Жаңалықтар

Айналаңды нұрландыр!

07.11.2018

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Т. Жүргенов атындағы Қазақ Өнер академиясының 2 курс магистранттары мен философия және саясаттану факультетінің  философия, саясаттану, дінтану, мәдениеттану, әлеуметтік жұмыс, педагогика және психология мамандықтыраның 1 курс магистранттарымен бірлесіп «Өнер әлеміндегі психология рухани жаңғырудың негізі ретінде» атты тақырып аясында  тәрбиелік-мәдени іс-шара  өтті.

Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры С. Бердібаеваның ұйымдастыруымен өткен  аталмыш шара  «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында өткізілді. С. Бердібаева екі жоғарғы оқу орнының магистранттарын бірі-бірімен таныстыра келе, ағымдағы жылдың халыққа арнаған Президент Жолдауындағы рухани жаңғыру негізінде ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мен қатар сананы қайта жаңғырту  мәселесін сөз қылды. Өнер әлеміндегі психологиялық сұрақтар   рухани жаңғырудың негізі бола отырып, жастардың санасын жаңа уақыт талабына сай өзгеріп келе жатқандығын айтты.

Дөңгелек үстелде өнер академиясының магистранттары өнерге қатысты өз ойларын ортаға сала отырып, өнер құндылығы адамзат баласы үшін баға жетпес дүние, оның психологиялық аспектісі адамдар үшін қаншалықты маңызды екені туралы айта отырып, факультеттің магистранттарымен интеллектуалды диалог жасады.

Дөңелек үстел барысында өнер академиясының магистранттары өз ойларын өнерлерімен жеткізіп, ән мен жырдан шашу шашты. Қазақстанға белгілі эстрада әншісі, Өнер академиясының 2 курс магистранты Н. Тәжікенов - Нұрлан Албан қазақтың халық әндерін шырқай отырып рухани жаңғырудың маңызын сөз қылды. Өнер академиясының барлық магистранттары өз өнерлерін көрсете отырып қазақ халқының дала құндылықтарына байланысты өз ойларын ортаға салды.

Сонымен қатар дінтану мамандығының 1 курс магистранты А. Жұбанышев айтыскер ақын ретінде бірден рухани жаңғыруға байланысты шығарған арнауын шашу етті.

Психологиялық тәрбиелік іс-шара өте қызықты әрі мазмұнды өтті. Мұндай жастарға берер тағылым-тәрбиесі мол шаралар жастардың жігерін рухтандырып, жан-дүниелері мен таным-түсініктерін мәдени байыта түскені анық.

 

Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы

www.kaznu.kz