Жаңалықтар

Жасыл көпір ұрпақтан ұрпаққа

09.11.2017

Челябинскте ЖОО ректорларының форумында «Жасыл көпір ұрпақтан ұрпаққа» Ресей мен Қазақстан университеттерінің консорциумын құру туралы келісімге қол қойылды.  

ҚазҰУ ректоры Ғ.Мұтанов: «Бұл жасыл экономиканы құруға, заманауи қоғам дамуының негізгі бағытындағы және Қазақстан мен Ресейдің барлық жоғары оқу орындары жасыл технологияларды дамытуға, жоғары білікті мамандарды даярлауға,  зерттеулер жүргізуге бағытталған маңызды жоба. Консорциум құру туралы келісім екі ел университеттерінің осы бағыттарда күш-жігерін біріздендіруге бағытталған маңызды қадам болып табылады», - деді ректор. Қазақстан жағынан ҚазҰУ, Ресей тарапына Б.Н. Ельцин атындағы Орал федералдық университеті келісімге қол қойды. Осы университеттер консорциумды басқаратын болады.

Сондай-ақ ректор «Келісімнің негізі - Елбасы Н.Назарбаевтың «Жасыл көпір» бастамасы негізінде біздің университеттің жобасы 2012 жылы Рио-де-Жанейрода ұсынылып, БҰҰ қолдауына ие болған. Осы жобаның арқасында біз БҰҰ тұрақты даму хабы болдық, оны халықаралық деңгейде университеттер арасында тарату үшін БҰҰ ұсынған.  Консорциум құру туралы жасалған келісім аясында алғашқы қадам БҰҰ-ның штаб-пәтерінде осы жобаның аяқталуына арналған презентация болады», - деді Ғ.Мұтанов.