Жаңалықтар

Студенттер арасында «Шығыстану» мамандығы бойынша олимпиада өтеді

19.03.2013

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында, шығыстану факультетінің ұйымдастыруымен 2013 жылдың 28 наурыз күндері еліміздегі жоғары оқу орындары арасында «Шығыстану» мамандығы бойынша Республикалық олимпиада өтеді.

Олимпиада еліміздегі «Шығыстану» мамандығы бойынша оқып жатқан студенттердің тіл меңгеру деңгейін көтеру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың оқуға деген ынталары мен белсенділіктерін арттыру, дарынды студенттерді іріктеу және қолдау көрсету сонымен қатар жоғарғы оқу орындары арасындағы байланысты нығайта түсу мақсатында олимпиада ұйымдастырылып отыр.

Сайысқа еліміздегі жоғарғы оқу орындарында «шығыстану» мамандығы бойынша білім алып жүрген 2, 3, 4 курс студенттері қатыса алады.

Шығыстану факультеті