Жаңалықтар

Жас ғалымдар мектебі басталды

28.08.2018

ҚазҰУ-да «Аса жоғары энергиялы бөлшектердің физикасы және астрофизикасындағы негізі мәселелері» атты V халықаралық жас физик ғалымдардың кезекті жазғы мектебі басталды.

Шара Ресей ғылым академиясының П.Н. Лебедев атындағы физикалық институты (РҒА ҒАФИ), Тянь-Шань биік таулы станциясы (ТШБТС), әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің гуманитарлық ынтымақтастығы мемлекетаралық қорының (IFESCO) қолдауымен ұйымдастырылып отыр. Жиын Қазақстан, Беларусия, Өзбекстан, Азербайжан, Тәжікстан, Ресей және Молдавия елдерінен келген жүзден аса жас ғалымдардың басын біріктірді.

Ғарыштық сәулелер физикасы мен аса жоғары энергиялы бөлшектер астрофизикасының ең өзекті мәселелерін талқылауға арналған шара мектеп бағдарламасындағы дәрістер, тәжірибелік жаттығулар мен мектеп тыңдаушыларының білімділігі мен біліктілігін арттыру және жаңа ақпаратты ұғыну мақсатында мүмкіндік беретін еркін пікірталас алаңына айналды. Аталған мектеп жұмысы 1 қыркүйекке дейін жалғасатын болады.

Баспасөз қызметі