Жаңалықтар

Студенттер интеллектуалды олимпиада бақ сынайды

27.03.2013

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ құрама командасы Нұрсұлтан Назарбаев Білім Қоры ұйымдастырған «Инттелектуалдық олимпиадалар IQ-games» тележобасының жартылай финалына шығып, ақтық ойынға жолдама алу үшін бақ сынасады.

Биыл әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың намысын қорғайтын команданың мүшелері ересектер мен студенттер арасындағы қалалық және республикалық интеллектуалдық ойындарының жеңімпаздары Серікұлы Алмас (3 курс, заң факультеті), Шегір Ерден (3 курс, Механика-математика факультеті), Буханов Айдар (3 курс, Физика-техникалық факультеті) және Умаров Кадырбай (3 курс, Философия және саясаттану факультеті).

Биылғы жылы бұл тележобаға Қазақстанның 16 үздік университеттері қатысқан.

Мансап және бизнес орталығы