Жаңалықтар

Жаңалықтар


03.12.2013 Журналистика факультетінде Ашық есік күні өтеді

2013 жылдың 5 желтоқсанында c. 14.00-де журналистика факульетінде (№230 Т. Қожакеев атындағы акт залы) баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының ұйымдастыруымен университеттік «Мобильді репортер» серпінді жобасы аясында ғылыми-танымдық мультимедиялық www.youngreporter.kz порталының, сондай-ақ осы платформада жүзеге асатын «Вируталды мектептің» таныстырылымы өтеді.


03.12.2013 «Президент және жастар» атты танымдық-тәрбиелік кеш өтті

Егеменді Қазақстанның қалыптасуы жолындағы ізгі істердің барлығы елбасы есімімен байланысты екені даусыз. Тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалап, шекарасын шегелеп, болашаққа бағыт-бағдар берген Тұңғыш Президенттің халық алдындағы еңбегі ұшан-теңіз. Міне, осы мереке қарсаңында Экономика және бизнес жоғары мектебінде э.ғ.д., профессор, академик Ө.Қ.Шеденовтың ұйымдастыруымен «Президент және жастар» атты танымдық-тәрбиелік кеш өтті.


03.12.2013 Хабарландыру!

Философия және саясаттану факультетінің оқытушы-профессорлар құрамы мен білім алушылар!

Сіздерді университеттің 80 жылдығы және Тәуелсіздік күніне арналған 6 қарашада болатын «Мен елімнің патриоттымын» атты кафедрааралық байқауға шақырамыз. Байқау төмендегідей бағдарлама бойынша жүргізіледі.


03.12.2013 Бостандық ауданы ІІБ ТБ аға тергеушісі, полиция аға лейтенанты Еділхан Байғараевпен кездесу өтті

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Халықаралық қатынастар факультетінің Дипломатия аударма кафедрасы аға оқытушылардың Хурмет Арай және Дуйсеева Ләйланың ұйымдастыруымен 1-3 курс студенттері арасында Қазақстан Республикасы алматы қаласы, Бостандық ауданы ІІБ ТБ аға тергеушісі, полиция аға лейтенанты Еділхан Байғараевпен кездесу өткізді.


03.12.2013 Жастар «Айналаңды нұрландыр» жобасын жалғастыруда

Жаратылыстану факультеттеріне арналған шет тілдер кафедрасының оқытушылары физика-техникалық факультетінің стандарттау, метрология және сертификаттау мамандығы бойынша білім алып жүрген 1 курс студенттеріне «Айналаңды нұрландыр!» жобасының жалғасуы үшін өз үлесіңді қос» - деген ұранмен дөңгелек үстел өткізді.


03.12.2013 Студенттік Ғылыми Қоғам мүшелері балалар үйінде болды

Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының Студенттік Ғылыми Қоғамының кезекті сапар мәжілісінде з.ғ.к. доцент Усеинова К.Р. з.ғ.д, профессор Баймаханова Д.М., з.ғ.д, профессор Усеинова Г.Р., з.ғ.к. Оспанова Д.А. оқытушыларының қолдауымен №2 балалар үйінде “Менің құқығым және міндеттерім” атты іс-шара өткізілді.


03.12.2013 ЖОО студенттері арасында жарыс өтті

2013 жылдың 28 қарашаcында физика-техникалық факультетінде жылуфизика және техникалық физика кафедрасының доценті, ұлағатты ұстаз Ж.Ө. Өмірбековке арналған жоғары оқу орындарының 1-ші курс студенттері арасында физика пәні бойынша қалалық олимпиада және спорт кешенінің шахмат клубында шахматтан турнир өткізілді.


03.12.2013 Хабарландыру!

4 желтоқсанда (сағат 16:00) әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия және саясаттану факультеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасы 16 желтоқсан Тәуелсіздік мерекесіне орай өтетін «Желбірей түс, тәуелсіздік жалауы» атты мерекелік іс-шараға шақырады.


03.12.2013 Студенттер Жапониядан келген Toyota бірлестігінің жетекшілерімен кездесті

Жапонтану және корейтану кафедрасының студенттері Toyota бірлестігінің Жапониядан келген және осындағы топ жетекшілерімен кездесті. Кездесу кешінің мақсаты жастардың Жапонияға деген көзқарастарын білу, жапон технологиясына қызығушылығын тану мен жаңа технологияны дамытудағы жастардың идеяларын тыңдауға бағытталды.


29.11.2013 ҚазҰУ-да «Мен жастарға сенемін!» атты студент жастардың республикалық патриоттық фестивалінің жеңімпаздары анықталды

ҚазҰУ-да Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған еліміздің барлық өңірлерінен жоғары оқу орындары жастарының басын қосқан «Мен жастарға сенемін!» атты студент жастардың республикалық патриоттық фестивалі гала-форумы өтті.