Ағымдағы жылдың жаңалықтары

Жалпы қалалық қорытынды көрме-форумы Қапшағай қаласында өтті.

22.04.2019

2019 жылы 19 сәуірде жалпы қалалық " Современное образование " қорытынды көрме-форумы Қапшағай қаласында өтті. Бұл шараға «Тұран», «Синергия», Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ, Абай атындағы ҚазҰПУ және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ сынды жоғары оқу орындары қатысты. Форумда оқушылар университет өкілдеріне өздерін қызықтыратын сұрақтар қойып, пікір алмасты.