Жаңалықтар

Ән фестивалі шет тілінде өтті

14.03.2013

12 наурыз күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың № 14 жатақханасында халықаралық қатынастар факультетінің Дипломатиялық аударма кафедрасы ағылшын, француз, испан тілдерінде «A New American Star», «Les chansons de la France», «Nueva estrella Espanola» – атты әндер фестиваль-байқауын өткізді.

Байқаудың мақсаты – шетелдік заманауи әндер арқылы шетел тілдерін үйренуді (ағылшын, француз, испан тілдері) жетілдіру және дамыту болып табылады. Фестивальға қатысушылар арасынан 1-орын – Ынтықбай Алия «My heart will go on», Тілеубек Қорлан «La cama», 2-орын – Бауыржанқызы Айдана, Максұт Бақдаулет «Good bye my love», Молдаш Алтынай, «Skaterboy», 3-орын – Әбілхакім Айнұр, Ильяшева Айгерім «Sympathique», Бескен Абай, Мүсілімов Алмар «A toi», Тұрсынғалиев Нұрлан, Орынбасаров Нұрсұлтан «Salut» әнімен жүлделі орындарға ие болды. Осы кешке Дипломатиялық аударма кафедрасының оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары ф.ғ.к., доцент Бөрібаева С.Б., ғылыми-инновациялық және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары ф.ғ.к., доцент Котиева Л.М. қонақ ретінде қатысып, іс-шараны өткізуге аға оқытушылар Маткеримова Р.А., Ибраемова Э.Б., Жанұзақова Г.А.,Рахимбаева Р.М., Жамбылқызы М.Ж. үлкен жауапкершілікпен дайындалды.

Халықаралық қатынастар факультеті