Магистратура
Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану

Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану

БIЛIКТIЛIГІ

  • ғылыми - педагогикалық бағыт - педагогика ғылымдарының магистрі

ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ

1. ғылым дамуының тарихи-философиялық білімдерін, ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру принциптерін, ғылыми білімге жету және құру жолдарын талдап, шығармашылықпен пайдалану;
2. әлеуметтік-педагогикалық әдіснаманың концептуалды аппаратын, тұжырымдамаларын, әдістемелік тәсілдерін, әлеуметтік педагогикадағы принциптері мен әдістерін қолдану;
3. әлеуметтік педагогика саласындағы зерттеулерді, алдын-алудың, әлеуметтік-педагогикалық оңалтудың және тұлғаны дамытудың жалпы және жеке бағдарламаларын, әлеуметтік-педагогикалық кеңес беруді, патронаттық тәрбиені, қорғаншылық пен қамқорлық насихаттауды жобалау;
4. жеке үлгі бойынша білімгерді зайырлы адамгершілік-рухани білімге баулу, тұлғаны дамытудың инновациялық стратегиялары мен оқыту әдістерін шығармашылықпен дамыту;
5. Кредиттік оқыту жүйесі жағдайында дидактика білімі және жоғары білім беру тәрбие теориясына негізделген университетте педагогикалық процесті, оқыту мен тәрбиелеу саласындағы кәсіби міндеттерді тиімді шешудің жаңа тәсілдері мен әдістерін іздеуді жүзеге асыру;
6. ЖОО-ның білім беру бағдарламаларын бағалау, мектептерде, колледждерде және жоғары оқу орындарында оқыту кезінде әлеуметтік педагогиканың мазмұнын құрылымдау;
7. акмеология, инклюзия, өмірлік дағдыларды қосу және дамыту, әлеуметтік құзыреттіліктер мен эмоционалдық тұрақтылық және т.б. бойынша консультациялар, кәсіби сұхбаттар, тренингтер өткізу;
8. девиантты мінез-құлқы бар оқушыларды әлеуметтік қолдау бағдарламаларын құрастыру, түзету/қолдау және дамыту, оқушылардың әлеуметтік құнды әрекеттерін әзірлеу, әлеуметтік-педагогикалық бастамалар мен жобаларды әзірлеу жұмыстарын жүргізу;
9. жеке тұлғаның және ұжымның маңызды әлеуметтік-педагогикалық сипаттамаларын және топтық құбылыстар мен процестердің, білім беру ұйымдарының әлеуметтік қызметтерінің қызметін басқарудың әлеуметтік-педагогикалық механизмдерінің диагностикалық зерттеулермен айналысу;
10. цифрлық ұрпақ және электрондық білім беру саласында зерттеулер жүргізу, қолданбалы пайдалану үшін қорытындылар мен ұсыныстар енгізу.

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
Мамандық шифры
7M01802
Факультеті
Философия және саясаттану

пәндер

Әлеуметтік педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздері
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: әртүрлі әлеуметтік жағдайлардағы адамдармен педагогикалық жұмыс контекстінде әлеуметтік өзара әрекеттесуді, тұлғаны дамыту мен әлеуметтік құзыреттерді қалыптастыруды түсінуге және түсіндіруге мүмкіндік беретін іргелі принциптер мен тұжырымдамаларды ұсыну. Әлеуметтік педагогиканың бұл негіздері әлеуметтік педагогтар әлеуметтік мәселелердің себептері мен салдарын түсінуге және оларды шешудің тиімді стратегиялары мен бағдарламаларын жасауға көмектесетін теориялық тәсілдер, әдістемелік құралдар мен тәжірибелерді қамтиды.

Басқару психологиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Кәсіби өзара әрекеттестікте менеджменттің аса маңызды аспектілерін тәжірибеде қолдану үшін басқару психологиясының іргелі концепциялары туралы білімді қалыптастыру. Басқару психологиясының негізгі принциптері, басқару әрекетіндегі тұлға, тұлға мінез-құлқын басқару, заманауи идеялар, топтық құбылыстарды басқару психологиясы, мотивация және практикалық рефлексия.

Білім беру жүйесіндегі әлеуметтік басқару
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: Әлеуметтік педагог қызметіндегі білім басқарудың операционалды-ұйымдастырушылық негіздерін меңгеру. Курс магистранттарды әлеуметтік-педагогикалық және білім беру мекемелері, ұйымдар және әлеуметтік қызметтер секілді білім беру жүйесіндегі басқару ұйымдастырудың теориясы мен тәжірибесімен, білім беру жүйесіндегі басқарушылық қызметтің тиімділігі жағдайымен, көп деңгейлі білім беруді басқарудың ұйымдастырылу ерекшеліктерімен таныстырады. Оқыту процесінде теориялық мәліметтер, оқу орындарының ресми құжаттары талданады.

Гуманды педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздері
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: Білім беру мен тәрбиелеудегі гумандық педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздерімен магистранттарды таныстыру, гумандық педагогикада білім беруді және кадрларды даярлауды ұйымдастыруды және жоспарлауды және мұғалімді білім берудегі гуманистік тәсілдерді іске асыруға дайындау. Негізгі аспектілер: гуманды педагогиканың теориялық және әдіснамалық негіздері, гуманды педагогиканың ғылым ретінде қалыптасу тарихы, рухани-адамгершілік тәрбиелеудің педагогикалық теорияларын түсіну, адамның рухани гуманизмінің педагогикасын және адамның тәрбиесінің негізгі адами аспектілері.

Ғылым тарихы мен философиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: Қазіргі философияны ғылыми білімдер жүйесі, оның ішінде рационалды-теориялық түсінудегі дүниетанымдық көзқарас ретінде түсіну. Пән ғылыми ойлаудың эволюциясы мен дамуының аспектілерін, тарихи сәттерді, ғалымдар мен ғылыми мектептердің ғылымның қалыптасуына қосқан үлесін және ғылыми қызметтің этикалық және әлеуметтік аспектілерін қамтиды.

Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау (ағыл.)
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – болашақ маманның ғылыми-зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру, ғылым мен қоғамның дамуы жағдайында ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастырудың теориялық және әдістемелік принциптерін зерделеу. Пән талдау әдістері мен тәсілдерін, ақпараттық ғылыми ресурстарды пайдалана отырып, өз бетінше ғылыми зерттеулер жүргізу қабілетін дамытуға бағытталған.

Жоғары мектептің педагогикасы
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: Жоғары оқу орындарында тиімді оқытудың педагогикалық теориялары мен практикалық стратегияларын қамтамасыз ету, сыни тұрғыдан ойлауға және оқудағы табысқа тәрбиелеу. Курс оқыту әдістерін, оқу жоспарын жобалауды, бағалау әдістерін және мұғалімдерді инклюзивті және ынталандырушы оқу орталарын құруға дайындайтын сыныпты басқару стратегияларын зерттейді.

Өзін-өзі танудың теориялық-әдіснамалық негіздері
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсат - өзін-өзі тану және рухани-адамгершілік тәрбиелеу мәселелерін зерттеу қабілетін дамыту; рухани-адамгершілік білім берудің теориялық-әдіснамалық негіздерін түсіну, өзін-өзі танудың теориялық және әдіснамалық негіздерін ғылыми білім саласы ретінде меңгеру, ғылым және білім беру қызметінде жалпыға ортақ құндылықтарды қолдану саласында білім алушының құзыреттілігін дамыту. Курсты оқу барысында магистранттердің мынадай қабілеттерін қалыптастыру: -өзін-өзі тану және жалпы рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің философиялық, психологиялық, педагогикалық және аксиологиялық мәселелерін білу және талдау; -ғылым саласы ретінде өзін-өзі танудың мазмұны мен құрылымын, теориялық және әдіснамалық маңыздылығын жүйелендіру; -білім беру мен тәрбиелеуге әртүрлі әдістемелік тәсілдерді талдау және ажырату; -жеке бағдарланған, аксиологиялық, белсенділік, антропологиялық тәсілдерді қолданудың мазмұнын және бағытын талдауды меңгеру; -пәннің категориялы және тұжырымдамалық аппаратын талдау және жаңасын синтездеу; -әмбебап құндылықтардың мәнін білу және оларды өмірде қолдану; -моральдық және рухани тәрбие идеяларын тұтас педагогикалық үдерісіне біріктіру үшін алынған білімді пайдалану; -интуитивті және дискриминациялық ойлауды дамытумен, қоғамға деген қайырымдылық қызмет дағдыларын қалыптастыруға құзыретті болу Курстың мазмұны жалпыадамзаттық құндылықтардың мазмұнын білу, оны зерттеулерде және жеке өмірде қолдана білу, сондай-ақ, біріктіру бастамасын табу мүмкіндігі туралы білімді меңгеруге бағытталған; әлемдегі және ҚР-да рухани білім берудің тарихын білу; студенттердің бойына интуитивті ойлауды дамытатын қоғамға деген адал қызметтің дағдысын, құзыреттілікті қалыптастыру.

Шетел тілі (кәсіби)
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты – шет тілі білімінің халықаралық стандарттары бойынша құзыреттіліктерді меңгеру және жетілдіру және мәдениетаралық, кәсіби және ғылыми ортада қарым-қатынас жасау. Магистрант жаңа ақпаратты біріктіріп, тілдердің ұйымдастырылуын түсініп, қоғамда өзара әрекеттесіп, өз көзқарасын қорғауы керек.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Әлеуметтік педагогтың дарынды балалармен қызметінің технологиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: болашақ мамандарды жеке ерекшеліктердің психологиясы мәселелерімен, дарындылықтың жеке табиғи алғышарттарының ерекшеліктерін түсіне білу, дарынды балаларды тәрбиелеу мен оқытуда дамыту жүйесі туралы қөзқарастың болуы туралы таныстырады. Курс барысында дарындылық түрлері, дарынды балалармен психологиялық-педагогикалық, психоәлеуметтік сипаттамалары, аталған санаттағы балалардың мәселелері қарастырылады; әлеуметтік педагогтың дарынды балалармен жұмыс бағыттары ұсынылған.

Әлеуметтік педагогтың диагностикалық қызметі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курс магистранттарды әлеуметтік-педагогикалық және білім беру мекемелерінде, ұйымдар мен әлеуметтік қызметте, түрлі халық топтарымен диагностикалық, өзін қоршаған микроорта тұлғаларымен, әлеуметтік – педагогикалық алдын алу жұмыстарын, түзетулер және қайта қалпына келтіру жұмыстарын, әлеуметтік жоспарлау және басқару жұмыстарын жүргізудің теориясымен және практикасымен таныстырады.

Әлеуметтік-педагогикалық акмеология
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: Акмелогиялық білімдер жүйесіндегі феноменологияы, заңдылықтар және механизмдердің жетістіктерін білу; әлеуметтік педагогтың акмеологиялық міндеттердің кең спектерін шеше білуді қалыптастыруға мүмкіндік туғызу. Пәнді оқу нәтижесінде магистранттар келесі құзыреттіліктерді игереді: әлеуметтік-педагогикалық акмелогияның қалыптасу кезеңдерін, мақсаттары, нысаны, пәні, акмелогиялық ғылымның әдіснамалық негіздері, акмеологияның категориялық ұғымдық аппаратын, акмеологиялық әдістер мен модельдерді, кәсіби дамудағы акмеологиялық тұжырымдамаларды біледі.

Әлеуметтік-педагогикалық виктимологиядан кеңес беру
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: Халықтың әртүрлі виктитогендік топтарын әлеуметтендіруді жүзеге асыру ерекшеліктері туралы ғылыми көзқарастар жүйесін қалыптастыру, әлеуметтік осал балаларға әлеуметтік көмек көрсету және қолдау көрсету бойынша мамандарды даярлау. Негізгі аспектілер: жәбірленуші балалармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс, әлеуметтік-психологиялық-педагогикалық құбылыс ретіндегі балалар виктимизациясы проблемасы, зардап шеккен балалармен әлеуметтік педагогтың жұмысының ерекшелігі, халықтың әртүрлі виктимогендік топтарына кеңес беру ерекшеліктері.

Әлеуметтік-педагогикалық супервизия және имитация
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: магистранттарға педагогикалық кеңес берудің теориясын меңгеру, білім алушылардың жеке тұлғалық супервизиясы мен әлеуметтік- мәдениеттілігін дамытуды меңгеру, педагогтардың супервизияны жүзеге асыру ережелерімен танысу. Курс әлеуметтік педагогтың кеңес берудің теориясы мен супервизияның қызметін, супервизияның тиімді әдістерін пайдалануды айқындап көрсетеді

Әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеттегі қамқорлық, қараушылық, патронаж
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: Магистранттарды мемлекеттік ұйымдарда және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалары бар патронаждық органдарда кәсіби-педагогикалық қызметке, кәсіби патронаттық отбасыларды (патронаж, патронаждық отбасы және т.б.) әлеуметтік-педагогикалық қолдауға, патронаждық отбасылардың ата-аналарымен, қорғаншыларымен және қамқоршыларымен консультациялық-диагностикалық жұмыс. Негізгі аспектілері: әлеуметтік жетімдік проблемалары, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттік және отбасылық орналастыру нысандары.

Бакалавриат білім беру бағдарламасын жобалау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: бакалавриатта дайындау үшін білім беру бағдарламаларын жобалаудың дидактикалық принциптерін меңгерту және үйрету; блім беру бағдарламаларын жүзеге асырудың базалық бағыты ретінде құзіреттілік тұғырды жүзеге асыруды, жобалау құзіреттілігін оқыту. Магистранттар негізгі оқу жоспарларын, білім беру бағдарламаларын салыстырады; білім беру бағдарламаларының модулін құрастырады, құзіреттіліктерін жобалайды; бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады.

Балалық шақты зерттеу
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: Балалық шақ мәселелерін әлеуметтік педагогикалық зерттеудің теориясы мен практикасымен таныстыру. Курс әлеуметтік педагогтың зерттеу обьектісі болып табылатын түрлі санаттағы балаларлы әлеуметтік педагогикалық зерттеудің әдістері мен әдіснамасының мәселелеріне арналған. Курс барысында тәуекел тобындағы, девиантты мінез құлықты, «көшедегі балалар» зерттеу және оларға қолдау көрсету мен сүйемелдеу ерекшеліктерін оқып үйренеді.

Дағдарыс орталығында әлеуметтік-педагогикалық жұмыс
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: Дағдарыс орталықтарындағы әлеуметтік-педагогикалық жұмысты үйрену; жұмыстағы дағдарыс жағдайларының алдын алу мәселелері туралы көзқарастың қалыптасуы; әлеуметтік педагогтың девиантты мінез құлықты, тәуекел тобындағы балалармен жұмыс қызметін оқып үйрену, негізгі міндеттерімен, мекеменің принциптері мен әдістерімен танысу. Курс дағдарыс орталықтарының қызметінің ерекшеліктерімен, принциптерімен, әдістерімен және дағдарыс жүмыстарының негізгі формаларымен.

ЖОО әлеуметтік педагогиканы және өзін-өзі тану пәнін оқыту әдістемесі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты - әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану курстарын, сондай-ақ мұғалімнің әдістемелік және жобалық құзыреттіліктерін үйрету қабілетін дамыту. Кәсіби білім беру үдерісіндегі әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану курстың миссиясы мен мәнін айқындауға тұжырымдамалық тұғырларды қарастыру; өзін өзі тану үдерісінің мәнін ашу; болашақ маманның әдістемелік және технологиялық негіздерін қалыптастыру; тұлғалық және кәсіби өзін өзі дамытудың тәжірибелік біліктіліктері мен теориялық білімдер жүйесін қалыптастыру. Курсты оқу барысында магистранттердің мынадай қабілеттерін қалыптастыру: - қоғамдағы мәселелерді шешу мақсатында ғылыми ақпаратты сыни тұрғыдан қабылдап және өзін өзі тану мен әлеуметтік педагогиканы оқытуда пайдалану; - осы курсты оқыту әдістемелері мен технологияларын бағалау әлеуетін тексеруге бағытталған дағдыларды мңгеру; осы пәнді оытудағы инновациялық және интерактивті технологияларды құрастыру дағыдларын қалыптастыру; - университетте әлеуметтік педагогиканы оқыту процесін, мектепте және колледжде өзін-өзі тану үрдісін құру, университетте дәйекті түрде. Курстың мазмұны әлеуметтік педагогика және өзін-өзі танудың оқыту әдістерінің пәні мен міндеттерін, осы курсты оқытудың тұжырымдамалық, материалдық, процессуалдық ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған; өзін-өзі танудың психологиялық-педагогикалық технологиялары, өзін-өзі дамыту, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану маманы ретінде өзін-өзі жетілдіру; әлеуметтік педагогика мен өзін-өзі танудың әдістемелік принциптері; Әлеуметтік педагогика мен рухани-адамгершілік тәрбиенің әдістерінің, әдістерінің және технологиясының ерекшеліктері

Интеллект теориясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: магистранттарды түрлі интеллект теорияларымен таныстыру, осы теорияларды практикалық қызмет барысыда қолдана білу дағдыларын қалыптастыру. Курс дәстүрлі тестологиялық және эксперименталды психологиялық интеллект теориясын қарастыру, сонымен қатар, тұлғаның ақыл ой және жеке тәжірибесін ұйымдастыру ерекшеліктері контекстінде инттелект табиғатын интеллектуалды дарындылықтың түрлері мен интеллектуалды мүмкіндіктердегі жеке айырмашылықтар тетіктерін оқып үйренуге арналған.

Оңалту және алдын-алу бағдарламаларын жасау мен жүзеге асыру
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: магистранттарды практикалық іс-әрекетте біліммен, дағдымен, оңалту дағдыларымен қаруландыру, олардың кәсіби құзыреттілігін дамыту. Оңалту және алдын-алу жұмыстары бағдарламасының негізгі принциптерін, мағынасын, түрлерін, формаларын, құрылымдарын меңгеру. Негізгі аспектілер: профилактикалық және сауықтыру мекемелерінде жоспарлау дағдыларын қалыптастыру, консультативтік-сауықтыру жұмыстарының мәні, құрылымы.

Өзін-өзі танудың қазіргі заманғы тұжырымдамалары мен технологиялары
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты - адамның өзін-өзі танудың заманауи теориялық тұжырымдамаларының мазмұнын зерттеу қабілеттерін дамыту; магистранттарға өзін-өзі тану бойынша заманау тұжырымдамалардың басымдықтарын, оның өзекті теориялық әдіснамалық аспектілерін талдауды, өзін өзі тануды дасыту үдерісін салыстырамалы түрде сипаттама беру, өзін-өзі тану бойынша отандық және шетедік тұжырымдамалармен таныстыру; қазіргі кезеңдегі өзін өзі танудың замануи мәселелерін жасай білу туралы қөзқарас қалыптастыру және сонымен қатар, тұлғаның әлеуметтенуінің өмірлік негіздерін үйрету. Курсты оқу барысында магистранттердің мынадай қабілеттерін қалыптастыру: • өзін-өзі танудың өзекті мәселелерінің пайда болу себептерінің құрылымын біледі; • өзін-өзі тану бойынша отандық және шет елдік тұжырымдамаларды білетін болады; • өзін өзі тану бойынща өзекті мәселелерді құрастыру дәне анықтай білу біліктіліктерін меңгереді; • өзін өзі тану бойынша заманауи мәселелердің даму үдерістеріне салыстырмалы талдау жасай біледі; • тұлға әлеуметтенуінің өмірлік мәселелері бойынша мониторинг жүргізу және құралдарды таңдай алу дағдыларын меңгереді. Курс рухани-адамгершіліктік білім беру мақсатында заманауи өзін-өзі тану тұжырымдамалары туралы білімді игеруге бағытталған; зерттеушілік және тәжірибелік жұмыста өзін-өзі тану тұжырымдамаларын қолдану; педагогтың рухани-адамгершіліктік позициясын қалыптастыру жас ұрпаққа рухани-адамгершіліктік тәрбие берудің маңызды факторы ретінде

Цифрлық білім беру ресурстарының дизайны
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: электрондық оқыту, цифрлық білім беру теорияларына негізделген цифрлық білім беру ресурстарын құру бойынша мұғалімдердің цифрлық құзіреттілігін дамыту. Пәннің негізгі аспектілері: цифрлық құзіреттіліктің құрылымы, цифрлық буынның ерекшеліктері, мұғалімнің рөлі, ЦБP тұжырымдамасының мәні, ЦБP классификациясы, оқу дизайнының түрлері, байланыстыру теориясы, актерлік-желілік теория, ризоматикалық педагогика, ағым теориясы, эвтогогика, оқу процесінде қолданылатын цифрлық білім беру ортасының түрлері.

Цифрлық ұрпақ және балалардың денсаулығын психологиялық қолдау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: цифрлық ұрпақтың денсаулығын сақтау, білім беруде педагог-психологтардың қабілеттерін дамыту, диагностика жүргізу және алдын-алу , тәуелділік, цифрлық аутизм және т.б. диагноз қою, қолдау, нашақорлық, цифрлық аутизм және т.б. ауытқулардың алдын алу.Негізгі аспектілер: цифрлық ұрпақ теориясы; цифрлық ұрпақты психологиялық-педагогикалық қолдаудың мәні мен кезеңдері, цифрлық ұрпақ балаларына психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету түрлері; Интернетке тәуелділік әдістері, цифрлық буллинг, цифрлық аутизм және т.б.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Зерттеу
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.

Педагогикалық
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: жоғары оқу орындарында педагогикалық қызметті жүзеге асыру, білім беру процесін жобалау және инновациялық білім беру технологияларын пайдалана отырып, оқу сабақтарының жекелеген түрлерін жүргізу қабілетін қалыптастыру. Курсты оқу барысында магистрант төмендегідей білімдерді меңгереді:

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген