Жаңалықтар

ҚХР өкілдерімен өткен кездесу

20.12.2017

ҚазҰУ-дың бірінші проректоры Мұхамбетқали Бүркітбаев Қытай Оңтүстік-Орталық Ұлттар университетінің өкілдерімен кездесті.

Бірінші проректор Қытай Қазақстанның жақын көршісі ғана емес, өзара берік қарым-қатынас орнаған стратегиялық серіктесі дей келе, ҚазҰУ мен Қытай университеттері арасындағы әріптестікке шолу жасап, өзара тығыз байланыс орнатылғандығын атап айтты.

Кездесу барысында тараптар механика-математика, экономика, физика-техника және басқа да салаларда бірлесе мамандар даярлау, академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша студенттер алмасу, оқытушылар біліктілігін арттыру бағытында ынтымақтастық орнату жайын талқыға салды. Кездесу соңында делегация құрамы ҚазҰУ мұражайында болып, кампусты аралады.

Баспасөз қызметі