Жаңалықтар

Австриялық байланыс

03.11.2018

Жуырда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тариx, арxеология және этнология факультетіне Австрия Республикасы, Зальцбург университетінен шетелдік тыңдаушы ретінде 16 студент пен 2 оқытушы іс-сапармен арнайы келді. Іс-сапар барысында, факультет құрылымы мен жұмыс жасау жүйесімен танысып, факультеттің жетекші профессорлары Қ. Т. Жұмағұловтың «Еуразия тарихындағы ғұндардың рөлі», Ә.Т.Төлеубаевтың «Қазақстан аумағында табылған жаңа археологиялық қазбалар», Л.Г. Ерекеешованың «Орталық Азияның қазіргі заман тарихы» атты бірқатар дәрістерді тыңдады. Сонымен қатар «Казгуград» кампусымен таныстырылып, университет қармағындағы «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мұражайы», «Әл-Фараби музейі», «Қазақстанның палеолит мұражайы», «Қазақстанның көне және ортағасырлық архео­логия мұражайларына» экскурсия ұйымдастырылды. Алматы қаласының инфрақұрылымымен де таныстырылып, Қазақстан республикасының Орталық Мемлекеттік Музейі мен «Есік» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайымен танысты.

Зальцбург университетінің жетекші профессоры, Др. Ангела Шоттенхаммер, бұл іс-сапардың екі тарапқа да зор серпіліс бергенін, алдыңғы уақытта екі білім беру ордалары арасындағы студенттік алмасу, оқытушы профессорлар құрамының дәріс оқуы, бірлескен жобалар әзірлеу бағыттары жөнін талқыға салып, болашақта осы бағыттар бойынша факультетпен арадағы ынтымақтастық орнату қажеттігіне баса назар аударды.

Екі ел оқытушылары мен студенттері де пікір алмасып, жаңа байланыс орнату мақсаттарын орындады.