Жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары халықаралық конференцияда өз ойларын ортаға салды

22.04.2013

2013 жылдың 18 сәуірінде Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнолоия институтында өткізілген «Қазақстан тарихы: инновациялық тұжырымдамалар мен дәуірлеу ғылыми танымның басым бағыттары» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғалым профессорлары қатысты.

Пленарлық мәжіліс: дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының меңгерушісі, профессор Қ.Т. Жұмағұлов «Ғұндар және Ұлы қоныс аудару дүние жүзі тарихындағы жаңа кезеңнің бастауы ретінде» атты баяндасымен сөз сөйледі. Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Т.О. Омарбеков «Халық тарихын кезеңдеудің өзекті мәселелері» атты баяндамасын жасады. Профессор У.Х. Шәлекенов «Қазақ тарихын евроцентрлік көзқарастан тазартайық» атты баяндамасын ұсынды.

Конференцияның тақырыптық ауқымы Қазақстан тарихының өзекті мәселелерін қамтыды. Конференцияның жұмысы «Отан тарихы көптомдығын даярлаудың тағылымы мен міндеттері», «Отандық және әлемдік тарихтың заманауи инновациялық идеялары мен тұжырымдамалары» секциялары бойынша өтті. Оның жұмысында алыс және жақын шет мемлекеттердің ғалымдары қатысты.