Жаңалықтар

25 жыл бірге

24.02.2017

БҰҰ Моделі – бұл ой-талқы тәртібінде және студенттік конференция ретінде өтетін әйгілі әлемдік бағдарлама. Бір күнде студенттер елшілерге айналып, БҰҰ өкілдері ретінде қатысады.

БҰҰ Моделінің қатысушыларын БҰҰ-ның  Академиялық әсер ету (UN Academic Impact) бағдарламасының белсенді қатысушысы болуға шақыратын, студенттер мен жастарға арналған БҰҰ-ның Бас хатшысының жолдауы шабыттандырды. Бұл бағдарлама әлемнің ең үздік университеттерін бірлестіреді. Олар оқу бағдарламалары мен әлем және әлемдегі демократиялық құндылықтарды қолдау курстары арқылы БҰҰ-ның негізгі идеясын қолдайды.Өткізілу тілі – ағылшын.

Іс-шара төрт комитет бойынша өткізіледі:

United Nations General Assembly – “Nuclear Weapon Disarmament

United Nations Security Council – “The Republic of Kazakhstan as Non-Permanent Member

United Nations Economic and Social Council (ECOSOC) – “Climate Change and its Solutions in Central Asia (SDG-13)

United Nations Environment Programme (UNEP) – “Scientific Development of Future Energy

Студенттер конференция  арқылы халықаралық келіссөздер кезіндегі өзара қарым-қатынас пен жүріс-тұрыс ережелерін жоғарғы деңгейде меңгереді. БҰҰ Моделі – бұл демократия мәселесі туралы ой талқылауды жүзеге асырып қана қоймай, сонымен қатар жұрт алдында сөз сөйлеуді уйренуге мүмкіндік береді. Бұл сонымен бірге, жаңа достар мен мүдделес адамдарды ғана емес, сонымен қатар халықаралық деңгейде болашақ мансабын қалыптастыру болып табылады.

Аталған іс-шара АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас Консулдығының және Қазақстандағы БҰҰ Ақпараттық Бюросы, сонымен қатар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қолдауымен өткізіледі. Дайындық барысында өткізілетін іс-шараның Орталық және Оңтүсттік Азия студенттері мен жастарына маңыздылығын атап өткен, Қазақстандағы БҰҰ Ақпараттық Бюросының жетекшісі, БҰҰ қоғамдық ақпарат департаментінің өкілі – Властимил Самек ерекше қолдау көрсетті.

Баспасөз қызметі