Жаңалықтар

"Құқық және қауіпсіздік" клубының бірінші отырысы өтті

02.04.2013

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Халықаралық қатынастар факультетінде магистранттар мен Ph.D. докторанттарға арналған «Құқық және қауіпсіздік» дискуссиялық клубы ашылды.

Дискуссиялық клубтың бірінші отырысында «Экстремизм мен ланкестік идеяларының ұлттық қауіпсіздіктің қауіп-қатерінің факторы ретінде таратылуы: Қазақстанды мысалға ала отырып құқықтық қарсы тұру іс-әрекеттері мен тетіктерін бағалау» тақырыбында баяндамалар оқылып, осыған байланысты қызу пікірталас болды. «Құқық және қауіпсіздік» клубының екінші отырысында «Брейвик ісі: еуропалық демократияның дағдарысы және Қазақстан үшін ескертулер» тақырыбында пікірталас өтті. 2013 жылдың 10 сәуірінде клуб отырысында «Орталық Азиядағы трансшекаралық су ресурстарын басқару: мемлекетаралық қарым қатынастардағы прогресс пе немесе регресс пе?» тақырыбында баяндамалар оқылады. Келіп өз ой-пікірін айтамын деушілердің барлығына есік ашық.

Халықаралық қатынастар факультеті