Жаңалықтар

ҚазҰУ-да су ресурстарының мәселесі талқыланады

08.04.2013

11-12 сәуір сағат 10:00-де ҚазҰУ технопаркінің мәжіліс залында энергоэкология кафедрасы және Орталық Азия Аймақтық экологиялық орталығымен бірлескен Еуроодақтың Темпус IV I-WEB «Integrating Water cycle Management: Capability, Capacity and Impact in Education and Business» жобасының халықаралық семинар-мәжілісі өтеді.

Семинардың мақсаты Қазақстан және Орталық Азия су ресурстарының экологиялық, әлеуметтік-экономикалық және әкімшілік мәселелерін талқылау, осы аймақтағы су ресурстарын басқару жүйесін талдау.

Екi күндiк семинардың жұмысына Қазақстан мен шетел жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары және серiктестер қатысады.

«Энергоэкология» кафедрасы