Жаңалықтар

«Ризома» тобы бірінші орында

02.04.2013

ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетінде «Мәдениеттану» мамандықтар арасында республикалық деңгейде олимпиада өтті.

Сайысқа факультеттің 1, 3-ші курс мәдениеттану мамандығынан құралған топтар қатысты «Мәдениет жаршысы» тобы, «Мұрагер», «Ризома» және Халықаралық Бизнес Академиясы, ҚазҰПУ оқу орындарынан қонақтар келді.

Ұйымдастырылған сайыстың мақсаты студенттер осы уақытқа дейін алған білімдері мен тапқырлықтарын ұштастыра отырып, белсенділіктерін таныта білу және қазақ мәдениетін әлемдік деңгейде көтеру үшін жаңашылдық идеяларын көрсете білу.

Нәтижесінде 1 орынды «Ризома» тобы мәдениеттану мамандығының 3 курс студенттері, 2 орынды «Мұрагер» тобынан құралған 2 курс мәдениетану мамандыңының қыздары мен Халықаралық Бизнес Академиясынан келген 2 курс қаржы мамандығының студенттері иеленсе, 3 орынды «Мәдениет жаршысы» тобынан құралған 1 курс мәдениеттану мамандығының студенттеріне берілді. ҚазҰПУ-дан келген 3 курс студенттері мақтау қағазымен марапатталды.

«Мәдениет.kz» клубы