Жаңалықтар

Климаттың өзгеруі талқыға түсті

26.09.2018

ҚазҰУ-да «Климаттың өзгеруі мен биоалуанүрліліктің төмендеуі жағдайындағы биосфералық резерваттар» тақырыбында халықаралық семинар өтті.

Іс-шара ұйымдастырушылары: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – БҰҰ «Академиялық ықпал» бағдарламасының тұрақтылық бойынша ғаламдық хабы, ИСЕСКО – Білім, ғылым және мәдениет істері жөніндегі Ислам ұйымы (ИСЕСКО), Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясы және Қазақстандағы ЮНЕСКО «Адам және биосфера» бағдарламасының ұлттық комитеті.

Семинар жұмысына ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комитеттердің Марокко, Түркия, Индонезия, Египет, Пәкістан, Қытай және ТМД елдерінің өкілдері және сарапшылары қатысты.

Семинар ISESCO-ға мүше мемлекеттердегі климаттың өзгеруіне қатысты биосфералық қорларды басқаруды жетілдіруге бағытталған. Жиында мамандар биосфералық қорықтарды және биоалуантүрлілікті сақтап қалу жолында қолданыстағы тәжірибелерімен бөлісіп, ұлттық жетістіктер жайлы ақпараттар алмасу іс-шараның басты міндеттерінің бірі болды. Семинар қатысушыларға тұрақты даму мақсатында өңірдегі ортақ мәселелерді анықтауға және оларды жою әдістерін талқылауға мүмкіндік берді.

Тұрақты даму жөніндегі ЮНЕСКО кафедрасы