Жаңалықтар

ҚазҰУ студенті Универсиада ойындарындағы сұлу спортшылар қатарында

20.01.2017

Vesti.kz Бүкіләлемдік қысқы Универсиада-2017 ойындарындағы ең сүйкімді қазақстандықтардың тізімін жариялады.

Сұлу спортшылар қатарында ҚазҰУ студенті Даяна Ахметвалиева бар. Даяна «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша бірінші курста білім алып жатыр. Ол шаңғымен секіру спорты бойынша Қазақстанның намысын қорғайтын ұлттық құрамадағы жалғыз ару.

Ірі көлемді спорттық шараның басталуына санаулы ғана күндер қалды. Дүбірлі додаға әлемнің 57 елінен 2000 кәсіби спортшы қатыспақ. Олардың ішінде ҚазҰУ-дың халықаралық деңгейдегі дәрежесі биік 12 студенті бар екенін де айта кету керек. ҚазҰУ спортшылары Универсиадаға конькимен жүгіру, мәнерлеп сырғанау, шаңғы қоссайысы, тау шаңғысы, шаңғымен секіру және шайбалы хоккей сияқты спорт түрлері бойынша қатысатын болады.

Баспасөз қызметі