Жаңалықтар

Механика-математика факультетінің кураторлары жаңа жоспарлармен таныстырды

19.03.2013

Механика-математика факультетінде куратор-эдвайзерлердің есеп беру жиыны өтті. Жиналысқа факультет деканы Д.Ж.Ахмед-Заки, оның орынбасарлары Ғ.Сералин мен А.Хикметов, университеттің тәрбие жұмыстары бөлімінің бастығы Т.Б.Әбішев, факультеттің аға-кураторы С.Ө.Даулетова қатысты.

Кафедра меңгерушілерінің оқу-әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен кафедралардың аға куратор-эдвайзерлерінің атқарған жұмыстары жөніндегі есептері тыңдалды. Өскелең ұрпақ тәрбиелеу ісіндегі жетістіктер баяндалып, оның осал тұстары аталды. Қиындықтарды жеңу жолдары анықталып, екінші семестрге арналған іс-жоспарлар құпталды.

Факультет деканы мен тәрбие жұмыстары бөлімінің басшысы отырысты қорытындылап, үздік кураторларға алғыс жариялады, мақтау қағаздарымен марапаттап, факультет ұжымына саналы тәрбие беру ісінде мол табыс тіледі.

Механика-математика факультеті