Жаңалықтар

Жан жылуыңмен бөліс

26.03.2013

Наурыз қарсаңында жылуфизика және техникалық физика кафедрасының қоржыны тағы бір жақсы іске байыды.

Профессор Н.Р. Мажренова “SOS” балалар ауылының тәрбиеленушілері мен қызметкерлеріне танымал суретші, физика факультетінің түлегі Б.М.Тасовтың «Туған жердің сұлулығын аяла!» фотокөрмесін табыс етті. Әріптестер мен студенттердің жақынға деген мейірімі мен ілтипаты көбейеді деп сенім артамыз.