Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары 75 ғылыми жобаны ұтты

03.08.2023

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларын гранттық қаржыландыру конкурсында 75 жобаны жеңіп алған Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдарын құттықтаймыз!

2023-2025 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру жобаларының саны – 75, оның ішінде:

  • "Ақпараттық, коммуникациялық және ғарыштық технологиялар" ғылыми бағыты бойынша – 10 жоба;
  • "Өмір және денсаулық туралы ғылым" ғылыми бағыты бойынша – 8 жоба;
  • "Су ресурстарын, жануарлар мен өсімдіктер әлемін ұтымды пайдалану, экология" ғылыми бағыты бойынша – 6 жоба;
  • "Геология, минералдық және көмірсутек шикізатын өндіру және өңдеу, жаңа материалдар, технологиялар, қауіпсіз бұйымдар мен конструкциялар" ғылыми бағыты бойынша – 12 жоба;
  • "Энергетика және машина жасау" ғылыми бағыты бойынша – 2 жоба;
  • "Жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер" ғылыми бағыты бойынша – 10 жоба;
  • "Білім және ғылым саласындағы зерттеулер" ғылыми бағыты бойынша – 4 жоба;
  • "Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер" ғылыми бағыты бойынша – 23 жоба.

Сіздерге мұнымен тоқтап қалмай, жаңа ғылыми шыңдарды бағындыруларыңызға тілектеспіз!