Жаңалықтар

Аудармадан шеберлер анықталды

20.03.2013

Халықаралық қатынастар факультетінде студенттер арасында «Ең үздік аударма» атты байқау өтті.


Іс-шараны дипломатиялық аударма кафедрасының аға оқытушылары Л.Дүйсеева пен А.Хұрмет ұйымдастырды. Бұл байқау білімі мен біліктігін сынға салған студенттер арасынан ең мықтыларын таңдау арқылы жастардың ғылым мен білімді меңгеруге қызығушылықтарын арттыруға негізделген. Байқауға қатысқан студенттер қазақ және орыс тіліндегі өлеңдерді ағылшын тіліне аударды. Байқау қорытындысы бойынша, бас жүлдеге факультеттің 2 курс студенті Мөлдір Хасан, 1-орын Алуа Төлеуова, 2-орын Әйгерім Әмірханова, 3-орын Меруерт Есалиева мен Жансая Отызбаева иеленді. Қатысқан өзге де студенттер мақтау қағаздарымен марапатталды.

Халықаралық қатынастар факультеті