғылыми жобаларды басқаруды құрайтын кәсiби дайындық болып саналады. Докторанттар пән игеру барысында келесі аспектілерді зерттейді: ауылдық туризмнің дамуының теориясы; әлемдік ауылдық туризмнің қалыптасу тарихы; ауылдық аумақтардағы ауыл туризмін дамытудың рөлі; ауыл туризмі дамуының әлемдік тәжірибесі; ауылдық туристiк өнiм, оның құрамдастарының сипаттамасы және ерекшелiктері; ауылдық туризмдегі менеджмент пен маркетинг; ауылдық қонақ үйлерді ұйымдастыру және жасаудың аспектілері; демалушыларға қызмет көрсетуде тұлғааралық өзара іс-қимыл аспектілері.

Ғылыми жобаларды басқару және жобаларды ұйымдастыру
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: туризмдегі ғылыми жобаларды басқару құрылымын жүйелі түсіну, іс-әрекет алгоритмі, элементтер арасындағы әкімшілік, технологиялық және басқа да өзара іс-қимылдарды қалыптастыру. Пәнді игеру нәтижесінде докторанттар қабілетті: – дәйекті және тәуелсіз бағалау нәтижелері негізінде қазіргі заманғы теорияның әдістемесі мен тәжірибесін ұйымдастырушылық жобалауды басқарудың ғылыми жобаларының міндеттері мен мәселелерін шеше білуге дайындықты және қабілеттілікті көрсету; – жобалаудың ұйымдастырушылық процестерін реттеу, жоспарлау, әзірлеу, іске асыру және түзету; – ұйымдастырушылық жобалауды талдау және болжамдау; – туризм және қонақжайлылық индустриясының қажеттіліктерін кәсіби және академиялық тұрғысында ұйымдастырылған жобалардың технологиялық және әлеуметтік-экономикалық мәдени ерекшеліктерін сезіну; – әртүрлі модельдік типте басқаруды ұйымдастырудағы ғылыми жобалардың әлеуметтік жауапкершілік пен ынтымақтастығы үшін қауіпті және пайдалы жақтарын сәйкестендіру. Пән таңдау бойынша бейіндік пәндер құрамы қатарына жатады, туризм және қонақжайлылық икемдiлiгін өндiру саласындағы педагогикалық қызметті зерттеу барысында тиiмдi шешiмдер қабылдауды тудыру, ұйымдастыру жобаларын және ғылыми жобаларды басқаруды құрайтын кәсiби дайындық болып саналады. Докторанттар пән игеру барысында келесі аспектілерді зерттейді: туризмде ұйымдастырушылықты жобалау және басқарудың, ғылыми жобаларының мақсаттары мен факторлары; жобалаудың ұйымдастырушылық кезеңі; эволюциялық ұйымдастыру теориялары, модельдері және ұйымның типтері; ұйымның қағидалары мен заңдары; жобалаудың әдiстемелiк негiздерi және ұйымдық құрылымдарға қызмет етуі; туризмде ғылыми жобаларды басқару үшiн негiзгi ұйымдастыру құжаттарын әзiрлеу.

Қаржы сақтау нарығын зерттеу
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: корпоративтік қаржы теориясы мен практикасы дамуының қазіргі бағыттарын, қаржылық шешімдерді талдау моделдерінің ерекшеліктерін, оларды эмпирикалық тексеру нәтижелері мен құралдарын, жетілген және дамушы туризм нарықтары жағдайында тану қабілетін қалыптастыру. Пәнді игеру нәтижесінде докторанттар қабілетті: – бірлескен басқару және қаржылық бірлескен механизмді бақылау, қаржылық компания құрылымы, саяси төлемдер, капиталды құрылымдарды талдауда замануи моделдерді қолдану; – компанияның қаржы менеджерiнің шешім қабылдауына ықпал ететiн фундаменталды факторларды сәйкестендіру ұстанымдарын игеру; – қаржылық модельдерді тестілеудің және эмпирикалық тексерістің ұстанымдарын игеруде жүйелі және айрықша тәуекелділік ықпалының болуын көрсететін эмпирикалық деректердің мінездемесін талдай білу; – нарықтық жүйенің дамуына байланысты модельдердің даму бағытын және компанияның шешiмдерiн қаржылық талдаудың тұжырымдамаларын болжау; – капитал нарығын дамытудағы шарттарында компанияның қаржылық шешімдерін құра алатындығын көрсету. Пән таңдау бойынша бейіндік пәндер құрамы қатарына жатады, кәсіби қызметті болашаққа пайдаланудағы тиімді шешім қолдануды іске асыруды айқындай білу, туризм саласында отандық және шетелдік мемлекеттік басқармалардың тәжірибелері негізінде кәсіби дайындықтың құрамдас бөлігі болып саналады. Докторанттар пән игеру барысында келесі аспектілерді зерттейді: компанияның ішкі нарықтағы капиталының құнсыздануы; ішкі нарық капиталы мәселелерінің тиімділігін жүзеге асыру; инвестициялық фирмалар нәтижелерінің тиімділігін көрсеткіштер арқылы өлшеу; тиімсіз болуының ықтимал әсерлерінің себептері мен салдары; бүтіндей ішкі нарық капиталын және инвестициялық капиталдың тиімділігін арттыру жолдары.

Қолданбалы ғылыми зерттеулерді жобалау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Қонақ үй шаруашылығындағы инновациялық менеджмент
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: қазіргі заманғы қонақ үй кәсіпорнының инновациялық қызметін басқару саласында қабілеттерді қалыптастыру. Пәнді игеру нәтижесінде докторанттар қабілетті: – қонақжайлылық бизнесті басқарудағы заманауи инновациялардың мазмұны мен ерекшеліктерін түсіндіру, алынған білімдерді жаңғырту; – қонақжайлылық кәсіпорын басқарудағы инновация жоспарын құру, түзету және іске асыру; – материалдық-техникалық базаны ескеріп, қызмет көрсетуді ұйымдастыру және басқару, маркетинг, қызметкерлермен жұмыс істеудің қазіргі заманғы әдістерін, ынталандыру психологиясы, шығармашылық және өзін-өзі жетілдіруді ескере отырып, қонақ үй бизнесінде инновация үшін ресурстарды анықтау және біріктіру; – қазіргі заманғы қонақжайлылық кәсіпорынының инновациялық басқару саласындағы жаңа және күрделі идеяларды талдау және синтездеу, сондай-ақ мамандармен коммуникацияны жүзеге асыру. Пән таңдау бойынша бейіндік пәндер құрамы қатарына жатады, қазіргі қонақ үй кәсіпорындарының инновациялық іс-әрекетінде кәсіби қабілеттерді игеру және осы салада ғылыми-зерттеу және педагогикалық жұмысты ұйымдастыру, іске асыру, жоспарлау қабілеттерін қалыптастыру. Пәнді игеру барысында докторанттар келесі аспектілерді үйренеді: қонақжайлылық бизнесін басқарудағы инновациялардың теориясы мен ерекшеліктері; қонақжайлылық бизнестегі инновациялық үдерісті жандандырудың факторы мен әдіснамасы; қонақ үй кәсіпорынның инновациялық қызметін ұйымдастырудың әлемдік тәжірибесі; қонақ үй кәсіпорындарындағы өнімді сату және өндірісті басқару инновациясы.

Қонақжайлық саласындағы аутсорсинг
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: Аутсорсинг – іс-әрекеттің әсерлілігін жетілдіруге ықпалын тигізетін ең ұтымды және алдыңғы қатарлы бизнес үлгі анықтама-терминді талдау. Міндеттері: өткізу нысаны бойынша аутсоринг классификациясының функцияларды, үрдісті және ресурсты аутсорингті қарастыру. Қысқаша мазмұня: курс негізінде еңбек ресурстарының қонақжай шаруашылығындағы түсінігін; қонақжай кәсіпкерлігінде еңбек ресурстарын бағалауды; еңбек ақысының қорының құрылымың; құрылу көздерін; еңбек ақы қорын пайдалану әсерлілігі

Туризм саласын мемлекеттік басқару:шетелдік және отандық тәжірибе
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: туризм саласындағы мемлекеттік жобалауды оңтайландыруға ықпал ететін Қазақстан мысалында қазіргі экономикалық жағдайларда туризм саласындағы мемлекеттік жобалардың тиімділігін бағалау қабілетін қалыптастыру. Пәнді игеру нәтижесінде докторанттар қабілетті: – туризм саласында мемлекеттік жобалардың тиімділігін бағалау үшін пайдаланылатын әдіснамаларды жіктеу біліктілігін мына сипаттамалар арқылы көрсету: «бағаланатын жобалар түрлері», «әдістердің міндеттері», осы жобаларды әзірлеуде әдістемелерді ұтымды талдауға мүмкіндік беретін «есептеу нәтижелерінің ақпараттылығы». – кездейсоқ факторларды есепке алу арқылы туризм саласындағы жобалардың күтілген тиімділігін бағалауға мүмкіндік беретін Монте-Карло әдісінің негізінде туризм саласындағы жобалардың тұрақтылығы мен тиімділігін есептеудің әдістемесін игеру. – туризм саласындағы мемлекеттік жобалардың тиімділігін бағалауда саралау әдісін жүргізу. – туризм саласындағы жобалардың тұрақтылығын және тиімділігін есепке алу. Пән таңдау бойынша бейіндік пәндер құрамы қатарына жатады, туризм саласында шетелдік және мемлекеттік басқарудың отандық тәжірибесінде кәсіби дайындықтың құрамдас бөлігі және оларды болашақ кәсіби қызметте пайдалануға арналған тиімді шешімдерді шығару біліктілігін өңдеу болып табылады. Докторанттар пән игеру барысында келесі аспектілерді зерттейді: туризм саласын мемлекеттік басқарудағы органдардың моделдері мен ерекшеліктері; туризм саласымен мемлекеттік басқарушы органдардың қызметі; туризм саласындағы мемлекеттік басқармалардың тиімді тәжірибесін талдау.

Туризмдегі жүйелік сараптау мен модельдеу
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: ақпараттармен жүйелі жұмыс істеу қабілетін қалыптастыру, туризмнің тұрақты моделін әзірлеу, перспективалы жоспарлау үшін қажетті мәліметтерді түсіндіру. Пәнді игеру нәтижесінде докторанттар қабілетті: – экономико-математикалық моделді кешендерін туризм саласын дамытудың қазіргі таңдағы жағдайын талдау мен болжауда ұлттық экономиканың құрамдас бөлігі ретінде әзірлеу; – Қазақстанда туризмді дамытудың негізгі факторларын көрсету және туризм қызметінің нәтижесін көрсететін талдау көрсеткіштерін жүргізу; – туризмнің сателиттік шоттары негізінде туристік қызмет нарығының статистикалық деректерін басқаруды жетілдірудің әдістемесін игеруге; – туристiк қызметтерге сұранысты болжау дағдысын көрсету; – тұтынушылардың талғамына сәйкес моделді жасау және турбизнесте салық салудың үлгiсiн игеру; – турбизнесте ақпараттық және бағдарламалық қамтамассыз етуге талдау жүргізудің икемділігін көрсету және туристік ақпараттық орталықты жасауға интеграциялық тәсілді ұсыну. Пән таңдау бойынша бейіндік пәндер құрамы қатарына жатады, кәсіби қызметте жүйелік талдауды игеру және туризмде жобалау мен оларды ксәіби қызметте қолдана алу біліктілігін айқындау негізінде кәсіби дайындықтың құрамдас бөлігі болып табылады. Докторанттар пән игеру барысында келесі аспектілерді зерттейді: визуалдық сызбаларды және процестерде, логикалық құрылымдарды моделдеуде интеллектуалдық дағдыларды ойлаудың абстрактылы рөлі; басқарушы процестерді моделдеу және технологиялау; туризм саласында мәселелерді талдаудың сандық және сапалық әдістері; әлеуметтік жүйе ретінде туризм туралы білімді тудыру, өңдеу және қолдану; туризмді адам құндылықтарына, сұраныстың икемділігіне, ақпараттық ортаға, инновациялық кәсіпкерлікке байланысты қызметтің түрлері ретінде; іскерлік процесте айнымалылық және тұрақсыздық факторлары; шешім қабылдауды оңтайластыру барысындағы ұйымдастырылған заңдылықтар мен жүйелердің теориясы, тұжырымдауды сценарилер арнасында кәсіпорындарды және турфирма қызметкерлерінің және бизнес серіктестіктердің мінез-құлықтарын стратегиялық басқару.

Туризмдегі маркетингтік қарым-қатынастар
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: қонақжайлық және туризм индустриясының өнімдері мен қызметтерінің әр түрлі түрлеріне тұтынушылардың қызығушылығын қолдау және тарту саласында қабілеттерді қалыптастыру. Пәнді игеру нәтижесінде докторанттар қабілетті: – қонақжайлылық пен туризмде маркетингтік коммуникациялар бойынша теория, әдістеме және тәржибелік білімдерді көрсету және ерекшеліктерді түсіну; – қонақжайлылық пен туризмде маркетингтік коммуникация саласында іс-шаралардың бағдарламасын жоспарлау және әзірлеу, сондай-ақ іске асыру; –Қазақстан жағдайында қонақжайлылық және туризмде маркетингтік коммуникация саласында тиімді шешімдерді сыни тұрғыдан бағалау және генерациялау; – Қазақстанның туристік саястына сәйкес маркетингтік коммуникация саласында тұлғалық және кәсіби даму бағыттарын талдау және анықтау; – нақты маркетингтік коммуникацияны қалыптастыру және іске асыру саласында шешімдер қабылдау және оларды әлеуетті оппоненттерге дәлелдей білу. Пән таңдау бойынша бейіндік пәндер құрамы қатарына жатады, туризмдегі маркетингтік коммуникациясын ұйымдастыру және бақылау, жоспарлау саласындағы кәсіптік даярлау құрамдас бөлігі болып табылады. Пәнді оқу барысында докторанттар келесі аспектілерді қарастырады: қонақжайлылық пен туризмде маркетинг және маркетингтік-коммуникацияның даму кезеңдері мен детерминаттарды; қонақжайлылық және туризм саласасындағы маркетингтік коммуникация мазмұнының ерекшеліктері мен функцияларын; қонақжайлылық пен туризмде маркетингтік коммуникацияның кешенді теориясы мен әдіснамасын; әлемдік және Қазақстандық қонақжайлылық пен туризм нарығы маркетингтік коммуникация объектілері ретінде; қонақжайлылық және туризм саласындағы маркетингтік коммуникацияның қазіргі заманғы технологиялары мен тәжірбиесі.

Туризмдегі сандық зерттеу әдістері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты туризмдегі нысандар, құбылыстар мен процестерді сандық анықталуын зерттеу әдістері болып табылады. Курстың міндеттері – туризмдегі сандық талдаулар мен бағалаулардың қазіргі ғылыми әдістерін (математикалық география, статистика, ықтималдық теориясы, картографиялық моделдеу, ресурстық баланс, нормалау және т.б.) және оларды тәжірибелік қолдану бойынша шеберлікті дамытуды зерттеу. Модуль туризмде және контентте ғылыми зерттеулердің сандық әдісімен таныстырады, олар жақсы нәтижелер

Туризмдегі тұрақты даму мәселелері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: туризмнің тұрақты даму принциптерін есепке ала отырып, тиімді туристік-рекреациялық табиғатты пайдалану қабілетін қалыптастыру. Пәнді игеру нәтижесінде докторанттар қабілетті: – туризмнің тұрақты дамуындағы әрекеттің құрылымы мен әдістерін, дамудың тенденциясын және заманауи жағдайдың жүйелі түсінігін көрсету; мақсатты бағдарды және терминологиялық аппаратты білу, қорларды ұйымдастыру және адамдық фактор, нормативті техникалық-құқықтық базаны қоспағанда туризмдегі дамуды басқарудың әдістері мен техникасы; – туризмнің тұрақты дамуындағы концепцияларды өңдеуге және негіздеуге стратегияларды және әртүрлі құралдарды білікті қолдану, сонымен қатар, туризмнің тұрақты дамуын іске асырудың әртүрлі кезеңіндегі жұмыстарды жоспарлау және ұйымдастыру; – туризмнің тұрақты дамуы аясындағы қиын және жаңа ойларды дәйекті таңдау және түрлендіру, сонымен қатар, туризмнің тұрақты дамуының әдістемесі мен замануи техниканы қолдана отырып жаңа туристік өнімдер мен қызметтерді жоспарлау; – технологиялар мен жаңа тәсілдерді қалыптастыруды қоса есептегенде, туризмнің тұрақты дамуы аясында теория мен тәжірибенің перспективті дамуының бағыттарын айқындау; – туризмнің тұрақты дамуы мәселелерінің шешіміне байланысты мәліметтерді нәтижелі, анық, қысқаша түсіндіру және баяндау. Пән таңдау бойынша бейіндік пәндер құрамы қатарына жатады, туризмнің тұрақты дамуының ғылыми негіздері, тұрақты туристік-рекреациялық табиғатты пайдалануды ұйымдастыру және кәсіби қызметте қолдану үшін, осы тиімді шешімдерді генерациялау іскерлігін жасау саласындағы кәсіби дайындықтың құрамдас бөлігі болып табылады. Докторанттар пән игеру барысында келесі аспектілерді зерттейді: туризмнің тұрақты дамуының ғылыми негіздері; туристік-рекреациялық табиғатты пайдаланудың тұрақты (оңтайлы) құрылымын қалыптастыру, кәсіби біліктілік негізінде туризм және қонақжайлылық саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер; Қазақстанда туризмнің тұрақты дамуының стратегиялары мен ынталандыру құралдарын әзірлеуді анықтау.

Туризмді аймақтық дамуының жоспарлау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: туризмді аумақтық ұйымдастыру бойынша жұмыстарды жоспарлау және технологияны таңдау, бағалау қабілетін қалыптастыру. Пәнді меңгеру нәтижесінде докторанттар: - туризмді аумақтық дамытуды жоспарлаудың әдістері мен тәсілдерін дербес және дұрыс қолдануға; - туризмді аумақтық дамытуды жоспарлау үшін идеяларды практикалық іске асыру үшін түпнұсқалық және қол жетімді тұжырымдауға; - туризмді аумақтық дамытуды жоспарлау саласындағы іс-қимылдарды үйлестіруді қамтамасыз ету және жобаның орындалуына тиімді бақылауды ұйымдастыруға; - туризмді аумақтық дамытуды жоспарлау саласында жобаның тұжырымдамасы мен құрылымын әзірлеу технологиясын қолдануға; - туризмді аумақтық дамытуды жоспарлау саласындағы жұмыстарды және жобаларды басқаруды жүзеге асыруға қабілетті. Пән таңдау бойынша бейіндік пәндер құрамы қатарына жатады, туризмнің аумақтық дамуын жоспарлаудың әдіснамалық негіздері мен технологияларын игеру және оларды болашақ кәсіби қызметте қолдану үшін тиімді шешімдерді шығару біліктілігін қалыптастыру және аумақтық туризм дамуының жобалау технологиялары мен оларды меңгерудің әдіснамалық негізі саласындағы кәсіби дайындықтың құрамдас бөлігі болып табылады. Пәнді меңгеру барысында докторанттар келесі аспектілерді зерттейді: туризмнің аумақтық дамуын жоспарлаудың табиғи, экологиялық, экономикалық-әлеуметтік және саяси-құқықтық негіздері; ландшафтық-экологиялық, геоақпараттық тәсілін туризмнің аумақтық дамуын жоспарлау әдіснамасын дамыту бағыты ретінде, туристік кластерлердің аумақтық дамуын жоспарлау ерекшеліктері мен туризмнің аумақтық дамуын жоспарлаудың графоаналитикалық әдістерін қолдану мәселелері.

Туризмді территориялық аудандастыруда ГИС-технологияларды қолдану
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: туризмді аумақтық ұйымдастырудың практикалық міндеттерін шешу үшін GIS-технологиялармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Пәнді игеру нәтижесінде докторанттар қабілетті: – туризмді дамыту барысында аумақтық ұйымдастыру мен географиялық ақпараттық жүйенің ғылыми негіздерін концепциялау және түсіндіру; – туристік-рекреациялық кеңістікті және ГАЖ-технологиясының моделденуін аумақтық ұйымдастырудағы заңдылықтарда талдау және қолдану; – туристік-рекреациялық кеңістік модельдерін әзірлеу және құру үшін ГАЖ-технологияларды қолдану жобаларын генерациялау; – Қазақстанда туризмді аумақтық ұйымдастыруда ГАЖ-технологиясын қолданудың мейлінше тиімді бағыттарын анықтау; – ГАЖ-технологиясы негізінде туристік-рекрациялық кеңістікті аумақтық ұйымдастырудағы зерттеудің нәтижесінде дәлелдеу және хабарлау. Пән таңдау бойынша бейіндік пәндер құрамы қатарына жатады, ГАЖ-технологияны меңгеру және оларды туризмді аумақтық ұйымдастыруда практикалық міндеттерді шешу үшін қолдану білктілігін өңдеу саласында кәсіби дайындықтың құрамдас бөлігі болып табылады. Докторанттар пән игеру барысында келесі аспектілерді зерттейді: ArcGIS 10.2 үлгісін ала отырып, туризмдегі аймақтық ұйымдарды зерделеуде, ГАЖ технологиялары мен алгоритмдерін тәжірибеде қолдану; Қазақстанның әртүрлі аймақтарында туризм инфроқұрылымдық объектілерін зерделеуге, ерекшелікпен орналастыруға ГАЖ технологиясын қолдану; картографиялық моделдеуде дистинация мен туристтік кластерлеуді зерделеуге ГАЖ технологиясын қолдану.

Туристік білім саласындағы заманауи дидактикалық мәселелері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: білім беру траекториясын сапалы құру үшін оқытудың әртүрлі жүйесі негізінде педагогикалық кәсіби қызмет қабілетін қалыптастыру, ЖОО-ның білім беру бағдарламалары мазмұнының көлемі мен құрылымын анықтау. Пәнді игеру нәтижесінде докторанттар қабілетті: – Қазақстанда және шет елде жоғарғы туристік білімді жаңғырту үрдісі және бағыттар туралы пікірлерді дәлелдеу және нақтылы түсіндіру; – жоғарғы туристік білім беруге заманауи бағдарламалар әзірлеу, сондай-ақ оқыту барысында қолдану үшін аналитикалық-талдау және инновациялық тәсілдерді қолдану мен ажырата білу; – жүйелі түрде пайымдау және әрекет ету, бірақ ықтимал балама тәсілдерді ескеру арқылы ең тиімді оқыту технологиясын құрастыру; – туристік ақпараттың үнемі өзгеріп және толықтырылып отыруына байланысты кәсіби біліктілікті жүзеге асыруға дайын болу және алған білімдердің өзгеру үрдісін өз бетінше бағалау; – білім беру процесі субъектілерінің ынтымақтастығы қағидасы негізінде оқыту үрдісін оңтайластыру және жоғары туристік білімнің білім беру бағдарламасына негіздеу және жүйелеу. Пән таңдау бойынша бейіндік пәндер құрамы қатарына жатады, әртүрлі оқыту жүйелері негізінде білім, қабілеттілік пен дағдылар және көз-қарасты қалыптастыруды меңгерудің заңдылықтарын түсіну саласында құрамдас кәсіби дайындық болып табылады, тұрақты кәсіби құзыреттілікке бағытталған жоғарғы мектепте туристік білім бағдарламасы мазмұнының көлемі мен құрылымын анықтау біліктілігін қалыптастыру. Докторанттар пән игеру барысында келесі аспектілерді зерттейді: оқыту процесі мен оны жүзеге асырудың шарттарын сипаттау және түсіндіру; жоғарғы туристік білім беру жүйесіндегі негізгі мәселелер, бағыттар, құралдар және педагогикалық шеберлікті жетілдіру жолдары; жоғарғы туристік білім беру жүйесіндегі белгілі мамандардың педагогикалық шеберліктерінің ерекшеліктері; жоғарғы туристік білім беруде бір үлгідегі, экспериментальді, инновациялық білім беру жүйелері және технологиялары.

Туристік қызмет бойынша сақтандыру жүйесін қалыптастыру
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Туристік территориялар брендингі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың негізгі мақсаты - туристік аймақтарда брендингдті оқу, үйрету болып табылады. Курстың міндеті – негізгі түсініктерді қарастыру және туристік аймақта брендтің мәні, аймақтағы брендтің түрлерінің өзіндік ерекшеліктері, брендті құрастыру, отандық сәтті брендтер, PEST- талдау және SWOT анализ жүргізу, аймақтың бәсекеге қабілетті факторларын анықтау, туристерге қысқаша дайджест жасау. Қысқаша мазмұны: осы курста қарастырылатын аймақтардық басқа салыстырмалы аймақтардың бәсекелестік жаңдайы жоғарлаты және қалыптастыру мәселелерді; аймақтың беделің жақсартуға бағытталған шараларды қарастырады; туристік ағымда және танымдығын жоғарлатуға бағытталған шараларды ұйымдастыру жолдарды қарастыру. Туристік аймақтағы бренд түсінігін білу, отандық сәтті брендтер жоспарымен танысу, және құрастыру жоспарын талдау. Нарықтың стратегиялық талдауына мінездеме бере білу, брендті нарыққа шығарудағы бағаны қалыптастыру, негізгі сатып алушылар тобын анықтау.

2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Thomson Reuters, Scopus базасына енетін немесе ККСОН ұсынатын мерзімді баспасөздердегі жарияланымдар
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Ғылыми тағылымдама
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы - Ғылыми тағылымдаманың мақсаты: докторанттарда шетел университеті негізінде заманауи зерттеу әдістерін және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, кәсіби салада ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуге қабілеттілігін қалыптастыру. Курсты оқу барысында докторант төмендегідей білімдерді меңгереді: 1. ғылыми зерттеулерді жүргізу әдістемесінің негіздерін, ғылыми тәжірибені жоспарлау мен ұйымдастыруды, ғылыми деректерді өңдеуді негіздеу; 2. ғылыми және практикалық мәселелерді, оның ішінде пәнаралық бағыттарды шешу әдістерін талқылау; 3. зерттеу және практикалық міндеттерге балама шешімдерді талдау және осы нұсқаларды іске асырудың әлеуетті артықшылықтарын бағалау; 4. заманауи компьютерлік технологияларды қолдану арқылы ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және беру әдістері туралы теориялық білімдерді қолдану; 5. тыңдаушылардың әртүрлі контингенттері үшін ақпарат беру әдістері мен әдістерін таңдау. Ғылыми тағылымдаманы оқу нәтижесінде докторанттар төмендегі мәселелерді қарастырады: Ғылыми зерттеулерді жүргізу әдістемесінің негіздері, ғылыми тәжірибені жоспарлау және ұйымдастыру, шетел университеті негізінде ғылыми деректерді өңдеу. Ағымдағы ғылыми проблема бойынша тәуелсіз зерттеу жүргізу. Зерттеу нәтижелерін дайындау және таныстыру: конференцияларға, семинарларға қатысу, баяндамалар, тақырып бойынша жарияланымдар. Ғылыми тағылымдамадан өту және оны қорғау нәтижелері туралы есеп дайындау.

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар ІI)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар IIІ)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар V)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар VІ)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар І)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар ІV)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторлық диссертацияны орындау
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы - Докторлық диссертацияны орындау мақсаты: «8D075 -Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша) білім беру бағдарламасы бойынша докторлық диссертацияны қорғауға дайындық. Курсты оқу барысында докторант төмендегідей білімдерді меңгереді: 1. ғылыми-зерттеу жұмыстарының барысында пайда болатын және тереңдетілген кәсіби білімді талап ететін мәселелерді шешудің прогрессін көрсету; 2. міндеттер шеңберінде теориялық немесе тәжірибелік зерттеулер жүргізуді, оның ішінде математикалық (имитациялық) эксперимент жүргізуді талап ету; 3. зерттеудің қажетті әдістерін таңдай алады, қолданыстағы әдістерді өзгертуге және белгілі бір зерттеудің міндеттеріне негізделген жаңа әдістерді әзірлеуге болады; 4. нормативтік көздер мен ғылыми әдебиеттер бойынша өзіндік жұмыс үшін шет тілдерін пайдалану; 5. диссертациялық зерттеудің мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдайды, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерінің ғылыми жаңалығы мен практикалық маңыздылығын анықтайды; зерттеу жұмыстарының құрылымдық әдіснамалық схемасын әзірлеу. Докторлық диссертацияны орындауды оқу нәтижесінде докторанттар төмендегі мәселелерді қарастырады: Диссертацияның презентациясы және алдын ала сараптамасы. Өтініш берушінің ісін Университеттің Ғылыми кеңесінде тіркеу. Тезистерді қорғау туралы хабарландыру. Авторефератты жариялау және жіберу. Диссертацияны қорғаудан кейін құжаттарды рәсімдеу.

Зерттеу
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Зерттеу тәжірибесі

Педагогикалық
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Педагогикалық

Педагогикалық практика
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: педагогика, психология, арнайы пәндер арқылы алынған педагогикалық қызметтегі ғылыми және теориялық білімдерді практика мақсатында лекциялар мен семинарлар өткізу үшін практикалық және білім беру дағдыларын қалыптастыру, тәжірибелік дағдыларды шығармашылық түрде қолдануға кабілетті қалыптастыру. Курсты оқу барысында студент төмендегідей білімдерді меңгереді: - сабақтардың әртүрлі түрлерін (дәрістер, лабораториялар, семинарлар, СОӨЖ, МОӨЖ) ұйымдастыру бойынша қажетті білімдерді көрсету; - оқу-әдістемелік құжаттарды дайындау және студенттермен тәрбие жұмысын ұйымдастыру; - педагогика, психология және кәсіптік білім саласында алынған теориялық білімдерді практикалық іске асыру әдістеріне және әдістеріне ие болу.

Халықаралық конференциялар материалдарындағы жарияланымдар
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы - Халықаралық конференциялар материалдарындағы жарияланымдардың мақсаты: ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін ғылыми қоғамдастыққа ұсыну, кері байланыс алу және кәсіптік қызмет саласында тәжірибе алмасу мүмкіндігі туралы докторанттар қалыптастыру. Курсты оқу барысында докторант төмендегідей білімдерді меңгереді: 1. ғылыми зерттеулердегі қазіргі үрдістерді көрсету; 2. ғылыми журналдарда, халықаралық конференциялар мен симпозиумдардағы материалдардағы зерттеулердің аннотирленген нәтижелерін айқындау; 3. теориялық және қолданбалы міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін жаңа, ғылыми негізделген, теориялық немесе тәжірибелік нәтижелерді қолдануға болады; 4. таңдалған кәсіби қызмет саласындағы ғылыми нәтижелерді, әріптестер мен қарсыластардың деректерін талдау; 5. қызметтің кәсіби саласын ғылыми зерттеуде ұсынылған әзірлемелерді пайдалану идеяларын қалыптастыру. Халықаралық конференциялар материалдарындағы жарияланымдарды оқу нәтижесінде докторанттар төмендегі мәселелерді қарастырады: Ғылыми және халықаралық конференциялардың рейтингін талдау. Қатысу түрлері бойынша ғылыми конференциялар. Халықаралық және жергілікті конференциялар. Редакциялық кеңестің талаптарына сәйкес ғылыми мақаланы жариялау.

2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген