Магистратура
Қоғамдық денсаулық сақтау

Қоғамдық денсаулық сақтау

БIЛIКТIЛIГІ

  • ғылыми - педагогикалық бағыт - медицина ғылымдарының магистрі

ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ

Білім беру бағдарламасын аяқтағаннан кейін студенттер келесі қабілеттерге ие болады деп күтіледі:
1. В1 Қоғамдық денсаулық сақтаудың және денсаулық сақтаудың қазіргі жағдайын, оның проблемаларын және даму перспективаларын бағалау;
2. В2 Халықтың денсаулық жағдайын және оның детерминанттарын сандық және сапалық бағалау, сондай-ақ денсаулықты нығайту бойынша тиімді іс-қимыл жоспарын қалыптастыру;
3. В3 Денсаулық сақтау шаралары, бағдарламалар мен қызметтердің тиімділігіне қатысты деректерді сыни бағалау;
4. В4 Санитарлық ағартуды қоса денсаулықты нығайту әдістерімен әлеуметтік-экономикалық, физикалық және мәдени ортаға әсер ету арқылы халықтың денсаулығын нығайтуға жәрдемдесу;
5. С1 Халық денсаулығының жай-күйін, қауіп-қатерлерін, халықтың белгілі бір топтарының қажеттіліктерін өлшейтін деректерді жинау, жинақтау, синтездеу, бағалау, талдау, түсіндіру;
6. С2 Ғылымды зерттеу мен ғылымның дамуын реттейтін заңдарды жүргізудің әдістері мен стратегиялары туралы негізгі мәселелерді талқылаудың негізгі проблемаларын жүйелеу;
7. С3 Қоғамдық денсаулық сақтау саласынағы қызметті жүзеге асыруда өзіндік ерекшелік пен шығармашылықты көрсету;
8. С4 Білімді біріктіру және толық емес немесе шектеулі ақпарат негізінде күрделі мәселелерді шешу, шешімдерді тұжырымдау;
9. С5 Дәлелдемелердің жоғары деңгейі бар әлемдік медициналық ақпарат дерекқорларыды қолдана отырып ақпараттық-талдамалық және ақпараттық-библиографиялық жұмыстарды жүргізу;
10. С6 Қоғамдық денсаулық сақтау пәндерін оқытуда жоғары білім берудің педагогикасы мен психологиясы туралы білімдерін қолдану;
11. С7 Өз нәтижелерин және оны қалыптастыруда қолданылған білім мен негіздемелерді (шектеулі көлемде) маманадарға жеткізу;
12. D1 Қоғамдық денсаулықты дамытуға өзіңіздік ерекше үлесін қосу.

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Қоғамдық денсаулық сақтау
Мамандық шифры
7M10102
Факультеті
Медицина және денсаулық сақтау

пәндер

Әлеуметтік қорғалмаған халықтың денсаулық мәселелері
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – магистранттарда әлеуметтік қорғалмаған халықтың денсаулығына әсер ететін факторларды анықтау және талдау, халықтың әлеуметтік қорғалмаған санатының денсаулығына әсер ететін факторлардың үлесін бағалау, өмірлік қиын жағдайда жүрген азаматтардың денсаулығын қорғауға бағытталған жаңа әдістер мен әдістемелерді енгізу қабілетін қалыптастыру. Курс халықтың әлеуметтік қорғалмаған санатының денсаулығына сыртқы орта факторларының және әлеуметтік жағдайлардың әсер ету заңдылықтарын қарастырады.

Басқару психологиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Кәсіби өзара әрекеттестікте менеджменттің аса маңызды аспектілерін тәжірибеде қолдану үшін басқару психологиясының іргелі концепциялары туралы білімді қалыптастыру. Пән мазмұны: басқару психологиясының негізгі принциптері, басқару әрекетіндегі тұлға, тұлға мінез-құлқын басқару, заманауи идеялар, топтық құбылыстарды басқару психологиясы, мотивация және практикалық рефлексия.

Биостатистика және эпидемиология
  • Кредит саны - 10
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – магистранттарға нақты, бірақ қарапайым эмпирикалық күйге келтіруде қазіргі заманғы эпидемиологиялық және статистикалық концепцияларды қолдану қабілетін қалыптастыру, әлеуметтік және экономикалық жағдайларды ескере отырып, жалпы халықтың және оның халық топтарының денсаулық жағдайының даму болжамдарын жасау. Пән статистика теориясының негізгі анықтамаларын, әдістерін, алгоритмдерін және статистикалық талдау құралдарын оқытады. Курсты оқу кезінде жалпы халықтың және халық топтарының әлеуметтік - экономикалық ортасы мен денсаулығы арасындағы қарым-қатынаста эпидемиологиялық және статистикалық құжаттар (талдаулар, кестелер, суреттер және т.б.) қарастырылады.

Ғылым тарихы мен философиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: Қазіргі философияны ғылыми білімдер жүйесі, оның ішінде рационалды-теориялық түсінудегі дүниетанымдық көзқарас ретінде түсіну. Пән ғылыми ойлаудың эволюциясы мен дамуының аспектілерін, тарихи сәттерді, ғалымдар мен ғылыми мектептердің ғылымның қалыптасуына қосқан үлесін және ғылыми қызметтің этикалық және әлеуметтік аспектілерін қамтиды.

Денсаулық сақтаудағы саясат, экономика және менеджмент
  • Кредит саны - 8
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – магистранттарда ұйымдастырушылық, басқарушылық және қаржылық талдауды жүзеге асыру, бағдарламаларды жоспарлауды орындау, саясатты жүзеге асыру және бағалау, қоғамдық денсаулық сақтау практикасына аудару, денсаулық сақтау саласында жаңа қызметтерді, технологияларды енгізудің ықпалын болжау қабілетін қалыптастыру. Пән денсаулық сақтау саласындағы стратегияны және саясатты, стратегиялық жоспарлау мен болжауды, медициналық ұйымдардың қаржылық-шаруашылық қызметінің экономикалық мазмұнын, денсаулық сақтау экономикасының мәселелерін талдауды, денсаулық сақтау ұйымдарын құқықтық реттеу ерекшеліктерін қарастырады.

Денсаулықты ілгерілету
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – магистранттарда Әлеуметтік және саяси ұйымның әр түрлі деңгейлерінде сауықты алға жылжыту жаһандық денгейге дейін мәселелерді анықтау, қоғамдық денсаулық сақтаудың стандартты құралдарын пайдалана отырып, билік пен саясат мәселелерін назарға ала отырып, таңдалған нұсқа үшін жағдайды қамтамасыз етіп, денсаулықты нығайту стратегиясын жобалау, енгізу және бағалау қабілетін қалыптастыру. Курсты оқу кезінде халықтың салауатты өмір салтына оқытудың заманауи ғылыми-негізделген тәсілдері, әдістері мен құралдары қарастырылады. Пән қазіргі медицинаның негізгі алдын алу бағыттарын оқытады.

Жоғары мектептің педагогикасы
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: Жоғары оқу орындарында тиімді оқытудың педагогикалық теориялары мен практикалық стратегияларын қамтамасыз ету, сыни тұрғыдан ойлауға және оқудағы табысқа тәрбиелеу. Курс оқыту әдістерін, оқу жоспарын жобалауды, бағалау әдістерін және мұғалімдерді инклюзивті және ынталандырушы оқу орталарын құруға дайындайтын сыныпты басқару стратегияларын зерттейді.

Қоғамдық денсаулықты ғылымға енгізу
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – магистранттарда Қоғамдық денсаулық сақтау саласында ғылыми зерттеулерді білікті жүргізу, қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізу, олардың нәтижелерін талдау және өңдеу әдістерін қолдану және қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін практикаға біріктіру қабілетін қалыптастыру. Пән барысында келесі тақырыптар оқытылады: ғылыми зерттеу әдіснамасы ұғымдары; ғылыми зерттеудің әдістері мен формалары жүйесі; ғылыми зерттеудің негізгі құрылымдық компоненттері; ғылыми зерттеудің жаңалығы мәселесі.

Шетел тілі (кәсіби)
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты – шет тілі білімінің халықаралық стандарттары бойынша құзыреттіліктерді меңгеру және жетілдіру және мәдениетаралық, кәсіби және ғылыми ортада қарым-қатынас жасау. Магистрант жаңа ақпаратты біріктіріп, тілдердің ұйымдастырылуын түсініп, қоғамда өзара әрекеттесіп, өз көзқарасын қорғауы керек.

Экологиялық эпидемиология
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты-магистранттардың халықтың денсаулығын бағалау үшін эпидемиологиялық және статистикалық құралдарды қолдана отырып, экологиялық эпидемиология саласындағы зерттеулерді жоспарлау және жүргізу қабілетін қалыптастыру. Пән сырқаттану және қоршаған орта факторлары арасындағы себеп-салдарлық байланысты анықтаудың эпидемиологиялық әдістерін, қоршаған ортаның абиотикалық және биотикалық факторларының адам ағзасына әсерін кешенді бағалауды зерттейді

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Ғаламдық денсаулық пен қоғамдық денсаулық сақтау жүйелері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – магистранттарда ғаламдық денсаулық түсінігі мен міндеттерін түсіндіру, оның халық денсаулығына және Қазақстан денсаулық сақтау жүйесіне әсерін болжау қабілетін қалыптастыру. Пән барысында келесі тақырыптар оқытылады: жаһандық денсаулық принциптері мен мақсаттары; қоғамдық денсаулық сақтаудағы халықаралық тәсілдер; денсаулықтың негізгі проблемалары мен әлемдегі қауіп факторлары; аурулардың жаһандық ауыртпалығы; денсаулықты нығайтудың жаһандық бағдарламалары.

Дәлелді медицина
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – магистранттарда аурулардың алдын алу, диагностикалау, емдеу және денсаулық сақтауды ұйымдастыру бойынша ғылыми дәлелді шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін медициналық ақпаратты жинау, талдау, жалпылау және интерпретациялау қабілетін қалыптастыру. Пән барысында келесі тақырыптар оқытылады: қазіргі денсаулық сақтаудағы дәлелді медицинаның рөлі мен орны; зерттеулердің түрлері мен дизайндары, дәлелдеу дәрежесі бойынша ғылыми деректердің иерархиясы; дәлелді медицинаның терминологиясы мен құралдары; клиникалық мәселелерді қалыптастыру, ғылыми-дәлелді медициналық ақпаратты тиімді іздестіруді жүргізу; ғылыми жарияланымдарды сыни бағалау.

Денсаулық сақтауды ұйымдастыру және басқару
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – магистранттарда денсаулық сақтаудағы ұйымдастыру мен басқарудың негізгі принциптері мен модельдерін қолдану, денсаулық сақтау саласындағы тиімді басқару қызметін жүзеге асыру, мемлекеттік және жеке медициналық қызметті ұйымдастыру мен басқаруды ажырату қабілетін қалыптастыру. Пән денсаулық сақтау органдарының қызметін, денсаулық сақтаудағы МЖC, денсаулық сақтаудағы қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды, басқару теориясы мен жүйелерін, денсаулық сақтаудағы СМЖ-ны қарастырады.

Деректер базасын құру және зерттеу нәтижелерін бағалау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – магистранттарда статистикалық талдауды орындау үшін статистиканың бағдарламалық қамтамасыз етілуін қолдану қабілетін қалыптастыру. Пән деректер қорын құру және қолдану теориясының негізгі ұғымдарын, сондай-ақ ғылыми зерттеулер деректерін статистикалық өңдеу үшін SPSS және MS Excel қолданбалы бағдарламалар пакеттерінің жалпы сипаттамасын оқытады. Курсты оқу кезінде деректер базасымен жұмыс істеу және статистикалық процедураларды таңдауда статистикалық құралдарды қолдану принциптері қарастырылады.

Қоғамдық денсаулық сақтау зерттеулеріндегі биоэтика
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – магистранттарда биоэтикалық нормаларды басшылыққа ала отырып, ғылымның қазіргі жетістіктерін талдай білу, қоғамдық денсаулық сақтаудың нақты шараларының этикалық аспектілерін, стратегиялар мен саясатты анықтау, кәсіби қызметте биоэтиканың құқықтық негіздерін және ғылыми дүниетанымды қалыптастыру үшін философиялық және әлеуметтік-гуманитарлық білімнің негіздерін, қызметтің түрлі салаларында базалық құқықтық білімді қолдану қабілетін қалыптастыру.

Қоғамдық денсаулық сақтауды оқыту әдіснамасының негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – магистранттарда танымның жалпы ғылыми әдістерін, қоғамдық денсаулық сақтау негіздеріне оқыту үрдісінде басқару және эвристикалық әдістерді, психологиялық-педагогикалық процестерді зерттеу үшін идеяларды генерациялау әдістерін, ситуациялық - пайда болатын мәселелерді шешу, оларды тәжірибеде және өз дамуында пайдалану қабілетін қалыптастыру. Пән меңгерілген құзыреттілік, білік және дағды негізінде жоғары мектептің қоғамдық денсаулық сақтау саласында педагогикалық білім алушының тұлғасын дамытады.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Зерттеу
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.

Педагогикалық
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: жоғары оқу орындарында педагогикалық қызметті жүзеге асыру, білім беру процесін жобалау және инновациялық білім беру технологияларын пайдалана отырып, оқу сабақтарының жекелеген түрлерін жүргізу қабілетін қалыптастыру. Курсты оқу барысында магистрант төмендегідей білімдерді меңгереді:

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген