Жаңалықтар

Журналистика факультетінде РR рөліне арналған конференция өтеді

23.04.2013

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінде 2013 жылғы 25 сәуірде «Қазақстанның ғылымы мен білімін дамытудағы PR-дың рөлі» тақырыбымен Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді.

Конференция ғылым және білім саласындағы жүргізіліп отырған саясат инновациялық технологияны енгізуге және білім, ғылым, экономиканы тиімді ықпалдастыруға бағытталған. Осыған орай, мемлекеттік, білім беру және ғылыми органдарға ғылым мен білім саласындағы маңызды жобаларды PR-қызметімен қамту сапасын жақсартып, деңгейін көтеру, білім беру және ғылыми мекемелерге, сондай-ақ осы салалардағы жүргізілген реформалар мен енгізілген жобаларға қатысты ұнамды қоғамдық пікір қалыптастыру қажет.

Халықаралық конференция жұмысына қоғаммен байланыс, жарнама салаларындағы зерттеуші ғалымдар, практиктер, қазақстандық ЖОО, ҒЗИ, мемлекеттік құрылымдар, баспасөз қызметі және БАҚ өкілдері қатысады.

Халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасы