Магистратура
Спорт психологиясы

Спорт психологиясы

БIЛIКТIЛIГІ

  • ғылыми - педагогикалық бағыт - әлеуметтік ғылымдар магистрі

ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ

Берілген ББ тәмамдаған білім алушылардан күтілетін қабілеттер:
1.Спорттық ұйымдардағы психологиялық интервенцияның қағидалары мен әдістерін түсіндіру, спорттық психологтың психологиялық практикасындағы этикалық сұрақтардың шеңберін түсіну, спорт психологиясындағы теоретикалық және практикалық бағыттардың әдіснамалық ұқсастықтары мен айырмашылықтарын түсіну;
2.Спорт психологиясын білуді көрсету, спорттық практиканы психологиялық-педагогикалық қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын анықтау, заманауи спорттық психодиагностиканың, өзін-өзі реттеудің және психогигиенаның ғылыми негіздерін талдау;
3.Психологияның әдіснамалық негіздерін, әсіресе психологиялық интервенция, интерпретация және психологиялық есепті құрастыру, психологиядағы этикалық сұрақтарды шешу қағидаларын білуді қолдану, сонымен қатар жаңа білімдерді жинақтауға қабілетті болу;
4.Спорттық ұжымда оңтайлы психологиялық климат орнату бойынша дағдыларды пайдалану;
5.Спортшылар тұлғаларының психологиялық қасиеттері негізінде олардың іс-әрекет нәтижесін өздігінен болжауды жүзеге асыру;
6.Спорттағы психологиялық интервенция және психологиялық практика мәселелерінің гендерлік және мәдени құрамдас бөліктерін қолдану, психологиялық зерттеулердегі кросс-мәдени мәселелерді талдау;
7.ЗЗерттеуші-практик психологтың тұлғалық қасиеттерінің спорттық практикадағы зерттеу нәтижелеріне ықпалының мәнділігін бағалау;
8.Жаттығу және сайыс іс-әрекеті міндеттерін шешу барысында спорттағы психологиялық дайындық әдістерін жүйелу таныстыру және пайдалану;
9.Психологиялық мәліметтерді өңдеуде статистикалық әдістерді анықтау; гипотеза құру және спорттағы психологиялық зерттеу бағдарламасын құру, психологиялық мәліметтерді сипаттауды және интерпретациялауды білу, заманауи психологиялық құралдарды пайдалана отырып, өзіндік ерекше жобалаларды құрастыру және жүзеге асыру;
10.Дәйекті ойлау, аудиторияларға және өзі қызмет ететін мақсаттарға сай кәсіби ақпаратты шығармашылық және тәуелсіз, сауатты және анық форма мен стильдерде құрастыру және сипаттау;
11.Өзінің және әріптестерінің кәсіби іс-әрекеті мен жұмысын сыни бағалау және объективті сипаттау;
12.Жоғары тиімділіктегі кәсіби қарым-қатынас орнату, мамандарға және маман еместерге өз қорытындылары мен білімдерін сауатты және айқын хабарлау.

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Спорт психологиясы
Мамандық шифры
7M03122
Факультеті
Философия және саясаттану

пәндер

Басқару психологиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Кәсіби өзара әрекеттестікте менеджменттің аса маңызды аспектілерін тәжірибеде қолдану үшін басқару психологиясының іргелі концепциялары туралы білімді қалыптастыру. Басқару психологиясының негізгі принциптері, басқару әрекетіндегі тұлға, тұлға мінез-құлқын басқару, заманауи идеялар, топтық құбылыстарды басқару психологиясы, мотивация және практикалық рефлексия.

Ғылым тарихы мен философиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: Қазіргі философияны ғылыми білімдер жүйесі, оның ішінде рационалды-теориялық түсінудегі дүниетанымдық көзқарас ретінде түсіну. Пән ғылыми ойлаудың эволюциясы мен дамуының аспектілерін, тарихи сәттерді, ғалымдар мен ғылыми мектептердің ғылымның қалыптасуына қосқан үлесін және ғылыми қызметтің этикалық және әлеуметтік аспектілерін қамтиды.

Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау (ағыл.)
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – болашақ маманның ғылыми-зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру, ғылым мен қоғамның дамуы жағдайында ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастырудың теориялық және әдістемелік принциптерін зерделеу. Пән талдау әдістері мен тәсілдерін, ақпараттық ғылыми ресурстарды пайдалана отырып, өз бетінше ғылыми зерттеулер жүргізу қабілетін дамытуға бағытталған.

Жарыстық іс-әрекет психологиясы
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: жаттықтырушылық қызметтегі студенттерде спорттық жаттықтырушыда тұлға ретінде көрінетін психолого- педагогикалық талаптар туралы тереңдетілген теориялық білім қалыптастыру. Курсты оқу барысында студент төмендегідей білімдерді меңгереді: - алынған теоретикалық білімдерді практика жүзінде кәсіби шеберлікке жету үшін пайдалану; - психорегуляция, спорттық психодиагностика әдістерін, спорттық іріктеу психологиясы сұрақтарын пайдалану; - жаттығу және сайыс іс-әрекетінің процессі мен нәтижелерін бағалау; - таңдалған спорт түрі үшін өзекті спортшының күйін басқару технологияларын іріктеу; - тұлғаның жарыстық спорттық іс-әрекетке қосылуға қабілеттілігін және дайындық деңгейін анықтау; - оқу-жаттығу сабақтарын ұйымдастыру мен спортшылардың жарыс іс-әрекетін басқарудың әртүрлі әдістерін, тәсілдерін және формаларын қолдану, оны олардың жас ерекшелік және жаттғушылардың физикалық және техникалық дайындық деңгейін ескере отырып құру. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады: Пәнді тәмәмдағанда студенттер психофизиологиялық және психологиялық кәсіби шеберліктің алғышарттарын, спорттық жаттықтырушының кәсіби қызметінің ерекшелігін білетін болады. Студенттер спортшыларға бекітілген жаттықтыру процесінің бөлек кезеңдерінде психологиялық даярлықтың әдістерін қолдану дағдысын меңгеріп, спортшылардың жас ерекшеліктері және біліктілігімен қоса жаттықтырушының жұмысын жоспарлауды үйренеді.

Жаттықтырушы жұмысының психологиясы
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: жаттықтырушылық қызметтегі студенттерде спорттық жаттықтырушыда тұлға ретінде көрінетін психолого- педагогикалық талаптар туралы тереңдетілген теориялық білім қалыптастыру. Курсты оқу барысында студент төмендегідей білімдерді меңгереді: - кәсіби шеберліктің психофизиологиялық және психологиялық алғышарттарын білу; - бапкердің спортшымен конструктивті өзара әрекеттестігін ұйымдастыру; - спортшы тұлғасының және спорттық бапкердің кәсіби іс-әрекетінің ерекшеліктерін түсіну; - спорттық бапкердің кәсіби және тұлғалық қасиеттерін зерттеудің әдістерін білу; - жаттығу және сайыс процесстерінің әртүрлі кезеңдеріндегі бапкер жұмысының тиімділігін бағалаудың критерийлерін таба білу; - жаттығу процессінің жеке кезеңдерінде спортшыларды психологиялық дайындыққа эмоционалды қосудың дағдыларына ие болу. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады: Пәнді тәмәмдағанда студенттер психофизиологиялық және психологиялық кәсіби шеберліктің алғышарттарын, спорттық жаттықтырушының кәсіби қызметінің ерекшелігін білетін болады. Студенттер спортшыларға бекітілген жаттықтыру процесінің бөлек кезеңдерінде психологиялық даярлықтың әдістерін қолдану дағдысын меңгеріп, спортшылардың жас ерекшеліктері және біліктілігімен қоса жаттықтырушының жұмысын жоспарлауды үйренеді.

Жоғары мектептің педагогикасы
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: Жоғары оқу орындарында тиімді оқытудың педагогикалық теориялары мен практикалық стратегияларын қамтамасыз ету, сыни тұрғыдан ойлауға және оқудағы табысқа тәрбиелеу. Курс оқыту әдістерін, оқу жоспарын жобалауды, бағалау әдістерін және мұғалімдерді инклюзивті және ынталандырушы оқу орталарын құруға дайындайтын сыныпты басқару стратегияларын зерттейді.

Спорт туралы ғылыми білім жүйесіндегі өзекті мәселелер
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: спорт және дене мдениеті туралы ғылым мәселесінің қазіргі жағдайын жүйелі түрде ұғындыру, осының негізінде магистрлік дәрежеге сәйкес өзіндік ғылыми-зерттеу іс-әрекетіне кәсіби дайындау. Курсты оқу барысында студент төмендегідей білімдерді меңгереді: -дене шынықтыру және спорт саласындағы ғылыми білімдерді пайдалану; - спорт саласындағы едәуір өзекті мәселелерді анықтау және заманауи ғылымның жетістіктерін пайдалана отырып оларды шешу жолдарын табу; - спорттық практиканың мәселелеріне деген өзіндік көзқарасын дәлелдеу; - спорт туралы ғылыми білімдер жүйесіндегі компоненттердің құрылымын және өзара байланысын анықтау; - алдыңғы қатарлы іс-әрекет тәжірибесін, жоғарғы жетістіктер спорты саласындағы ғылыми-әдістемелік және зерттеу тәжірибесін жалпылау және талдау; - спорттық іс-әрекет объектілерінің күйлері мен динамикасын өздігінен талдау; - өзекті мәселелерді анықтау және оларды шешудің нақты міндеттерін қою. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады: Курс cтуденттерге спорттағы дене тәрбиесінің тәжірибе мен теориясының жан-жақты білімін ұсынуға бағытталған. Жоғары жетістіктер спортының арнайы теориясы мен технологиясына, дайындық процесін басқару технологиясы мәселелеріне ерекше назар аударылады. Студенттер дене мәдениеті мен спорттың шетелдік жүйелерін білгенін көрсетіп, спорт саласындағы ең өзекті мәселелерді анықтау қабілетіне ие болуы және қазіргі ғылымның жетістіктерін қолдана отырып оларды шешу жолдарын табуы керек.

Спорттағы психологиялық кеңес беру
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: әлеуметтік ортада спортшының психологиялық контексттегі өмірлік проблемалық жағдайларын сауатты талдауды, «оларды көру», оны шешудің негізгі бағыттарын айқындауға үйрету. Курсты оқу барысында студент төмендегідей білімдерді меңгереді: - психологиялық кеңес беру процессіндегі өзара қатынастың этикалық нормалары мен ережелерін білу; - лауазымдық қызмет міндеттері мен спецификацияларды жазу үшін қажет психологиялық дәйектемелерді жасау; - персоналды іріктеу процессіне ықпал ететін кадрлық процесстерді зерттеу және бағалау; іріктеудің әдістері мен қағидаларын дәйекті пайдалану; - білім беру, рекреациялық және бапкерлік іс-әрекеттің өзіндік жобалары мен модельдерін жасау; - спорттық іс-әрекеттің командалық және жеке ерекшеліктерін зерттей білу, спортшылардың психологиялық дайындығын басқарудағы психотехнологияларды құрастыру; - сайысқа дайындық кезіндегі спортшылардың мотивациялық және еріктік сфераларын реттеу. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады: Осы курс тәжірибеде спорттағы психологиялық кеңес берудің кіріспесі болып табылады. Курс аясында психологиялық кеңес берудің мақсаты, негізгі түрлері, психолог- кеңес берушіге жүгінудің негізгі себептері қарастырылады. Магистранттар психологиялық кеңес берудің нысандары мен түрлерін және оның спорттық қызмет құрылымындағы рөлі мен орнын білетін болады.

Шетел тілі (кәсіби)
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты – шет тілі білімінің халықаралық стандарттары бойынша құзыреттіліктерді меңгеру және жетілдіру және мәдениетаралық, кәсіби және ғылыми ортада қарым-қатынас жасау. Магистрант жаңа ақпаратты біріктіріп, тілдердің ұйымдастырылуын түсініп, қоғамда өзара әрекеттесіп, өз көзқарасын қорғауы керек.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Әлеуметтік мінез-құлықты компьютерлік модельдеу
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мазмұнын игеру деңгейі әлеуметтік процестерді модельдеудің негізгі ұғымдары мен принциптерін білуді, теориялық және қолданбалы әлеуметтік мәселелерді шешу үшін модельдеу әдістемелерін қолдана білуді қамтиды.

Денсаулықтың психофизиологиялық негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: спорттық жаттығулар мен практикалар жиынтығы арқылы магистранттардың психофизиологиялық сауықтыру бағдарламаларын құруға қабілеттілігін қалыптастыру Курсты оқу барысында магистрант төмендегідей қабілеттерді меңгереді: - заманауи адамдағы стресстің пайда болу және жүзеге асу ерекшеліктерін білуді көрсету; - әртүрлі жас кезеңдерінде психофизикалық денсаулықтың әлсіреу себептерін түсіну; - спортшылардың күйін психикалық өзін-өзі реттеу бойынша әдістерді пайдаланудың мақсатқа сәйкестігін бағалай білу; - денсаулықты дамыту және басқарудың тәсілдері мен жолдарын анықтай білу; - оқушыларда спортпен айналысу барысында стресске психологиялық төзімділікті қалыптастыру дағдыларына ие болу; - спортшылардың ақыл-ой және физикалық қажуының дамуын алдын алу дағдыларына ие болу. Пәнді оқу нәтижесінде магистранттар төмендегі мәселелерді қарастырады: денсаулық психофизиологиясының теоретикалық негіздері, сауықтыру іс-әрекетінің қағидалары. Ол психофизиология, психикалық іс-әрекеттің нейрофизиологиялық негіздері туралы жалпы түсініктерге ие болуға бағытталған, психикалық денсаулық ұғымын, психофизиологиялық мәдениет негіздерін береді, сауықтырушы теория және практика саласындағы ғылым мен практиканың заманауи жетістіктерін қарастырады.

Жаттығу және сайысқа түсу процесін сүйемелдеудің әдісі мен ұйымдастыруы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: студенттерде спорттағы жаттықтырушылық қызметті жүзеге асыруда білімін, әдістемесін және тәжірибелік технологиясын дамыту, спортшыларда өзін-өзі тәрбиелеу шеберлігі мен дағдыларын және спорттың таңдаған түрімен айналысу процесінде өзін-өзі жетілдіруді қалыптастырады. Курсты оқу барысында студент төмендегідей білімдерді меңгереді: - спорттық дайындықтың және дене шынықтыру-спорттық іс-әрекеттің әдістері мен технологияларын білу; - спорттағы жаттығу технологиясын және медициналық-биологиялық, психологиялық негіздерін түсіну; - физикалық қасиеттердің дамытудың айрықша тиімді технологиясын таңдай білу, басқа спорт түрлерінің технологияларын таңдалған спорт түріне бейімдеу; - спорттық дайындық жүйесіндегі жоғары білікті спортшылармен жаттығу сабақтарын жүргізу; - спортшыларда таңдалған спорт түрімен айналысу процессінде өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі жетілдіру икемділіктері мен дағдыларын қалыптастыру тәжірибесіне ие болу; - жаттығу және жарыс процесстерінде психорегуляция бойынша сабақтарды жобалай және өткізе білу, спортшылардың психорегуляция әдістерін меңгеру тиімділігін қадағалау. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады: Пән дене мәдениеті- спорттық қызметтің және спорттық даярлықтың технологиясын және әдістемесін үйренуге, басқа спорт түрлерінің технологиясын таңдалған спорт түріне бейімдеу үшін физикалық қасиеттерді дамытуға арналған. Курстың аясында студенттер макроциклде, мезоциклде, микробағышта физикалық қасиеттерді дамыту бағдарламаларын қалай жасау керектігін үйренеді.

Қазіргі психологияның тарихы, жағдайы және даму тенденциясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: психологиялық ой дамуының теориялық және практикалық негіздерін меңгеру үшін құзыреттілікті қалыптастыру. Курс психологияның пайда болу сәтінен бастап бүгінгі күнге дейін тұтас бейнесін алуға мүмкіндік береді, студенттің жалпы психологиялық көкжиегін кеңейтеді, психологиялық мұраға дұрыс көзқарас қалыптастыруға ықпал етеді, теория мен практикадағы психологиялық ойдың даму процесі туралы дұрыс түсінік береді.

Психологиядағы зерттеу әдістері мен эксперимент
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Психологиялық зерттеудің әдіснамалық негіздері, эмпирикалық әдістердің жіктелуі мен сипаттамасы, психологиялық эксперименттің процедурасы мен ұйымдастырылуы ашылады.

Психологиядағы статистиканың қазіргі әдістері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: психологиялық зерттеуді ұйымдастыру, оның нәтижелерін өңдеу және интерпретациялау процесінде математикалық модельдеуді қолданудың негізгі әдіснамалық принциптерін, теориялық түсініктері мен әдістемелік құралдарын түсіну қабілетін қалыптастыру. Оқыту статистикалық өңдеу бағдарламаларын белсенді қолдануды көздейді. Магистранттар психологиялық зерттеу және оларды практикаға енгізу негізінде жатқан негізгі этикалық қағидаларды түсінуді меңгереді. Курсты оқу барысында студент төмендегідей білімдерді меңгереді: - зерттеу әдістерді, кәсіби әдіснамалық білімдерді түсіну, сыни талдау және қолдану; - зерттеу мәселелерін түсіну; - психологиядағы зерттеудің практикалық міндеттерінде математикалық моделдеудің әдістерін адекватты қолдану; - мәліметтерді математикалық талдау нәтижелерін дұрыс интерпретациялау; - қазіргі статистика психологиясында әдіснамалық дилеммді анықтау.

Психологияның теориялық-әдіснамалық негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән категориялық жүйені, түсіндірме принциптері мен тәсілдерін, психологиялық танымның негізгі мәселелері мен ерекшеліктерін білуге мүмкіндік береді; психологиялық теорияның сапасын бағалау үшін әмбебап критерийлерді қолдануға үйретеді.

Спорт саласындағы ғылыми зерттеулердің тарихы мен әдіснамасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: спорт саласындағы ғылыми зерттеулердің әдістемелік негіздері туралы білім беріп, сол білімді іс жүзінде қолдану ілімін қалыптастыру; спорт психологының кәсіби мәдениетін; болашақ кәсіби ісінің маңыздылығына қатысты дүниетанымдық көзқарасын дамыту. Курсты оқу барысында магистрант төмендегідей қабілеттерді меңгереді: - әлемнің әртүрлі аймақтарында дене шынықтыру және спорттың даму ерекшеліктерін, негізгі кезеңдерін, тарихи шарттарын білу; - спортшылармен жұмыс кезіндегі психологиялық қағидаларды, концепцияларды және бағыттарды бағалау; - тұлғаның негізгі аспектілері туралы білімдерді жинақтай білу және кешенді мәселелерді шешу, спорттық ұйымдардағы мүмкін іс-әрекет бағыттарын анықтау және қамтамасыз ету; - тұлғаның, көзқарастардың, қабылдаудың және атрибуцияның командалық және жеке спорт түрлеріндегі адамның мінез-құлқына ықпалын түсінуді көрсету; - спорттық практикада теориялық концепциялар мен әдіснамалық қағидаларды қолдана білу; - спортшылармен және бапкерлермен жұмыс процесіндегі этикалық нормаларды және өзара қарым-қатынас ережелерін білу. Пән ғылыми зерттеулер әдістемесі, ғылымдар жіктеуі, ғылыми таным әдістерінің негізгі ерекшеліктері бойынша білімді кеңейту мен жүйелеуді қарастырады. Пәнді меңгеру нәтижесінде магистрант кәсіби практиканың әртүрлі салаларында типтік міндеттерді шешу үшін қажет категориялар мен әдістер жүйелерін қолданып үйренуі тиіс.

Спорттағы өзін-өзі қадағалау психологиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: спортшылардың психикалық өзін-өзі реттеу әдістерінің психофизиологиялық негіздемесіне қатысты мәселелер бойынша тереңдетілген теориялық білімді қалыптастыру, сондай-ақ спорттың психикалық өзін-өзі реттеу әдістерін және құралдарын пайдаланудың практикалық дағдылары мен әдеттерін қалыптастыру болып табылады. Курсты оқу барысында студент төмендегідей білімдерді меңгереді: - жаттығу процессінің психологиялық сүйемелдеуін жүзеге асыру; - психикалық өзіндің реттеу әдісі және оның түрлері туралы негізгі түсініктердің жүйесін білу; - спортта психорегуляция әдістерін тиімді пайдаланудың әдістемелік тәсілдерін қолдану; - дайындық және сайыста өнер көрсету процессінде спортшының психикалық күйлерін басқару; - спорт түрі және жас ерекшеліктерін еске отырып спортшыларды дайындаудың психологиялық бағдарламаларын дайындау; - дене шынықтыру және спорт саласының мекемелерінде алдын алу, диагностикалау, дамыту шараларын жобалау; - кәсіби рефлексия дағдысын қалыптастыру және кәсіби іс-әрекетті ұйымдастыру қабілеті; - дене шынықтыру және спорт саласында ғылыми-дәлелденген психотехнологияларды ендіру. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады: Пәннің мақсаты студенттерді психологиялық әсер ету тетіктері мен әдістерін және спортшының өзін-өзі әрекет етуін талдаудың теориялық тәсілдерімен таныстыру болып табылады. Пәннің теориялық бөлігінде спортшының психикасын реттеу тетіктеріне көп көңіл бөлінеді, ал спорттық тәжірибеде психикалық өзін-өзі реттеуді пайдалануға әдістемелік ұсыныстар беріледі. Тәжірибелік сабақтарда студенттер спортпен психикалық өзін-өзі басқаруды қолдануда білім мен практикалық дағдыларды алады. Спорттағы психикалық өзін-өзі реттеу ұғымы. Психикалық өзін-өзі реттеудің үш деңгейі. Спорттағы психикалық өзін-өзі реттеу әдістерінің классификациясы. Өзін-өзі сендіру өзін-өзі реттеу және қайта қалпына келу құралы ретінде. Өзін-өзі сендірудің психикалық күйді реттеудегі орны. Сендіру қайта қалпына келу процесстерін іске қосу құралы ретінде. Өзіне деген сенімділікті қалыптастыру. Спортшының психикалық күйін реттеуді сайысқа дайындық кезеңдері бойынша жоспарлау. Спортшының психикалық күйін реттеуді дайындық кезеңінде жоспарлау. Спортшының психикалық күйін реттеуді сайыс алды кезеңінде жоспарлау.Спортшының психикалық күйін реттеуді сайыс кезеңінде жоспарлау. Спорттағы сенімді нығайту тренингінің үнтаспалық әдістері.

Спорттағы психодиагностика
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: адамның антропометриялық, физикалық және психикалық сипаттамаларын анықтау үшін заманауи әдістерді пайдалана отырып, таңдалған спорт түрлерінде іріктеу жүйесін және спорттық бағдарлауды жүзеге асыру қабілетін дамыту. Курсты оқу барысында студент төмендегідей білімдерді меңгереді: - спортта психодиагностиканы пайдаланудың негізгі бағыттарын білуді көрсету; - мәліметтер жинаудың сапалық және сандық әдістерін қолдану арқылы спортшы тұлғасының когнитивтік және тұлғалық сипаттамаларын бағалаудың мәліметтерін талдау; - спортшының психологиялық портретін құру мақсатында когнитивті және тұлғалық бағалаудың мәліметтерін жинақтау; - нақты тұлғаның немесе спорт командасының психологиялық мәселелерін шешу барысында өз бетімен диагностикалық процедураларды пайдалану; - педагогке, бапкерге, спортшыға ұсыныстар дайындау үшін диагностика нәтижелерін пайдалана білу; - диагностикалық тексеру жүргізу дағдыларына ие болу. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады: Бұл курс педагогикалық практикадағы психологиялық әдістер мен әдістерді қолдану мүмкіндігін дамытуға, диагностикалық процесте алынған нәтижелерді объективті түрде түсіндіруге және талдауға, сондай-ақ педагогтың, жаттықтырушының, спортшының ұсынымдарын дайындау үшін диагностиканың нәтижелерін қолданады.

Спорттағы эмоционалды интеллект психологиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: студенттердің өздерінің және басқа адамдардың эмоцияларын түсінуге, басқа адамдардың эмоцияларына әсер етуге және өздерінің эмоциялық жағдайларын басқаруға қабілеттілігін арттыру. Курсты оқу барысында студент төмендегідей білімдерді меңгереді: - адамның басқа адамдармен қатынасына әсер ететін субъективті және объективті факторлардың ықпалын бағалау; - өзінің эмоциялық күйлерін басқару, сонымен қатар өз есте сақтау қабілетін, зейінін, ерік-жігерін дамыту, өзінің және өзгелердің эмоцияларын тану және ажырату; - өзінің табысты эмоционалды өзін-өзі мотивациялау стратегияларын бөліп шығару; - позитивті тұлғааралық қарым-қатынастарды орнату және ұстап тұру; - стрессті тиімді басқару тәсілдерін білу; - спортта пайда болатын конфликтілерді диагностикалау және өткеру; - спортшылармен жұмыс кезіндегі тиімсіздіктің мүмкін себептерін, әр қатысушының потенциалын анықтау және жете түсіну; - өзін, өз сезімдерін, күйлерін, ішкі диалогын басқару. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады: Курс спортшылар мен жаттықтырушылардың эмоционалды интеллект деңгейін дамытуға, эмоционалды тұрақтылықты және сайыс кезеңіндегі эмоционалды-ерікті қадағалауды арттыруға, оларда эмоциялық күйзелісті алдын алуға бағытталған.

Спорттық психофизиология
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: студенттердің психикалық белсенділіктің өзара байланысы туралы презентациясын қалыптастыру, сондай-ақ заманауи психофизиологияда қолданылатын негізгі тәсілдермен танысу. Курсты оқу барысында студент төмендегідей білімдерді меңгереді: - кәсіби шеберліктің психофизиологиялық алғышарттарын туралы білімді көрсету; - адам психикасына сауықтырушы әсер ететін механизмдерді, дене шынықтырумен айналысудың арнайы ұйымдастырылатын формаларын пайдалану; - жұмысты айналысушылардың біліктілігін және жас ерекшелігін ескере отырып жоспарлау; - психогигиена және стресстік күйлерді алдын алу бойынша шаралар ұйымдастыру; - денсаулықтың психофизиологиялық параметрлерін бағалау әдістерін білу; - спортшылармен жұмыс барысында кәсіби білімдерді, дағдыларды және эмпатияны көрсету. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады: Курстың аясында студенттер жоғары жүйке белсенділігі, мидың функционалдық ұйымы, есте сақтаудың және оқытудың нейрофизиологиялық негіздерімен танысады және дене шынықтырудың арнайы ұйымдастырылған формаларының адам психикасына әсер ететін емдеу механизмдерін біледі

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Зерттеу
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.

Педагогикалық
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: жоғары оқу орындарында педагогикалық қызметті жүзеге асыру, білім беру процесін жобалау және инновациялық білім беру технологияларын пайдалана отырып, оқу сабақтарының жекелеген түрлерін жүргізу қабілетін қалыптастыру. Курсты оқу барысында магистрант төмендегідей білімдерді меңгереді:

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген