Жаңалықтар

Жаңа интернет-жоба Open Master Class

10.12.2018

2018 жылы 10 желтоқсанда Қазақстанның ашық білім беру ұлттық платформасында - Open Master Class жаңа интернет жобасын іске қосты.

Бұл жоба әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Қазақстанның жоғары мектебінің ұлттық ғылым академиясымен бірлесе құрастырылып, іске қосылды. 

Open Master Class (http://omc.moocs.kz/) – бұл Қазақстанда танымал тұлғалардың: мәдениет және ғылым, бизнес және қаржы әлемі, саясат және жаңа ақпараттық технологиялар өкілдерінің тегін, қызықты және қолжетімді онлайн курстары.

Нұсқаушылар - өз өмірлерін сүйікті ісіне арнаған және соның арқасында керемет нәтижелерге қол жеткізген, жарқын тұлғалар жаңа нәрселерге таңқалуды және өмір бойы үйренуді тоқтатпайтын жарқын тұлғалар.

Жобаны ашады:

-         медицина ғылымдарының докторы, Қазақ тамақтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов «Правильное питание: секрет в балансе» атты мастер -класспен;

-         Astana Group негізін қалаушы бизнесмен Нұрлан Смағұлов - «В бизнесе важны идеи»;

-         NASA мен Microsoft халықаралық жарыстарының жеңімпазы жас математик-программист Тимур Рыспеков – «Робототехника: оптимизированные алгоритмы».

Өзінің мастер-класстарында нұсқаушылар білім беру, зерттеу, инновация арқылы үздік әлем құру мақсатында сізбен білім, тәжірибе, пікірмен ашық және адал бөліседі.

Олар өнертапқыш және көңілді, мейірімді және ақылды, сүйікті ісіне ие адамдар. Біздің дәріс тренерлері сізді Open Master Class (omc.moocs.kz) Қазақстанның ашық білім беру ұлттық платформасында қарсы алады!

www.kaznu.kz