Жаңалықтар

ҚазҰУ Орхон үдерісінде

24.04.2017

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Орхон үдерісі» жобасына қосылды. Бішкек қаласында өткен Түркі университеттерінің кеңесінде Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркияның 16 жоғары оқу орнының өкілдері ауқымды жобаға қатысу жөнінде келісімге қол қойды.

Түркі университеттері одағының «Орхон үдерісі» халықаралық коммерциялық емес бағдарламасы жоғары оқу орындары арасында оқытушылар мен студенттер алмасуды жүзеге асырады.  Жоба 2017 жылдың қыркүйек айынан бастау алып, ең алдымен «Халықаралық қатынас» және «Саясаттану» мамандығы бойынша білім алатын бакалавр студенттеріне арнап ұйымдастырылмақ.

Манас атындағы Қырғыз-Түрік университетіндегі кездесу барысында Түркі жоғары оқу орындары кеңесінің төрағасы, профессор Себахаттин Балжы әріптес-мемлекеттер тілінде әзірленген Түркі ЖОО кеңесінің веб-сайтын таныстырды. Кеңесте болашақтағы ынтымақтастық мәселелері мен 2017 жылдың 15-19 мамыр күндері Бішкек қаласында өтетін түркі университеттері арасындағы алғашқы спорттық ойындарды бірлесіп ұйымдастыру жайы талқыланды. 

Баспасөз қызметі