Магистратура

Магистратура

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті республикамызда университеттердің алғашқысы болып магистратураның білім беру бағдарламаларын іске асыруды бастаған, ол 1996 жылдан бастап Қазақстанда магистрлерді дайындайтын жетекші орталық болып келеді. Қазіргі таңда магистратураның 86 мамандығы бойынша ғылыми-педагогикалық (оқу мерзімі – 2 жыл) және бейіндік (оқу мерзімі – 1-1,5 жыл) бағытта дайындық жүргізіледі.

Оқу қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізіледі, сонымен қатар шетелдің оқытушылары да білім береді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің магистратурасына қабылдану2012 ж.19қаңтарындағы Қазақстан РеспубликасыныңҮкіметінің № 109 қауылысыменбекітілген «Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру мекемелеріне қабылдаудың үлгі ережелерінің»негізінде жүргізіледі..

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті табысты мансапқа жеткен 10 мыңға жуық магистрлер мен PhD докторлар даярлап шығарды. Сені магистратура мен PhD докторантураның ғылыми-жаратылыстанулық, техникалық және әлеуметтік-гуманитарлық бейіндердің барлық мамандықтарына шақырамыз!

Магистратураға түсем деуші үміткерлер шет тілінен және мамандық бойынша қабылдау емтихандарын тапсырады.

Шет тілінен қабылдау емтиханы (ағылшын,француз, неміс) тілдерінде тест түрінде ҚР БжҒМ-нің Мемлекеттік білім стандарттары және ұлттық тестілеу орталығының технологиясы бойынша тапсырылады.

Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттіліктеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгеруін дәлелдейтін:

ағылшын тілінен: Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP, шекті балл – кемінде 460), Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based (TOEFL IBT, шекті балл – кемінде 87),  TOEFL, шекті балл – кемінде 560, International English Language Tests System (IELTS, шекті балл - кемінде 6.0);

неміс тілінен: Deutsche Sprachprfung fur den Hochschulzugang (DSH, Niveau C1/шекті балл - С 1), TestDaf-Prufung (Niveau C1/шекті балл - С 1);

француз тілінен: Test de Français Internationaltm (TFI – оқу және аудирование бөлімдері бойынша B1 деңгейінен төмен емес), Diplome d'Etudes en Langue franзaisе (DELF, В2 деңгейінде), Diplome Approfondi de Langue françaisе (DALF, С1 деңгейінде), Тest de connaissance du français (TCF - шекті балл - кемінде 400) халықаралық сертификаты бар Қазақстан Республикасының азаматтары шет тілі бойынша түсу емтиханынан босатылады. 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың магистратурасына тапсырам деушілерге қабылдау комиссиясы құжат қабылдауды шiлденiң 10–ы мен шілденiң 30-ы аралығында мына мекен –жайда жүргізеді: әл-Фараби даңғылы, 71, дүйсенбіден сенбіге дейін сағат таңғы 9-дан кешкі сағат 5-ке дейін.

Оқуға қабылдану емтихандары тамыздың 10-і мен 20-сы аралығында өткізіледі, оқуға қабылдану осы жылдың 25-ші тамызына дейін.

 

Магистратураның инновациялық бағдарламалары

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!

ӘЛ-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Ғылым Ордасы кешеніндегі ғылыми-зерттеу институттарымен бірлесіп төменде көрсетілген ғылыми-зерттеу институттарының магистратура мен докторантурасына қабылдау жүргізеді:

А.Марғүлан атындағы археология институты

Р.Сүлейменов атындағы шығыстану институты

Ақпараттық және есептеу технологиялар институты

Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты

М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты

Математика және математикалық модельдеу институты

Ө.Жолдасбеков атындағы механика және машинатану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Экономика институты

А.Байтұрсынов атындағы тіл білімі институты

Толық ақпаратты "Қабылдау ережелерінен" және Қабылдау комиссиясының техникалық хатшыларынан ала алысыз.