Жаңалықтар

Жаңалықтар


25.10.2013 Рекреациялық география және туризм кафедрасы экскурсия ұйымдастырды

24 қазан күні «Экскурсиятану» пәнін оқу барысында алынған біліктіліктерді тәжірибе жүзінде пайдалану мақсатында рекреациялық география және туризм кафедрасымен Алматы қаласы бойынша оқу, шолу экскурсиясы ұйымдастырылды.


24.10.2013 Хабарландыру

Ертең жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде (сағат 13.00, 217 дәрісхана) шетелдік студенттерге арналған «Здравствуй, Казахстан!» тақырыбында ашық кураторлық сабақ өтеді.


23.10.2013 ҚазҰУ-де ядролық реакциялар бойынша дерекқорды дамыту жөніндегі халықаралық жиын өтуде

23 - 25 қазан аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ҚР ИЖТМ Атомдық энергия бойынша агенттігі Ядролық физика институтының қолдауымен Ядролық реакциялар бойынша дерекқорды дамыту жөніндегі 4-ші халықаралық жиын өтуде.


23.10.2013 Жастар арасында әдеби-сазды кеш өтті

2013 жыл 22 қазанда филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті «КӨКЖИЕК» ғылыми-шығармашылық клубының ұйымдастыруымен көрнекті ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ф.Оңғарсынованың «ДАУА» кітабы бойынша әдеби-сазды кеш өтті.


23.10.2013 Жас ғалымдардың ғылыми-теориялық семинары өтті

Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті аударма теориясы және әдіснамасы кафедрасында белгілі ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Есембеков Темірғали Оразғалиұлының 60 жылдық мерейтойына байланысты «Мәтін теориясы және әдеби компаративистика» атты республикалық жас ғалымдардың ғылыми-теориялық семинары өтті.


23.10.2013 Бүгін шығыстың ұлы ойшылы, философ Әбу Насыр әл-Фараби есімі Қазақ ұлттық университетіне берілгеніне 22 жыл толып отыр

Осы орайда шығыстың ұлы ойшылы, философ, энциклопедист Әбу Насыр әл-Фараби есімі Қазақ ұлттық университетіне берілген күніне (Министрлер Кабинетінің № 626-шы Қаулысы, 1991 жыл 23 қазан) байланысты дәстүрлі өткізілетін Фараби оқулары-Пәнаралық ғылыми-студенттік семинар осы жылы 25 қазанға белгіленіп отыр. Университет Музейі, философия және саясаттану факультетіндегі «Әл-Фараби мұраларын зерттеу орталығы», география және табиғатты пайдалану факультеті халықаралық энергоэкология кафедрасының қатысуымен және Алматы қаласы жастарды рухани-адамгершілік және патриоттыққа тәрбиелеу Комиссиясы, қалалық Ардагерлер кеңесінің тікелей қолдауымен дәстүрге айналған III Фараби оқулары, Пәнаралық ғылыми студенттік семинар 25 қазан күні сағат 15:00-де университет Музейінде өткізіледі.


23.10.2013 Ғалымның мерейтойы аталып өтті

ҚазҰУ-да профессор Ким Герман Николайұлының 60-жылдығына орай өткізілген «Қазақстандағы корейтану: ынтымақтастықтың үрдістері мен келешегі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.


22.10.2013 Хабарландыру!

British Council және АҚ "Халықаралық бағдарлама Орталығы" Қазақстандағы екінші Британдық білім көрмесін өткізеді. Бұл Ұлыбританияның білім беру саласына арналған ең ірі іс-шара. Онда Ұлыбританияның үздік білім беру мекемелері таныстырылады. Көрме 2013 ж. 26 қазанда сенбі күні Алматы қаласында сағат 12:00-18:00 аралығында «Rixos» қонақ үйінде және 27 қазан жексенбі күні Астана қаласындағы «Radisson» қонақ үйінде өтеді.


21.10.2013 ҚазҰУ-да кәсіпорындарды дағдарысқа қарсы басқару жолдары қаралды

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің «Ақ Жол» ХДП депутаттық фракциясының, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ менеджмент және маркетинг кафедрасының, азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының «Қазақстанның инновациялық дамуын құқықтық қолдау» ғылыми зерттеу орталығының, «Жетісу» банкроттық процедурасындағы кәсіби басқарушылар одағы» РҚҚ бірлесіп ұйымдастыруымен «Қазақстандық кәсіпорындарды дағдарысқа қарсы басқару: жай-күйі, өзекті мәселелері және болашағы» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті.


21.10.2013 Жастар балалар үйіне барды

Философия және саясаттану факультетінің 1 курс мәдениеттану мамандығы студенттерінің ұйымдастыруымен құрбан айт мерекесіне орай, «Айналаңды нұрландыр» атты іс-шара болып өтті.