Жаңалықтар

Студенттерге шәкіртақы табысталды

17.01.2017

Қиыр Шығыс кафедрасының корейтану бөлімінің магистранттары мен докторанттарына Корей қоры атынан шәкіртақы табыстау рәсімі өтті.

Марапаттау рәсімінде шығыстану факультетінің ғылыми-инновациялық қызметі және халықаралық байланыстар жөніндегі деканының орынбасары Құдайбергенова Рената құттықтау сөз сөйледі.

Корейтану саласындағы үздік жетістіктері мен келешекте ғылыми зерттеулер жүргізуі үшін Корей қорының профессоры Ли Бенг Чжо Қиыр Шығыс кафедрасының магистранттары мен докторанттарын марапаттап, жалпы 7 млн. 260 мың теңге көлемінде шәкіртақы ұсынды.

Айта кету керек, Корей қоры ұзақ уақыттан бері ҚазҰУ-дың сенімді серіктесі болып табылады. 20 жыл аралығында кафедра мен факультет шетелдік профессорларды шақыру, ғылыми конференцияларды өткізуге қолдау көрсету, ғылыми тағылымдамалар мен оқытушы-профессорлық құрамның біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру бағыттары бойынша Қормен белсенді түрде ынтымақтастық орнатып келеді.

Шәкіртақы иегерлерін құттықтап, өз білімі мен болашағына сенімді білікті маман болуларын тілейміз.