Оқушыларға
"Әл-Фараби – 2023" Халықаралық олимпиадасы өтеді

"Әл-Фараби – 2023" Халықаралық олимпиадасы өтеді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті дарынды оқушыларға қолдау көрсету мақсатында Қазақстан және ТМД елдерінің, сонымен қатар таяу және алыс шетел білім беру ұйымдарының 11-сынып оқушыларына арналған жыл сайынғы «Әл-Фараби – 2023» халықаралық олимпиадасын өткізеді.

Шара Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі мен «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының қолдауымен жүзеге асады.

Олимпиада жеңімпаздары ҚР Оқу-ағарту министрлігінің I, П, III дәрежелі дипломдарымен марапатталған жеңімпаздардың білім беру саласындағы қолданыстағы заңнамалық актілерге сәйкес басым кұқығы бар, сондай-ақ әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың бүкіл оқу кезеңіне 100% жеңілдік беріледі. ТМД елдерінен, сондай-ақ жақын және алыс шетелдерден келген білім беру ұйымдарының түлектері үшін университетке түсу емтихандарынсыз барлық оку кезеңіне 100% жеңілдікпен түсуге құқық береді.

Олимпиада үш кезеңнен тұрады: 1-ші және 2-ші кезеңдер online түрде www.kaznu.kz сайтында http://online-test.kaznu.kz сілтемесі арқылы өтеді.

Олимпиада келесі пәндер бойынша өткізіледі: ағылшын тілі, биология, дүниежүзі тарихы, география, информатика, Қазақстан тарихы, қазақ тілі және әдебиеті, математика, неміс тілі, орыс тілі және әдебиеті, физика, француз тілі, химия.

Олимпиадаға тіркелу 1 ақпан мен 20 ақпан аралығында www.kaznu.kz сайтында онлайн түрде жүргізілетінін мәлімдейміз.

Қазақстандық оқушылар үшін 1-кезең 27 ақпан мен 1 наурыз аралығында (сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін Астана уақыты бойынша, өңірлер бойынша өту сілтемесі http://online-test.kaznu.kz, https://welcome.kaznu.kz/ru/18899/page ), 2-кезең 9-10 наурызда (сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін Астана уақыты бойынша, өңірлер бойынша өту сілтемесі http://online-test.kaznu.kz, https://welcome.kaznu.kz/ru/18899/page) онлайн режимде өткізіледі.

ТМД елдерінен, сондай-ақ жақын және алыс шетелдерден қатысатын білім беру ұйымдарының түлектері үшін 1-кезең 1 наурыз (сағат 15:00-ден 16:00-ге дейін Астана уақыты бойынша, http://online-test.kaznu.kz ), 2-кезең 07 наурызда (сағат 15:00-ден 16:00-ге дейін Астана уақыты бойынша, http://online-test.kaznu.kz ) онлайн режимде өткізіледі.

Екінші және үшінші кезеңге 23 және одан жоғары балл алған қатысушылар өтеді.

Қазақстандық оқушылар үшін 3-кезең наурыз айының 27-28 күндері офлайн форматта университет базасында өтеді. Олимпиаданың жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша 3-кезеңінің тапсырмалары теориялық және практикалық есептер түрінде болса, ал жалпы гуманитарлық бағытта жағдаяттық мәселелер шешімін шығару және теориялық сұрақтарға жауап беруден тұрады.

Шетелдік оқушылар үшін 3-кезең наурыз айының 28-і күні   (Астана уақытымен сағат 15:00-17:00 аралығында) Microsoft Teams https://teams.microsoft.com/l/meetup-join/19%3ameeting_MzRlMzI4ZGItZTc0Yy00MGZmLWIzZDMtNjRhYjFmZWQ2NWY4%40thread.v2/0?context=%7b%22Tid%22%3a%22b0ab71a5-75b1-4d65-81f7-f479b4978d7b%22%2c%22Oid%22%3a%22ff2431ea-a91f-4cb4-83a3-cb283d6d5820%22%7d арқылы онлайн түрде өтеді.

 

Правила проведения олимпиады каз.docx

Инструкция пользователя_online-test_каз.doc

 


Байланыс телефоны:

тел.: 377-33-30; 377-33-33; ішкі нөмір 17-31, 17-30