Жаңалықтар

Студенттік ғылыми жұмыстарға байқау жарияланды

13.03.2013

Философия және саясаттану факультеті саясаттану кафедрасының ұйымдастыруымен белгілі қазақстандық саясаттанушы, саясаттану ғылымының кандидаты Ерлан Қарин студенттермен кездесуде саясаттану мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттер арасында ғылыми жұмысқа байқау жарияланатыны туралы айтты.

Байқау жеңімпаздарына Т. Мұстафин, С. Жүсіпов, Н. Масанов атты танымал ғалымдар атындағы шәкіртақылар табыс етіледі. Байқау қорытындысы ағымдағы жылдың мамыр айында белгілі болады.

Клубтың отырысында Саясаттанушы Е. Қарин «Қазақстан Республикасындағы ұлттық қауіпсіздіктің қауіп-қатерлері мен сұрақтары» атты дәрісін өткізді. Тақырып студенттер арасында қызу талқыға салынып, олар кездесу барысында өз сауалдарына толық жауап алды.

Философия және саясаттану факультеті