Жаңалықтар

ҚазҰУ командасы - Туризм бойынша өткен Аймақтық Олимпиада үздігі

22.04.2013

ҚазҰУ-да Алматы қаласы мен Алматы облысының ЖОО-ның "Туризм" мамандығы студенттері арасында өтетін аймақтық Олимпиада аяқталды. Конкурстық бағдарлама және спорттық дестинациялардағы туризм техникасы бойынша өткен екі күндік жарыс нәтижесінде "Болашақ" командасы ( әл -Фараби атын. ҚазҰУ) жеңімпаз атанса, 2-орын "Жиһанкез" командасына (Абай атын. ҚазҰПУ) бұйырды. Ал 3- орынды "55-я параллель" командасы ( Абылай хан атын. ҚазХҚ және ХТУ) иеленді. Жекелеген бағдарлама түрлері бойынша ҚазСТА командасы, "Тұран" университеті командасы, Т.Рысқұлов атын. ҚазЭУ командалары марапатталды.

Үздік командаларға сыйлықты ( шатыр, гитара, карематтар, туристтік ыдыстар жинағы, туристік әдебиеттер, жорықтық атрибутика) «Caspian Travel» туристік фирмасы, «Abacus» компаниясы, Қазақстан туристік ассоциациясы, Рекреациялық және туризм кафедрасы ұсынды.

Жарысқа қатысушыларға күш берген Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар Министрлігінің туризм индустрия комитетінің Төрағасы М.К. Танысбаевтың сәлем хаты болды. Онда туризм саласының отандық экономикада квалификациялық мамандарға мұқтаж перспективтті сала екені баса айтылған. Комитет төрағасы Олимпиада қатысушыларына сәттілік тілей отырып, Тамғалы Тас шатқалында 2013 жылы 27 сәуір күні өтетін Халықаралық авка-ралли "Іле - Балқаш регатасына" шақырды.

Олимпиада бағдарламасына туристік білім алып жатқан Алматы қаласы мен Алматы облысындағы тоғыз жетекші жоғары оқу орындарындағы студенттерден құралған 13 команда қатысты.

Ұйымдастырушы Комитет алқасы Олимпиаданың спорттық бағдарламасын құрастыруға көмек көрсеткен денешынықтыру және спорт кафедрасының аға ұстазы және жоғары дәрежедегі ұлттық төреші С.Г Подпоринға және Алматы қаласының Спорттық туризм және туристік көпсайыстар Федерациясының Президенті С.М. Кликичке алғыс білдіреді.

Рекреациялық география және туризм кафедрасы