Жаңалықтар

Онлайн режимдегі видеоконференцияға келіңіз

23.04.2013

24 сәуір 2013 жылы мәскеулік уақыт бойынша 13.30-да әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоратының 306 аудиториясында Ресей Федерациясының мемлекеттік билік өкілдерінің қатысуымен «Управление территориальным развитием в условиях социального государства» тақырыбында ресейлік және шет елдік университеттердің халықаралық интерактивті он-лайн видеоконференциясы өткізіледі.

Конференцияның ұйымдастырушысы: Г.В.Плеханов атындағы Ресей экономикалық университетінің мемлекеттік және муниципалдық басқару кафедрасы.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінен мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқығы кафедрасы қатысады. Конференцияға жалпы саны 50 Қиыр Шығыс, Сібір және Орта Азия жоғары оқу орындары қатысады деп күтілуде.

Қатысамын деушілерге есік ашық.

Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы,

конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы