Магистратура
Инклюзивті білім беруді медициналық-педагогикалық сүйемелдеу

Инклюзивті білім беруді медициналық-педагогикалық сүйемелдеу

БIЛIКТIЛIГІ

  • ғылыми - педагогикалық бағыт - педагогика ғылымдарының магистрі

ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ

1. Психологиялық-педагогикалық диагностикалық әдістерді қолдана отырып, ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың оқыту және тәрбиелеу процесі негізінде ғылыми зерттеу жүргізу, эмпирикалық және эксперименттік зерттеулерді ұйымдастыру мен өткізуде ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістерін қолдану және ғылыми дәлелденген нәтижелерді практикаға ендіруге ұсыныстар жасау;
2. өзіндік сыни ойлауды, зерттеудің негізгі әдістері мен әдіснамалық құралдарын меңгеру, инклюзивті білім берудің басқа ғылымдарымен пәнаралық байланысын жүзеге асыру, ғылыми- педагогикалық және медициналық-психологиялық ақпаратты өңдеу, талдау, синтездеу, түсіндіру;
3. дидактика мен тәрбие теориясына негізделген педагогикалық процесті жүзеге асыру, инклюзивті практикада оқыту мен тәрбиелеудің кәсіби міндеттерді тиімді шешудің жаңа тәсілдері мен әдістерін жүзеге асыру;
4. оқыту мен тәрбиелеудің заманауи технологияларын қолдана отырып, психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның ұсыныстары негізінде жүйке жүйесі ауруларымен, көру, есту, зияткерлік, қимыл-қозғалысы бұзылған адамдарға педагогикалық процесті дәстүрлі және қашықтықтан беру формаларын ұйымдастыру;
5. инклюзивті білім беруде медициналық және педагогикалық қолдауды заңнамалық-құқықтық нормалар мен халықаралық тәжірибе негізінде басқару, басқарудың психологиялық аспектілерін пайдалана отырып, сонымен қатар халықаралық ұйымдармен Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамыту мақсатында өзара әрекеттесу кезінде шет тілін мәдениетаралық, кәсіптік және ғылыми қызмет құралы ретінде пайдалану;
6. кәсіби этика талаптарына сәйкес әлеуметтік бейімделу технологиясы мен тұлғааралық қарым-қатынас дағдыларын қолдана отырып, гуманистік, адамгершілік мәдениетке және этикалық нормаларды сақтауға негізделген медициналық-педагогикалық сүйемелдеу көрсету;
7. оқу процесі аумағында психологиялық-медициналық–педагогикалық комиссияның ұсыныстары негізінде ерекше білім беруді қажет ететін адамдардың сенсорлық, қимыл-қозғалыстық, танымдық және психоэмоционалды жағдайын ескере отырып, диагностикалық, қалпына келтіру және түзету бағдарламасын өңдеу;
8. ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың ата-аналарына психо-эмоционалдық денсаулықтарын ескере отырып, психологиялық-педагогикалық оңалту бағдарламасын өңдеу;
9. ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың коммуникативті мәдениеті мен қоғамда сәтті әлеуметтенуін қалыптастыруда инновациялық технологияларды қолдана отырып тәрбие жұмысын ұйымдастыру және психологиялық-педагогикалық ұсыныстар өңдеу;
10. психологиялық диагностика әдістерін негізге ала отырып, ерекше білім беруді қажет ететін адамдарда денсаулық бұзылыстарын түзету бойынша консультативтік және терапевтік жұмыстар жүргізу;
11. жүйке жүйесі аурулары бар адамдармен жұмыс жасау кезінде клиникалық зерттеудің, медициналық, психологиялық-педагогикалық және сөйлеу терапиясын қалпына келтірудің және емдеудің заманауи әдістерін қолдану;
12. инклюзивті тәжірибені енгізу бойынша ұсыныстар жасау, ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың психологиялық жағдайын анықтау үшін тесттер дайындау және инклюзивті білім беруді енгізудің халықаралық тәжірибесін ескере отырып, олардың ары қарай дамуын бағалау.

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Инклюзивті білім беруді медициналық-педагогикалық сүйемелдеу
Мамандық шифры
7M01106
Факультеті
Философия және саясаттану

пәндер

Басқару психологиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Кәсіби өзара әрекеттестікте менеджменттің аса маңызды аспектілерін тәжірибеде қолдану үшін басқару психологиясының іргелі концепциялары туралы білімді қалыптастыру. Басқару психологиясының негізгі принциптері, басқару әрекетіндегі тұлға, тұлға мінез-құлқын басқару, заманауи идеялар, топтық құбылыстарды басқару психологиясы, мотивация және практикалық рефлексия.

Ғылым тарихы мен философиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: Қазіргі философияны ғылыми білімдер жүйесі, оның ішінде рационалды-теориялық түсінудегі дүниетанымдық көзқарас ретінде түсіну. Пән ғылыми ойлаудың эволюциясы мен дамуының аспектілерін, тарихи сәттерді, ғалымдар мен ғылыми мектептердің ғылымның қалыптасуына қосқан үлесін және ғылыми қызметтің этикалық және әлеуметтік аспектілерін қамтиды.

Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау (ағыл.)
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – болашақ маманның ғылыми-зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру, ғылым мен қоғамның дамуы жағдайында ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастырудың теориялық және әдістемелік принциптерін зерделеу. Пән талдау әдістері мен тәсілдерін, ақпараттық ғылыми ресурстарды пайдалана отырып, өз бетінше ғылыми зерттеулер жүргізу қабілетін дамытуға бағытталған.

Жоғары мектептің педагогикасы
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: Жоғары оқу орындарында тиімді оқытудың педагогикалық теориялары мен практикалық стратегияларын қамтамасыз ету, сыни тұрғыдан ойлауға және оқудағы табысқа тәрбиелеу. Курс оқыту әдістерін, оқу жоспарын жобалауды, бағалау әдістерін және мұғалімдерді инклюзивті және ынталандырушы оқу орталарын құруға дайындайтын сыныпты басқару стратегияларын зерттейді.

Жүйке жүйесі ауруларын медициналық оңалту және терапевтикалық жұмыс
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - балалардың психо-эмоционалды және когнитивті, қимыл-қозғалыс, сенсорлы статусының негізінде коррекциялық және реабилитациялық, диагностикалық бағдарламаларды зерттеу. Төмендегі мәселелер қарастырылады: Ерекше білім беруді қажет ететін балаларда комплексті реабилитациядағы медициналық және психологиялық бағдарламалардың мүмкіндіктері; балалардың дамуындағы ақаулықтардың ажырату диагностикасы; объективті комплексті зерттеулер жүргізудегі методологиялық және әдістемелік сынамалар және т.б.

Инклюзивті білім беру жағдайындағы кеңес беру мен оңалту жұмысы
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - ерекше білім беруді қажет ететін балалар мен жасөспірімдерге, олардың ата-аналарына және инклюзивті білім беру жағдайында осы контингентпен жұмыс істейтін педагогтарына кеңес беру және оңалту жұмыстарын ұйымдастыруда кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру. Төмендегі мәселелер қарастырылады: ерекше білім беруді қажет ететін адамдармен кеңес беру және оңалту жұмыстарының теориясы мен тәсілдері; индивидтің психикалық қызметін оңтайландыру және т.б.

Инклюзивті білім берудегі диагностика және клиникалық зерттеулер
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - болашақ маманның диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру; магистранттарды диагностикалық және зерттеу қызметі саласындағы типтік міндеттерді шешуге дайындау. Төмендегі мәселелер қарастырылады: психикалық дизонтогенездің психологиялық теориялары; бұзылулар мен бұзылулардың пайда болу себептері мен шарттары; қалыпты және бұзылулар кезіндегі қызмет ету және даму заңдылықтары және т.б.

Инклюзивті практикада сүйемелдеудің инновациялық технологиялары
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - инновациялық технологиялар негізінде білім берудің инклюзивтік моделін жүзеге асыруға тәжірибелік дайындық. Пән инклюзивтік білім беру субъектілерін сүйемелдеу жүйесін құрудың теориялық негіздерін оқытуға, инклюзивтік практикада сүйемелдеудің инновациялық технологияларын практикалық меңгеруге (білім алушылардың ерекше білім алу қажеттіліктерін ескере отырып), ұйымдастырушылық-басқару, оқу-тәрбие, әлеуметтік-педагогикалық, түзету-дамыту, инклюзивті білім беру үрдісінің тұтас мәдени-ағартушылық құрамдас бөліктерін біріктіруге бағытталған.

Шетел тілі (кәсіби)
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты – шет тілі білімінің халықаралық стандарттары бойынша құзыреттіліктерді меңгеру және жетілдіру және мәдениетаралық, кәсіби және ғылыми ортада қарым-қатынас жасау. Магистрант жаңа ақпаратты біріктіріп, тілдердің ұйымдастырылуын түсініп, қоғамда өзара әрекеттесіп, өз көзқарасын қорғауы керек.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Бала жастағы психо-сөйлеу қызметінің қалыптасу бұзылыстары
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Психо-сөйлеу қызметінің бұзылыстарының этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, психо- сөйлеу қызметінің бұзылыстары бар балалардың кешенді коррекциясының медико-профилактикалық сүйемелдеу туралы білімді қалыптастыру Төмендегі мәселелер қарастырылады: балалардағы психо-сөйлеу қызметінің даму бұзылыстарының нозологиялық түрлерінің дифференциалды диагностикасы; жүйке жүйесінің зақымдану синдромдарын ажырату және клиникалық белгілерді біріктіру;психикалық, сөйлеу қызметтік жүйелерінің қалыптасу заңдылықтары және т.б.

Бала жастағы функционалды (невротикалық) бұзылыстар/
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - балаларда жасына байланысты функционалды бузылыстарды анықтау және психологиялық, психо-эмоционалдық даму заңдылықтарын зерттеу.Төмендегі мәселелер қарастырылады: балалардың әртүрлі жас кезеңдерінде кездесетін психо-эмоционалдық және невротикалық бұзылыстардың көрінісі; балаларда кездесетін невротикалық және мінез-құлық бұзылыстарының дифференциалды диагностикасы; балалардың эмоционалды статусын анықтау барысындағы психологиялық тесттерді таңдау; әртүрлі жас кезеңдеріндегі невроздардың даму заңдылықтары; объективті және т.б.

Дене – когнитивті ортаны зерттеу: клиникалық көріністері мен диагностика
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - мидың локализационды қызметінің негізінде дене-когнитивті ортаның даму тенденциялары мен заңдылықтарын зерттеуТөмендегі мәселелер қарастырылады:денекогнитивті бұзылыстардың диагностика мәселелері; сенсорлық жүйелердің қалыптасу заңдылықтары; психо-сөйлеу қызметінің қалыптасуындағы сомастезия, кинестезия және стереогноздың маңызы; обьективті зерттеу жүргізудегі методологиялық және әдістемелік сынамалар; сенсорлы дезинтеграциясы бар балалардың педагогикалық коррекциясы мен тәрбие жұмысының әдістерін құрастыру.

Ерекше білім беруді қажет ететін адамдардың медициналық-психологиялық- сүйемелдеуін нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - инклюзивті білім берудің нормативтік құқықтық негізін қолдану құзыреттілігін қалыптастыру. Төмендегі мәселелер қарастырылады: инклюзивті оқытуды жүзеге асырудың бастапқы кезеңі ретінде шетелде және Қазақстанда қабылданған Білім туралы заңдар мен арнайы білім туралы заңдар; дамуында проблемалары бар балалардың құқықтарын қорғау туралы халықаралық құжаттар және Қазақстан Республикасы аумағында инклюзивті білім беруді реттейтін құжаттар және т.б.

Жүйке жүйесінің анатомо-физиологиялық негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - анатомия мен физиология тұрғысынан қарастырылған балалардағы жасына байланысты жүйке жүйесінің қызметінің заңдылығын зерттеу. Төмендегі мәселелер қарастырылады: онтогенетика тұрғысынан когнитивті, сенсорлы, қозғалыс қызметтерін церебральды қамтамасыз ету негіздері; жүйке жүйе қызметінің көпдеңгейлі ұйымдастыру негіздері және даму заңдылықтары, медиаторлар рөлі және оның генетикалық негіздері; когнитивті қызметтерді бақылаудағы жартышараралық асимметрияның әсері және т.б.

Инклюзивті білім беру контекстіндегі мониторинг және сараптама
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: инклюзивті практиканы енгізу және дамыту процесін тиімді басқару үшін білім беру мекемесінің инклюзивті тәсілді іске асыруға дайындығын бағалау құзыреттілігін қалыптастыру. Курс инклюзивті мектептерді сараптамалық қолдау жүйесін, әл-ауқат мониторингінің кешенді жүйесін, инклюзивті білім беруді бағалау индикаторлары мен сараптама критерийлерін, ерекше қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін зерттеуге бағытталған.

Инклюзивті білім беру психологиясының ғылыми негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - инклюзивті білім беру психологиясы саласындағы құзыреттілікті жетілдіру; білім беру интеграциясы жағдайында жұмысқа кәсіби дайындықтың ғылыми негіздерін қалыптастыру. Төмендегі мәселелер қарастырылады: инклюзивті білім беру психологиясының ғылыми категориялық аппараты; білім берудегі заманауи инновациялық үдерістердің мәні, инклюзивті білім беру ортасында мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің ғылыми негіздері және т.б.

Инклюзивті білім беруді сүйемелдеу қызметінің жұмысындағы диагностикалық әдістемелер
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - инклюзивті білім беруді сүйемелдеу қызметі маманының диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру. Курсты оқу барысында магистранттар инклюзивті білім беру субъектілерінің дамуының психофизикалық дамуы, сөйлеу дамуы және т. б. ерекшеліктерін диагностикалаудың әдістері мен тәсілдерін меңгереді;диагностикалық әдістемелерді қолданып негізінде жалпы білім беретін мектеп үдерісіне баланың жеке қабілетін және қосу мүмкіндігін бағалалайды және т.б.

Инклюзивті білім беруді іске асыруға дайындаудың заманауи халықаралық тәжірибесі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - инклюзивті білім беруде заманауи әлемдік үрдістерді және мамандарды халықаралық деңгейде іске асыруға дайындау тәжірибесін ұғынуға дайындықты қалыптастыру. Төмендегі мәселелер қарастырылады: инклюзивті білім берудің ұлттық жүйесінің қалыптасу және даму тарихы және оны жүзеге асыруға мамандарды дайындау; инклюзивтік саладағы әлемдік үрдістердің жалпы сипаттамасы, инклюзивті білім берудің әлемдік тәжірибесі және кәсіби әлеуметтік-бағытталған қызмет практикасында оған дайындық;

Инклюзивті білім берудің заманауи технологиялары
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - қазіргі заманғы технологиялар негізінде мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдерді инклюзивтік білім беру жағдайында оқыту, тәрбиелеу, дамыту және түзету саласында кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру. Төмендегі мәселелер қарастырылады: ерекше білім беруді қажет ететін балалармен түзету және дамыту жұмыстарының технологиясы; арт -әдістер; инклюзивті үрдістегі тәрбие технологиялары және т.б.

Инклюзивті мектепте әртүрлі бейіндегі мамандардың жұмыс ерекшелігі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - білім беру мекемесінде сапалы инклюзияны қамтамасыз ету мақсатында нәтижелі өзара іс-қимылды ұйымдастыру-басқару дағдылары негізінде инклюзивті білім беру мамандарымен бірлескен қызметтің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру. Пән магистранттарды психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссия және білім беру ұйымының психологиялық-педагогикалық консилиумының мамандарының өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ұйымдастырушылық-басқару дағдыларына оқытуға бағытталған

Инклюзияда әртүрлі бұзылулар мен даму ауытқулары бар тұлғаларға медициналық-педагогикалық сүйемелдеу
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - магистранттарға әртүрлі институттық жағдайларда әртүрлі бұзылулар мен ауытқулар кезінде медициналық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру. Пән дизонтогенез концепцияларын; дамудың психофизикалық бұзылуының негізгі себептерін; патогенді дамудың эндогенді (генетикалық) және экзогенді (орта) факторларын; зияткерлік сфераның бұзылыстары бар және басқа да патологиялық бұзылыстары бар тұлғалардың дамуы мен тәрбиесінің ерекшеліктері.

Паралитикалық синдромдар кезіндегі инклюзияны медициналық-психологиялық сүйемелдеу
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - психологиялық-педагогикалық, медикалық-қоғамдық реабилитация, қоғамдық адаптация және интеграция бағдарламаларын ұйымдастыру және оларды қоғамға енгізу үшін қимыл патологиясының клиникалық синдромдарын анатомия және физиология тұрғысынан зерттеу. Төмендегі мәселелер қарастырылады: әртүрлі деңгейдегі церебральды параличі бар балаларда психико-сөйлеу қызметінің дамыту мәселелері; халық аралық функционалды шкалаға сәйкес қозғалыс патологиясының сараптамасы; абилитациялық потенциалды және медициналық сауықтыру әдістерін бағалау

Тұқым қуалайтын жүйке – бұлшықеттік аурулар: ағым ерекшеліктері және когнитивті бұзылыстардың диагностикасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - қалыпты жағдайдағы және жүйке –бұлшықеттік жүйенің патологиясы кезіндегі балалардың анатомия мен физиология тұрғысынан қозғалыс заңдылықтарын зерттеу. Төмендегі мәселелер қарастырылады: балалардағы психо-сөйлеу қызметінің даму бұзылыстарының нозологиялық түрлерінің дифференциалды диагностикасы; реабилитациялық потенциалды анықтау және клиникалық белгілерді біріктіру; тұқым қуалайтын жүйке-бұлшықеттік аурулардың қалыптасу заңдылықтары; объективті зерттеу және т.б.

Эпилепсия кезіндегі түзету әдістері және алғашқы көмек
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - эпилепсиямен ауыратын балалардың клинико-физиологиялық, психологиялық, психикалық және сөйлеу синдромдарының жас ерекшеліктері бойынша зерттеу. Төмендегі мәселелер қарастырылады: бала денсаулығына эпилептикалық ұстамалардың клиникалық белгілерінің әсері; эпилепсиясы бар балалардағы психологиялық, сөйлеу және мінез-құлық бұзылыстары; жедел медицина қызметіне мұқтаж балалар жағдайының белгілері; эпилептикалық энцефалопатия мен эпилепсиясы бар балалардың оқу-коррекциялық бағдарламаларының мүмкіндіктері мен шектеулері.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Зерттеу
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.

Педагогикалық
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: жоғары оқу орындарында педагогикалық қызметті жүзеге асыру, білім беру процесін жобалау және инновациялық білім беру технологияларын пайдалана отырып, оқу сабақтарының жекелеген түрлерін жүргізу қабілетін қалыптастыру. Курсты оқу барысында магистрант төмендегідей білімдерді меңгереді:

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген