Докторантура
Археология және этнология

Археология және этнология

БАҒДАРЛАМА СИПАТТАМАСЫ

Халықаралық аккредитация: ACQUIN
Бағдарлама: 60D20800 – Археология және этнология
Оқыту деңгейі: докторантура
Емтихан: шетел тілі (тест), мамандық бойынша қабылдау емтиханы (жазбаша)
Оқыту түрі: күндізгі
Оқу мерзімі: 3 жыл
Кәсіби қызметтің түрлері:
• Ғылыми-зерттеу институттарында ғылыми қызметкер;
• ҚР музейлері, Қазақстан халықтары Ассамблеясы, Акиматтар, Жоғарғы оқу орындары.
• Мәдениет, өнер; сараптау қызметі және болжау;
• Мемлекеттік басқару. Тарихи-мәдени және табиғи ескерткіштерді қорғау ұйымдарында, мәдениет департаменттерінде маман;
• Сараптау қызметімен айналысатын ұйымдарда сарапшы;
• Ғылыми-зерттеу саласындағы қызмет;
• Жоғарғы оқу орындарындағы оқытушы.
Кәсіби пәндер:
• Қазіргі әлемдік археология мен этнологиядағы теориялық және әдіснамалық бағыттар;
• Археологиялық зерттеулердің теориясы мен методологиясы;
• Этникалық және этномәдени зерттеулердің теориялық аспектілері;
• Ежелгі Қазақстандағы мәденигенез үдерістері;
• Қазақстанның ортағасырлық қалаларының зерттелуімен дамуын кезеңдерге бөлу мәселелері және т.б.
Білім берудің артықшылықтары:
• Ерекше авторлық курстар;
• Әр түрлі зерттеу мәселелері және пәнаралық зерттеулер;
• Археология мен этнологияның маңызды мәселелелерін терең зерттеу, тарихи-мәдени мұраны сақтау;
• Жоғары білікті оқытушылар
Халықаралық қатынас:
• Новосібір Мемлекеттік университеті (Ресей Федерациясы);
• М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік университеті (Мәскеу, Ресей Федерациясы);
• Томск мемлекеттік университеті (Ресей Федерациясы)
• Хажеттепе университеті (Анкара, Түркия);
• Гази университеті (Анкара, Түркия);
• Мимар Синан атындағы университет (Стамбул, Түркия).
• Әулие Кирилл және Мефодия университеттері (Трнава, Словак Республикасы);
• Стокгольм университеті (Швеция).
Места прохождения практики и возможного трудоустройства:
Тәжірибеден өтетін және жұмысқа орналасудың ықтимал орындары:
Мәдениет департаменті, ескерткіштерді қорғау бойынша комитеттер, ескерткіштерді қорғау комитеттері, ғылыми-зерттеу орталықтары мен институттар, жоғарғы оқу орындары, ҚР музейлері.

Оқу бағасы мен оқу жылдардың санын калькуляторы:

Оқу түрі - күндізгі

Оқу деңгейі - Ғылыми - педагогикалық бағыт

Сіз


  

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Археология және этнология
Мамандық шифры
6D020800
Факультеті
Тарих, археология және этнология
Оқу деңгейлері
Ғылыми - педагогикалық бағыт
Оқу түрлері
күндізгі
Өту балы
ҚАЗ
176
ОРЫС
176

пәндер

Қазіргі таңдағы әлемдік археология мен этнология дамуының негізгі теориялық және әдіснамалық бағыттары
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Археологиядағы ғылыми-жаратылыстану әдістері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: жаратылыстану ғылымдарының әдістері қолданылатын қазіргі археологиялық зерттеулердегі жабдықтар айтылады. Осындай жабдықтарды пайдаланбай жүргізілген зерттеулерді толық деп есептей алмаймыз. Қазіргі уақыттағы археология жаратылыстану ғылымдарының әдістерін: физикалық, антропологиялық, палеозоологиялық, палинологиялық, металграфиялық, геофизикалық және т.б. кеңінен қолдануда. Модуль докторанттарды заманауи археологиядағы ғылыми-жаратылыстану әдістерімен және пәнаралық қатынастар физикалық антропология, палеозоология, палинология, металлография, геофизика және т.б. Пәнді оқыту барысында докторант келесі компетенцияларды игеру керек:  археологиялық зерттеудегі ғылыми-жаратылыстану әдістерінің теориялық және методологиялық аспектілерін білу.  Ғылым саласындағы материалдарды, басқа ғылымдармен байланысын талдай алу,  Жаңа жағдайға бейімделуге, археология саласындағы ғылыми мәселелерді шешу үшін зерттеуді жетілдіру  өзгерістерді жоспарлай білу, ғылыми зерттеулерді және басқа кәсіби біліктілікті алу.  Археология саласындағы белгілі ғылыми мәселелерді шешу мақсатында өзінің білімін қолдана алу және тұжырым жасай білу ғылыми зерттеулерді жүргізуді үйрену немесе басқа кәсіби квалификацияны меңгеру

Археологиядағы пәнаралық зерттеулер
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты археологиялық материалды зерттеудің қазіргі заманғы әдістерімен докторанттарды таныстыру, археологияқ дерек көздерін археологиялық емес әдістермен срапатаудың мүмкіндіктерін ашу, археологиялық нысандарды зерттеудің жаратылыстану ғылымы әдістерін дамытудың қазіргі кездегң деңгейі туралы көзқарастар қалыптастыру болып табылады. Пәнді оқу барысында докторант келесідегідей құзіреттерді меңгеруі тиіс: - Археологиядағы жаратылыстану ғылыми-зерттеу әдістерін докторанттардың терең түсінуін қалыптастыру; - Базалы жаратылыстану ғылымдары (зоология, ботаника, география, биология) негізгі әдістерін нақты түсіну; - Тәжірибеде алған білімдерін қолдануға докторанттарды дайындау; - Жаратылыстану ғылымдарының әдістерін пайдалана отырып, алуан түрлі археологиялық дерек көздері н зерттеу үшін дайындау және өңдеудің негізгі дағдыларына үйрету.

Археологиялық құжаттандыру: жаңа әдістер мен құралдар
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты археологияның теориялық және әдіснамалық мәселелерін тереңірек зерттеуге бағытталған. Теориялық және қолданбалы зерттеулерді жүргізуге тәжірибесі бар маман-археологтарға арналған курстың міндеті археологиялық қазбаларды жүзеге асыра алатын әдістер мен әдіснаманы, барлау, алынған материалды фиксация және ғылыми өңдеудегі ілімді қалыптастыру. - әлемдік археологиядағы негізгі теориялық және әдістемелік бағыттарды білу; - археологияның пәндік, дүниетанымдық және методологиялық ерекшелігіндегі ғылыми концепцияларды меңгеру; - зерттеу мәселелеріндегі археология ғылымының жетістіктері мен алдыңғы қатарлы әдістерін пайдалануға қабілетті болу;

Далалық аймақтардағы мемориалдық-культтік және қоныстық ескерткіштерді кешенді зерттеу әдістемесі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Ежелгі дәуірдегі Қазақстанның мәдениеттерінің қалыптасуы және дамуы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Ежелгі қауымдардың рухани мәдениетінің зерттелуінің теориялық аспектілері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Қазақстан далалық Евразияның ерте темір дәуірі мәдениеті жүйесінде
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты темір алу тәсілі мен еңбек құралдары негізінде далалық Евразияның сақ-скиф мәдениеті жүйесіндегі Қазақстанның ерте темір дәуір мәдениетін талдау қабілеттілігін қалыптастыру. Докторанттар міндетті. - сақ-скиф тайпалары мәдениетінің бірлігі мен аймақтық ерекшелігі жөніндегі концепцияларды зерттеулерде қолдана білуді; - этногенезі және мәденигенезі мен мәдениеттерінің келесі дәуір тайпалары мәдениетімен сабақтастығы жөніндегі жаңа концепциялар жасай білу, - далалық Евразияның ерте темір дәуірі мәдениеті жөніндегі әртүрлі концепцияларды талдауға қабілетті болу, - темір өндіруді игерудің әртүрлі тәсілдерін, темір құралдар жасаудың ерекшелігін айқындауға қабілетті болу; - Евразияның далалы және таулы жазығындағы тарихи мәдени бірлестік пен ерекшелігін негіздеу. Пәннің мәні. Курста далалық Евразияның сақ скиф тайпаларының мәдениеттер жүйесі қарастырылады. Евразияның сақ-скиф тайпаларын оқу негізінен археологиялық материалдар мен жазба деректер мәліметтері негізінде жүзеге асады. Европа территориясында оның ішінде Поволжья, Приуралья, сондай ақ Қазақстан және Оңтүстік Сібірде сақ-скиф мәдениетінің қалыптасуы қарастырылады. Евразия даласындағы тарихи мәдени бірлікке ерекше назар аударылады. Қазақстанның ерте көшпенділер өркениеттері: сақ мәдениеттері – Есік, Шілікті, Берель, Бесшатыр, Тасмола, Уйгарак, т.б. мәдени феномені; Қазақстанның ерте көшпенділер өркениеті Орта Азия, Алдыңғы Азия, Таяу Шығыс, Европа және Қытайдың отырықшы-егіншілер мен қала өркениетімен тығыз байланыста болған Евразияның далалық өркениетінің бір буыны екендігі қарастырылады..

Қазақстандағы этноконфессионалдық үдерістер
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты полиэтникалық және көп конфессионалды Қазақстан қоғамындағы діни факторлардың көрініс беру ерекшелігі мен функциясын талдауға қабілетті болу. - жанжалдар мен оның себептерін, даму заңдылығы мен алдын алу шаралары жөніндегі ғылыми-теориялық концепцияларды синтездеу; - этноконфессионалдық факторлардың аймақтық ерекшелігін анықтау; - ұлттар бірлігін қамтамасыз ету және Қазақстан халықтарының этноконфессионалдық дамуын талдай білу; - ұлтаралық және этноконфессионалдық қатынастар жөніндегі негізгі концепцияларды талдауға қабілетті болу, - әлемдік жетекші діндер саласындағы (ислам, христиан, буддизм, т.б.) этноконфессионалдық толеранттылықтың теориясы мен практикасы методологиясын қолдану. Пәннің мәні. Курста полиэтникалық және көп конфессионалдық қазақстан қоғамындағы діни факторлардың көрініс табу ерекшелігі мен олардың негізгі қызметі анықталады; Қазақстандағы этноконфессионалдық қатынастардың теориялық-методикалық негізі және қолданбалы зерттеулерде оларды қолданудың ерекшелігі оқытылады; ұлтаралық және этноконфессионалдық қатынастар концепциясының негізі талданады; республикадағы ұлтаралық қатынастар динамикасы мен діни факторлар жағдайына ықпал ететін факторлар қарастырылады; этноконфессионалдық проблемалардың мазмұны мен ұғымдар аппаратының мәнімен таныс болады; республиканың этноұлттық және діндарлар арасында қайшылықтар мен даулы жағдайлардың алдын алу және шешудің негізгі шаралары қарастырылады.

Қазақстанның далалық өркениеті
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Қазақстанның ежелгі және ортағасырлардағы урбанизациясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты Қазақстанның ежелгі және орта ғасырлық қалаларының урбанизация үдерістері мен дала қаласының феноменін ашу қабілетін қалыптастыру, урбанизация кезеңдерін және олардың Қазақстан аймақтары бойынша ерекшеліктерін анықтау және жіктеу. Докторант міндетті: - урбанизм кезеңдерін және Қазақстан аумақтары бойынша олардың ерекшелігін айқындау және классификациялау; - қала қоныстарының ішкі құрылымы, олардың типі және құрылысы жөнінде карта мен сызба жасай білу; - ерте және орта ғасырлардағы Қазақстан территориясындағы халықтардың этникалық құрамымен орналасуын анықтау; - урбанизациялық үдерістердің қала дамуына ықпалы жөнінде қорытынды жасай білу; - әртүрлі мемлекеттіліктің басқаруы кезіндегі қалалардың пайда болуы мен урбанизациялық үдерістерді, сондай ақ Қазақстандағы урбанизациялық үдерістердің аймақтық ерекшелігі жөніндегі ғылыми ақпараттарды синтездеуге қабілетті болу. Пәннің мәні. Курста Қазақстандағы қалалар және олардың пайда болу алғышарттары, табиғи факторлар, қазақстанның ежелгі және ортағасырлардағы қалаларынаың қалыптасуына ландшафттардың ықпалы, қала қоныстарының сыртқы және ішкі құрылымына табиғаттың ықпалы қарастырылады. Сондай ақ, курста ерте (VI - IX ғғ.) және орта (IX - XIII ғғ.) ортағасырлық урбанизмнің Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудағы, батыс түрік қағанаты кезеңіндегі урбанизмнің ерте кезеңіне, Жібек жолы дамуындағы екі негізгі бағыт: сырдариялық және тяньшандыққа, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан қалаларының ерте урбанизациялану үдерісіне, қаланың гүлденуіндегі урбанизацияның ролі мен орнына ерекше көңіл бөлінеді. Сонымен қатар түрік, түргеш, қараханид, т.б. мемлекеттілік тұсындағы урбанизация мәселелері, Қазақстанның ерте және ортағасырлар кезеңіндегі этникалық құрам мен орналасуы қарастырылады.

Қазақстанның қола ғасыры ескерткіштерін кезеңдеу және мерзімдеу мәселелері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты археологиялық ескерткіштерді зерттеудегі қола дәуірінің хронологиясын анықтайтын негізгі пәнаралық құралдарды қолдану қабілетін қалыптастыру. Нәтижеде докторант міндетті: - Археологиялық ескерткіштерді зерттеуде қола ғасырының мерзімін анықтайтын пәнаралық құралдарды қолдана білу; - қазіргі археологиядағы қола ғасырын кезеңдеу мен мерзімдеуге қатысты түйінді дискуссиялық мәселелерді талдауға қабілетті болу; - қола ғасырын кезеңдеу жөніндегі білімін біріктіру және ғылыми ақпараттар бойынша қорытынды жасауға қабілетті болу; - аталған кезең бойынша археологиялық деректердің типологиясын, классификациясын жасау; - Қазақстанның қола ғасыры ескерткіштерін анықтау үшін ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге қабілетті болу. Пәннің мәні. Курста докторант қола ғасыры ескерткіштерін кезеңдеу және мерзімдеудің теориялық және методологиялық мәселелерімен таныс болады. Сондай ақ, қола ғасыр ескерткіштерінің классификациясы мен типологиясын, олардың Қазақстан аймағындағы ерекшелігін; қола ғасырындағы Қазақстан территориясындағы тұрғындардың шаруашылық, материалдық және рухани мәдениет типтерін, олардың ерекшелігін; андроновтық жерлеу ғұрыптары және кезеңдеу мен мерзімдеу мәселелері; алакөл және феодоров кешендерінің (Балықты қорымының материалы бойынша) арақатынасы; андронов мәдени қоғамының қалыптасуы мен кезеңделуі; қола ғасыры ескерткіштерінің стратификациясы, темір дәуіріндегі Оңтүстік –Батыс- Батыс Сібірдегі мәдени байланыстар қарастырылады..

Қазақстанның ортағасырлық қалалары тұрғындарының рухани және материалды мәдениеті
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Қазақтардың мемориалдық-культтік сәулет өнері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Қазіргі Қазақстандағы миграциялық үдерістер
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Қазіргі этносаяси үдерістер
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты – қазіргі әлемдік кеңістік түйісінде этносаяси ахуал мен аймақтық ерекшеліктерді зерттеу негізінде қазіргі әлемдегі этносаяси ахуалдардың ортақтығы мен ерекшелігін айқындай білу қабілеттілігін қалыптастыру. Докторант міндетті: - қазіргі әлемдегі этносаяси ахуалдың жалпылығы мен ерекшелігін айқындай білу, - - әлемдік кеңістік түйісіндегі этносаяси ахуалды, аймақтық ерекшеліктерді талдай білу; - этносаяси зерттеулер саласындағы әртүрлі теориялық концепцияларды талдау, баға беру салыстыра білуге қабілетті болу; - - осы саладағы даулы не шешілмеген мәселелерге баға беру және шешу жолдарының механизмін көрсету үшін этносаяси үдерістер мәселелері мен іргелі қағидалар арасындағы қатынастардың өзара байланыстылығын құра білу; - - әлемдегі этносаяси үдерістер жөнінде баға беру және қорытынды жасау. Пәннің мәні. Курста докторант қазіргі әлемдегі этносаяси үдерістердің негізгі бағыттары мен тенденцияларымен таныс бола алады; этносаяси ахуалдардың типологиясымен, қазіргі әлемдегі этносаяси үдерістерді саяси құқықтық жағынан реттеуді, оны теориялық-методологиялық талдау, Этникалық жанжалдардың типологиясы және оны шешу мен реттеудің жолдарын білу. Әлемдік қауымдастықтағы этносаяси үдерістердің жалпылығы мен ерекшелігін білу; этносаяси үдерістер аймақтар бойынша қарастырылады, мәселен, Ресейдегі, Орталық Азиядағы, Европа және т.б. елдердегі этносаяси үдерістер; жаһанданудың этносаяси үдерістерге тигізетін ықпалы оқытылады; Орталық Азия этносаяси жүйесіндегі Қазақстанның ролі қарастырылады.

Орталық Азиядағы қазақ диаспоралардың тарихи-мәдени ескерткіштері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Орталық Азиядағы қазақ диаспоралардың шаруашылық қызметінің ерекшеліктері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Протоурбанизация
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Сақ мәдениеті кешенін зерттеудің теориялық аспектілері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Тас және қола дәіріндегі Қазақстан аумағындағы мәдени-тарихи үрдістер
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Ұлы Жібек жолы - мәдениеттер үндестігі жолы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Этнология ғылымындағы ұлт және этнос
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – әлемдік этнология мен мәдени антропологиядағы этникалық проблемалар концепцияларын зерттеу негізінде қазіргі ұлт және этностың теориялық мәселерін талдау, синтездеу қабілетін қалыптастыру. Докторант міндетті: - этнос теориясының ғылыми концепцияларын, ұлт және халықтың теориялық аспектілерін этникалық мәселелерді зерттеуде қолдана білу, - этникааралық мәселелер саласындағы әртүрлі теориялық концепцияларды талдау, бағалау және салыстыра білу; аталған мәселелерге анықтама бере білу; - этникалық мәселелердің өзара байланыстылығы жөнінде өз позицияңды қалыптастыруға қабілетті болу; - әлемдік этнология концепциялары бойынша ұлт және этностың арақатынасы жөнінде қорытынды жасай білу.

2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Thomson Reuters, Scopus базасына енетін немесе ККСОН ұсынатын мерзімді баспасөздердегі жарияланымдар
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Web of Science, Scopus базасына енетін немесе ККСОН ұсынатын мерзімді баспасөздердегі жарияланымдар
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы - Web of Science, Scopus базасына енетін немесе ККСОН ұсынатын мерзімді баспасөздердегі жарияланымдардың мақсаты: докторанттардың CCSON ұсынған немесе Thomson Reuters, Scopus деректер қорларына енгізілген мерзімді басылымдарда зерттеу және жариялау нәтижелерін ұсынудағы дағдыларын қалыптастыру. Курсты оқу барысында докторант төмендегідей білімдерді меңгереді: 1. мақаланың негізгі талаптарына журналдың редакциясында жариялауға және CCSON ұсынған немесе Thomson Reuters, Scopus деректер қорларына енгізілген мерзімді басылымдарда импакт-фактор индексінің анықтамасын негіздеуге қабілетті; 2. автордың мақаласын CCSON ұсынған немесе Thomson Reuters, Scopus дерекқорларына енгізілген мерзімді басылымдарда жариялау; 3. мақаланы жариялау үшін техникалық шет тілін қолдануға; 4. таңдалған тақырып бойынша шетелдік ғалымдардың әзірленген және эксперименттік деректерін талдау; 5. зерттелетін аймақтың эксперименттік деректерін пайдалана отырып, қойылған мәселелерді шешудің нәтижелері мен берілген әдістемесін бағалауға қабілетті. Web of Science, Scopus базасына енетін немесе ККСОН ұсынатын мерзімді баспасөздердегі жарияланымдарды оқу нәтижесінде докторанттар төмендегі мәселелерді қарастырады: CCSON ұсынған немесе Thomson Reuters, Scopus дерекқорларына енгізілген мерзімді басылымдар импакт-факторын мұқият талдау жүргізіңіз. Ағымдағы тақырыпты таңдау және ғылыми жаңалықты көрсету. Олардың нәтижелерін әлеммен салыстырмалы талдау жүргізу. Мақаланың әдеби аудармасы. Мақаланы жазу және жіберу. Мақаланы қарау.

Ғылыми тағылымдама
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы - Ғылыми тағылымдаманың мақсаты: докторанттарда шетел университеті негізінде заманауи зерттеу әдістерін және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, кәсіби салада ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуге қабілеттілігін қалыптастыру. Курсты оқу барысында докторант төмендегідей білімдерді меңгереді: 1. ғылыми зерттеулерді жүргізу әдістемесінің негіздерін, ғылыми тәжірибені жоспарлау мен ұйымдастыруды, ғылыми деректерді өңдеуді негіздеу; 2. ғылыми және практикалық мәселелерді, оның ішінде пәнаралық бағыттарды шешу әдістерін талқылау; 3. зерттеу және практикалық міндеттерге балама шешімдерді талдау және осы нұсқаларды іске асырудың әлеуетті артықшылықтарын бағалау; 4. заманауи компьютерлік технологияларды қолдану арқылы ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және беру әдістері туралы теориялық білімдерді қолдану; 5. тыңдаушылардың әртүрлі контингенттері үшін ақпарат беру әдістері мен әдістерін таңдау. Ғылыми тағылымдаманы оқу нәтижесінде докторанттар төмендегі мәселелерді қарастырады: Ғылыми зерттеулерді жүргізу әдістемесінің негіздері, ғылыми тәжірибені жоспарлау және ұйымдастыру, шетел университеті негізінде ғылыми деректерді өңдеу. Ағымдағы ғылыми проблема бойынша тәуелсіз зерттеу жүргізу. Зерттеу нәтижелерін дайындау және таныстыру: конференцияларға, семинарларға қатысу, баяндамалар, тақырып бойынша жарияланымдар. Ғылыми тағылымдамадан өту және оны қорғау нәтижелері туралы есеп дайындау.

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар ІI)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар IIІ)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар V)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар VІ)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар І)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар ІV)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторлық диссертацияны орындау
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы - Докторлық диссертацияны орындау мақсаты: «8D075 -Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша) білім беру бағдарламасы бойынша докторлық диссертацияны қорғауға дайындық. Курсты оқу барысында докторант төмендегідей білімдерді меңгереді: 1. ғылыми-зерттеу жұмыстарының барысында пайда болатын және тереңдетілген кәсіби білімді талап ететін мәселелерді шешудің прогрессін көрсету; 2. міндеттер шеңберінде теориялық немесе тәжірибелік зерттеулер жүргізуді, оның ішінде математикалық (имитациялық) эксперимент жүргізуді талап ету; 3. зерттеудің қажетті әдістерін таңдай алады, қолданыстағы әдістерді өзгертуге және белгілі бір зерттеудің міндеттеріне негізделген жаңа әдістерді әзірлеуге болады; 4. нормативтік көздер мен ғылыми әдебиеттер бойынша өзіндік жұмыс үшін шет тілдерін пайдалану; 5. диссертациялық зерттеудің мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдайды, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерінің ғылыми жаңалығы мен практикалық маңыздылығын анықтайды; зерттеу жұмыстарының құрылымдық әдіснамалық схемасын әзірлеу. Докторлық диссертацияны орындауды оқу нәтижесінде докторанттар төмендегі мәселелерді қарастырады: Диссертацияның презентациясы және алдын ала сараптамасы. Өтініш берушінің ісін Университеттің Ғылыми кеңесінде тіркеу. Тезистерді қорғау туралы хабарландыру. Авторефератты жариялау және жіберу. Диссертацияны қорғаудан кейін құжаттарды рәсімдеу.

Зерттеу тәжірибесі
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: магистранттардың зерттеу жұмысының құзыреттілігін қалыптастыру. Зерттеу практикасы барысында магистранттардың төмендегідей қабілеттері қалыптасады : - ғылыми-зерттеу жұмысын жоспарлау; - ғылыми әдебиеттермен өз бетінше жұмыс істеу: ғылыми дереккөздерді аннотациялау, рефераттар жасау-шолулар; - тіл жүйесі және әдебиет дамуының негізгі заңдылықтары саласында өз бетінше ғылыми зерттеу жүргізу; - ғылыми-зерттеу міндеттерін шешу үшін заманауи ақпараттық ресурстарды пайдалану; - ғылыми ақпаратты жинау, өңдеу, талдау және жүйелеу; - отандық және шетелдік филология мектептерінің жаңашыл әдістерін қолдану; - ғылыми зерттеу нәтижелерін дәлелді баяндау; - ғылыми басылымды дайындау және редакциялау: тезистер, мақала. Зерттеу практикасын өту кезінде магистранттар келесі аспектілерді қарастырады: Зерттеу жұмысының теориялық негіздері. Филологиялық зерттеулердегі заманауи әдістер мен әдістер. Лингвистика және әдебиеттану саласындағы ғылыми және қолданбалы жобалардың тәуелсіз дамуы. Оқу-әдістемелік әдебиеттерді қалыптастыру ережесі. Ғылыми зерттеулер нәтижелерін интерпретациялау.

Педагогикалық
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Педагогикалық

Халықаралық конференциялар материалдарындағы жарияланымдар
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы - Халықаралық конференциялар материалдарындағы жарияланымдардың мақсаты: ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін ғылыми қоғамдастыққа ұсыну, кері байланыс алу және кәсіптік қызмет саласында тәжірибе алмасу мүмкіндігі туралы докторанттар қалыптастыру. Курсты оқу барысында докторант төмендегідей білімдерді меңгереді: 1. ғылыми зерттеулердегі қазіргі үрдістерді көрсету; 2. ғылыми журналдарда, халықаралық конференциялар мен симпозиумдардағы материалдардағы зерттеулердің аннотирленген нәтижелерін айқындау; 3. теориялық және қолданбалы міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін жаңа, ғылыми негізделген, теориялық немесе тәжірибелік нәтижелерді қолдануға болады; 4. таңдалған кәсіби қызмет саласындағы ғылыми нәтижелерді, әріптестер мен қарсыластардың деректерін талдау; 5. қызметтің кәсіби саласын ғылыми зерттеуде ұсынылған әзірлемелерді пайдалану идеяларын қалыптастыру. Халықаралық конференциялар материалдарындағы жарияланымдарды оқу нәтижесінде докторанттар төмендегі мәселелерді қарастырады: Ғылыми және халықаралық конференциялардың рейтингін талдау. Қатысу түрлері бойынша ғылыми конференциялар. Халықаралық және жергілікті конференциялар. Редакциялық кеңестің талаптарына сәйкес ғылыми мақаланы жариялау.

2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген